ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

Страницы 1 2 3 4 5


13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық
бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Орындаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беруге өтiнiш берушi ұсынып отырған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiн қарайды.
Орындаушы құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн қарау қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беру (беруден бас тарту) туралы ұсынымды (бұдан әрi - ұсыным) және Агенттiк Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беру (беруден бас тарту)туралы қаулы (бұдан әрi - қаулы) жобасын дайындайды.
Агенттiк Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беру (беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасы және ұсыным Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарына бұрыштама қою үшiн жiберiледi, одан кейiн Агенттiк төрағасына резолюция алу үшiн және Агенттiк Басқармасының қарауына енгiзу үшiн жiберiледi.
Агенттiк Басқармасы Агенттiк Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беру туралы қаулысын қабылдағаннан кейiн орындаушы ол туралы өтiнiш берушiнi осы қаулының көшiрмесiн тiркей отырып, жазбаша хабарлама жiбередi.
Агенттiк Басқармасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беруден бас тарту туралы қаулы қабылдаған жағдайда өтiнiш берушiге мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен
жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға
уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне
мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы
жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей
өтiнiш берушiнiң немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолына бередi.
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы
мәртебесiн алуға келiсiм беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге
асырылады, егер:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаса;
2) Заңның 34-бабының 2-тармағының 3)-5) тармақшаларының сақталмаған жағдайда (жеке тұлға немесе өтiнiш берушi заңды тұлғаның басшы қызметкерлерiне қатысты);
3) өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайы тұрақты болмаса;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкiн болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынған қайта капиталдандыру жоспары тиiмсiз болса;
5) өтiнiш берушi жеке тұлғада, өтiнiш берушi заңды тұлғаның басшы қызметкерiнде мiнсiз iскерлiк бедел болмаса;
6) өтiнiш берушiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алу нәтижесiнде монополияға қарсы заңнама талаптарын бұзса;
7) тараптардың бiрiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алу бойынша жасалған мәмiлесiнде оффшорлық аймақта тiркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) болып табылса, немесе тiзбесiн Агенттiк белгiлейтiн оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалардың қатысушы (құрылтайшысы, акционерi) жеке тұлғасы болып табылса;
8) өтiнiш берушi қаржы ұйымы өзi тұрған елiнде шоғырландырылған негiзде қадағалануға жатпаса;
9) өтiнiш берушiнiң осы Заңмен белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшыларына және акционерлерiне қатысты өзге де талаптарды сақтамауы;
10) қаржылық салдарларды талдау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауын болжайтын болса;
11) өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымында шыққан елiнiң заңнамасы аясында қаржылық қызметтi жүзеге асыру өкiлеттiктерi болмаса;
12) өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғада Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген рейтингтiк агенттiктердiң бiрi талап ететiн ең төмен рейтингi болмаса;
13) егер тұлға осының алдында уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiнгi кезең аралығында қаржы ұйымының iрi қатысушы - жеке тұлғасы не заңды тұлғаның бiрiншi басшысы және (немесе) басшы қызметкерi болып табылса не болып отырса. Аталған талап ету уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiнгi бес жыл аралығында қолданылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс принциптерi

18. Агенттiк осы қызметтi көрсетерде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz)) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн;
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-004.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге келiсiм
беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына
ҚОСЫМША

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмдегi қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

90 %



3.2. электронды форматта қолжетiмдi қызмет көрсету ақпараты %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану процесi

4.1. шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру» мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 36-1-бабы, «Банктiң, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi Агенттiгi Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысы негiзiнде (бұдан әрi - Ереже) көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары Агенттiктiң www.afn.kz. интернет-ресурсында, «Заңнама» бұдан әрi «Жинақтаушы зейнетақы жүйесi» бұдан әрi «Реттеу» бөлiмдерiнде орналастырылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - Агенттiк Басқармасының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру (беруден бас тарту) туралы қаулысы және ұсыным.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi - өтiнiш берушi).
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету осы Стандарттың 11-тармағымен белгiленген құжаттар пакетiн ұсынған күннен бастап, үш ай iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру туралы өтiнiш түрiнде жiберiлген жазбаша нысандағы өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi. Агенттiктiң ғимараты дене мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандуспен жабдықталған
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Өтiнiш берушi (жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Агенттiкке:
1) Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлға:
Ережеде көзделген мәлiметтердi көрсете отырып, өтiнiштi;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның iшiнде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi, соның iшiнде растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздерi мен қаражаттардың сипаттамасын;
өтiнiш берушiнiң мүддесiн бiлдiру тапсырылған өтiнiш берушiнiң өкiлiне берiлген сенiмхатты (ол бар болса);
өзi iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн және олардың құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырған көшiрмелерiн;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болған жағдайларында оны қайта капиталдандыру жоспарын;
растайтын құжаттар көшiрмесiн қоса тiркей отырып, мiнсiз iскерлiк бедел туралы мәлiметтердi;
табыстары мен мүлкi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етiлетiн жеке табыс салығы жөнiндегi декларацияның көшiрмесiн және жеке тұлға тұратын елдiң уәкiлеттi тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш берушi туралы қысқаша деректердi, соның iшiнде бiлiмi туралы, еңбек қызметi туралы мәлiметтердi;
2) Қазақстан Республикасының резидентi заңды тұлға:
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм беру туралы өтiнiш;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелену туралы өтiнiш берушiнiң жоғары органы шешiмiнiң көшiрмесi;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның iшiнде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi, соның iшiнде растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздерi мен қаражаттардың сипаттамасын;
өтiнiш берушiнiң мүддесiн бiлдiру тапсырылған өтiнiш берушiнiң өкiлiне берiлген сенiмхатты (ол бар болса);
өзi iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн және олардың құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырған көшiрмелерiн;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болған жағдайларында ашық жинақтаушы зейнетақы қорын қайта капиталдандыру жоспарын;
оның басшы қызметкерлерiнiң мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтер;
құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырған көшiрмелерiн, өтiнiш берушiнiң iрi қа

Страницы 1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina