ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Жоба ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы «__» мамырдағы № ___ Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы «__» мамырдағы
№ ___ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН

Жоба

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

Қазақстан Республикасы («Қарыз алушы») мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi («Банк») арасындағы Даму бағдарламасын қолдау үшiн (осы Келiсiмге Толықтыруда анықталғандай) қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында жасасқан 201__ жылғы __________ Келiсiм. Банк осы қаржыландыру туралы шешiмдi, басқалар арасында, (а) Қарыз алушының Бағдарлама шеңберiнде қабылдаған және осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-бөлiмiнде баяндалған iс-қимылдар және (б) Қарыз алушының тиiстi макроэкономикалық саясатты қолдауы негiзiнде қабылдады. Осымен Қарыз алушы мен Банк мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

1.01. Жалпы шарттар (осы Келiсiмге Толықтыруда анықталған) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
1.02. Егер түпмәтiнiнен өзгеше туындамаса, онда осы Келiсiмде пайдаланылатын бас әрiптен басталатын терминдердiң Жалпы шарттарда немесе осы Келiсiмге Толықтыруда жазылған мәндерi болады.

2-БАП - ҚАРЫЗ

2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келiсiмде баяндалған немесе көрсетiлген мерзiмге және шарттарда бiр миллиард АҚШ долларына тең ($ 1 000 000 000) соманы беруге келiстi және осы сома осы Келiсiмнiң («Қарыз») 2.07-тармағының ережелерiне сәйкес валюта Конверсиясы арқылы кезең-кезеңмен айырбасталуы мүмкiн.
2.02. Қарыз алушы Бағдарламаны қолдау үшiн Қарыз қаражатын осы Келiсiмге 1-қосымшаның II бөлiмiне сәйкес алуға құқығы бар.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиiс Бiр жолғы комиссия Қарыз сомасының бiр пайызының (0,25 %) төрттен бiр бөлiгiн құрайды. Қарыз алушы Бiр жолғы комиссияны Күшiне енген күннен кейiнгi алпыс күннен кешiктiрмей төлейдi.
2.04. Төлеуге жататын сыйақы әрбiр Пайыздық кезеңде Қарыз валютасы қосу ауыспалы спред үшiн ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша есептелетiн болады; Қарыздың негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiн Конверсиялау кезiнде Қарыз алушы осы сома бойынша Конверсиялау кезеңi уақытында төлеуге жататын сыйақы мөлшерi Жалпы шарттардың 4-бабының ережелерiне сәйкес анықталуы тиiс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген қалдығының Алынған кез келген бөлiгi уақтылы төленбесе және отыз күннiң iшiнде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиiс сыйақы мөлшерi Жалпы ережелердiң 3.02 (d) Бөлiмiнде айқындалғандай есептелуi тиiс.
2.05. Төлем күндерi әр жылдың 15 наурызы және 15 қыркүйегi болып табылады.
2.06. Қарыздың негiзгi сомасы осы Келiсiмге 2-қосымшада келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес өтеледi.
2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшiн Қарыз шартының мынадай Конверсияларынан кез келгенiн жүргiзудi сұратуға құқығы бар: (i) Мақұлданған валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негiзгi сомасының кез келген бөлiгiн өзгерту; (ii) Ауыспалы ставкадан Тiркелген ставкаға және керiсiнше Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын пайыздық ставканың базисiн өзгерту, және (iii) Ауыспалы ставка үшiн жоғарғы немесе төменгi шектерiн белгiлеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын Ауыспалы ставка үшiн шектерiн енгiзу.
(б) Осы Бөлiмнiң (а) тармақшасына сәйкес сұратылған және Банк мақұлдаған кез келген өзгерiс Жалпы шарттарда анықталғандай «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың 4-бабының және Конверсия жөнiндегi нұсқаулықтың ережелерiне сәйкес күшiне енедi.
2.08. Банк, Жалпы шарттардың 5.08-бөлiмiнiң (осы Келiсiмге Толықтырудың II бөлiмi 4-тармағына сәйкес қайта нөмiрленген және Өзара iс-қимылдар мен консультацияларға қатысы бар) ережелерiне қатысты шектеусiз, кезең-кезеңiмен осы 2-баптың ережелерiне қатысты ақпаратты негiздiлiкпен талап ете алады, ал Қарыз алушы Банкке сұратылған ақпаратты дереу беруге тиiс.

3-БАП - БАҒДАРЛАМА

3.01. Қарыз алушы өзiнiң Бағдарламаның мақсаттарын және оны iске асыруды жақтайтынын мәлiмдейдi. Осы мақсатпен және Жалпы шарттардың 5.08-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес:
(а) Қарыз алушы мен Банк уақты келгенде бiр немесе екiншi тараптың сұратуы бойынша Қарыз алушының макроэкономикалық саясаты және Бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзген прогресс жөнiнде пiкiр алмасып отыруға тиiс;
(б) Қарыз алушы Банк негiздiлiкпен талап етуi мүмкiн болған дәрежеде егжей-тегжейлi түрде Банкке қарауға және түсiндiрме үшiн Бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзген нәтижелер туралы есептi әрбiр осындай пiкiр алмасуға дейiн беруге тиiс; және
(в) осы Бөлiмнiң (а) және (б) тармақтарын шектеусiз, Қарыз алушы Бағдарламаның мақсаттарына iс жүзiнде қол жеткiзуге немесе осы Келiсiмге 1-қосымшаның I бөлiмiнде айқындалған кез келген iс-қимылды қоса алғанда, Бағдарлама шеңберiнде қабылданатын кез келген iс-қимылды жүзеге асыруға елеулi кедергi болуы мүмкiн кез келген оқиғалар туралы Банктi дереу хабардар етiп отыруға тиiс;

4-БАП - БАНКТIҢ ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАРЫ

4.01. Уақытша тоқтата тұруға әкеп соқтыратын қосымша жағдай мынаны: нәтижесiнде Бағдарламаны немесе оның елеулi бөлiгiн iске асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайдың туындауын қамтиды.
4.02. Тоқтата тұруды жеделдететiн қосымша жағдай мынаны: осы Келiсiмнiң 4.01-тармағында сипатталған жағдай басталады және Банк осындай жағдайдың басталғаны туралы Қарыз алушыға хабарлама жiберген күннен кейiнгi 30 күн бойындағы кезеңде жалғасады.

5-БАП - КҮШIНЕ ЕНУI; БҰЗЫЛУЫ

5.01. Күшiне енудiң қосымша шарты мынадай: Банк Қарыз алушының Бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзген прогреспен және Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының келiсiлгендiгiмен қанағаттанады.
5.02. Күшiне енудiң соңғы мерзiмi осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн бiр жүз сексен (180) күн өткеннен кейiн басталатын күн болып табылады.

6-БАП - ӨКIЛДЕРI; МЕКЕНЖАЙЛАР

6.01. Қарыз алушының өкiлi Қаржы министрлiгi болып табылады.
6.02. Қарыз алушының мекенжайы:

Қазақстан Республикасы
Астана, 010000
Жеңiс даңғылы, 11
Қаржы министрлiгi

Телекс: Факс:
265126 (FILIN) 7-7172-717785

6.03. Банктiң мекенжайы:
1818 Н Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America

Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(MCI) or 1-202-477-6391
Washington, D.C. 64145(MCI)

_______________, _________, жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы
КЕЛIСIЛДI.

Қазақстан Республикасы үшiн

Уәкiлеттi өкiл

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi

Уәкiлеттi өкiл

1-ҚОСЫМША

Бағдарламаның iс-әрекеттерi; Қарыз қаражатына қол жетiмдiлiк

I Бөлiм. Бағдарлама шеңберiнде қабылданған iс-әрекеттер

Бағдарлама шеңберiнде қабылданған iс-әрекеттер мынаны қамтиды:

1. 2010 жылғы 2 сәуiрде ҚР Президентiнiң № 962 Жарлығы шықты, ол Ұлттық қор қаражатынан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепiлдендiрiлген трансферттiң көлемiне 8 миллиард АҚШ доллары мөлшерiнде шектеудi белгiлейдi және Ұлттық қордың активтерiн тек қана шетел қаржы нарықтарында айналып жүрген қаржы құралдарына орналастыруды мiндеттейдi.
2. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-VI ҚР Заңын (2010 жылғы 2 сәуiрдегi өзгерiстермен және толықтыруларымен) қабылдады, ол тиiстi нормативтiк актiлердiң қабылдануымен мыналарды: (i) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары негiзiнде республикалық және жергiлiктi деңгейлерде сырғымалы негiзде үш жылдық бюджеттердi әзiрлеудi және мақұлдауды; (ii) бюджеттiң атқарылуы барысында кiшi бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне республикалық және жергiлiктi деңгейлерде өкiлеттiк берудi; (iii) орталық мемлекеттiк органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруды қолданысқа енгiзедi.
3. Қарыз алушы 2010 жылғы 29 наурызда қайта қаралған «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV ҚР Заңын қабылдады; басқалардың қатарында ол басымдығы жоқ әкiмшiлiк шығыстардың және шоғырландырылған бюджеттiң шығыстарында әлеуметтiк шығыстардың үлесiн ұлғайту пайдасына ұлттық компаниялардың қаржы активтерiн сатып алуға арналған шығыстарды қысқартуды көздейдi.
4. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақша төлемi мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi, банк қызметi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 шiлдедегi № 185-IV ҚР Заңына сәйкес ТӘБ банкi және Альянс банкi, ТӘБ банкiнiң кредит берушiлер комитетiмен және Альянс банкiнiң кредит берушiлер комитетiмен, басқалардың қатарында, осы банктердiң өмiрге қабiлеттiлiгiн тиiсiнше қамтамасыз етуге бағытталған және сыртқы борыштарының көп бөлiгiн есептен шығаруды көздейтiн қайта құрылымдау жоспарын қамтитын Негiзгi коммерциялық шарттарға (қайта құрылымдау) қол қойды.
5. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақша төлемi мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi, банк қызметi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 шiлдедегi № 185-IV ҚР Заңын қабылдады; онда проблемалы банктердi реттеу жүйесiн, оның iшiнде тұрақтандырушы банктер құру, мiндеттемелер сатып алу және қабылдау туралы келiсiмдер арқылы күшейтудi, сондай-ақ қайта құрылымдауды мамандандырылған қаржылық соттар жүргiзуiн көзделедi.
6. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қаржы жүйесiнiң тұрақтылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР 2008 жылғы 23 қазандағы № 72-IV Заңын қабылдады; онда ерте ден қою жүйесiн құру көзделген, оның көмегiмен ҚҚА (i) Банктiң тиiмдiлiк көрсеткiштерiн қадағалай алады, және, (ii) мұндай көрсеткiштер нашарлаған жағдайда ерте ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын орындауды талап ете алады, және (iii) тiптi пруденциалдық нормалар керiнеу бұзылмаса да банктiң қызметiне араласу жүргiзе алады.
7. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi 2009 жылғы 30 қарашадағы өзгерiстермен және толықтыруларымен Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегi № 358 қаулысын шығарады, онда басқалардың қатарында, (i) 2011 жылдың 1 шiлдесiнен бастап коммерциялық банктердiң меншiктi капиталдарының жеткiлiктiлiгiне талаптарды ұлғайту; және (ii) коммерциялық банктердiң өзiнiң меншiктi капиталына қатысты резидент еместер алдындағы жиынтық мiндеттемелерiн мөлшерге шектеу көзделедi.

II. Бөлiм. Қарыз қаражатының қолжетiмдiлiгi

А. Жалпы ережелер. Қарыз алушы осы Бөлiмнiң ережелерiне және Қарыз алушыға Банк хабарламасында көрсеткен қосымша нұсқаулықтарға сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
В. Қарыз қаражатын бөлу. Қарыз Бiр жолғы транш түрiнде бөлiнедi, оның қаражатынан Қарыз алушы қарыз қаражатын ала алады. Қарыз сомасын бөлу мына кестеде көрсетiлген:

Қаражатты бөлу

Бөлiнген қарыз сомасы (АҚШ долларымен көрсетiлген)

(I) Бiржолғы транш

1 000 000 000

ЖАЛПЫ СОМА

1 000 000 000

С. Бiр жолғы комиссияны төлеу. Бiр жолғы комиссия толығымен төленбейiнше Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражат ала алмайды.
D. Траншты бөлу шарттары. Бiр жолғы транш түрiндегi қаражатты Банк Қарыз алушының iске асырып жатқан (а) Бағдарламасымен және (б) Қарыз алушының макроэкономикалық саясатымен қанағаттанбайынша алу мүмкiн емес.
E. Қарыз қаражатын депонирлеу. Банкпен өзгеше келiсiлген жағдайларды қоспағанда:
1. Қарыз Шотынан әрқандай қаражат алуды Банк Қарыз алушы көрсеткен және Банк үшiн қолайлы шотқа депонирлеуге тиiс; және
2. Қарыз алушы осы шотқа Қарыздың қандай да бiр сомасын әрбiр депонирлеу кезiнде Қарыз алушының бюджеттiк басқару жүйесiнде Банк үшiн қолайлы нысанда балама сома есепке алынып отырады.
Ғ. Заңсыз шығыстар. Қарыз алушы өзiне Қарыз қаражатын заңсыз шығыстарды қаржыландыру үшiн пайдалануға жол бермеу бойынша жауапкершiлiктi алады. Егер Банк кез келген уақытта Қарыз қаражаты заңсыз шығыстарды жабу үшiн пайдаланылды деп тапса, онда Қарыз алушы Банктен хабарлама алғаннан кейiн Банкке дереу балама соманы өтеуге тиiс. Банкке мұндай талап бойынша өтелген сомалар өз күшiн жояды.
G. Жабылу күнi. Жабылу күнi 2011 жылдың 7 қаңтары болып табылады.

2-ҚОСЫМША

Өтеу кестесi

1. Келесi кестеде негiзгi борышты Өтеу күндерi мен негiзгi борышты өтеудiң әрбiр күнiне өтеуге жататын Қарыздың жалпы негiзгi сомасының пайыздық үлесi («Өтеу үлесi») көрсетiлген. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiне толығымен алынған болса, онда Қарыз алушы осындай әрбiр негiзгi борышты Өтеу күнiне өтеуге тиiстi Қарыздың негiзгi сомасын Банк көбейту жолымен айқындайды: (а) Қарыздың негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiне алынған сомасы мен (б) негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне төлемнiң Өтеу үлесi. Бұл төлеуге жататын сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта Конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттiлiгiне қарай түзетiлетiн болады.

Негiзгi борыш бойынша төлеу күнi

Өтеу үлесi (пайыздық көрiнiсте)

2013 жылдың 15 қыркүйегiнен бастап 2034 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн әрбiр жылдың 15 наурызы мен 15 қыркүйегi

2,27 %

2035 жылғы 15 наурыз

2,39 %

2. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiне толығымен алынбаған болса, онда Қарыз алушының осындай әрбiр негiзгi борышты Өтеу күнiне өтеуiне жататын Қарыздың негiзгi сомасы былайша айқындалады:
(а) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнi алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуi тиiс.
(b) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнен кейiн алынған кез келген сома әрбiр осындай алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағының кестесiнде көрсетiлген төлем үлесiнiң бастапқы сомасы осы Негiзгi борышты өтеу күнi үшiн алымы болып табылатын («Төлемдi өтеу үлесiнiң бастапқы сомасы»), ал бөлшегi осындай күнге немесе одан кейiн негiзгi борышты өтеу күнiнде Төлемдердi өтеу үлесiнiң бастапқы сомаларының барлық қалған сомаларының сомасы болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнiнен кейiн негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтелуi тиiс. Төленуi тиiс бұл сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валютаны Конвертациялау қолданылатын сомаларды шегеру мақсатында қажеттiлiгiне қарай түзетiлуi тиiс.
3. (а) Негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне төленуi тиiс негiзгi борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне дейiн екi күнтiзбелiк ай iшiнде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiне алынды және өтелмедi деп есептеледi және алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiнен бастап негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтеуге жататын болады.
(b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзiмдерi бойынша шоттарды шығару жүйесiн қабылдаса, осы ретте шоттар негiзгi борышты өтеудiң тиiстi Күнiне немесе одан кейiн берiледi, шоттарды шығарудың осындай жүйесi қабылданғаннан кейiн жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесi қолданылмайтын болады.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан барлық немесе Қарыздың кез келген бөлiгiнiң валютасын конвертациялау кезiнде кезеңi iшiнде пайда болатын негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне өтеуге жататын Мақұлданған валютаға осындай түрде конвертацияланатын Мақұлданған валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлiгiндегi Конвертациялаудан кейiн осы, тiкелей конвертациялау алдында осындай соманы деноминациялау валютасында көбейту жолымен немесе (i) конвертациялауға жататын Валюталық хедждiк мәмiлелер шеңберiнде Банктiң төлеуiне жататын немесе (ii) Конверсия бойынша нұсқауға сәйкес мұндай шешiмдi егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың валюталық құрылымы анықталуы тиiс.

ТОЛЫҚТЫРУ

I Бөлiм. Анықтамалар

1. «Альянс» басында 2001 жылы 13 тамызда құрылған және кейiннен «Альянс Банк» акционерлiк қоғамының акцияларын мәжбүри сатып алу және оларды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамына сату туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысын шығарған ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi қайта атаған және қайта құрылымдаған «Альянс Банк» акционерлiк қоғамын бiлдiредi.
2. «ТӘБ» «Тұранбанк» және «AlemBank Kazakstan» қазақ акционерлiк банкiн қайта ұйымдастыру туралы» Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы № 73 ҚР қаулысымен құрылған және 2008 жылғы ақпанда «ТӘБ Банкi» акционерлiк қоғамына ресми қайта аталған банктi бiлдiредi.
3. «Заңсыз шығыстар»: означают любые расходы:
(а) кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе Банк болып табылмайтын агент қаржыландыратын немесе қаржыландыруы тиiс немесе басқа қарыздар, кредиттер немесе гранттар шеңберiнде Банк немесе Қауымдастық қаржыландыратын келiсiм-шарттар бойынша жеткiзiлетiн тауарларға немесе қызмет көрсетулерге;
(b) БҰҰ Статистикалық материалдар жинағында жариялаған, 3-нұсқа (SITC, Rev.3), М сериялы, № 34/3-нұсқа (1986) (SITС) Халықаралық сауда жiктеуiшiнiң стандарттарының мынадай топтарының немесе кiшi топтарының немесе Банк Қарыз алушыны ол туралы хабарландыратын Халықаралық сауда жiктеуiшiнiң стандарттарының жаңа нұсқаларының кез келген басқа кейiнгi топтарының немесе кiшi топтарының құрамына кiретiн тауарларға:

Топ

Топ

Тауардың сипаттамасы

112

Алкогольдi iшiмдiктер

121

Темекi, өнеркәсiптiк емес темекi, темекi қалдықтары

122

Өнеркәсiптiк темекi (темекiнi ауыстыратындары бар/оларсыз)

525

Радиоактивтiк немесе оған iлеспе материалдар

667

өңделген немесе өңделмеген маржан, қымбат бағалы және жартылай қымбат бағалы тастар

718

718.7

Атомдық реакторлар және оның бөлiктерi, отындық элементтерi (картридждер), сәулеленбеген, ядролық реакторлар үшiн

728

728.43

Темекi өнiмдерiн өндiруге арналған жабдық

897

897.3

Алтыннан, күмiстен, платинадан жасалған зергерлiк бұйымдар (сағаттан және сағат камераларынан басқа), сондай-ақ алтын және күмiс зергерлiк бұйымдар (қымбат бағалы тастардан жасалған тұғырларды қоса алғанда)

971

Монетарлық емес алтын (құрамында алтын бар кендердi және концентраттарды қоспағанда)

(c) әскери және әскерилендiрiлген мақсаттарға немесе әдемiлiк заттар ретiнде тұтынуға арналған тауарларға;
(d) Қарыз алушының заңдарымен немесе олар бойынша Қарыз алушы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық келiсiмдермен өндiру, пайдалану және импорты тыйым салынған экологиялық қауiптi тауарларға;
(e) БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған кез келген төлемдер бойынша; және
(f) Қарыз алушының қандай да бiр өкiлiнiң (немесе Қарыз қаражаттарын кез келген өзге алушы) Қарыз қаражаттарын пайдаланылуына байланысты сыбайлас жемқорлық, жалған, алаяқтық мәжбүрлеуге негiзделген немесе бәтуаласуға, тәжiрибеге қатысқанын, және Қарыз алушының (немесе кез келген өзге алушының) осындай тәжiрибенi жедел жоюға бағытталған Банк үшiн қанағаттанымды уақтылы шаралар және тиiстi iс-әрекеттер қолданбағанын Банк анықтаған төлемдерге қатысты кез келген шығыстарды бiлдiредi.
4. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен алғаш құрылған, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудi және қадағалауды жүзеге асыруға жауапты агенттiк.
5. «Жалпы шарттар» - осы Толықтырудың II Бөлiмiнде ұсынылған өзгерiстер ескерiле отырып, 2005 жылғы 1 шiлдедегi «Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң қарыздары үшiн жалпы шарттар» (2008 жылғы 12 ақпандағы түзетулермен).
6. «Ұлттық қор» «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» ҚР Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен құрылған Қарыз алушының ұлттық мұнай қорын бiлдiредi.
7. «Бағдарлама» Қарыз алушы Банке Бағдарламаны iске асыру бойынша өз мiндеттемелерi туралы мәлiмдейтiн және Банктен оны iске асыру бойынша қолдау көрсету туралы сұрайтын 2010 жылғы 19 сәуiрдегi № DGZ-1/4909 хатта айқындалған немесе оған сiлтеме жасайтын кедейшiлiктi бiртiндеп қысқартудың өсуiн ынталандыру және оған қол жеткiзу үшiн әзiрленген iс-әрекет, мақсат пен стратегия бағдарламасын бiлдiредi.
8. «Бiр жолғы транш» осы Келiсiмге 1-қосымшаның II Бөлiмi В бөлiгiнде келтiрiлген кестеде «Бiр жолғы транш» санаты бойынша бөлiнген Қарыз сомасын бiлдiредi.

II Бөлiм. Жалпы шарттарға түзетулер

Жалпы шарттарға мынадай өзгерiстер енгiзiлдi:
1. 2.03-бөлiмнiң (а) тармағының соңғы сөйлемi (Қаражаттарды алуға өтiнiмдерге қатысты) толық алып тасталды.
2. 2.04 {Бөлiнген шоттар) мен 2.05 (Қолданымды шығыстар) бөлiмдер толығымен жойылды, ал қалған Бөлiмдер II Бабында тиiсiнше қайта нөмiрлендi.
3. 2.05-бөлiмiнiң (а) тармағы (2-тармаққа сәйкес қайта нөмiрлендi) мынадай редакцияда жазылады:
«2.05-бөлiм. Қайта қаржыландыруға дайындау үшiн аванс, Бiр жолғы комиссия мен сыйақыны капиталдандыру
(а) Егер Қарыз туралы келiсiм Банк немесе Қауымдаcтық Берген Қарыз қаражатынан аванс төлеудi («Дайындыққа аванс») көздесе, Банк Қарыз бойынша Тараптардың атынан Қарыз шотынан осы сома алынған күнге алынған және өтелмеген аванс сомасын өтеу үшiн қажет осындай сома күшiне енген күнi немесе одан кейiн Қарыз шотынан алуы тиiс және егер мұндай қолданылатын болса, осы күнге аванс сомасына есептелген және төленбеген барлық алымдарды төлеуге тиiс. Банк осылайша алған соманы өз пайдасына немесе жағдайға қарай Қауымдастық пайдасына төлейдi және аванстың алынбаған сомасын жояды».
4. 5.01 (Жобаны орындаудың жалпы қағидаттары) және 5.09-бөлiмдер (Қаржылық басқару; Қаржылық есептiлiк; Аудит) толығымен алып тасталған, ал қалған 5-баптың Бөлiмдерi тиiсiнше нөмiрленген.
5. 5.05-бөлiмнiң (а) тармағы (Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi пайдалануға жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес нөмiрленген) толығымен алып тасталған.
6. 5.06-бөлiмнiң (с) тармағы (жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес нөмiрленген) мынадай редакцияда оқылады:
«5.06-бөлiм. Жоспарлар; Құжаттар; Есепке алу жазбалары
... (с) Қарыз алушы есептi жабу күнiнен кейiн екi жыл iшiнде Қарыз шеңберiндегi шығыстары растайтын барлық есепке алу жазбаларын (шарттар, төлем құжаттары, шот-фактуралар, шоттар, квитанциялар мен) сақтайды. Қарыз алушы бұл есепке алу жазбаларын Банк өкiлдерiне зерттеу мүмкiндiгiн бередi».
7. 5.07-бөлiмнiң (с) тармағы (жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес нөмiрленген) мынадай редакцияда оқылады:
5.07-бөлiм. Бағдарламаның мониторингiмен оны бағалау
... (с) Қарыз алушы Банк бағдарламаны орындау туралы, Қарыз және Банк бойынша Тараптардың Заң келiсiмдерi бойынша өздерiнiң тиiстi мiндеттемелерiн орындау және Қарыз мiндеттемелерiн орындауы туралы дәлелдi талап ете алады, осындай көлемде және осындай егжей-тегжейлi деңгейде есептi жабу күнiнен Банкке алты айдан кешiктiрмей әзiрлеп немесе әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
8. Қосымшада мынадай ұғымдар өзгертiлiп немесе ұғымдар мен анықтаулар алып тасталған, сондай-ақ мынадай жаңа ұғымдар және ұғымдардың нөмiрленуiн тиiстi өзгертумен алфавиттiк тәртiпте айқындау енгiзiлген:
(а) «Қолайлы шығыс» ұғымын айқындау мынадай редакцияда оқылады:
«Қолайлы шығыс» деген осы Қарыз туралы келiсiмге сәйкес қаржыландыруға жол берiлмейтiн шығыстардан басқа, Бағдарламаны қолдауға берiлген Қарыз қаражатын кез-келген жұмысауды бiлдiредi.
(b) «Қаржылық есептiлiк» және оның анықтамасы толығымен алым тасталған.
(с) «Жоба» ұғымы өзгертiлiп және "Бағдарлама" ретiнде мынадай редакцияда оқылады (және «Жобаға» жасалған барлық сiлтемелер осы Жалпы шарттардың барлық мәтiнi бойынша «Бағдарламаға» жататын болып есептеледi):
«Бағдарлама» Қарыз туралы және оны қолдауға қарыз берiлген келiсiмге сәйкес сiлтеме жасайтын бағдарламаны бiлдiредi
(d) «Бағдарламаны әзiрлеуге арналған аванс» ұғымы (жоғарыда аталған (с) 8-тармақшасына сәйкес осылайша қайта аталған) ұғымын айқындау мынадай редакцияда оқылады:
«Әзiрлеуге арналған аванс» ұғымына ауыстырылған, және өзгертiлген анықтама тиiсiнше мынадай редакцияда оқылады:
«Әзiрлеуге арналған аванс» ол осы Қарыз туралы келiсiмде сiлтеме жасалады және 2.05-бөлiмге сәйкес өтеуге жатады»
(е) «Конверсия күнi» ұғымына мынадай редакцияда оқылады:
«Конверсия күнi» Конверсияға қатысты, Конверсия бойынша нұсқаулықтан күшiне енетiн Конверсияны Орындау күнi (осы тармақта айқындалғандай) немесе Қарыз алушы сауал салған және Банк қабылдаған кез келген күндi бiлдiредi.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina