ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

Страницы 1 2 3 4 5


автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен) басқасы өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттарға преференцияларды қолдану мақсаттарына тұрғын үй емес ғимараттар (тұрғын үй емес ғимараттардың бiр бөлiгi) жатады.
Өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстарға преференцияларды қолдану мақсаттары үшiн спортқа және демалыс орындарына, мәдени-ойын-сауық, қонақүйлерге, мейрамханаға, әкiмшiлiк мақсаттарына, автомобильдердiң тұрақтары мен қойылатын орындарына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.
5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) бiрiншi пайдалануға беру:
құрылыс мердiгерi шартын жасасу жолымен құрылыс салған кезде — ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) пайдалануға беру актiсiне мемлекеттiк қабылдау комиссиясы қол қойғаннан кейiн құрылыс салушының құрылыс объектiсiн тапсырыс берушiге тапсыруы;
қалған жағдайларда — ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) пайдалануға беру актiсiне мемлекеттiк қабылдау комиссиясының қол қоюы болып табылады.
6. Мынадай талаптардың бiрiне немесе одан да көбiне сәйкес келетiн салық төлеушiлер:
1) салық төлеушiге салық салу осы Кодекстiң 5-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылса;
2) салық төлеушi осы Кодекстiң 279-бабының 1)-4) тармақшаларына көрсетiлген акцизделетiн тауарларды өндiрудi және (немесе) сатуды жүзеге асырса;
3) салық төлеушi осы Кодекстiң 63-тарауында көзделген арнайы салық режимiн қолданса, салық төлеушiлердiң преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдаланушыға:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде жасалған, олар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру нақ осы кезеңде басталған пайдалы қазбаларды игеруге келiсiмшарт (келiсiмшарттар) шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған преференциялар объектiлерi бойынша;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде жасалған, пайдалы қазбаларды өндiруге келiсiмшарт (келiсiмшарттар) шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған (пайдаланылатын) ғимараттар және өндiрiстiк мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кейiнгi шығыстар бойынша преференцияларды қолдануға рұқсат етуге құқылы.
Осы тармаққа сәйкес преференцияларды қолдануға рұқсат етiлген жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстiң 120-бабының 6-тармағын қолдануға құқығы жоқ.".

16-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 141-бабының 4 және 6-тармақтарының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:
"4. Өткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төленуге тиiс корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң бiрiншi тоқсаны үшiн есептi салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрiлмей салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.
Өткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төленуге тиiс корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомалары есеп-қисабында есептелген есептi салық кезеңiне белгiленген корпоративтiк табыс салығы ставкасы мен өткен салық кезеңiне белгiленген корпоративтiк табыс салығы ставкасының, және өткен салық кезеңiне белгiленген корпоративтiк табыс салығы ставкасының арақатынасына көбейтiлген аванстық төлемдердiң жалпы сомасының төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi.";
"6. Өткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге тиiс корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн осы Кодекстiң 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес есептелген, есептi салық кезеңiне белгiленген корпоративтiк табыс салығы ставкасының және өткен салық кезеңiне белгiленген корпоративтiк табыс салығы ставкасының арақатынасына көбейтiлген корпоративтiк табыс салығы сомасының төрттен үшi мөлшерiнде есептеледi.".

17-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде төлем көзiнен алынатын табыс салығының ставкасын 10 процент көлемiнде қолданылады деп белгiлей отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы төлем көзiнен алынатын табыс салығының ставкасы көлемi бөлiгiнде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын.

18-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 307-бабы 4-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:
"4. Су басқан, дебитi аз және бұрын қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бiр бөлiгiн), көмiрсутегi шикiзатының өте тұтқыр түрлерiн игеретiн, сондай-ақ қызметiн рентабельдiлiгi төмен келiсiмшарттар, оның iшiнде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қызметiн жер қойнауын пайдалануға рентабельдiгi төмен келiсiмшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкасы тиiстi минералдық шикiзатқа әлемдiк нарықта қолайсыз конъюнктура кезеңiнде белгiленедi. Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкасы жер қойнауын пайдалануға әрбiр осындай келiсiмшарт үшiн күнтiзбелiк жылдағы оның экономикасы және тиiстi минералдық шикiзатқа әлемдiк нарықтың конъюнктурасы ескерiле отырып белгiленедi және жыл iшiнде қайта қарауға жатпайды.
Егер тиiстi күнтiзбелiк жылға пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкасы аталған жыл iшiнде белгiленген жағдайда, онда күнтiзбелiк жыл басынан берi пайдалы қазбаларды өндiруге төленген салық осы тармаққа сәйкес белгiленген ставка бойынша қайта есептеледi.
Жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттарды рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бiр бөлiгiн), өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз немесе бұрын қазылған санатқа жатқызу тәртiбiн және осындай келiсiмшарттардың, кен орындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.".

19-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 557-бабы 3-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын.

20-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi)" 657-бабының 2) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:
"2) салық есептiлiгiн электронды түрде табыс ету үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi ұсыну;".

21-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде мыналар белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы - 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн, 14-18 жолдарының қолданылуы - 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылдың 1 қаңтарына дейiн акциздердiң мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетiн тауарлардың түрлерi

Акциздер ставкалары (өлшем бiрлiгiне теңгемен)

өндiрiлетiн тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегi спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi;
этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (алкоголь өнiмдерiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

450 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спиртi (этанол) (түссiз емес, iшкi нарықта тұтыну үшiн боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегi спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi;
спирт тұнбалары және өзге де спирттi iшiмдiктер (алкоголь өнiмдерiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

550 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегi спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; этил спиртi және алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн сатылатын денатуратталған спирттiң кез келген конпентрациядағы басқа да түрлерi

45 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегi спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; спирт тұнбалары және алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн сатылатын басқа да спирт iшiмдiктерi

55 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнiмдерi (коньяктардан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндiрiстегi коньяк спиртiнен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

165 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Отандық өндiрiстегi коньяк спиртiнен жасалған коньяк, бренди

1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina