ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба Қазақстан Республикасы мен Қытай...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Жоба Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы ШАРТ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1074 Жарлығымен МАҚЎЛДАНҒАН

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1074 Жарлығымен
МАҚЎЛДАНҒАН

жоба

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы сотталған адамдарды беру туралы
ШАРТ

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын),
егемендікті және теңдікті өзара сыйлау, сондай-ақ өзара пайда негізінде,
екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіре отырып,
өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазаны өтеу үшін сотталған адамдардың қоғамға қайта араласуына жәрдемдесу мақсатында,
төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап
Анықтамалар

Осы Шартты іске асыру мақсатында мынадай айқындамалар қолданылады:
(а) «Беруші Тарап» - сотталған адамды өз аумағынан беретін немесе берген Тарап;
(b) «Қабылдаушы Тарап» - сотталған адамды өз аумағына қабылдайтын немесе қабылдаған Тарап;
(с) «Сотталған адам» - қандай да бір Тараптың соты шығарған үкімге сәйкес белгіленген мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмірлік бас бостандығынан айыруға сотталған адам.

2-бап
Жалпы ережелер

Тараптар осы Шарттың ережелеріне сәйкес Беруші Тарап шығарған үкімдерді Қабылдаушы Тараптың аумағында орындау үшін бір-біріне сотталған адамдарды бере алады.

3-бап
Орталық органдар

1. Тараптар осы Шарттың мақсатында тікелей сол үшін арналған орталық органдар арқылы бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген орталық органдар Қазақстан Республикасы үшін Бас прокуратура және Қытай Халық Республикасы үшін Јділет министрлігі болып табылады. Кез келген Тараптың бірі көрсетілген орталық органын өзгерткен жағдайда, басқа Тарап осы өзгерту туралы жазбаша хабарланады.

4-бап
Беру шарттары

1. Сотталған адамды беру:
(а) сотталған адам Қабылдаушы Тараптың азаматы болған;
(b) адам Қабылдаушы Тараптың да заңдары бойынша қылмыс болып табылатын әрекет үшін сотталған;
(с) беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген және сотталған адамның жазасын өтеуге тиіс уақыт мерзімі кемінде бір жыл болған;
(d) сотталған адамның немесе сотталған адамның жасы, денсаулық немесе психикалық жай-күйіне байланысты оның заңды өкілінің жазбаша келісімі бар болған;
(е) екі Тарап беруге келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Ерекше жағдайларда Тараптар, егер сотталған адамның жазаны өтейтін уақыт мерзімі осы баптың 1(с) тармағында көрсетілгеннен кем болса да, беруге келісе алады.

5-бап
Беруден бас тарту

1. Егер:
(а) бір Тарап беру оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне зиян келтіреді немесе ұлттық заңнаманың іргелі қағидаттарына қайшы келеді деп шешсе;
(b) сотталған адамға қатысты үкім мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғатын қылмысы үшін шығарылса;
(с) сотталған адам Беруші Тараптың аумағында талап қою рәсімдеріне тартылған болса, сотталған адамды беруден бас тартылуы мүмкін.
2. Јрбір Тарап осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайларға қарамастан, басқа Тарап сұрау салып отырған беруге келісім беретіндігін немесе келісім бермейтіндігін өз қалауы бойынша шеше алады.

6-бап
Сұрау салу және жауап беру

1. Сотталған адам немесе оның заңды өкілі осы Шартқа сәйкес беруге қатысты кез келген Тарапқа өтінішпен жүгіне алады. Мұндай өтініш алған Тарап бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабарландыруға тиіс.
2. Беру туралы сұрау салуды Тараптардың кез келгені жасай алады. Сұрау салынған Тарап сұрау салынған беруге келісетіні немесе келіспейтіні туралы өз шешімі туралы сұрау салған Тарапқа жедел хабарлауға тиіс.
3. Беру туралы сұрау салулар мен жауаптар жазбаша нысанда жасалынуға тиіс.

7-бап
Құжаттарды ұсыну

1. Бір Тараптың беру туралы сұрау салуы түскен жағдайда және егер басқа Тарап одан бас тартпаса, Беруші Тарап Қабылдаушы Тарапқа мынадай құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынады:
(а) оны шығарарда негізге алынған заңның тиісті ережелерін қоса алғанда, заңды күшіне енген үкімнің расталған көшірмесі;
(b) жаза түрі мен мерзімі, сондай-ақ ол есептеле басталған күні көрсетілген мәліметтер;
(с) сотқа дейін ұстау мерзімін қоса алғанда, жаза бөліктерінің өтелген және өтелуге тиіс мерзімдері туралы мәліметтер, үкімді өзгерту туралы және үкімді орындау үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
(d) осы Шарттың 4-бабының 1(d) тармағында көзделген беруге жазбаша келісім;
(е) сотталған адамның денсаулық жай-күйі туралы ақпарат;
(f) адамның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын мәліметтер.
2. Қабылдаушы Тарап Беруші Тарапқа мынадай құжаттарды ұсынады:
(а) сотталған адамның Қабылдаушы Тараптың азаматы болып табылатынын растайтын құжаттар;
(b) сотталған адамға қатысты үкім шығарылған қылмыстың қылмыстық жазаға жататынын куәландыратын Қабылдаушы Тарап заңының баптары;
(с) Беруші Тарап шығарған үкімнің Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша орындалу тәртібі туралы мәліметтер.

8-бап
Сотталған адамды хабарландыру

1. Јрбір Тарап өз аумағында осы Шарт қолданылуы мүмкін сотталған адамдарға олардың осы Шарттың ережелеріне сәйкес берілуінің мүмкін екендігін хабарлауға тиіс.
2. Јрбір Тарап өз аумағындағы сотталғандарды осы Шарттың 6-бабында көзделген беру туралы сұрау салу бойынша Беруші немесе Қабылдаушы Тараптардың қабылдаған шешімдері туралы жазбаша нысанда хабарландыруға тиіс.

9-бап
Сотталған адамның келісім беруі және оның расталуы

1. Беруші Тарап сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің беруге оның құқықтық салдарларын толық түсінушілікпен өз еркімен келісім беретіндігіне және осыны беруге келісім беру жолымен растайтынына кепілдік беруге тиіс.
2. Беруші Тарап Қабылдаушы Тараптың сұрау салуы бойынша Қабылдаушы Тарапқа уәкілетті тұлға арқылы сотталған адамның жоғарыда көрсетілген тармақтың талаптарына сәйкес беруге келісім білдіргеніне көз жеткізуіне мүмкіндік ұсынуға тиіс.

10-бап
Сотталған адамды беру

Беруге келісімге қол жеткізілген жағдайда, Тараптар консультациялар жолымен беру уақытын, орнын және тәртібін анықтауға тиіс.

11-бап
Үкімнің орындалуы

1. Сотталған адамды алғаннан кейін Қабылдаушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Беруші Тарап айқындаған режим мен мерзімдерге сәйкес Беруші Тарап шығарған үкімнің орындалуын жалғастыруға тиіс.
2. Егер Беруші Тарап айқындаған үкім бойынша жазаны өтеу режимдері мен мерзімдері Қабылдаушы Тараптың заңнамасымен үйлеспейтін болып табылса, Қабылдаушы Тарап өз ұлттық заңнамасында соған ұқсас қылмыс үшін көзделген жаза шарасын тағайындай отырып, үкімді өзгерте алады. Мұндай өзгерту жағдайында:
(а) Қабылдаушы Тарап Беруші Тараптың үкімінде қамтылған фактілерді мойындауға міндетті;
(b) Қабылдаушы Тараптың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны ақшалай өндіріп алу жазасына ауыстыруға құқығы жоқ;
(с) Қабылдаушы Тараптың үкімді өзгертуі өзінің мәні бойынша және мүмкіндігінше Беруші Тараптың үкіміне сәйкес келуге тиіс;
(d) Қабылдаушы Тараптың үкімді өзгертуі Беруші Тараптың үкімін ауырлатпауға және Қабылдаушы Тараптың заңнамасында осыған ұқсас қылмыс үшін көзделген жазаның ең көп мерзімінен аспауға тиіс;
(е) үкімді өзгерту Қабылдаушы Тараптың заңнамасы бойынша осыған ұқсас қылмысқа қолданылатын жазаның ең аз мерзімімен шектелмеуге тиіс;
(f) бас бостандығынан айыру жаза мерзіміне Беруші Тараптың аумағындағы өтелген мерзім қоса есептеледі.
3. Егер үкім осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгертілген жағдайда, Қабылдаушы Тарап үкімді өзгерту туралы ресми құжаттың көшірмесін Беруші Тарапқа дереу беруге тиіс.
4. Қабылдаушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес сотталған адамның жазасын өтеу мерзімін қысқартуға немесе оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқылы.

12-бап
Заң құзырын сақтау

1. Беруші Тараптың өзінің соты шығарған үкімді өзгерту немесе оның күшін жою үшін заң құзырын сақтауға құқығы бар.
2. Қабылдаушы Тарап Беруші Тараптан, Беруші Тараптың соты шығарған осы бапқа сәйкес өзгертілген немесе күші жойылған үкімді алған жағдайда, үкімнің орындалуын өзгертуге немесе оны бұзуға тиіс.

13-бап
Кешірім жасау

Јрбір Тарап, басқа Тарапқа бұл туралы дереу хабарлай отырып, өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес берілген сотталған адамға қатысты кешірім жасау актісін қолдануға құқылы.

14-бап
Үкімді орындау туралы хабардар ету

Қабылдаушы Тарап Беруші Тарапты үкімнің орындалуы туралы мынадай жағдайларда:
(а) үкім орындалғанда;
(b) сотталған адам қамаудан қашып кеткенде немесе жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болғанда;
(с) беруші Тарап арнайы хабарлауды талап еткенде хабардар етуге тиіс.

15-бап
Транзит

1. Бір Тарап үшінші елмен ынтымақтаса отырып, басқа Тараптың аумағы арқылы сотталған адамдардың транзитін жүзеге асырған жағдайда, біріншісі соңғысына осындай транзиттерге рұқсат алуға сұрау салу жіберуге тиіс.
2. Јуе көлігін пайдаланған және басқа Тарап аумағында қону жоспарланбаған жағдайда, мұндай келісім талап етілмейді.
3. Сұрау салынған Тарап, егер бұл оның ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, сұрау салған Тараптың транзит туралы өтінішін қанағаттандыруға тиіс.

16-бап
Тілі

Осы Шарттың мақсаттарына жету үшін Тараптар басқа Тараптың мемлекеттік тіліне немесе ағылшын тіліне аударылған тәржімамен бірге өзінің мемлекеттік тілін қолдануға тиіс.

17-бап
Құжаттардың жарамдылығы

Осы Шарттың мақсаттарына жету үшін бір Тараптың орталық органы қолтаңбамен және елтаңбалық мөрмен бекітіп жолдаған, кез келген құжат басқа Тараптың аумағында расталусыз және заңдастырылусыз қолданылуға тиіс.

18-бап
Шығыстар

1. Қабылдаушы Тарап:
(а) тек қана Беруші Тарап аумағында жұмсалған шығыстарды қоспағанда, сотталғанды тасымалдауға байланысты;
(b) беруден кейінгі үкімнің орындалуын жалғастыруға байланысты шығыстарды көтереді.
2. Транзиттік тасымалдауға байланысты шығыстарды транзиттік тасымалдауға рұқсат алу туралы өтініш берген Тарап көтереді.

19-бап
Келіспеушіліктерді шешу

Осы Шарттың түсіндірілуіне және қолданылуына байланысты кез келген келіспеушіліктер консультациялар өткізу жолымен шешіледі.

20-бап
Шарттың күшіне енуі және тоқтатылуы

1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және ратификациялық грамоталармен алмасқан күннен кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
2. Јрбір Тарап, бұл туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлап, осы Шарттың қолданылуын кез келген уақытта тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Шарттың қолданылуы оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы хабарлама алынған күннен бастап жүз сексен күн өткеннен соң тоқтатылады.
3. Осы Шарт ол күшіне енгенге дейін үкім шығарылған сотталған адамдарды беруге де қолданылады.

ОСЫНЫЅ ДЈЛЕЛІ РЕТІНДЕ, төменде қол қойғандар, осыған тиісті түрде уәкілетті бола отырып, осы Шартқа қол қойды.

___________ қаласында «___» _____ 20___ ж. әрбірі қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада ЖАСАЛДЫ, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.

Қазақстан Республикасы үшін Қытай Халық Республикасы үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina