Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 808 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (жаңа редакциядағы) жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (жаңа редакциядағы) жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (жаңа редакциядағы) Мазмұны ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Бюджет жүйесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы 2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы 3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері 5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер 2-тарау. Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері 6-бап. Жалпы ережелер 7-бап. Республикалық бюджет 8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті 9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті 10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет 3-тарау. Бюджеттің құрылымы 11-бап. Бюджеттік түсімдері 12-бап. Бюджеттің шығыстары 13-бап. Бюджеттің құрылымы 14-бап. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) 15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу 16-бап. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті) 18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 4-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері 19-бап. Жалпы ережелер 20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің орындалуы 5-тарау Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару 21-бап. Қазақстан Республикасының Ўлттық қоры 22-бап. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын қалыптастыру көздері 23-бап. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын пайдалану 24-бап. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт 25-бап. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын басқару жөніндегі кеңес 6-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама 26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы 27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы 28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы 29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы 30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы 31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі 32-бап. Бюджеттік бағдарламалар 33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері 34-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар 35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар 36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар 37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін органдардың шығыстарын сыныптау 41-бап. Мемлекеттік тапсырма 7-тарау. Бюджетаралық қатынастар 42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер 43-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптері 44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары 45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер 46-бап. Нысаналы трансферттер 47-бап. Төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 48-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер 49-бап. Нысаналы трансферттерді пайдаланғаны және нәтижелерге қол жеткізуі үшін жауапкершілік 2-бөлім. Түсімдер мен шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу 8-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасында бөлу 50-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер 51-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер 52-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер 53-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер 9-тарау. Шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу 54-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары 55-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары 56-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары 57-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары 10-тарау. Бюджеттік комиссиялар 58-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер 59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті 60-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары ЕРЕКШЕ БӨЛІК 3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту 11-тарау. Мемлекеттік жоспарлау негіздері 61-бап. Жалпы ережелер 62-бап. Јлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік өлшемдердің болжамы 63-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары 64-бап. Операциялық жоспар 12-тарау. Бюджетті әзірлеу 65-бап. Жалпы ережелер 66-бап. Бюджет түсімдерін болжау 67-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын құжаттар 68-бап. Бюджеттік өтінім 69-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді қарау 70-бап. Заттай нормалар 71-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша 72-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу 73-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу 74-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу 13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің негізгі ережелері 75-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер 76-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер 77-бап. Өкілді органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптері 78-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау 79-бап. Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау 80-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары 14-тарау. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу 81-бап. Жалпы ережелер 82-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу 4-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы 15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер 83-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер 84-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы 16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі 85-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар 88-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары 17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шот 87-бап. Бірыңғай қазынашылық шот 88-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетелдік валютадағы шоты 89-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары 90-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары 18-тарау. Бюджеттің атқарылуы 91-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы 92-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу 93-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ўлттық қоры арасында бөлу 94-бап. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту 95-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке алу 96-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы 97-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері 98-бап. Төлемдер мен ақшаларды аударуды ұлттық валютада жүзеге асыру 99-бап. Инкассалық өкім 100-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетелдік валютада жүзеге асыру 101-бап. Шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру 102-бап. Бюджет ақшасын басқару 103-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін өздерінің иелігінде қалатын ақша бойынша атқару 104-бап. Қаржы жылының аяқталуы 105-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары 106-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі 19-тарау. Бюджетті нақтылау 107-бап. Бюджетті нақтылау 108-бап. Республикалық бюджетті нақтылау 109-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау 110-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау 20-тарау. Секвестр және бюджетті түзету 111-бап. Секвестр 112-бап. Бюджетті түзету 21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау 113-бап. Бюджеттік мониторинг 114-бап. Нәтижелерді бағалау 5-бөлім. Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкі мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі 22-тарау. Бухгалтерлік есеп жүйесі 115-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мақсаты 116-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері және негізгі сапалық сипаттамалары 117-бап. Бухгалтерлік есеп жүйесі 23-тарау. Қаржылық есептілік 118-бап. Қаржылық есептілік 119-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік 120-бап. Есепті кезең 121-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету 6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік 24-тарау. Бюджеттік есепке алу 122-бап. Негізгі ережелер 123-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу 124-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары 125-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері 126-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету 127-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп 25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп 128-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс ету 129-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылау және бекіту 130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есепті табыс ету 131-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту 132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс ету 133-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту 26-тарау. Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп 134-бап. Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау 135-бап. Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті табыс ету және бекіту 7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау 27-тарау. Жалпы ережелер 136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау 137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүйесі 138-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар 139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары 140-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері 141-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері 142-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер 28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары 143-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті 144-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясының құзыреті 145-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті 146-бап. Ішкі бақылау қызметтері 147-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы 29-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу негіздері 148-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері 149-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік 150-бап. Мүдделер қақтығысы 151-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің жауапкершілігі 152-бап. Дауларды шешу 8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар 30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау 153-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер 154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру шартында жоспарлау 155-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу 156-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бюджет жобасына енгізу тәртібі 157-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу тәртібі 158-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау 31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру 159-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру 160-бап. Концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру 161-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарлық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру 9-бөлім. Концессиялық міндеттемелер 32-тарау. Концессиялық міндеттемелер 162-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер 163-бап. Концессиялық міндеттемелерді есепке алу және оның мониторингі 164-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы 33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері 165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауы 166-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу 167-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы 10-бөлім. Гранттар 34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер 168-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар 169-бап. Гранттарды жіктеу 35-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар 170-бап. Байланыссыз гранттар 171-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау 172-бап. Байланысты гранттарды тарту 173-бап. Байланысты гранттарды пайдалану 174-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау 11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу 36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері 175-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер 176-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері 177-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері 178-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері 179-бап. Кредитор 180-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру субъектісі ретінде 181-бап. Қарыз алушылар 182-бап. Соңғы қарыз алушылар 183-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер) 37-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары 184-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары 185-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі 186-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі 187-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері 188-бап. Сыйақы ставкасы 189-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілі 190-бап. Бюджеттік кредитті өтеу мен оған қызмет көрсету кестесі 38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері 191-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау 192-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі 193-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері 194-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану 195-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету 196-бап. Бюджеттік кредитті өтеу 39-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру 197-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау 198-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару 40-тарау. Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы 199-бап. Талап қою мерзімі 200-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы 41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу 201-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау 202-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және оларды есепке алу 12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі 42-тарау. Жалпы ережелер 203-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар 204-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер 205-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары 206-бап. Мемлекеттік борыш 207-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері 208-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару 209-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау 43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы 210-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары 211-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы 212-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды шектеуі 213-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеу мен оған қызмет көрсету 44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы 214-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары 215-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу 216-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен оған қызмет көрсету 217-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы 45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш 218-бап. Мемлекеттік кепілдік 219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу 220-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары 221-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар 222-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруге арналған инвестициялық жобаларды іріктеу 223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны 224-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу 225-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы 226-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау 227-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру 228-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері 229-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеулер 230-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасау және жауаптылық 46-тарау. Мемлекет кепілгерлігі 231-бап. Мемлекет кепілгерлігі 232-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруге шектеулер 233-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары 234-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар 235-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеп алу 236-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны 237-бап. Берілетін мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу 238-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау 239-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату негіздері 240-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға шектеулер 241-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшін жауаптылық 47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау 242-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу 243-бап. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау 244-бап. Дауларды шешу 13-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер 48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 245-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 246-бап. Қорытынды ережелер 49-тарау. Өтпелі ережелер 247-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу 248-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау, беру, қарау және бекіту Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді. ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Бюджет жүйесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы қабылдануы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына арналған ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды. 4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік және құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 5. Егер заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ережелері қолданылады. 3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет; 2) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері; 3) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы; 4) бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры; 5) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы; 6) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері; 7) бюджет қаражатын алушылар - бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджеттік қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және пайдаланатын жеке және заңды тұлға; 8) бюджет процесі - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, мемлекеттік қаржылық бақылауға, нәтижелерге бюджеттік мониторинг жасау және бағалауға бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, бюджет есебі мен бюджеттік есептілікті жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың қызметі; 9) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік есеп, бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган; 10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын атқару жөніндегі бухгалтерлік есеп, бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) бюджеттік инвестициялар - Бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекеттің активтерін құру заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту есебінен мемлекеттік активтер құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру; 12) бюджеттік инвестициялық жоба - уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар жаңаларын құруға (салуға) не қолда бар объектілерді немесе қайта құруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 13) бюджеттік қамтамасыз етілу - мемлекеттік басқару органдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы мемлекеттік қызметтер көрсету құны; 14) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар; 15) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар; 16) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл; 17) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы; 18) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы; 19) инвестициялық ұсыныс - одан әрі бюджеттік инвестициялық жобаны дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшісі әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, қол жеткізу жолдарын көрсететін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы; 20) кірістерді бөлу нормативі - кіріс түрлерін әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлу проценттік арақатынасы; 21) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл; 22) концессиялық міндеттемелер - концеденттің жасасылған шарттар бойынша белгілі күнге қабылдаған әрі орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы; 23) қаржы агенттігі - мемлекет жүз пайыз қатысатын немесе акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқару компаниясына тиесілі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір секторларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілдік берілген банк немесе ұйым; 24) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі; 25) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу; 26) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау қажеттігі туралы шешім қабылдау рәсімдерін, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және оларға қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін қамтитын процесс; 27) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома; 28) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган; 29) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 30) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін тіркелген сома; 31) мемлекеттің активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндық бағасы бар құқықтар; 32) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген бюджет; 33) нәтиженің көрсеткіштері - стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің тікелей және түпкілікті нәтижелерінің жиынтығы; 34) өзара өтелетін операциялар - мемлекеттік бюджеттерді және облыстың бюджетін, сондай-ақ қосарланған есепті жою мақсатында бюджеттің бір деңгейінен екінші деңгейіне берілетін трансферттер сомаларын, бюджеттік кредиттер мен басқа да ақшаларды қоспаумен байланысты олардың орындалуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар; 35) тікелей нәтиже - жетістікке жетуі мемлекеттік орган қызметіне толық тәуелді болатын, оған көзделген бюджет қаражаты шегінде мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы; 36) түпкілікті нәтиже - халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздік және жекелеген мемлекеттік орган қызметінің, басқа мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген мемлекеттік басқарудың басқа салаларының (саласының) мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгеруі); 37) үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың, тіркелген сомасы, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеуге тиіс. 2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланылып жүрген мәнінде қолданылады. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамалары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнама салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады. 4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірлік принципі - Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңнамасын, бюджет жүйесін ұйымдастыру мен қолданылуының бірыңғай қағидаттарын қолдану, Қазақстан Республикасында бюджет процесінің бірыңғай бюджеттік сыныптамасы мен бірыңғай рәсімдерін пайдалану; 2) толықтық принципі - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ўлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу; 3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының бюджеттік өлшемдеріне сәйкес келуі; 4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарларды, меморандумдарды, мемлекеттік органдардың тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуі, Қазақстан Республикасының Ўлттық орын пайдалану және қалыптастыру туралы ақпараттарды міндетті түрде жариялау, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығы; 5) дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы; 6) нәтижелілік принципі - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару; 7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі; 8) сабақтастық принципі - бюджеттік мониторинг жасау, нәтижелерді бағалау нәтижелерінде өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерді, базалық шығыстарды болжауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау; 9) негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқықтық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі; 10) уақтылылық принципі - түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына жатқызу және оларды Қазақстан Республикасының Ўлттық банкіндегі Үкіметтің шотына аудару, міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша жеке қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып мерзімінде оларды алушылар шоттарына бюджеттік қаражатты аудару; 11) кассаның бірыңғайлық принципі - барлық бюджет түсімдерін бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валюта жүзеге асыру. 5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер 1. Кірістерді азайтуды немесе республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңнама актілерінің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылады. Қазақстан Республика Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді. Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін азайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген актілер жобаларының ережелері республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің оң қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілген жағдайда қолданысқа келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды. Оң қорытынды ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды. 3. Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін азайтуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімдіктің оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Јкімдіктің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырады. Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін азайтуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады. 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер әкімдіктің (тиісті бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды. 5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды. 6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ережелер кеден ставкаларының өзгеруін көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды. 2-тарау. Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері 6-бап. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджетке жатады. 2. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін. 3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, талдамалық ақпарат ретінде қолданылатын және бекітуге жатпайтын облыстардың бюджеті жасалуда. Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры. Шоғырландырылған бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ўлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры. Облыс бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры. 7-бап. Республикалық бюджет 1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. 2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. 8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті 1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады. 2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті тиісінше облыстың, мәслихаттардың республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімімен бекітіледі. 9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті 1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. 2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі. 10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет 1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. 2. Төтенше мемлекеттік бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. 3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады. 4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. 5. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. 6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. 7. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңға және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. 8. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген жағдайда төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. 9. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірлерінің аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады. 3-тарау. Бюджеттің құрылымы 11-бап. Бюджеттің түсімдері 1. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар болып табылады. 2. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттерден түскен түсімдер болып табылады. 3. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. 4. Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. 5. Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, сондай-ақ трансферттерден басқа қайтарылмайтын негізде бюджетке берілетін ақша осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер. 6. Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша; 3) мемлекет меншігіндегі жерді жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен сатылған ақша; 4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша. 7. Трансферттер түсімдері - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ўлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. 8. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары - бюджеттен алынған кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдемемен төленгені жөнінде заңды тұлғалардың талаптары бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты бюджетке түсетін түсімдер. 9. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер. 10. Қарыздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасауға байланысты бюджетке ақшаның түсуі. 12-бап. Бюджеттің шығыстары
|