ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану туралы келісім
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1122 қаулысымен мақұлданған

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 қыркүйектегі
N 1316 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23 шілдедегі
N 1122 қаулысымен
мақұлданған

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және
кейіннен пайдалану туралы келісім

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
1992 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Отын-энергетика кешендері салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімді негізге ала отырып,
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
электр энергетикасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі мүдделілікті негізге ала отырып,
"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ), оның ішінде "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-ның қолда бар инфрақұрылымын пайдалануды және жаңа жабдықты қазіргі уақытта пайдаланатындармен біріздендіруді көздейтін техникалық шешімдер бойынша Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу жолымен дамыту қажеттігін басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өте отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Келісім Тараптардың Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану (бұдан әрі - Жоба) жөніндегі ынтымақтастық шарттарын айқындайды.

2-бап

Жобаны іске асыруды "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" акционерлік қоғамы жүзеге асырады, мыналар оның қатысушылары болып табылады:
Қазақстандық тараптан - "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы;
Ресейлік тараптан - "ИНТЕР РАО ЕЭС" ашық акционерлік қоғамы;
(бұдан әрі - уәкілетті ұйымдар).
Уәкілетті ұйымдар ауысқан жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін дереу хабардар етеді.

3-бап

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетикалық жүйелерінің қосарлас режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдайды, бұл үшін Тараптар мемлекеттерінің Ресей бірыңғай энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - Ресей БЭЖ-і) және Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ-і) қосарлас жұмысына қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін зиян келтірмейтін ынтымақтастықты қамтамасыз ететін барлық қажетті шарттар мен келісімдер жасалады.
Жобаны іске асыру мақсаттары үшін жаңа жабдықты жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендерлік негізде жүзеге асырылады.

4-бап

Уәкілетті ұйымдар Жобаны қаржыландыруды тең жағдайларда және Жобаны іске асыру үшін қажетті көлемде қамтамасыз етеді.
Жобаны қаржыландыру қарыз қаражатын, оның ішінде уәкілетті ұйымдардың корпоративтік кепілдіктері және/немесе "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ мүлкінің кепілзаты және/немесе "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ акцияларының кепілзаты түрінде қамтамасыз етумен тарту жолымен жүзеге асырылады.
Тараптар Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу мақсаты үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы ұйымдарынан, оның ішінде ұлттық даму банктерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан және өзге де қаржы институттарынан қарыз қаражатын тартуға жәрдем көрсетеді.

5-бап

Қарыздық қаржыландыруды алу мақсатында "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-нда электр энергиясын өткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім-шарттардың болуы қажет. Бұл ретте Қазақстандық тарап:
"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ үшін электр энергиясын өткізуге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдармен келісілген мерзімдерде Жобаның өтелуін қамтамасыз ететін тарифті белгілеуді;
"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-на Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының электр желілері бойынша экспортталатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифке төмендетуші коэффициент беруді;
"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ Қазақстан Республикасының электр энергиясын Ресей Федерациясына жеткізуді жүзеге асырған кезде куаттың орташа сағаттық қуатын құжаттамалық растауды қамтамасыз етеді.
"Екібастүз ГРЭС-2 станциясы" АҚ өндіретін электр энергиясының Ресей Федерациясына ұзақ мерзімді жеткізу көлемі белгіленген тәртіппен Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен айқындалған Қазақстан БЭЖ-інің жүйелік операторы, Ресей Федерациясының бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісін басқару жөніндегі ұйым және Ресей БЭЖ-інің жүйелік операторы арасында келісіледі.

6-бап

Қазақстан Республикасының заңнамасына салық ставкаларын осы Келісімге қол қойылған күні қолданыстағымен салыстырғанда ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ мен оның Жобаны іске асыруға қатысатын мердігер ұйымдары мұндай салықтарды есептеуді осы Келісімге қол қойылған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкалар бойынша жүзеге асырады.
Осы Келісімге қол қойылған күнінен кейін жаңа салықтар енгізілген (белгіленген) жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ мен оның мердігер ұйымдарына қатысты жаңа салықтарды енгізу (белгілеу) бөлігінде қолданылмайды.
Осы баптың ережелері тек Жоба шеңберінде "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ мен оның Жобаны іске асыруға қатысатын мердігер ұйымдары жүзеге асыратын жұмыстарды (қызметтерді) өткізу жөніндегі кірістер мен операцияларға қатысты қолданылады және осы Келісімнің 4-бабында айтылған қарыз қаражатын қайтару кезеңіне қолданылады.
Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем көзіне салық салынатын кірістерге қолданылмайды.
Осы баптың мақсаты үшін "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ үшін Жобаны іске асыруға байланысты жұмыстарды, қызметтерді орындайтын тұлға мердігер ұйым деп түсініледі.

7-бап

Осы Келісімді орындау жөніндегі қызметті үйлестіру мен оның орындалуын бақылауды мынадай құзыретті органдар жүзеге асырады:
Қазақстандық тараптан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
Ресейлік тараптан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі.
Құзыретті органдар ауыстырылған жағдайда Тараптар бұл туралы бір бірін дереу хабардар етеді.

8-бап

Тараптардың бірінің осы Келісімде белгіленген өз міндеттемелерін орындауы үшін кедергі болатын мән-жайлар не осы Келісімнің ережелерін қолдануға және/немесе түсіндіруге қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптардың құзыретті органдары туындаған мән-жайларды не келіспеушіліктерді еңсеру және осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өзара қолайлы шешімдер қабылдау мақсатында консультациялар өткізеді.
Құзыретті органдар арасындағы консультациялар жолымен жоюға болмайтын келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.

9-бап

Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды және Тараптар дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша нысандағы хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті ұйымдар мен "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-ның өзі осы Келісімнің 4-бабында айтылған қарыз қаражатын қайтарған сәттен бастап Тараптардың кез келгені басқа Тарапқа мұндай ниеті туралы жазбаша хабарламаны оны қолдануды тоқтату болжанған күнге дейін кемінде 6 ай бұрын жіберу жолымен осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады. Уәкілетті ұйымдар мен "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-ның осы Келісімнің 4-бабында айтылған ұйымдар алдында берешегі жоқ екендігінің фактісі құзыретті органдар қол қоятын Жобаны инвестициялауды аяқтау туралы хаттамада көрсетіледі.
Осы Келісім Тараптардың жазбаша келісімімен өзгертілуі мүмкін. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтату оның қолданылу кезеңінде осы Келісімнің шеңберінде жасалған шарттарда (келісім-шарттарда) көзделген міндеттемелердің орындалуын қозғамайды.
Осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап ол Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады.
200__ жылғы "__" ______ ___________ қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін пайдаланылатын болады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina