Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 1004 Жарлығы
Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге қол қою туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) жобасы мақұлдансын. 2. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының атынан Келісімге қол қойсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.