ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 тамыздағы № 831 қаулысымен мақұлданған

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 тамыздағы
№ 831 қаулысымен
мақұлданған

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын
салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы
КЕЛІСІМ

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту,
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің болуы мен жұмыс істеуінің тиісті жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында,
1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Қазақстан Тарапы тәжік Тарапына Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасы Елшілігінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласындағы Ш.Қалдаяқов көшесінің оңтүстігін ала орналасқан жалпы алаңы 1 га жер учаскесін қырық тоғыз (49) жыл мерзімге, жылына 1 теңге мөлшеріндегі жалдау ақысымен өтеусіз жер пайдалануға (жалға алу) береді.
Тәжік Тарапы Қазақстан Тарапына Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараттарын салу үшін Душанбе қаласындағы бірінші дипломатиялық қалашықтағы И.Сомони даңғылында жалпы алаңы 1 га жер учаскесін қырық тоғыз (49) жыл мерзімге, жылына 1 сомони мөлшеріндегі жалдау ақысымен өтеусіз жер пайдалануға (жалға алу) береді.
Тараптар осы бапта көрсетілген жер учаскелерінің жалға алу төлемін бір реттік тәртіппен осы Келісім күшіне енген күнінен бастап __ күннен кешіктірмей төлеуге міндеттенеді.

2-бап

Тараптардың осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерін кеңейтуге, сатуға, ауыртпалық түсіруге немесе үшінші тараптарға қосалқы жалға беруге құқығы жоқ.

3-бап

Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелері осы Келісімнің мақсатында оларды пайдалануға кедергі болмайтындай борыштардан, ауыртпалықтардан және үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос түрде беріледі.

4-бап

Тараптар дипломатиялық өкілдіктердің объектілерін жобалау және салу кезінде болу мемлекетінің қала құрылысы және сәулет саласындағы ұлттық заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

5-бап

Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерінде дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу жер учаскелерін пайдалануға арналған төлемді қоспағанда, болу мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес салынатын барлық салықтардан, алымдардан, баждардан басым түрде босатылады.

6-бап

Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерінде салынған ғимараттар мен құрылыстар болу мемлекетінің оларды сатып алуға басым құқығын ескере отырып сатылуы мүмкін.
Сатылған жылжымайтын мүлікке қатысты осы Келісімнің қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

7-бап

Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерінде жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық, ғимаратты жобалау және салу сараптамасы сияқты нақты жұмыс түрлеріне арналған барлық шығыстарды, сондай-ақ оны күтіп ұстау және жөндеу, электрмен, газбен, сумен және жылумен қамту, байланыс қызметтері және басқа да нақты қызмет көрсету түрлері үшін шығыстарды болу мемлекетінің қолданыстағы нормативтері мен тарифтеріне сәйкес өздері төлейді.

8-бап

Тараптар болу мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген барлық қолданылатын рәсімдерді міндетті түрде сақтау шартымен, Тараптар жобалау құжаттамаларын келісу мен бекітуде, осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерінде ғимараттар мен қосалқы құрылыстарды салуға рұқсат беруді ұйымдастыруда бір-біріне жәрдем-көрсетеді.

9-бап

Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес өзаралық негізде ғимараттар мен құрылыстарға меншік құқықтарын және осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерін жалға алу құқығын заңды түрде ресімдеуді қамтамасыз етеді және құқық белгілейтін тиісті құжаттармен алмасуды бір мезгілде жүргізеді.

10-бап

Өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету мақсаты үшін осы Келісімнің 1-бабында көрсетілгеннен басқа жер учаскелерін Тараптардың жалға алуы жеке халықаралық шарттар негізінде жүзеге асады.

11-бап

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

12-бап

Тараптар осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық дауларды өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

13-бап

Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім қырық тоғыз (49) жыл ішінде қолданыста болады, егер Тараптардың бірде-біреуі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты оның қолданысын өзінің ұзартпау ниеті туралы ағымдағы қырық тоғыз жылдық кезең аяқталғанға дейін кемінде 1 жыл бұрын жазбаша түрде хабардар етпесе, келесі қырық тоғыз жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
_____________ қаласында 2010 жылғы ____ ______ әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina