ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

Страницы 1 2 3 4 5


Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтер үшiн кеден органы жауапты болады.
7. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық органына салық өтiнiшiн жасамаса, онда мұндай асып кету сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне жазылады.
8. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу айналымы бойынша қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын төлеушi табыс еткен қосылған құн салығын қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық өтiнiшiн салық органы алған күннен бастап, алпыс жұмыс күнi iшiнде және мыналардың:
1) қосылған құн салығы бойынша декларация;
2) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу айналымдарын растауға қажеттi құжаттар;
3) салық органы жүргiзген салықтық тексеру актiсiне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының шынайылығын растау не осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актiсiне салық органының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы сомасын қайтару тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
9. Салықтық тексеру жүргiзу барысында салық органы тексерiлетiн салық төлеушiнiң тiкелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiлерiне қарсы тексерудi тағайындай алады. Егер тексерiлетiн салық төлеушiнiң тiкелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiлерi басқа салық органында қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнде тұрса, тексерудi тағайындаған салық органы тиiстi салық органына осындай өнiм берушiге қарсы тексеру жүргiзу туралы сұрату жiбередi.
10. Өнiм берушiмен өзара есеп айырысудың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексеру жүргiзу туралы сұратуға жауап алынбаса және (немесе) егер тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұдан бұрын жiберiлген сұрату салу бойынша қарсы тексеру жүргiзiлген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса, және мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосымша құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы бұрын жiберiлген сұрату салуға уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде салықтық тексеру аяқталған күнгi сома шегiнде қосылған құнға салынған салық қайтарылмайды.
Бұл ретте салықтық тексеру актiсiнде осындай қосылған құн салығының қайтарылмауының негiздемесi көрсетiледi.
11. Мынадай жағдайларда:
1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейiн келiп түскен тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiлерiне қарсы тексеру жүргiзуге салынған сұратуға жауаптар алынған кезде;
2) салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал сұрату бойынша қарсы тексеру жүргiзiлген кезде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде қосылған құн салығының сомасын қайтару уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда салықтық тексеру актiсiне қорытынды негiзiнде жүргiзiледi.
Салықтық тексеру актiсiне қорытынды кемiнде екi дана мөлшерiнде жасалады және оған салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актiсiне қорытындының бiр данасы салық төлеушiге табыс етiледi, бұл туралы салық төлеушi басқа данада белгi соғуға мiндеттi.
Салықтық тексеру аяқталғаннан кейiн жауаптар келiп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күнiнен ерте емес және тоқсанның соңғы айының жиырма бесiншi күннен кешiктiрiлмей салықтық тексеру актiсiнiң қорытындысын жасайды.
Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күнiндегi жағдай бойынша қарсы тексерулер өткiзуге арналған сауалдарға жауаптар нәтижесi бойынша жасалады.
12. Оған қатысты салықтық тексеру жүргiзiлiп жатқан қосылған құн салығын төлеушiсiнiң мынадай өнiм берушiлерi:
1) электр және жылу энергиясын, суды, газды жеткiзудi, байланыс қызметiн көрсетудi жүзеге асырушылар;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын тауар берудi, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асырған және қызметтерiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер қарсы тексеруге жатпайды.
13. Қосылған құн салығы сомасын қайтаруды талап еткен салық төлеушi мен оның тiкелей өнiм берушiсi — мониторингке жататын iрi салық төлеушi арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасын қайтаруға талап етiлген сомалардың шынайылығын растауды салықтық тексерудi тағайындаған салық органы осындай салық органы жiберген сұрату салуға уәкiлеттi орган берген жауаптың негiзiнде қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы мәлiметтер негiзiнде жүргiзедi.
Осы баптың 14-тармағында көзделген тәртiппен сұрау салуды жiберу туралы шешiм қабылданған тiкелей өнiм берушiсiне — мониторингке жататын iрi салық төлеушiге қатысты уәкiлеттi органға жiберiледi.
Сұрау салуда тексерiлетiн салық төлеушi туралы, тiкелей өнiм берушi — мониторингке жататын iрi салық төлеушi туралы деректер, ол берген шот-фактураның нөмiрi, күнi, өткiзiлген тауарлар, көрсетiлген қызметтер, орындалған жұмыстар сомалары, қосылған құн салығы сомасы, сондай-ақ тексерiлетiн кезеңi көрсетiледi.
Уәкiлеттi орган қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы, оның iшiнде тексерiлетiн салық төлеушiмен тiкелей өнiм берушi - мониторингке жататын iрi салық төлеушi жасаған тексерiлетiн кезеңдегi көрсетiлмеген операциялар туралы мәлiметтер бередi. Қосылған құн салығы сомасының шынайылығын растау туралы мәлiметтер уәкiлеттi органда бар мониторинг бойынша есептiлiктiң деректерi негiзiнде берiледi.
14. Өнiм берушiге мiндеттi қарсы тексеру жүргiзу және (немесе) iрi салық төлеушiлер мониторингi бойынша есептiлiк негiзiнде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы уәкiлеттi органға сұрату жiберу туралы шешiм осындай өнiм берушiлер ресiмдеген құжаттар бойынша қосымша құн салығын төлеушi есепке жатқызған қосымша құн салығының сомасы қосымша құн салығын төлеушi барлық өнiм берушiлер ресiмдеген құжаттар бойынша өнiм берушi қосымша құн салығына жатқызған барлық қосымша құн салығының 80 процентiн құрағанда қосымша құн салығын төлеушiнiң тiкелей өнiм берушiлерiне қатысты қабылданады.
Бұл ретте, барлық өнiм берушiлер ресiмдеген құжаттар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға арналған қосылған құн салығы сомалары мен осы баптың 13-тармағында көрсетiлген өнiм берушiлер жасаған шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомалары алып тасталады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан 80 проценттi айқындау үшiн өнiм берушiлер берген шот-фактураларда көрсетiлген қосылған құн салығы сомасының азаюы тәртiбiнде қосылған құн салығын төлеушi өнiм берушiлерiнiң тiзбесi жасалады.
Осы тiзбедегi шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 процентiн құрайтын алғашқы өнiм берушiлер қосылған құн салығын төлеушiмен барлық өзара есеп айырысулар бойынша мiндеттi түрде қарсы тексеруге жатады.
15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару:
1) мыналарға:
шағын бизнес субъектiлерiне;
шаруа немесе фермер қожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтерi үшiн белгiленген арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысатын;
2) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 267-бабының ережелерiн қолданатын;
3) нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және ол бойынша салық өтiнiшi берiлген өткiзу айналымдары жасалған салық кезеңiнен кейiн он екi ай өткен соң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы өтiнiш берген қосылған құн салығын төлеушiге қатысты жүргiзiлмейдi.
16. Салықтық тексеру актiсi және салықтық тексеру актiсiне қорытынды бойынша қайтарылуға тиiстi қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы салық өтiнiшiнде көрсетiлген сомадан аспауы тиiс.

26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзiмi өткенге дейiн сақталатыны белгiленсiн.

27-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 274-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшiн мониторингке жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесiне енгiзу күнi деп, сондай-ақ республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған тiзбесiне енгiзу күнi түсiнiлетiнi белгiленсiн.

28-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiнiң (Салық кодексi) 623-бабы 3-тармағының мақсаттары үшiн 2009-2010 жылдары мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесiне "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 99-бабына сәйкес түзетулердi ескерусiз 2007 жылдың деректерi бойынша неғұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз iрi салық төлеушi енгiзiледi.
Аталған тiзбенi Қазақстан Республикасының Үкiметi 2009 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей бекiтедi.

29-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн басталған, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердiң қызметi тоқтатылуына байланысты өтiнiшi бойынша салықтық тексерулер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

30-бап. Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiн қосылған құн салығы бойынша салық мiндеттемелерiн дұрыс орындауы мәселесi бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн басталған салықтық тексеру "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде аяқталуға тиiс деп белгiленсiн.

31-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған кезiнен бастап бес жылдан астам әрекетсiз салық төлеушiнiң жеке шоты есебiндегi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары оның салықтық берешегiн өтеу есебiне мынадай тәртiппен:
1) бюджетке артық төленген салық сомасы:
салықтың осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебiне;
салықтың басқа түрлерi мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бересiлердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) бюджетке артық төленген басқа да мiндеттi төлемнiң сомасы:
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң түрлерi бойынша бересiлердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
3) бюджетке артық төленген өсiмпұлдың сомасы:
салықтың осы түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем бойынша бересiлер мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтардың басқа түрлерi мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бересiлердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне есепке алуға жатады деп белгiленсiн.
Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргiзiлгеннен кейiн соттың шешiмi бойынша есептен шығарылады.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған күнiнен бастап әрекетсiз салық төлеушiнiң жеке шотында бес жылдан аса уақыт бойы есепте болған, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептен шығарылған салық сомасынан артығы соттың шешiмiмен есептен шығаруға жатқызылады.
Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң, әрекетсiз салық төлеушiнiң салықтық берешегiн өтеу есебiне өсiмпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуiнiң, осы бапта көрсетiлген сомаларды есептен шығарудың мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

32-бап. Кәсiпкерлiк, адвокаттық, нотариаттық қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушiнiң жеке шотындағы есепте бар және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген айыппұлдың сомасы салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза белгiлеу туралы қаулы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес айыппұлдар сомасы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен салық органы шешiмiнiң негiзiнде есептен шығаруға жатқызылады.

33-бап. 2008 жылы қолданылу мерзiмi 2009 жылы бiтетiн патент алған дара кәсiпкерлер 2009 жылдың келесi айларына патент алу үшiн патент есебiн ұсынған кезде 2009 жылдың алдыңғы айларында алған табыс сомасын көрсететiн болып белгiленсiн. Бұл сома 2009 жыл iшiндегi табысты есептеген кезде ескерiледi.

34-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) бүкiл мәтiнi бойынша сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлiк те қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiк болып табылады деп белгiленсiн.

34-1-бап . 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) және осы Заңды қолдану мақсатында айлық есептiк көрсеткiш және жалақының ең төменгi мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және 2009 жылдың басында қолданыста болған мөлшерлердi негiзге ала отырып айқындалатын болып белгiленсiн.
Ескерту. 34-1-баппен толықтырылсын - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

35-бап. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде қосылған құн салығы бойынша артып кеткен сомасын осы Заңның және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) нормаларын ескере отырып қайтару тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды деп белгiленсiн.

36-бап. Осы бапқа сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолдану тәртiбi белгiленсiн.
1. Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн:
1) қызметi дүркiн-дүркiн сипатта болып, қызметтiң мынадай түрлерiн:
газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсiрiлген табиғи гүлдердi, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерiнiң өнiмдерiн, жануарлар мен құстардың жемдерiн, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегiн, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда);
жер учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жеке трактор иелерiнiң көрсететiн қызметiн;
үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
2) базар аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
Бұл ереже жоғарыда аталған салық төлеушiлерге олардың жалпы белгiленген тәртiптi не арнаулы салық режимiн пайдалануына қарамастан қолданылады.
2. Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн қосқанда тоқсан күннен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылатын қызмет дүркiн-дүркiн сипатындағы кәсiпкерлiк қызмет деп түсiнiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден босатылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар күнтiзбелiк жылда тоқсан күннен асатын мерзiмде қызметiн жүзеге асырған жағдайда, дара кәсiпкер ретiнде мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге жатады.
5. Бiржолғы талон арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат болып табылады.
6. Бiржолғы талондардың құны табыс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық байқау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
7. Бiржолғы талондарды жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған органдар қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн бередi.
Салық төлеушiнiң қалауы бойынша бiржолғы талон бiр күнге немесе неғұрлым ұзақ мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге берiледi.
Бiржолғы талонды бiр күннен асатын мерзiмге берген жағдайда, оның бағасы жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленген бағаны бiржолғы талонның қолданылатын күнiнiң санына көбейту жолымен айқындалады.
Бiржолғы талондар беру:
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейiн - салық төлеушiнiң куәлiгiн;
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейiн сәйкестендiру нөмiрi ба

Страницы 1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina