Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығы
"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) АЭА туралы ереже; 2) АЭА-ның жұмыс iстеуiнiң нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткiзбеудiң дағдарысты деңгейi бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) осы Жарлықтан туындайтын тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауды; 2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн. 4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
|