Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 1009 Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жоба) қол қою туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жоба) жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.