ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

Страницы 1 2 3 4 5


«Кредиттiк бюроның пайдалануына
кредиттiк тарихтардың деректер
базасын басқару жүйесiн енгiзу
актiсiн беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына
ҚОСЫМША

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету барысының сапасымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. Қызмет көрсету сапасымен және оның тәртiбi туралы ақпаратпен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтiң %-ы (үлесi)

80 %



4. Шағымдану барысы

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердiң сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %



Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 1063 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру»
мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 92-бабы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты Агенттiктiң www.afn.kz., интернет-ресурсында: «Заңнама», бұдан әрi «Бағалы қағаздар рыногы», бұдан әрi «Реттеу» бөлiмiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн берудi растайтын құжаттар көшiрмесi қоса берiлген қағаз тасымалдағыштағы хат (не дәлелдi бас тарту).
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрi - өтiнiш берушi) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттар пакетiн ұсынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Өтiнiш берушiлердiң заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру жөнiндегi өтiнiш түрiнде жiберiлген жазбаша нысандағы өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн көрсетiледi.
Осы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жеделдетiлген қызмет көрсету болмайды.
10. Мемлекеттiк қызмет Агенттiктiң ғимаратында көрсетiледi. Агенттiктiң ғимараты дене мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiк болмағандықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi тұтыну үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке:
1) өтiнiштi;
2) бағалы қағаздар нарығында белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыратын лицензиаттардың кем дегенде 30 (отыз) пайызы осы заңды тұлғаның мүшелерi болып табылатындығын растайтын құжаттарды беруi тиiс.
12. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беруге арналған өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
13. Қажеттi құжаттар пакетi: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерiне кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).
14. Агенттiкке келiп түскен хат-хабарды әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн қабылдап, тiркейдi және Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерiне бередi.
Агенттiк басшылығы электронды құжат айналымы шағын жүйесiндегi және қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қарап, оларға тиiстi бұрыштама қойғаннан кейiн, бұрыштамасы бар құжаттар оларды әрi қарай орындау үшiн, Агенттiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне берiледi.
Агенттiк басшылығы құжаттарды олар келiп түскен күнi қарайды.
Орындаушы өтiнiш берушiнiң өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн алу үшiн ұсынған құжаттарын тиiстi қорытынды алу үшiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуiн қарайды.
Орындаушы құжаттардың сәйкестiгi және өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн алу үшiн мiндеттi талаптарды орындағаны туралы қорытындыны дайындайды.
Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Агенттiк Басқармасы қаулысының жобасы және заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру не өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беруден бас тарту негiздемесiмен ұсыныс дайындалады.
Дайындалған қаулының жобасы және заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру туралы ұсыныс Заң департаментiмен келiсiледi.
Қаулының жобасы және заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру туралы ұсыныс Заң департаментiмен келiсiлгеннен кейiн құжаттар Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарына қол қоюға жiберiледi.
Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасары қолын қойғаннан кейiн екi тiлдегi (мемлекеттiк және орысша) қаулы жобасы одан әрi Агенттiк Басқармасына қарауға енгiзiлу үшiн Агенттiк төрағасының бұрыштамасын алуға жолданады.
Агенттiк Басқармасы заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейiн және Басқарма хатшысы оны тiркегеннен кейiн жетекшi осы қаулы көшiрмесiн қоса бере отырып, бұл туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
15. Өтiнiш берушi құжаттар пакетiн қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшенiң құжаттарды қабылдауға уәкiлеттi қызметкерi өтiнiштiң екiншi данасына не оның көшiрмесiне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қояды.
Құжаттар пакетi хат-хабарларды қабылдау үшiн арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгi қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшiктен құжаттар күнiне кемiнде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi почта арқылы жiберiледi немесе Агенттiк бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы тiкелей өтiнiш берушiге немесе тиiсiнше ресiмделген сенiмхатты ұсынғанда оның уәкiлеттi өкiлiне бередi.
17. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беруден бас тарту мына жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар пакетi осы стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшiн негiз жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Агенттiк осы қызметтi көрсеткенде басшылыққа алатын негiзгi жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуы;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету барысында өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген ақпараттың қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
6) құжаттарды алу үшiн өтiнiш берушi келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Агенттiктiң қызметiне баға берiлетiн осы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Агенттiктiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

21. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтiнiш берушi Агенттiктiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету қорытындысымен келiспеген жағдайда шағым Агенттiк төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде (afn@afn.kz)) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекенжайы бойынша жұмыс күндерi қолма-қол тапсырылады, Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-001.
Жұмыс кестесi сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
23. Мемлекеттiк қызметтi Агенттiк көрсетедi.
Қызмет көрсету дұрыс көрсетiлмеген жағдайдағы шағым беру тәртiбi осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес келедi.
24. Шағым беру кезiндегi қажеттi ресми құжаттар тiзбесi болмайды. Шағым еркiн нысанда жасалады.
25. Шағымды Агенттiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылдаған кезде, оның өтiнiш берушi үшiн көшiрмесi түсiрiледi, көшiрмеге оның қабылданғаны туралы (қабылдау күнiн, оны қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып) белгi қойылады.
Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттiктiң байланыс деректерi:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта адресi: afn@afn.kz;
4) жұмыс iстеу кестесi: сенбi, жексенбi, демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiнгi түскi үзiлiсiмен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн.
5) Агенттiк төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi: айдың бiрiншi және екiншi бейсенбiсi (сағат 16:00-ден бастап 18:00-ге дейiн);
6) Агенттiк төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Агенттiк төрағасының қадағалаушы орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (727) 2788-001.
Агенттiктiң сенiм телефоны: 8 (727) 2788-100.

«Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн
ұйым мәртебесiн беру» мемлекеттiк
қызмет стандартының
ҚОСЫМШАСЫ

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

100 %



2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету барысының сапасымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90 %

1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina