Жоба Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "табыс (түсім) сомасының процентімен" деген сөздерден кейін ", не есепті кезеңде сатып алынған отын-энергетика ресурстарының орташа өлшенген тарифі бойынша ақшалай баламасына қайта есептегенде бекітілген нормативтермен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарының белгіленген шығыс нормативтерінен асып кету процентімен" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 69-баптың екінші бөлігіндегі "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін ", энергия үнемдеу туралы" деген сөздермен толықтырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 230-1, 203-2, 230-3, 230-4, 230-5-баптармен толықтырылсын: "230-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген энергия тұтыну нормативтерін және тұтынылатын активті және реактивті қуаттардың арақатынасы жөніндегі нормативтерден асып кету 1. Тауарлар ендіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өнім бірлігіне арналған энергия тұтыну нормативтерінен асып кету - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - нормативтік көрсеткіштермен салыстырғанда асып кету көлемі құнының жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - нормативтік көрсеткіштермен салыстырғанда асып кету көлемі құнының жиырма бес проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген тұтынылатын активті және реактивті қуаттардың арақатынасы жөніндегі нормативтерден асып кету - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 230-2-бап. Энергетикалық тексеру нәтижелері туралы есепті, құрылғылар мен үй-жайлардың энергия сыйымдылығы туралы мәліметтерді, құрылғылар мен үй-жайлардың энергия тиімділігінің коэффициенттері туралы, құрылғылар мен үй-жайлардың энергия тиімділігі көрсеткіштерінің өзгергені туралы мәліметтерді беруден жалтару немесе құрылғылар мен үй-жайларды пайдаланушылардың жалған мәліметтер беруі Құрылғылар мен үй-жайларды энергетикалық тексеру нәтижелері туралы есепті, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отын тұтынатын құрылғылар мен үй-жайлардың энергия сыйымдылығы туралы мәліметтерді, жылына бір мың бес жүз тонна және одан да көп шартты отын тұтынатын құрылғылар мен үй-жайлардың энергия тиімділігінің коэффициенті туралы мәліметтерді, жылына бір мың бес жүз тонна және одан да көп шартты отын тұтынатын құрылғылар мен үй-жайлардың энергия тиімділігі көрсеткіштерінің өзгергені туралы мәліметтерді, үй-жайдың энергетикалық паспортына және құрылғының энергетикалық декларациясына енгізілетін өзгерістер туралы мәліметтерді беруден жалтару немесе құрылғылар мен үй-жайларды пайдаланушылардың энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органға жалған мәліметтер беруі, - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейін мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден бір жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 230-3-бап. Үй-жайлар мен құрылғыларды анықтау міндетті болып табылатын энергия тиімділігі коэффициентінсіз пайдалану Үй-жайлар мен құрылғыларды анықтау міндетті болып табылатын энергия тиімділігі коэффициентінсіз пайдалану, - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 230-4-бап. Энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларда белгіленген мерзімдерге сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру кезінде пайдаланылатын құрылғыларды жөндеу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамауы не уақтылы орындамауы Энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларда белгіленген мерзімдерге сәйкес электр және (немесе) жылу энергияларын өндіру және (немесе) беру кезінде пайдаланылатын құрылғыларды жөндеу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамауы не уақтылы орындамауы, - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 230-5-бап. Үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылардың үй-жайлар мен құрылғыларға энергетикалық тексеруді қамтамасыз етпеуі Жылына бір мың бес жүз тонна және одан да көп шартты отын тұтынатын үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылардың энергетикалық тексеруді қамтамасыз етпеуі, - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады"; 4) мынадай мазмұндағы 554-2-баппен толықтырылсын: "554-2-бап. Энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган 1. Энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 230-1, 230-2, 230-3, 230-4, 230-5-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 2. Энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады."; 5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз сегізінші абзацындағы "225-1" деген цифрлардан кейін ", 356" деген цифрлармен толықтырылсын. 2. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат): 330-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: "6-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес энергия үнемдейтіндердің санатына жатқызылған тауарлар;". 3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 21-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар): 471-баптың кестесі мынадай мазмұндағы 1.95 және 1.96-тармақтармен толықтырылсын: "1.95 үй-жайларды және (немесе) құрылғыларды энергетикалық тексеру жөніндегі қызмет 15; 1.96 энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді сараптау жөніндегі қызмет 15". 4. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 144-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 16, 129-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 24, 129-құжат): 1) 20-бапта: мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) тармақшалармен толықтырылсын: "9-1) үй-жайларды салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау құжаттамасына энергия тиімділігі және энергия үнемдеу туралы талаптардың енгізілуін қамтамасыз ету; 9-2) энергия тиімділігі және энергия үнемдеу сараптамасы болмаған жағдайда жобалау құжаттамасын бекітуден бас тарту;"; 12) тармақшадағы "олар бойынша," деген сөздерден кейін "оның ішінде Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: "12-1) сәулет-құрылыс бақылауын жүргізген кезде энергия тиімділігі және энергия үнемдеу бойынша талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда мұндай бұзуға жол берген тұлғаның атына жіберілген жолсыздықтарды жою туралы нұсқама жіберу, сондай-ақ жіберілген жолсыздықтарды нұсқамада белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғау мақсатында тексеріс нәтижелері бойынша шығарылған осындай нұсқама мен актінің көшірмесін энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органның мекен-жайына нұсқаманың орындалу мерзімі өткен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу;"; 2) 31-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "уәкілетті органы" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бөлігінде энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган"; 3) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына энергия үнемдеу жөнінде талаптар енгізу міндетті."; 4) 62-баптың 1-тармағы "экологиялық" деген сөзден кейін ", энергия үнемдейтін" деген сөздермен толықтырылсын; 5) 63-баптың 1-тармағы "табиғат қорғау" деген сөздерден кейін ", энергия үнемдейтін" деген сөздермен толықтырылсын. 5. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): осы Заңға қосымшада: 1-тармақта: "қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздерден кейін ", энергия үнемдеу саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалау және бақылау.". 6. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 12-бап мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) тармақшалармен толықтырылсын: "6-1) үй-жайларды және (немесе) құрылғыларды энергетикалық тексеру; 6-2) энергияның тиімділігі және энергия үнемдеу сараптамасы;".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
|