(Жоба) (Жапония Тарабының нотасы)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 6 тамыздағы № 810 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 6 тамыздағы № 810 қаулысымен мақұлданған (Жоба) (Жапония Тарабының нотасы) Жоғары Мәртебелi, Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесi бойынша Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы таяуда қол жеткiзiлген төмендегi Келiсiмдi растауды құрмет санаймын: 1. Жалпы сомасы алты миллиард үш жүз алпыс бiр миллион жапон йенасы (Ұ 6361000000) (бұдан әрi - «Қарыз» деп аталатын) болатын қарызды Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi (бұдан әрi - «ЖХЫА» деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жапонияның тиiстi заңнамалық және нормативтiк актiлерiне сәйкес ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлiк дәлiзiн қайта жаңарту жобасын (бұдан әрi - «Жоба» деп аталатын) орындау мақсатында беретiн болады. 2. (1) Қарыз Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЖХЫА арасында жасалатын Қарыз туралы келiсiмге сәйкес пайдалану үшiн қолжетiмдi болады. Қарыз кезеңi мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер, қол жеткiзiлген уағдаластық шеңберiнде басқаларымен қатар мынадай қағидаттарды қамтитын жоғарыда аталған Қарыз туралы келiсiмге сәйкес анықталатын болады: (а) Төлеу мерзiмi жетi (7) жыл жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн он сегiз (18) жылды құрайтын болады; (б) Пайыздық ставка жылдық бiр бүтiн оннан жетiнi (1,7 %) құрайтын болады; және (с) Қарыз жоғарыда аталған Қарыз туралы келiсiм күшiне енген күннен кейiн тоғыз (9) жылдың iшiнде берiлетiн болады; (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз туралы келiсiм қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн коса алғанда, Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн ЖХЫА дұрыс деп қарағаннан кейiн жасалатын болады; (3) Осы тармақтың (1)(с) тармақшасында жоғарыда аталған Қарызды беру кезеңi екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. 3. (1) Қарыз қазақстандық Атқарушы Агенттiктiң келiсiмшарттар бойынша қолайлы елдердiң өнiм берушiлерi және/немесе мердiгерлерi алдындағы Жобаны орындау үшiн қажеттi өнiмдi және/немесе қызметтердi сатып алуға туындауы мүмкiн төлемдердi олардың осы қолайлы елдерде мұндай өнiмдер шығарылуы және/немесе қызметтер берiлуi шартымен өтеуi үшiн қолжетiмдi болады. (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған қолайлы елдердiң тiзбесi екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдары арасында келiсiлетiн болады. 4. Қазақстан Республикасының Үкiметi 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетiлген өнiм және/немесе қызметтер қазiргi сәтте Азия Даму Банкi мен ЖХЫА арасында әрекет ететiн және басқаларымен қатар, мұндай рәсiмдер қолданылмайтын немесе орынсыз болатын жағдайларды қоспағанда, халықаралық конкурстық сауда-саттық бойынша сақталуы тиiс рәсiмдердi айқындайтын Азия Даму Банкi мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi арасындағы АДБ-мен Жедел бiрлесiп қаржыландыру схемасын iске асыру үшiн Негiздемелiк Келiсiмге сәйкес сатып алынатынына кепiлдiк бередi. 5. Қарыз шеңберiнде сатып алынған жүк және теңiз тасымалы мен өнiмдi сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi көлiктiк және теңiз сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркiн бәсекеге кедергi келтiруi мүмкiн кез келген шектеулердi салудан тартынады. 6. 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдi және/немесе қызметтердi жеткiзуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметтерi талап етiлуi мүмкiн Жапония бодандарына өз жұмыстарын орындау үшiн Қазақстан Республикасына келуi мен онда тұруы үшiн қажеттi жағдай жасалатын болады. 7. Қазақстан Республикасының Үкiметi: (а) ЖХЫА-ны Қазақстан Республикасындағы оған салынатын және/немесе Қарызға байланысты барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан, сондай-ақ ол бойынша пайыздардан; (б) өнiм берушiлер және/немесе мердiгерлер болып табылатын Жапония компанияларын Қарыз шеңберiнде өнiм жеткiзуден және/немесе қызметтер көрсетуден түсетiн кiрiске қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан; (c) өнiм берушiлер және/немесе мердiгерлер болып табылатын Жапония компанияларын Жобаны орындау үшiн қажеттi өз материалдары мен жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық баждар мен салықтық алымдардан; және (d) жобаны iске асыруға жұмылдырылған, Жапония азаматтығы бар жұмысшыларды өнiм берушiлер және/немесе мердiгерлер болып табылатын Жапония компаниялары төлейтiн төлемдерден алынған жеке кiрiстерiне қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан босатады. 8 Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды: (а) қарыздың тиiстi түрде және тек қана Жобаны орындау үшiн пайдаланылуын, (б) Қарыз шеңберiндегi объектiлердi салу және осы объектiлердi пайдалану кезiнде Жобаны орындауға жұмылдырылған адамдар мен Қазақстан Республикасының негiзгi халқының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және оны қолдауды; және (с) Қарыз шеңберiнде салынған объектiлердiң осы Келiсiмде сипатталған мақсаттар үшiн тиiмдi және тиiстi түрде пайдаланылуын және ұсталынуын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. 9. Қазақстан Республикасының Үкiметi сұрау салуға сәйкес Жапония Үкiметi мен ЖХЫА-ны: (а) Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен, және (б) Жоба бойынша басқа да кез келген ақпаратпен қамтамасыз ететiн болады 10. Екi Үкiмет осы Келiсiмнен туындауы мүмкiн немесе онымен байланысты болуы мүмкiн кез келген мәселелер бойынша өзара консультациялар өткiзетiн болады. Мен сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда баяндалған уағдаластықты растайтын, Жоғары Мәртебелiм, Сiздiң жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкiметiнен осындай Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкiметi алған күнi күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы Келiсiмдi құрауын ұсынуды құрмет санаймын. Мен осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiм, Сiзге өзiмнiң зор iлтипатымды бiлдiргiм келедi. (Жоба) (Қазақстан Тарабының нотасы) Жоғары Мәртебелi, Жоғары Мәртебелiм, мен Сiздiң мыналар айтылған бүгiнгi күнгi нотаңыз алынғанын растауды құрмет санаймын: «Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесi бойынша Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы таяуда қол жеткiзiлген төмендегi Келiсiмдi растауды құрмет санаймын: 1. Жалпы сомасы алты миллиард үш жүз алпыс бiр миллион жапон йенасы (Ұ 6361000000) (бұдан әрi - «Қарыз» деп аталатын) болатын қарызды Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi (бұдан әрi - «ЖХЫА» деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жапонияның тиiстi заңнамалық және нормативтiк актiлерiне сәйкес ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлiк дәлiзiн қайта жаңарту жобасын (бұдан әрi - «Жоба» деп аталатын) орындау мақсатында беретiн болады. 2. (1) Қарыз Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЖХЫА арасында жасалатын Қарыз туралы келiсiмге сәйкес пайдалану үшiн қолжетiмдi болады. Қарыз кезеңi мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер, қол жеткiзiлген уағдаластық шеңберiнде басқаларымен қатар мынадай қағидаттарды қамтитын жоғарыда аталған Қарыз туралы келiсiмге сәйкес анықталатын болады: (а) Төлеу мерзiмi жетi (7) жыл жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн он сегiз (18) жылды құрайтын болады; (б) Пайыздық ставка жылдық бiр бүтiн оннан жетiнi (1,7 %) құрайтын болады; және (с) Қарыз жоғарыда аталған Қарыз туралы келiсiм күшiне енген күннен кейiн тоғыз (9) жылдың iшiнде берiлетiн болады; (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз туралы келiсiм қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн қоса алғанда, Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн ЖХЫА дұрыс деп қарағаннан кейiн жасалатын болады; (3) Осы тармақтың (1)(с) тармақшасында жоғарыда аталған Қарызды беру кезеңi екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. 3. (1) Қарыз қазақстандық Атқарушы Агенттiктiң келiсiмшарттар бойынша қолайлы елдердiң өнiм берушiлерi және/немесе мердiгерлерi алдындағы Жобаны орындау үшiн қажеттi өнiмдi және/немесе қызметтердi сатып алуға туындауы мүмкiн төлемдердi олардың осы қолайлы елдерде мұндай өнiмдер шығарылуы және/немесе қызметтер берiлуi шартымен өтеуi үшiн қолжетiмдi болады. (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған қолайлы елдердiң тiзбесi екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдары арасында келiсiлетiн болады. 4. Қазақстан Республикасының Үкiметi 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетiлген өнiм және/немесе қызметтер қазiргi сәтте Азия Даму Банкi мен ЖХЫА арасында әрекет ететiн және басқаларымен катар, мұндай рәсiмдер қолданылмайтын немесе орынсыз болатын жағдайларды қоспағанда, халықаралық конкурстық сауда-саттық бойынша сақталуы тиiс рәсiмдердi айқындайтын Азия Даму Банкi мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi арасындағы АДБ-мен Жедел бiрлесiп қаржыландыру схемасын iске асыру үшiн Негiздемелiк Келiсiмге сәйкес сатып алынатынына кепiлдiк бередi. 5. Қарыз шеңберiнде сатып алынған жүк және теңiз тасымалы мен өнiмдi сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi көлiктiк және теңiз сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркiн бәсекеге кедергi келтiруi мүмкiн кез келген шектеулердi салудан тартынады. 6. 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдi және/немесе қызметтердi жеткiзуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметтерi талап етiлуi мүмкiн Жапония бодандарына өз жұмыстарын орындау үшiн Қазақстан Республикасына келуi мен онда тұруы үшiн қажеттi жағдай жасалатын болады. 7. Қазақстан Республикасының Үкiметi: (а) ЖХЫА-ны Қазақстан Республикасындағы оған салынатын және/немесе Қарызға байланысты барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан, сондай-ақ ол бойынша пайыздардан; (б) өнiм берушiлер және/немесе мердiгерлер болып табылатын Жапония компанияларын Қарыз шеңберiнде өнiм жеткiзуден және/немесе қызметтер көрсетуден түсетiн кiрiске қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан; (c) өнiм берушiлер және/немесе мердiгерлер болып табылатын Жапония компанияларын Жобаны орындау үшiн қажеттi өз материалдары мен жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық баждар мен салықтық алымдардан; және (d) жобаны iске асыруға жұмылдырылған, Жапония азаматтығы бар жұмысшыларды өнiм берушiлер және/немесе мердiгерлер болып табылатын Жапония компаниялары төлейтiн төлемдерден алынған жеке кiрiстерiне қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан босатады. 8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды: (а) қарыздың тиiстi түрде және тек қана Жобаны орындау үшiн пайдаланылуын, (б) Қарыз шеңберiндегi объектiлердi салу және осы объектiлердi пайдалану кезiнде Жобаны орындауға жұмылдырылған адамдар мен Қазақстан Республикасының негiзгi халқының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және оны қолдауды; және (с) Қарыз шеңберiнде салынған объектiлердiң осы Келiсiмде сипатталған мақсаттар үшiн тиiмдi және тиiстi түрде пайдаланылуын және ұсталынуын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды 9. Қазақстан Республикасының Үкiметi сұрау салуға сәйкес Жапония Үкiметi мен ЖХЫА-ны: (а) Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен; және (б) Жоба бойынша басқа да кез келген ақпаратпен қамтамасыз ететiн болады. 10. Екi Үкiмет осы Келiсiмнен туындауы мүмкiн немесе онымен байланысты болуы мүмкiн кез келген мәселелер бойынша өзара консультациялар өткiзетiн болады. Мен сонымен катар, осы нота және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда баяндалған уағдаластықты растайтын, Жоғары Мәртебелiм, Сiздiң жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкiметiнен осындай Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкiметi алған күнi күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы Келiсiмдi құрауын ұсынуды құрмет санаймын. Мен осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiм, Сiзге өзiмнiң зор iлтипатымды бiлдiргiм келедi». Мен сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан аталған уағдаластықты растау және, Жоғары Мәртебелiм, Сiздiң Нотаңыз бен осы жауап Нота Қазақстан Республикасының Үкiметiнен осындай Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкiметi алған күнi күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы Келiсiмдi құрауын растауды құрмет санаймын. Мен осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiм, Сiзге өзiмнiң iлтипатымды бiлдiргiм келедi. (Жоба) (Жапонияның Вербалдық нотасы) Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшiлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң құрметiн бiлдiредi және Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесi жөнiндегi 2010 жылғы _____ Ноталар алмасудың 3-тармағының (2) тармақшасына сiлтеме жасауды құрмет санайды. Елшiлiк жоғарыда аталған Ноталар алмасудың көрсетiлген тармақшасында аталған қолайлы елдердiң тiзбесi Азия Даму Банкiнiң мүшелерiнен тұруын ұсынуды құрмет санайды. (Жоба) (Қазақстан Республикасының Вербалдық нотасы) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшiлiгiне өзiнiң құрметiн бiлдiредi және Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшiлiгiнiң 2010 жылғы ____ № __ Вербалдық нотасын алғанын растауды құрмет санайды. Министрлiк те көрсетiлген Вербалдық нотада баяндалған ұсыныстың Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн қолайлы екенiн Елшiлiкке хабарлауды құрмет санайды. (Жоба) Келiссөздер Хаттамасы Жапония Делегациясы мен Қазақстан Делегациясының өкiлдерi Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесi жөнiндегi 2010 жылғы Ноталар алмасуға (бұдан әрi - «Ноталар алмасу») байланысты мыналарды куәландыруға ниет бiлдiредi: 1. Ноталар алмасудың 1-тармағында аталған қарызға (бұдан әрi - «Қарыз») қатысты Жапония Делегациясының өкiлi Жобаның кедергiсiз орындалуын қамтамасыз ету үшiн Ноталар алмасудың 1-тармағында аталған жоба (бұдан әрi - «Жоба») шеңберiнде Ноталар алмасудың 2-тармағының (1) тармақшасында аталған Қарыз туралы келiсiм шеңберiндегi Қарыздың сомасынан асатын кез келген қаржылық талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi түрде қанағаттандыратын болады деп мәлiмдедi. 2. Ноталар алмасудың 8-тармағына қатысты Жапония Делегациясының өкiлi: (а) аталған тармақта сiлтеме жасалған қажеттi шаралар Қазақстан Республикасында, Ноталар алмасудың 3-тармағының (1) тармақшасында сiлтеме жасалған келiсiмшарттарды беруге немесе бергенi үшiн көтермелеудi ынталандыру себеп болып табылатын сыбайлас жемқорлық практикасы ретiнде қаралатын кез келген ұсынысты, сыйға берудi немесе ақшалай төлемдi, сыйақыны немесе пайданы болдырмайтын шараларды қамтиды; және (б) Қазақстан Республикасының Үкiметi, егер Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi (бұдан әрi - «ЖХЫА») осындай аудиттi қажет деп санаған жағдайда, сатып алу процесiнде әдiлдiк пен бәсекеге қабiлеттiлiктi қамтамасыз ету үшiн жүргiзiлген сатып алу рәсiмдерiне ЖХЫА тағайындайтын және қызметтерiне ақы төлейтiн тәуелсiз аудиторлардың аудитiн қамтамасыз ету және жүргiзу бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдайды деп мәлiмдедi. 3. Ноталар алмасудың 9-тармағына қатысты Жапония Делегациясының өкiлi Жапония Үкiметi: (а) жоғарыда аталған тармақтың (b) тармақшасында көрсетiлген басқа ақпарат Жобамен байланысты сыбайлас жемқорлық практикасы бойынша ақпаратты қамтиды; және (b) Қазақстан Республикасының Үкiметi мұндай ақпарат пен деректер көздерiнiң әдiлдiкпен қаралуын қамтамасыз етедi деп түсiнетiнiн мәлiмдедi. 4. Қарызға қатысты Жапония Делегациясының өкiлi Қарыз Қазақстан Республикасына қатысты Азия Даму Банкiмен бiрлесiп қаржыландыру ретiнде сипатталуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi. 5. Қазақстан Делегациясының өкiлi өз Делегациясының Жапония Делегациясы жасаған жоғарыда көрсетiлген мәлiмдемелерге қарсылығы жоқ екендiгiн мәлiмдедi.
|