Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығы
Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған: 1) Кеңес құрамы; 2) Кеңес туралы ереже бекiтілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат, N 46, 502-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ алынып тасталсын; 2) 4-тармақта "осы Жарлықтың 3-тармағында көрсетiлген "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженiң 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Ереженiң 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президентi
|