ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

Страницы 1 2 3 4 5


«Сауда-саттықты ұйымдастырушының
ережесiн келiсу» мемлекеттiк
қызмет стандартының
ҚОСЫМШАСЫ

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3.2. ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану барысы

4.1. шағымдану тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Қаржы ұйымының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға)
келiсiм беру» мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67-үй мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының, «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм беру ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысының (бұдан әрi - Ереже) негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты Агенттiктiң интернет-ресурсында орналастырылады: www.afn.kz.
банктер үшiн «Заңнама» одан кейiн «Банк секторы» одан кейiн «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн «Заңнама» одан кейiн «Сақтандыру секторы» одан кейiн «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде;
бағалы қағаздар нарығы үшiн «Заңнама» одан кейiн «Бағалы қағаздар рыногы» одан кейiн «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде;
жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн «Заңнама» одан кейiн «Жинақтаушы зейнетақы жүйесi» одан кейiн «Құру, лицензиялау» бөлiмiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi (оны көрсету
нысаны) - қаржы ұйымының басшы қызметкерiн тағайындау (сайлау)
келiсiлгенiн растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат (не дәлелдi бас тарту).
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына - қаржы ұйымдарына (бұдан әрi - өтiнiш берушi) көрсетiледi.
7. Өтiнiш берушi осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген
құжаттар пакетiн берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде
мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң қаржы ұйымының басшы қызметкерлерiн
тағайындауға (сайлауға) келiсiм беру туралы өтiнiш түрiндегi жазбаша
нысанда жiберiлген өтiнiштерi бойынша сенбi, жексенбi, демалыс және
мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13:00-ден 14:00-ге
дейiнгi түскi үзiлiсiмен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша алдын ала жазылу, сондай-ақ жедел қызмет көрсету жоқ.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi.
Агенттiктiң ғимараты мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне
арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде кезектiлiк болмайтынына байланысты күту залы көзделмеген.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн Агенттiкке мыналарды ұсынуы қажет:
1) Ережелердiң талаптарына сәйкес қол қойылған өтiнiш;
2) басқарма мүшесiнiң, қаржы ұйымының құрылымдық
бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге
асыратын және оның негiзiнде тиiсiнше банк операциялары, сақтандыру
және (немесе) инвестициялық қызмет жүргiзiлетiн, бағалы қағаздар
нарығында мәмiлелер жасалатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар қаржы
ұйымының өзге басшысы лауазымына үмiткердiң лауазымдық
нұсқаулығының (тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты, лауазымы және
лауазымдық нұсқаулықпен танысу күнi және оның қойылған қолдары
көрсетiлген, осы үмiткердiң өкiлеттiгi бар) көшiрмесi;
3) қаржы ұйымының уәкiлеттi органының үмiткердi қаржы
ұйымының басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнiн көрсете отырып,
үмiткердi (екi және одан астам үмiткер келiсiлгенде - әр үмiткерге шешiмнiң үзiндi көшiрмесiнен бiр данадан) тағайындау (сайлау) туралы шешiмiнен үзiндi көшiрменiң көршiрмесi.
Егер тағайындау күнi жоқ болса, онда үмiткердi тағайындау (сайлау) күнi қаржы ұйымының уәкiлеттi органының шешiм қабылдау күнi болып саналады;
4) Ереженiң талаптарына сәйкес үмiткер туралы мәлiметтер;
5) Ереженiң талаптарына сәйкес ғылыми дәреженi алғанын
растайтын құжаттың көшiрмесi;
6) үмiткердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептi жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның анықтама нысанында берiлген алынбаған немесе өтелмеген сот iсiнiң жоқтығын растайтын құжат (не бiр үмiткердi екi және одан астам басшы лауазымына келiсiлу үшiн құжаттардың пакетiн бергенде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептi жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы анықтамасының көшiрмесiн). Аталған құжатты беру күнi өтiнiш беру күнiнiң алдындағы үш айдан аспауы тиiс;
8) Ереженiң талаптарына сәйкес үмiткерге ұсыным хаттар.
12. Қаржы ұйымының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға)
келiсiм беру туралы өтiнiш Ережелерде көзделген мәлiметтер көрсетiле
отырып, еркiн нысанда жасалады.
13. Мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн қажеттi құжаттарды
қабылдауға уәкiлеттi әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшесiнiң қызметкерiне
мына мекен-жай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67
кезек күтпей берiледi (немесе хат-хабарды қабылдау үшiн арнайы
жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң қызметкерлерi Агенттiкке
келiп түсетiн хат-хабарларды жұмыс күндерi сағат 9-дан сағат 18-ге дейiн қабылдайды және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне тапсырады.
Агенттiктiң басшылығы құжаттарды қарағаннан кейiн және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесiнде және қағаз тасымалдауышта тиiстi резолюциялар қойғаннан кейiн резолюциялары бар құжаттар оларды одан әрi орындау үшiн Агенттiктiң тиiстi бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне берiледi.
Агенттiктiң басшылығы құжаттарды қарауды олар келiп түскен күнi жүргiзедi.
Орындаушы Агенттiкке ұсынылған құжаттар тiзбесiн, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне рәсiмдеудi тексередi.
Уәкiлеттi орган осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда не ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және (немесе) қаржы ұйымының жарғысына сәйкес келмеген кезде қаржы ұйымына ескертулердi және оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, жазбаша дәлелдi жауап бередi.
Үмiткердi басшы лауазымына тағайындау күнi және Агенттiкке құжаттарды ұсыну күнi тексерiледi.
Агенттiк үмiткерлердi тестiлеуден өту үшiн шақырып не оларды шақырмай келiсудi өткiзедi. Үмiткердi тестiлеуден өтуге шақырып келiсу кезiнде орындаушы қаржы ұйымына тестiлеу өтетiн күн туралы жазбаша хабарлайды.
Орындаушы тағайындау туралы хаттамаларды қарау кезiнде қандай да бiр түсiнiксiз немесе даулы мәселелер туындаған кезде Заң департаментiне жазбаша сұрату жiбередi.
Үмiткердi оның құжаттарымен қоса қаржы ұйымының басшы лауазымына келiсуге ұсыну Лицензиялау департаментiнiң басшылығына және Агенттiк төрағасының 2008 жылғы 14 шiлдедегi № 278 бұйрығымен құрылған Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерi лауазымдарына үмiткерлердiң сәйкес келуiн анықтау жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) мүшелерiне және Агенттiк төрағасының жетекшiлiк ететiн орынбасарына бұрыштама беруге жiберiледi.
Жоғарыда көрсетiлген лауазымды тұлғалардың рұқсатнамаларын, сондай-ақ үмiткерлердi тестiлеу нәтижелерiн алғаннан кейiн Комиссияның хаттамасы жасалады. Комиссия төрағасы (немесе оның орынбасары) хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн iшiнде қаржы ұйымына келiсу нәтижелерi туралы жазбаша хабарлама жiберiледi.
Орындаушы егер үмiткер тестiлеуден өтпеген не орынды себепсiз тестiлеуге келмеген жағдайда қаржы ұйымына келiсуден бас тарту туралы хабарлама жiбередi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне «Қабылданды» деген мөр қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда «Қабылданды» деген мөр қойылмайды және құжаттардың алынғаны жөнiндегi талон берiлмейдi.
Хат-хабарларды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттарды алу күнiне кем дегенде төрт рет жүргiзiледi (сағ. 9:00, 11:00, 15:00 және 18:00).
16. Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн почта бойынша жiбередi немесе тiкелей өтiнiш берушiге немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты көрсеткен кезде оның уәкiлеттi өкiлiне қолма-қол табыс етедi.
17. Қаржы ұйымының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тарту мынадай:
1) басшы қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн;
2) тестiлеудiң терiс нәтижесi болған не орынды себепсiз тестiлеуге келмей қалған;
3) қаржы ұйымы уәкiлеттi органының ескертулерiн жоймаған немесе
қаржы ұйымы уәкiлеттi органының ескертулерiн ескере отырып,
пысықталған құжаттарды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
белгiленген уәкiлеттi органның құжаттарды қарау мерзiмi өткен соң
ұсынған;
4) басшы қызметкер өз қызметiн уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз иелене алатын мерзiмнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiм өткен соң құжаттарды берген;
5) уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қаржы ұйымының үмiткердi келiсу туралы өтiнiштi берген күнiне дейiн бiр жыл iшiнде үмiткерге қолданылған қолданыстағы шектеулi ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар бар болған;
6) уәкiлеттi органда үмiткер басшы қызметкердiң лауазымын
иеленетiн (иеленген) қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының
заңнамасын жүйелi (жүйелi он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзуына әкелiп соқтырған оның өкiлеттiгiне кiретiн мәселелер
бойынша үмiткердiң шешiмдер қабылдау фактiлерi туралы мәлiметтер
болған жағдайларда жүзеге асырылады. Осы талап уәкiлеттi орган қаржы
ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын (жүйелi
бұзушылықтардың) соңғы бұзуын анықтаған күннен бастап бiр жыл iшiнде
қолданылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Агенттiк осы қызметтi көрсеткенде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтауы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң
құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және
құпиялығын қамтамасыз ету;
6) тұтынушы келмеген жағдайда құжаттарды оған беру үшiн сақтау
болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапасы мен тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң жұмысы бағаланатын осы мемлекеттiк қызметтiң
сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын
Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға
жәрдем көрсету мына мекен-жай: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би
көшесi, 67-үй, № 317, 413 кабинеттер, не 8 (727) 2619-226, 2788-104
телефоны бойынша жүзеге асырылады.
22. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен
келiспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде почта арқылы (электронды
түрде - afn@afn.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67-үй мекен-жайы бойынша қолма-қол табыс ету жолымен Агенттiк
төрағасының немесе оның орынбасарларының атына берiледi, Агенттiк
төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк
төрағасының жетекшiлiк ететiн орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң
телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс iстеу графигi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы Стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағым Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол табыс ету
жолымен қабылданған кезде арыз берушi үшiн оның көшiрмесi жасалады,
оған оның қабылданғаны туралы белгi (қабылданған күнiн, оны
қабылдаған адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тiркеу нөмiрiн
көрсетумен) қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурс: www.afn.kz;
3) электронды почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу графигi: сенбi мен жексенбiнi қоспағанда күн сайын сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейiн;
5) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727)
2788-000;
6) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды
және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау графигi: айдың бiрiншi және
екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейiн);
7) Агенттiк төрағасының жетекшiлiк ететiн орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Қаржы ұйымының басшы қызметкерiн
тағайындауға (сайлауға) келiсiм
беру» мемлекеттiк қызметiн
стандартының
ҚОСЫМШАСЫ

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Страницы 1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina