ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентінің 2009...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 884 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат, № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі туралы ережеде:
8-тармақтың 3) тармақшасында «ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін» деген сөздер «ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Қазақстан Ўлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;»;
4) тармақшада:
«қолма-қол банкноттар мен монеталарды» деген сөздер «банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен монеталарды» деген сөздер «, монеталар мен құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
1) тармақшада «олардың жұмыс істеуін қадағалауды» деген сөздер «қадағалауды (оверсайт)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада «төлем» деген сөз алып тасталсын;
6) тармақшада:
«және құқықтық режимін» деген сөздер «, құқықтық режимін және құрылымын» деген сездермен ауыстырылсын;
«пайдалану (жүргізу)» деген сөздер «жүргізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді;»;
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Қазақстан Ўлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;
2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;
5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ўлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;
2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін, сондай-ақ мәміле сомасы асып кеткен жағдайда, мәміле паспортын ресімдеу қажет етілетін сол сомаға қатысты шекті мәнін белгілейді;
4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;
5) валюталық реттеу және бақылау мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;
6) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;
7) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
8) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
9) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;
10) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
11) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;
12) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын белгілейді;
13) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
14) валюталық заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
15) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындайды.»;
15-тармақтың 12) тармақшасында «операциялар жүргізеді» деген сөздер «операцияларды қалыптастырады және жүргізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта:
1) тармақшада «ұйымдастыруға» деген сөз «ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, банктерге уәкілетті органда банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;»;
11) тармақшада «ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уәкілетті органмен келісім бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептіліктің тізбесін, оны табыс етудің мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) қаржы ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және банк қызметі, ақша төлемі мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзған жағдайда, оларға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады. Өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына санкциялар қолдану кезінде Қазақстан Ўлттық Банкі бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді;»;
17-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
3) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
3-2) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 11-1)және 11-2)тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Ўлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;
11-2) Қазақстан Ўлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1)тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;»;
19-тармақта:
бірінші бөлікте:
«бөлінбеген таза» деген сөздер «таза» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алтынвалюта активтерін қайта бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған іске асырылмаған кіріс сомасын қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтынвалюта активтерін қайта бағалау шотына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылған, сондай-ақ негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ўлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ўлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ўлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жіберіледі.»;
20-тармақтың тоғызыншы бөлігі алып тасталсын;
23-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) банктер үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін, банктер үшін ең төменгі резервтік талаптар туралы нормативтік құқықтық актіні бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу және оларды белгілеу тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережелерін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу ережелері мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;
39) тармақшада «банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер «қаржы ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) банкноттарға, монеталар мен құндылықтарға инкассация жүргізуге лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және айыру туралы шешім қабылдайды;»;
44-тармақтың екінші бөлігінде «кірістері мен шығыстары» деген сөздер «пайдасы мен зияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Қазақстан Ўлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ўлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДЎ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
Тексеру кезінде алынған кез келген ақпарат конфиденциалды деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік атқарады.
Қазақстан Ўлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметін тексеруді Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі немесе тапсырмасы бойынша ғана кез келген мемлекеттік органдары жүзеге асырады.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina