ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

Страницы 1 2 3 4 5

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 1063 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 34-бабы 2-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң мемлекеттiк қызметтер стандарттары бекiтiлсiн:
1) "Банктiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу";
2) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу";
3) "Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн келiсу";
4) "Орталық депозитарийдiң ережелер жинағын келiсу";
5) "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн келiсу";
6) "Қаржы ұйымының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм беру";
7) "Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу";
8) "Банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингiнiң мәртебесiн иеленуге келiсiм беру";
9) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру";
10) "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру";
11) "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу";
12) "Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу";
13) "Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу";
14) "Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттiгi мәртебесiн беру";
15) "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту туралы хабарлама беру";
16) "Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту туралы хабарлама беру";
17) "Актуарийлерден бiлiктiлiк емтиханын қабылдау";
18) "Кредиттiк бюроның пайдалануына кредиттiк тарихтардың деректер базасын басқару жүйесiн енгiзу актiсiн беру";
19) "Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру";
20) "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту туралы хабарлама беру";
21) "Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Банктiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу» мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 28-бабының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты Агенттiктiң www.afn.kz. интернет-ресурсында: «Заңнама», бұдан әрi «Банк секторы», бұдан әрi «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзуге келiсiмдi растайтын (не дәлелдi бас тартуы бар) қағаз тасымалдағыштағы хат.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне (бұдан әрi - өтiнiш берушi) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттар пакетiн ұсынған күннен бастап бiр ай iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң банктердiң құрылтай құжаттарына
енгiзiлетiн өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды келiсу жөнiндегi
өтiнiш түрiнде жiберiлген жазбаша нысандағы өтiнiштерi бойынша
мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен
басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi. Агенттiктiң ғимараты дене мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне
арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке:
1) өтiнiштi;
2) құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстердiң және/немесе толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
3) қоғамның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы акционерлердiң жалпы жиналысының (жалғыз акционердiң) хаттамасының не хаттаманың үзiндi көшiрмесiнiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiн беруi тиiс.
12. Банктiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды келiсудi алуға өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Өтiнiш берушi банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтырулар енгiзуге келiсiм алу үшiн ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi бойынша қаралады.
Құжаттарды қараудың нәтижесi оң болған жағдайда орындаушы қаржы ұйымына және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және/немесе толықтырулардың Агенттiкпен келiсiлгенi туралы хат дайындайды.
Банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстерi және/немесе толықтырулары қоса берiлген хат төрағаның қадағалаушы орынбасарына қол қоюға жiберiледi және қол қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттарына Агенттiктiң мөрi басылады.
Құрылтай құжаттары бойынша ескертулер болған жағдайда өтiнiш берушiге мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей өтiнiш берушiнiң немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолына бередi.
17. Банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзуге келiсiмдi беруден бас тарту мына жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар пакетi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Агенттiк осы қызметтi көрсетерде басшылыққа алатын негiзгi
жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды
дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67
мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104
телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz)) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi
қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының қадалаушы
орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн;
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Банктiң құрылтай құжаттарына
енгiзiлетiн өзгерiстер мен
толықтыруларды келiсу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
ҚОСЫМША

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету барысының сапасымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. Қызмет көрсету сапасымен және оның тәртiбi туралы ақпаратпен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану барысы

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай
құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды
келiсу» мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Сақтандыру қызметi туралы»
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiнде» 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары Агенттiктiң www.afn.kz. интернет-ресурсында, «Заңнама» бұдан әрi «Сақтандыру секторы» бұдан әрi «Құру, лицензиялау» бөлiмдерiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзуге келiсiмдi растайтын (не дәлелдi бас тартуы бар) қағаз тасымалдағыштағы хат.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына (бұдан әрi - өтiнiш берушi) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету осы стандарттың 11-тармағымен белгiленген құжаттар пакетiн ұсынған күннен бастап, бiр ай iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды келiсу жөнiндегi жазбаша нысандағы өтiнiш түрiнде жiберiлген өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк қызмет сенбi және жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi. Агенттiктiң ғимараты адамдардың дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн Агенттiкке:
1) өтiнiштi;
2) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi (жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) органының оның құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзу туралы шешiмiн;
3) бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрiнде немесе жаңа
редакциядағы құрылтай құжаттары (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде)
ретiнде ресiмделген, сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына
өзгерiстер мен толықтырулардың нотариатта куәландырылған үш данасын
бередi.
Тазартылған не қосылған жазулары бар, өшiрiлген сөздерi бар және өзге де ескерiлмеген түзетулерi бар құрылтай құжаттарына өзгертулер және/немесе толықтырулар қарауға қабылданбайды.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзуге келiсiм алуға өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық
бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн, Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Өтiнiш берушi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтырулар енгiзуге келiсiм aлу үшiн ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi бойынша қаралады.
Құжаттарды қараудың нәтижесi оң болған жағдайда орындаушы қаржы ұйымына және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және/немесе толықтырулардың Агенттiкпен келiсiлгенi туралы хат дайындайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстерi және/немесе толықтырулары қоса берiлген хат төрағаның қадағалаушы орынбасарына қол қоюға жiберiледi және қол қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттарына Агенттiктiң мөрi басылады.
Құрылтай құжаттары бойынша ескертулер болған жағдайда өтiнiш берушiге мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де)алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей өтiнiш берушiнiң немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолына бередi.
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзуге келiсiмдi беруден бас тарту мына жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) ұсынылған құжаттар пакетi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) енгiзiлген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар нәтижесiнде кредиторлардың құқықтары бұзылса, жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс принциптерi

18. Агенттiк осы қызметтi көрсетерде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң
құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын
қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың
сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды
дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67
мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104
телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының
мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым
Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының жетекшiлiк жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет көрсету дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке
күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн;
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау
бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының құрылтай құжаттарына
енгiзiлетiн өзгерiстер мен
толықтыруларды келiсу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
ҚОСЫМША

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмдегi қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3.2. электронды форматта қолжетiмдi қызмет көрсету ақпараты %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану процесi

4.1. шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн келiсу» мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 29-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты Агенттiктiң www.afn.kz. интернет-ресурсында: «Заңнама», бұдан әрi «Жинақтаушы зейнетақы жүйесi», бұдан әрi «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде орналастырылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi - жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерi келiсiлгенiн растайтын не дәлелдi бас тартуы бар қағаз тасымалдағыштағы хат.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрi - өтiнiш берушi) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттар пакетi ұсынылған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн келiсу туралы өтiнiш түрiнде жiберiлген жазбаша нысандағы өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi.
Агенттiктiң ғимараты дене мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне
арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн Агенттiкке:
1) өтiнiштi;
2) акционерлердiң жалпы жиналысында уәкiлеттiлiк берiлген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн бередi.
12. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн келiсу жөнiндегi өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн, Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Өтiнiш берушi жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн келiсу үшiн ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi бойынша қаралады.
Келiсуден өткен зейнетақы ережелерiне Агенттiктiң мөрi басылады.
Ережелер бойынша ескертулер болған жағдайда өтiнiш берушiге мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен
жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға
уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне
мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де)алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей өтiнiш берушiнiң немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолына бередi.
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды енгiзуге келiсiмдi беруден бас тарту мына жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) ұсынылған құжаттар пакетi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмесе жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Агенттiк осы қызметтi көрсетерде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң
құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын
қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың
сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды
дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67
мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104
телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының
мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым
Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының жетекшiлiк жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет көрсету дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке
күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау
бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы ережелерiн келiсу»
мемлекеттiк қызмет стандартының
ҚОСЫМШАСЫ

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмдегi қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3.2. ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану барысы

4.1. шағымдану тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылар %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Орталық депозитарийдiң ережелер жинағын келiсу»
мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 81-бабының негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты Агенттiктiң www.afn.kz. интернет-ресурсында: «Заңнама», бұдан әрi «Банк секторы»,
бұдан әрi «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - орталық
депозитарийдiң ережелер жинағы келiсiлгенiн растайтын (не дәлелдi бас
тартуы бар) қағаз тасымалдағыштағы хат.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына - орталық депозитарийге (бұдан әрi - өтiнiш берушi)
көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушi стандарттың 11-тармағында
белгiленген құжаттар пакетiн берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң орталық депозитарийдiң ережелер жинағын келiсу жөнiндегi келiсу жөнiндегi өтiнiш түрiнде жiберiлген жазбаша нысандағы өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi.
Агенттiктiң ғимараты дене мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне
арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке:
1) өтiнiштi;
2) орталық депозитарийдiң директорлар кеңесi бекiткен орталық
депозитарийдiң ережелерiн беруi тиiс, онда:
эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу ережесi;
жеке шоттардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзу ережесi;
эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге қаржы құралдарын есепке алу ережесi;
құжат нысанында шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру ережесi;
клиринг қызметiн жүзеге асыру ережесi;
депоненттерге есептiлiктi беру тәртiбi;
бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара әрекеттесу тәртiбi;
депоненттер мен олардың клиенттерiнiң ақшаларын есепке алу ережесi болуы тиiс.
12. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағын келiсуге өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн, Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Жауапты бөлiмшенiң орындаушысы орталық депозитарийдiң құжаттары келiп түсуiне қарай мына рәсiмдердi жүзеге асырады:
құжаттар келiп түскеннен кейiн бес күн iшiнде оларды заң департаментiне жiбередi;
заңды қорытындыны алғаннан кейiн орталық депозитарийдiң атына тиiстi хатты дайындайды;
құжаттар келiп түскеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде орталық депозитарийдiң атына берiлген құжаттар келiсiлгенi не олар бойынша ескертулер бар болғандығы туралы тиiстi қорытындыны жiбередi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен
жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға
уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне
мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы
жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей
өтiнiш берушiнiң немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолына бередi.
17. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағын келiсуден бас тарту
мына жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) ұсынылған құжаттар пакетi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Агенттiк осы қызметтi көрсетерде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң
құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және
құпиялығын қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың
сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды
дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67
мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104
телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының
мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым
Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша
нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz)) немесе 050000,
Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi
қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң
телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының жетекшiлiк жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет көрсету дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған
кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның
қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке
күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi
үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды
және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және
екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Орталық депозитарийдiң ережелер
жинағын келiсу» мемлекеттiк
қызмет стандартының
ҚОСЫМШАСЫ

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3.2. ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану барысы

4.1. шағымдану тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 863 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн келiсу»
мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 85-бабының 1-тармағының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты Агенттiктiң www.afn.kz. интернет-ресурсында: «Заңнама», бұдан әрi «Банк секторы»,
бұдан әрi «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - сауда-саттықты
ұйымдастырушының ережесi келiсiлгенiн растайтын не дәлелдi бас тартуы
бар қағаз тасымалдағыштағы хат.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне (бұдан әрi - өтiнiш берушi) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушi стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттар пакетiн берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң сауда-саттықты ұйымдастырушының
ережесiн келiсу жөнiндегi жазбаша нысандағы өтiнiш түрiнде жiберiлген
өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi, демалыс және
мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi.
Агенттiктiң ғимараты дене мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне
арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке:
1) өтiнiштi;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережесiн (сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды) бередi.
Қор биржасының ережесiнде:
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының
мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұру
және тоқтату шарттары мен тәртiбiн;
2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзуi болжанатын немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
3) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзу, оларды осы тiзiмнен шығару және тiзiм санатын ауыстыру шарттары мен тәртiбiн;
4) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген
эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты
жария ету бойынша);
5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттықты жүргiзу тәртiбiн;
6) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған
мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртiбiн;
7) қор биржасында сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртiбiн;
8) қор биржасының сауда жүйесiне айналысқа жiберiлген қаржы құралдарын бағалау әдiстемесiн;
9) қор биржасы мүшелерiнiң биржа сауда-саттық ережесiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдар мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiн;
10) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында
туындайтын даулар мен келiспеушiлiктердi шешу тәртiбiн айқындауы тиiс.
12. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн келiсуге өтiнiш
еркiн нысанда жасалады.
13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық
бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Жауапты бөлiмшенiң орындаушысы сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттары келiп түсуiне қарай мына рәсiмдердi жүзеге асырады:
құжаттар келiп түскеннен кейiн бес күн iшiнде оларды заң департаментiне жiбередi;
заңды қорытындыны алғаннан кейiн сауда-саттықты ұйымдастырушының атына тиiстi хатты дайындайды;
құжаттар келiп түскеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде сауда-саттықты ұйымдастырушының атына берiлген құжаттар келiсiлгенi не олар бойынша ескертулер бар болғандығы туралы тиiстi қорытындыны жiбередi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен
жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға
уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне
мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы
жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей
өтiнiш берушiнiң немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолына бередi.
17. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн келiсуден бас
тарту мына жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) ұсынылған құжаттар пакетi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Агенттiк осы қызметтi көрсетерде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң
құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және
құпиялығын қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың
сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды
дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67
мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104
телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының
мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым
Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша
нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz)) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының жетекшiлiк жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет көрсету дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған
кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның
қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке
күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi
үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды
және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және
екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.


Страницы 1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina