Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлсiн. Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 1-1-бап . Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешiктiрмейтiн мерзiмде өзi орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлiмшелердiң тiркелген жерi бойынша салық органына жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшiн оларды дербес төлеушiлер ретiнде қарауға шешiм қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi 2009 жылы жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшiн дербес төлеушiлер болып танылады деп белгiленсiн. Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдердi дербес төлеушiлер ретiнде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей салық қызметi органдарына салық есептiлiгiн жасау және табыс ету, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемдi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындауы осындай заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады. Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы: 1) мыналарға: шағын бизнес субъектiлерiне; шаруа және фермер қожалықтарына; ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтерi үшiн белгiленген арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүргiзетiн салық төлеушiге; 2) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 267-бабының ережелерiн қолданатын салық төлеушiге; 3) қосылған құн салығының асып кеткенi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiнен аспайтын салық төлеушiге қайтарылмайтыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 3-бап. Электронды түрде салық есептiлiгiн беру күнi тоқтатыла тұру кезеңiнде хабарларды кепiлдiк берiп жеткiзудi қамтамасыз ететiн көлiк жүйесi серверiне дейiн салық есептiлiгiн жеткiзу туралы хабарлама күнiнен есептеу белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. Салық қызметi органдары хабарларды кепiлдiк берiп жеткiзудi қамтамасыз ететiн көлiк жүйесiнiң серверiне дейiн салық есептiлiгi жеткiзiлген кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық төлеушiге салық есептiлiгiн қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi. 4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде корпоративтiк табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлерi: 1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 20 процент мөлшерi; 2) 2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшерi қолданылатын белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 147-бабы 1-тармағының корпоративтiк табыс салығы ставкасының мөлшерi бөлiгiнде қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 5-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде төлем көздерiнен 15 процент мөлшерiнде ұсталатын корпоративтiк табыс салығы ставкасының қолданылатыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 147-бабының 3-тармағының төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы ставкаларының мөлшерi бөлiгiнде қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 6-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде төлем көзiнен табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлерi: 1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 20 процент мөлшерi; 2) 2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшерi қолданылатыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзiнен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшерi бөлiгiнде 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 7-бап. Тоқтатыла тұруы кезеңiнде пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықтың мынадай ставкалары қолданылатыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 336-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнiң және 339-бабының бiрiншi бөлiгiнiң қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын: 1) газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға мынадай шкала бойынша белгiленген түрде: Р/с N | Өндiрудiң жылдық көлемi | Ставкалары %-пен | 2009 жылдың 1 қаңтарынан | 2010 жылдың 1 қаңтарынан | 1 | 2 | 3 | 4 | 1. | 250 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 5 | 6 | 2. | 500 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 7 | 8 | 3. | 1 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 8 | 9 | 4. | 2 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 9 | 10 | 5. | 3 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 10 | 11 | 6. | 4 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 11 | 12 | 7. | 5 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 12 | 13 | 8. | 7 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 13 | 14 | 9. | 10 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда | 15 | 16 | 10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 18 | 19 | Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген жағдайда "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 332-бабы 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртiппен белгiленген ставкаларға 0,5 төмендету коэффициентi қолданылады; 2) бастапқы өңдеуден өткен (байытылған) минералдық шикiзатқа және көмiрге мынадай мөлшерде: р/с N | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар %-пен | 2009 жылдың 1 қаңтарынан | 2010 жылдың 1 қаңтарынан | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кендерi | Хром кенi (концентрат) | 16,2 | 16,8 | Марганец, темiр-марганец кенi, (концентрат) | 2,5 | 2,8 | Темiр кен (концентрат, шекемтастар) | 2,8 | 3,2 | Уран (өнiмдi ерiтiндiсi, шахталық әдiс) | 22,0 | 23,0 | 2. | Металдар | мыс | 5,7 | 7,0 | мырыш | 7,0 | 8,0 | қорғасын | 8,0 | 8,25 | алтын, күмiс, платина, палладий | 5,0 | 5,5 | алюминий | 0,25 | 0,28 | қалайы, никель | 6,0 | 6,0 | 3. | Құрамында металл бар минералдық шикiзат | Ванадий | 4,0 | 4,0 | Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сурьма, сынап, тотыяйын және басқалары | 6,0 | 6,0 | 4. | Құрамында сирек кездесетiн металл бар минералдық шикiзат | Ниобий, лантан, церий, цирконий | 7,7 | 7,7 | Галлий | 1,0 | 1,0 | 5. | Құрамында ыдырайтын металл бар минералдық шикiзат | Селен, теллур, молибден | 7,0 | 7,0 | Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмйй, индий, таллий, гафний, рений, осьмий | 6,0 | 6,0 | 6. | Құрамында радиоактивтi металл бар минералдық шикiзат | Радий, торий | 5,0 | 5,0 | 7. | Құрамында радиоактивтi металл еместер бар минералдық шикiзат Түрлi-түстi тас шикiзаттар | Тас көмiрi, қоңыр көмiр, жанғыш сланецтер | 0 | 0 | фосфориттер | 4,0 | 4,0 | бор ангидридi | 3,5 | 3,5 | барит | 4,5 | 4,5 | тальк | 2,0 | 2,0 | флюориттер | 3,0 | 3,0 | воластонит | 3,5 | 3,5 | шунгит | 2,0 | 2,0 | графит және басқалары | 3,5 | 3,5 | 8. | Құрамында асыл тастар бар минералдық шикiзат | Алмас, рубин, сапфир, изумруд, гранат, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалары | 12,0 | 12,0 | 9. | Құрамында жасанды тастар бар минералдық шикiзат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалары | 3,5 | 3,5 | 10. | Құрамында техникалық тастар бар | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалары | 2,0 | 2,0 | 8-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 426-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2011 жылы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңiнде көрсетiлген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн: "1) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi мыналарды: бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн; патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн; оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қамтиды;". 9-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде көрсетiлген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн: "1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есебiн берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы: 1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп; 2) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi; 3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi. Осы шарт тауарларын базарларда өткiзетiн тұлғаларға (жалға алу шарттары бойынша сауданы базар аумағындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындарды қоспағанда) қолданылмайды.". 9-1-бап . "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 448-бабының 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 9-2-бап . Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтерi үшiн 2009 жылы арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi берудi салық төлеушi ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етедi деп белгiленсiн. Бұл ретте көрсетiлген арнаулы салық режимiн қолдану құқығы, осы Заңның 9-1-бабының ережелерi ескерiле отырып, салық төлеушi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 448-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келген айдың 1 күнiнен бастап туындайды. Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 10-бап. Көрсетiлген баптың 1-тармағының тоқтатыла тұруы кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезiнде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 645-бабының 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. Осы баптың ережелерi: 1) жеке нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсiпкерлер ретiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын; 2) мыналарға: шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызметiн бiржолғы талон немесе патент негiзiнде жүзеге асыратын; шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге (акцизделетiн тауарларды өткiзушiлерден басқа); 3) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысанда билеттер беретiн қалалық қоғамдық көлiктегi тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлiгiндегi ақшалай есеп айырысуға қолданылмайды. 11-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде баптың мынадай редакцияда: "34-бап. Салық берешегiн өтеудiң тәртiбi Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен: 1) бересi сомасы; 2) есепке жазылған өсiмпұлдар; 3) айыппұлдар сомалары есептелiп жүргiзiледi.". Қолданылатыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 34-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңiне қосылған құн салығы бойынша салық есептiлiгiн белгiлеу ерекшелiктерiн айқындай отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 66-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушiлердiң қосылған құн салығының сомасын есептеуiне және мыналар: 1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы; 2) салық салынатын импорт сомасы; 3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудiң сомасы; 4) есепке жатқызылуға тиiс қосылған құн салығының сомасы; 5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдiсi және оны қолданудың нәтижелерi; 6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуi, оның iшiнде салық кезеңiнiң соңында асып кетуi; 7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуiн қайтару жөнiндегi талапты қамтуы мүмкiн. Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөнiндегi талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезектi және (немесе) тарату декларацияларында көрсетiлуi мүмкiн. 2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметi органдарының салықтық бақылау мақсаты үшiн пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мыналар бойынша: 1) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу жөнiндегi айналымдар; 2) қосылған құн салығынан босатылған өткiзу жөнiндегi айналымдар; 3) қосылған құн салығын төлеу мерзiмi өзгертiлген тауарлар импорты; 4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленетiн тауарлар импорты; 5) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер және осындай резидент емес үшiн төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы; 6) салық салынатын айналым көлемiн және қосылған құн салығының есепке жатқызылған салық сомасын түзету; 7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша және өнiм берушiлер мен сатып алушылар бөлiгiнде өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша шот-фактуралар; 8) сатып алушылар бөлiгiнде мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жазып берген, мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн. 3. Шот-фактураны көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды: 1) есептi салық кезеңi iшiнде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмiн (мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары); 2) есептi салық кезеңi iшiнде өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмiн табыс ету кезiнде шектелмейдi. Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 13-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн: "2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түскен, бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) сомалары борышкерге талаптар мөлшерiн азайтқан кезде: 1) борышкер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша сот шешiмiмен таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен алып тасталған; 2) борышкер заңды тұлға соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, оған I, II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайларда, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда; 3) борышкерде және борышкермен бiрге ортақ немесе субсидиялық жауапкершiлiгi бар үшiншi тұлғаларда банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын ұйымның алдында мүлiк, оның iшiнде өндiрiп алуды жүргiзуге болатын ақша, бағалы қағаздар немесе табыстары болмаған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын ұйымға орындау құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшiне енген, оларға өндiрiп алуды жүргiзуге болатын және сот орындаушысының Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген оның мүлкiн немесе кiрiстерiн анықтау жөнiнде қолданған шаралары нәтижесiз болып шыққан; 4) банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын ұйымға борышкердiң мүлкiн, оның iшiнде ақшасын, бағалы қағаздарын және кiрiстерiн өндiрiп алудан бас тарту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген; 5) екiншi деңгейдегi банктердiң күмәндi және үмiтсiз талаптарын басқару және (немесе) оларды одан әрi өткiзу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендiру үшiн сатып алған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған ұйымның кредитi (қарызы) бойынша салық төлеушiнiң талап ету құқықтары, - салық төлеушiнiң басқаға берген талап ету құқығы бойынша кредит (қарыз) жөнiндегi талап ету құны және аталған салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне салық төлеушiнiң борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде талап ету құқығын басқаға берген жағдайларда, талап ету құқығы кiрiс деп танылмайды.". 14-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде 103-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда: "3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент — 9-ға тең, өзге заңды тұлғалар үшiн — 6-ға тең." деп қолданылатыны белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 103-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын. 15-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 123-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн: "123-бап. Инвестициялық салық преференциялары 1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) осы бапқа және осы Кодекстiң 124, 125-баптарына сәйкес салық төлеушiнiң таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектiлерiнiң құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған кейiнгi шығындарды шегерiмге жатқызудан тұрады. Преференцияларды қолдануға, осы баптың 6-тармағында аталғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар. 2. Преференциялар объектiлерiне пайдалануға беру кезеңiнен кейiнгi кемiнде үш салық кезеңi iшiнде бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн: 1) осы Кодекстiң 116-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзгi құралдар немесе активтер болып табылатын; 2) преференцияны қолданған салық төлеушi кiрiс алуға бағытталған қызметiнде пайдаланатын; 3) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшелiктерiне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметтi келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша жүзеге асырумен тiкелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмайтын; 4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша пайдалану қызметi мен келiсiмшарттан тыс пайдалану қызметi арасында бөлуге жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берiлетiн өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады. 3. Мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе: 1) салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес негiзгi құралдар ретiнде есепке алынса; 2) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асырғаннан кейiн пайдалануға берiлетiн салық кезеңiнен кейiнгi кемiнде үш салық кезеңi iшiнде кiрiс алуға бағытталған қызметiнде пайдалануға арналса; 3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңiнде уақытша пайдаланудан шығарылса; 4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшелiктерiне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметтi келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша жүзеге асырумен тiкелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса; 5) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша пайдалану қызметi мен келiсiмшарттан тыс пайдалану қызметi арасында бөлуге жатпаса, өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кеткен кейiнгi шығыстар нақ сол салық кезеңiндегi шегерiмге жатқызылуға тиiс. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшiн негiзгi құралдарды реконструкциялау, жаңғырту — кейiнгi шығындардың түрi, олардың нәтижелерi бiр мезгiлде: негiзгi құрал конструкциясын өзгерту, оның iшiнде жаңарту; негiзгi құрал қызметiнiң мерзiмiн үш жылдан аса ұзарту; негiзгi құралдың техникалық сипаттамаларын осы негiзгi құралды реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшiн уақытша пайдаланудан шығарылған күнтiзбелiк айдың басындағы оның техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсарту болып табылады. 4. Мыналардан: сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бiр бөлiгiнен); мәдени-ойын-сауық мақсаттағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен); қонақүйлер, мейрамханалар ғимараттарынан және қысқа мерзiмде тұруға, қоғамдық тамақтандыруға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бiр бөлiгiнен); офистiк ғимараттардан (осындай ғимараттардың бiр бөлiгiнен); автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бiр бөлiгiнен);
|