Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық режимді жою туралы келісім
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 маусымдағы N 992 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 маусымдағы N 992 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық режимді жою туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі, екі елдің арасында бар достық қатынастарды кеңейтуге және одан әрі дамытуға тілек білдіре отырып, екі елдің азаматтары сапарларына арналған рәсімді жеңілдетуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу немесе болу үшін кіру мақсатында алғашқы келген күнінен бастап алты (6) ай ішінде тоқсан (90) күннен аспайтын мерзімге виза алу талабынан босатылады.
2-бап
Екінші Тарап мемлекетінің аумағында тоқсан (90) күннен астам болуға ниеттенген бір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері алдын ала виза алуы қажет.
3-бап
Екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық миссияның мүшелері немесе консулдық персонал ретінде ресми функцияларды орындайтын және екінші Тараптың аумағында тұратын бір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері екінші Тараптың құзыретті мемлекет органдарында болуды тіркеудің қажетті рәсімі аяқталған соң олардың тағайындалуының толық кезеңінде кірген күннен кейінгі отыз (30) күн ішінде екінші Тараптың аумағына кіруіне, болуына және шығуына болады.
4-бап
Екінші мемлекеттің аумағына кіретін бір мемлекеттің азаматтары осы Келісімге сәйкес келген елдің заңдары мен ережелерін сақтауға тиіс.
5-бап
Әрбір Тарап екінші Тарап мемлекетінің "қолайсыз" деп санауға болатын азаматтарын өз аумағына кіргізуден бас тарту немесе мұндай азаматтардың болу мерзімін қысқарту құқығын сақтайды.
6-бап
1. Тараптар осы Келісім күшіне енгенге дейін отыз (30) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы жарамды паспорттардың үлгілерімен алмасуы тиіс. 2. Егер бір Тарап жаңа паспорт түрін шығарса немесе жарамды паспорттарға өзгерістер енгізсе, онда осы өзгерістер туралы жаңа паспорттар немесе өзгерістер енгізілгенге дейін отыз (30) күн бұрын екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы хабардар етуге тиіс. Хабарлама жаңа немесе өзгертілген құжаттардың үлгілерін және олардың қолданылуы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
7-бап
Осы Келісімді түсіндіруде немесе қолдануда туындайтын кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жолымен шешілуі тиіс.
8-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Кез келген өзгерістер жазбаша түрде жасалуы тиіс және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті дәл сондай рәсімдер өткізілуге тиіс.
9-бап
1. Осы Келісім Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы бір-бірін хабардар ететін дипломатиялық ноталардың соңғысының күнінен бастап тоқсан (90) күн өткен соң күшіне енеді. 2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және бір Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық нотасын екінші Тарап алған күннен бастап тоқсан (90) күн өткенге дейін күшінде қалады. 5769 жылғы ___________ сәйкес келетін 2009 жылғы ___ __________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, иврит және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей дәлме-дәл болып табылады. Келіспеушіліктер болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетінің Үкіметі үшін Үкіметі үшін
|