ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба Энергия үнемдеу туралы
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

Страницы 1 2

  Жоба Энергия үнемдеу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Энергия үнемдеу туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасында энергия үнемдеуді ынталандыру мен энергетикалық тиімділікті арттыру үшін экономикалық және ұйымдық жағдай жасау мақсатында энергетика ресурстарын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

1. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қайталама энергетика ресурсы - функционалдық қолданылуы энергияның тиісті түрін өндіруге байланысты емес құрылғыларды пайдаланудың жанама өнімі түрінде алынатын энергия;
2) Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімі - жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отын тұтынатын үй-жайлар мен құрылғылар, оның ішінде электр желілері, жылу-электр орталықтары, мемлекеттік аудандық электр станциялары, су электр станциялары туралы, магистральдық мұнай және газ құбырлары туралы, сондай-ақ көрсетілген үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылар туралы құжатталған ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;
3) үй-жайдың энергия тиімділігінің коэффициенті - тиісті үй-жайдың нақты энергия сыйымдылығының оның нормативтік энергия сыйымдылығына қатынасы;
4) құрылғының энергия тиімділігінің коэффициенті - құрылғының нақты энергия сыйымдылығының нормативтік энергия сыйымдылығына қатынасы;
5) үй-жайдың нормативтік энергия сыйымдылығы - тиісті көлемдегі және функционалдық мақсаттағы үй-жайда, осындай үй-жайда энергия үнемдейтін технологияларды пайдаланған жағдайда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндетті талаптарды сақтау үшін қажетті шаршы метрге арналған жылу және (немесе) электр энергиясының орташа мөлшері;
6) құрылғының нормативтік энергия сыйымдылығы - құрылғының функционалдық мақсатын энергия тұтынудың белгіленген нормативтеріне сәйкес іске асыруға қажетті жылу және (немесе) электр энергиясының мөлшері;
7) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіші - осы өнімді өндіруге, жұмыстарды жүргізу және қызметтерді көрсету үшін отын мен энергияның үлестік шығынының нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін шамасы;
8) үй-жайды пайдаланушы - меншік құқығы немесе өзге заңды негізде үй-жайды пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
9) үй-жай - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілері болып танылатын ғимарат, құрылыс, құрылғы, сондай-ақ олардың бөліктері;
10) өнім - технологиялық процестің немесе қызметтің нәтижесі, оның ішінде энергия өндіретін немесе энергия тұтынатын жабдық;
11) отын-энергетика ресурстарын өндірушілер - меншік нысандарына қарамастан, олар үшін отын-энергетика ресурстарының кез келген түрі тауарлық бірлік болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;
12) кәсіби ұйым - энергетикалық тексеру жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және (немесе) энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге сараптама жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлға;
13) технологиялық процесс - өнім өндіруге, энергия тұтынуға, энергияның бір түрін басқасына түрлендіруге байланысты процесс;
14) отын-энергетика ресурстары - отын мен энергияның барлық табиғи және қайта жасалған түрлерінің жиынтығы;
15) шартты отын - техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған және органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
16) энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган - энергия үнемдеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
17) құрылғы - функционалдық мақсаты энергияны және (немесе) қайталама энергетика ресурсын пайдалануды көздейтін, оның ішінде энергетика ресурстарын энергияға түрлендіруді, энергия беруді, энергияны пайдалана отырып, тауарларды өндіру мен қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын зат немесе бірыңғай технологиялық процеспен біріккен заттардың жиынтығы;
18) үй-жайдың нақты энергия сыйымдылығы - тексерілетін үй-жайда оның көлемі мен функционалдық мақсатын ескере отырып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндетті талаптарды сақтау үшін қажетті шаршы метрге арналған жылу және (немесе) электр энергиясының орташа мөлшері;
19) құрылғының нақты энергия сыйымдылығы - құрылғылардың функционалдық мақсатын іске асыру кезінде нақты жұмсалатын жылу және (немесе) электр энергиясының мөлшері;
20) энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу сараптамасы - мына жобалар бойынша энергия үнемдеу саласында жүргізілетін сараптама: отын-энергетика ресурстарын жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын қайта құрылатын, жаңғыртылатын және қайтадан салынатын объектілердің жобаларына техникалық-экономикалық негіздемелердің энергия-технологиялық бөліктері, өндіруші күштерді дамыту және орналастыру схемалары, экономика салаларын дамыту, отын-энергетика ресурстарын пайдалануды бағалау және энергиямен қамтамасыз етуде тұтынушылардың шығындарын азайту мақсатында энергиямен қамтамасыз етудің аумақтық схемалары;
21) энергетикалық қауіпсіздік - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың отын-энергетика ресурстарына қажеттіліктері қанағаттандырылатын сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жағдайы;
22) құрылғының энергетикалық декларациясы - құрылғының энергетикалық сыйымдылығы, оның құрылғыны шығарушы белгілеген нақты энергия сыйымдылығына сәйкестігін қамтамасыз ететін құрылғыны пайдалану шарттары туралы мәліметтерді, құрылғыны шығарушы туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
23) үй-жайдың энергетикалық паспорты - энергетикалық тексеру жүргізудің қорытындылары бойынша жасалған, ұйымдастыру туралы, өнімнің негізгі түрлерін өндіру көлемі туралы, энергия және энергетика ресурстарын ендіру және (немесе) тұтыну туралы, отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың тиімділігі туралы, энергия үнемдейтін іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын құжат;
24) энергия үнемдеу саясаты - энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі саласындағы құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және қаржы-экономикалық реттеуді қамтитын, шаруашылық және өзге де қызметтің барлық салаларындағы мемлекеттік энергетикалық саясаттың бағыты;
25) энергия үнемдеуші өнім - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда қолданылуы адамның өмірі мен денсаулығына зиянсыз функционалдық мақсаттағы құрылғыларды, экологиялық, санитарлық, өрт қауіпсіздігінің және функционалдық мақсаттағы үй-жайлардың талаптарын іске асыру үшін жұмсалатын энергия мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдықтар және материалдар;
26) энергия үнемдеуші технологиялар - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдықтар және материалдар;
27) энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға және жаңартылатын энергия көздерін айналымға тартуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік, техникалық және экологиялық шараларды іске асыру;
28) энергия тиімділігі - үй-жайлар мен құрылғыларда энергия пайдаланудың жинақталған сипаттамасы;
29) отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану - отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған тиімділігіне қол жеткізу.

2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы
заңнамасы

Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен осы Заңда қамтылғандардан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы

1. Осы Заң энергия үнемдеу саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметі процесінде туындайтын қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған.
2. Мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар (отын-энергетика ресурстарын пайдаланушылар мен өндірушілер) энергия үнемдеу саласындағы арақатынастар субъектілері болып табылады:
1) отын-энергетика ресурстарын және оларды пайдалану қалдықтарын өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау, шығару, пайдалану;
2) энергия қуатын беретін және энергия тұтынатын жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді, материалдарды, сондай-ақ отын-энергетика ресурстарының шығысын есептеу, бақылау және реттеу аспаптарын шығару мен жеткізу;
3) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және үнемдеуге байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық, сараптамалық, мамандандыру, монтаждау, реттеу, жөндеу және басқа да жұмыс (қызмет көрсету) түрлерін жүргізу;
4) қайталама энергетика ресурстарын пайдалануға байланысты іс-шараларды іске асыру;
5) заңды және жеке тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласы үшін кадрлар даярлау;
6) энергия үнемдеуді басқарудың және отын-энергетика ресурстарының тиімді пайдаланылуын бақылау құралдарының тиімді жүйелерін әзірлеу мен енгізу.

2. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу

4-бап. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеудің
негізгі бағыттары

Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) ұлттық экономиканы қарқынды дамыту үшін қажет энергияны өндіру мен тұтынудың арақатынасын белгілеу, жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету;
2) энергия өндіру мен тұтыну режимдерін оңтайландыру, оның есебін ұйымдастыру;
3) энергия үнемдеуді ынталандыру;
4) отын-энергетика ресурстарын өндіру мен тұтынуға статистикалық қадағалау ұйымдастыру;
5) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

5-бап. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу
принциптері

Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай:
1) энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырудың оларды өндіру мен шығару көлемінің өсімінен басымдығы;
3) отын-энергетика ресурстарын өндіру, шығару, өңдеу, беру және пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен өмірі, қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігінің басымдығы;
4) Қазақстан Республикасының, отын-энергетика ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін сақтау негізінде заңды және жеке тұлғалардың энергия үнемдеудегі мүдделілігінің экономикалық және құқықтық жағдайларын қамтамасыз ету принциптеріне негізделген.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің энергия үнемдеу
саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік энергия үнемдеу саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді;
2) мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
3) отын-энергетика ресурстарын өндіру және тұтыну кезінде стандарттау, сертификаттау және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
4) энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) үй-жайларды және (немесе) құрылғыларды энергетикалық тексеру жөніндегі қызметке, сондай-ақ энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді сараптау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
6) энергия тұтынудың өнім бірлігіне арналған нормативтерін және тұтынылатын активті және реактивті қуаттардың арақатынасы жөніндегі нормативтерді, қайталама энергетика ресурстарын пайдалану нормативтерін бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік энергия үнемдеу тізілімін жүргізу тәртібін бекітеді;
8) өнімді энергия үнемдейтін өнім санатына жатқызу тәртібін бекітеді;
9) энергия үнемдеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін әзірлейді және іске асырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органның
құзыреті

Энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган:
1) энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) осы Заңда белгіленген құзыреті шегінде энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) отын-энергетика ресурстарын өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезінде энергия үнемдеу саласындағы қарым-қатынастар субъектілерінің қауіпсіз және үнемді жұмыс істеуін ұйымдастырады;
5) энергетика объектілерін техникалық пайдаланудың жай-күйі бойынша есеп-қисап жүйесін ұйымдастырады, отын-энергетика ресурстарын тұтынуға және тиімді пайдалануға ведомстволық статистикалық бақылауды жүргізеді Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
6) осы Заңға сәйкес қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
7) үй-жайларды және (немесе) құрылғыларды энергетикалық тексеру, сондай-ақ энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді сараптау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
8) өз құзыреті шегінде заңға тәуелді актілердің мониторингін жүзеге асырады;
9) осы саладағы стандарттау және сертификаттау мәселелерін келіседі;
10) энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық әзірлемелерді жүргізуді үйлестіреді;
11) энергия үнемдеу саласындағы ақпараттық қызметті қамтамасыз етеді және жүзеге асырады;
12) энергия үнемдеу саласындағы кадрларды даярлау мен қайта даярлау қызметін үйлестіреді;
13) үй-жайдың энергетикалық паспортының және құрылғының энергетикалық декларациясының нысандарын бекітеді;
14) құрылғыларды пайдаланушылар ұсынатын энергия сыйымдылығы, үй-жайлар мен құрылғылардың энергия тиімділігі коэффициенті туралы мәліметтердің, сондай-ақ кәсіби ұйымдар ұсынатын мәліметтердің дұрыстығына тексерулер жүргізеді;
15) кәсіби ұйымдардың тізілімін жүргізеді, сондай-ақ кәсіби ұйымдардың тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді;
16) әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік жаза қолданады;
17) құрылғылар мен үй-жайлардың нормативтік және нақты энергия сыйымдылығын, энергия тиімділігінің коэффициентін анықтау тәртібін бекітеді;
18) энергия үнемдеу саласында стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
19) отын-энергия тұтынатын және энергия үнемдейтін өнімдерді таңбалау тәртібін анықтайды;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

8-бап. Энергия үнемдеу саласындағы өзге мемлекеттік
органдардың құзыреті

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган:
1) республикалық маңызы бар объектілердің үй-жайларын салу және пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу жөніндегі талаптардың орындалуына сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
2) энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу туралы шарттарды үй-жайларды салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау құжаттамасына енгізуді қамтамасыз етеді;
3) осындай жұмыстарды жоспарлау және жүргізу кезінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу талаптары сақталған жағдайда үй-жайларға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
4) энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу сараптамасы болмаған жағдайда жобаларды бекітуден бас тартады;
5) сәулет-құрылыс бақылауын жүргізу кезінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда мұндай бұзушылыққа жол берген тұлғаның атына жол берілген жолсыздықты жою туралы нұсқама жібереді.
Жол берілген жолсыздықты нұсқамада белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) өлшеу құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы әдістемелік талаптарды, оның ішінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу жөніндегі әдіснамалық талаптарды айқындайды;
2) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың, оның ішінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;
3) осы Заңның 15-бабына сәйкес жүзеге асырылатын отын-энергия тұтынатын және энергия үнемдейтін өнімдердің таңбалануын бақылауды жүзеге асырады;
4) метрологиялық бақылауды, оның ішінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
5) метрологиялық бақылау жүргізу кезінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу жөніндегі талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда мұндай жолсыздыққа жол берген тұлғаның мекенжайына жіберілген жолсыздықты жою туралы ңұсқама жібереді.
Жол берілген жолсыздықты нұсқамада белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
3. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарифтерді (бағалар, алым ставкаларын бекіту кезінде энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларға арналған шығындарды есепке алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
4. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган:
1) отын-энергетика ресурстарын өндіру мен тұтынудың көлемі және номенклатурасы, оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері бойынша мемлекеттік статистиканы қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) жергілікті маңызы бар объектілердің үй-жайларын салу және пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігі және энергия үнемдеу жөніндегі талаптардың орындалуына сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды орындайды.
6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) тұрғын үй қорының объектілеріне жататын, тиісті аумақта орналасқан үй-жайлардың, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын үй-жайлардың энергия тиімділігін және энергия үнемдеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

3. Энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар

9-бап. Отын-энергетика ресурстарын тұтынуды және оларды
пайдалану тиімділігін статистикалық бақылау

1. Отын-энергетика ресурстарын өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы, оларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері бойынша статистиканы қалыптастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын статистикалық ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

10-бап. Отын-энергетика ресурстарын мемлекеттік есепке
алу

1. Заңды тұлғалар өндіретін, өңдеген, тасымалдайтын, тұтынатын және сақтайтын, есепке алынуға жататын отын-энергетика ресурстарының мөлшері өлшеу құралдарын міндетті түрде қолдана отырып бақылануға тиіс.
2. Отын-энергетика ресурстарын есепке алу мақсаттары үшін пайдаланылатын өлшем құралдары сынақтардың немесе метрологиялық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің құралдар тізіліміне енгізіледі және оларға Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік салыстырып тексеру жүргізіледі.
3. Отын-энергетика ресурстарының шығысын есепке алу дұрыстығына жауапкершілік өлшем құралдарының иелеріне жүктеледі.
4. Отын-энергетика ресурстарын есепке алу үшін пайдаланылатын өлшем құралдарының жарамды жағдайы мен пайдалану талаптарының сақталуына жауапкершілік өлшем құралдарының иелеріне жүктеледі.
5. Отын-энергетика ресурстарын тұтынатын объектілер құрылысының жобаларында энергия үнемдеуші өнімді міндетті пайдалану, электр энергиясын, ыстық және салқын суды, газды және жылу энергиясын есепке алу аспаптарын және реттеу жүйелерін орнату көзделеді.
Тұрғын үйлердің жобаларында энергия үнемдеуші өнімді міндетті пайдалану, ыстық және салқын суды, газды, электр және жылу энергиясын үйге ортақ және пәтерлер бойынша есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылыту жүйелерінде тиісті реттеуіш аспаптарды орнату көзделеді.
Отын-энергетика ресурстарының шығысын есепке алу мен реттеудің көрсетілген аспаптары болмайынша жаңа объектілерді пайдалануға беруге жол берілмейді.

11-бап. Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімі

1. Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімінде:
1) жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын тұтынатын үй-жайлар және құрылғылар, оның ішінде жылу-электр орталықтары, мемлекеттік аудандық электр станциялары, су электр станциялары, электр желілері, магистральдық мұнай және газ құбырлары туралы;
2) жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын тұтынатын үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылар туралы;
3) үй-жайлардың энергетикалық паспорттары және құрылғылардың энергетикалық декларациялары туралы;
4) Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімінде есепке алынуға жататын үй-жайлар мен құрылғылар иелерінің өз бетінше, сондай-ақ энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органның нұсқамасында көрсетілген жолсыздықтарды жою үшін қабылдаған шаралары туралы құжатталған ақпарат қамтылады.
2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін ақпарат жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннасын тұтынатын үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылар энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органға мына тәртіппен беріледі:
1) үй-жайлар мен құрылғылардың энергия сыйымдылығы туралы мәліметтер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей беріледі;
2) пайдаланудағы үй-жайлардың энергия тиімділігі коэффициенті туралы мәліметтер үй-жай пайдалануға берілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей беріледі.
Пайдаланудағы үй-жайлардың энергия тиімділігі көрсеткіштерінің өзгергені туралы мәліметтерді үй-жайларды пайдаланушы энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей береді;
3) пайдаланудағы құрылғылардың энергия тиімділігі коэффициенті туралы мәліметтерді құрылғыларды пайдаланушы құрылғы пайдалануға берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.
Пайдаланудағы құрылғылардың энергия тиімділігі көрсеткіштерінің өзгергені туралы мәліметтер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей беріледі;
4) үй-жайға немесе құрылғыға жүргізілген тексеру нәтижесінде үй-жайдың энергетикалық паспортына және құрылғының энергетикалық декларациясына енгізілетін өзгерістер үй-жайды және (немесе) құрылғыны энергетикалық тексеру аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады;
5) пайдаланылған отын-энергетика ресурстарының мөлшері туралы мәліметтер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей беріледі.
Пайдаланылған отын-энергетика ресурстарының мөлшерін үй-жайларды немесе құрылғыларды пайдаланушы есептік немесе тура тәсілмен айқындайды.
Есепке алудың тура тәсілі тұтынуды есепке алу аспаптарының деректеріне негізделеді және табиғи газды, электр және жылу энергиясын тұтынуды есепке алу үшін қолданылады.
Есепке алудың есептік тәсілі құрылғының нақты жұмыс істеген уақыты туралы мәліметтерге немесе тексерілетін үй-жайда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін қажет энергияны үй-жайда пайдаланудың есептік көрсеткіштеріне негізделеді.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжатталған ақпаратты энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган мүдделі тұлғаның өтініші бойынша өтініш түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде береді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжатталған ақпарат мүдделі тұлғаларға энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша беріледі.
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген құжатталған ақпаратты үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылар энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде береді.
6. Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

12-бап. Энергия үнемдеу саласындағы талаптардың сақталуын
мемлекеттік қадағалау және бақылау

1. Мемлекеттік қадағалау және бақылау мыналарды:
1) құрылғыларды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын;
2) үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылардың энергия тиімділігі коэффициентін айқындау міндетті болып табылатын, олар пайдаланатын үй-жайлардың және (немесе) құрылғылардың энергия тиімділігі коэффициенттері туралы мәліметтерді беруін;
3) тұрғын-үй қорының объектілерінен, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын үй-жайлардан басқа, үй-жайларды пайдалану процесінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу жөніндегі талаптардың орындалуын;
4) табиғи монополиялар субъектілері энергиясы отынының, шикізатының, материалдарының және нормативтік техникалық шығынының үлестік шығыстарын қоспағанда, өнімнің бірлігіне энергия тұтыну нормативтерінің және қайталама энергетика ресурстарын пайдалану нормативтерінің сақталуын;
5) тұтынылатын активті және реактивті қуаттың арақатынасы бойынша нормативтердің сақталуын;
6) электр және жылу энергиясын өндіру кезінде пайдаланылатын құрылғыларды жөндеу мен жаңғырту жөніндегі міндеттердің тиісінше және уақтылы орындалуын;
7) үй-жайларға және (немесе) құрылғыларға міндетті энергетикалық тексеру жүргізу туралы талаптардың сақталуын;
8) осы Заңның 24-бабында көзделген үй-жайларды және (немесе) құрылғыларды энергетикалық тексеру сапасын жүзеге асырады.
2. Энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган:
1) нақты және нормативтік энергия сыйымдылығы, сондай-ақ көрсетілген үй-жайлар мен құрылғыларды пайдаланушылар ұсынатын жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын тұтынатын үй-жайлар мен құрылғылардың энергия тиімділігінің коэффициенті туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында;
2) тексерілетін үй-жайлардың және (немесе) құрылғылардың заңды тұлғалары немесе сарапталуға тиіс жобалардың тапсырыс берушілері энергетикалық тексеру және (немесе) энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу сараптамасының нәтижелеріне шағымданып өтініш жасаған жағдайда кәсіптік ұйымдар ұсынған энергетикалық тексеру немесе энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу сараптамасы нәтижелерінің дұрыстығын тексеру мақсатында осы Заңның 13-бабына сәйкес тексерулер жүргізеді.
3. Егер энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті органның тексеруінің нәтижелері бойынша энергетикалық тексерудің немесе энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу сараптамасының нәтижелері расталмаса, кәсіптік ұйымның қорытындысы кері қайтарылып алынуға тиіс.
4. Егер пайдаланушы мәлімдеген үй-жайлар және (немесе) құрылғылар, олардың энергия сыйымдылығының, сондай-ақ энергия тиімділігінің көрсеткіштері шындыққа сәйкес келмесе, энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган одан әрі пайдалану үшін энергия сыйымдылығын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер және нормативтік техникалық құжаттар негізінде үй-жайлардың және (немесе) құрылғылардың энергия тиімділігінің коэффициентін өз бетінше белгілейді.
Егер энергия тиімділігінің коэффициенті бірліктен асып түссе, энергия үнемдеу саласындағы уәкілетті орган энергия тиімділігінің коэффициентін төмендету үшін энергия үнемдейтін іс-шараларды орындау қажеттігі туралы нұсқама шығарады.


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina