ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

Страницы 1 2 3 4 5


47-бап. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейiн:
1) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 561 , 563 , 564 , 580-баптарын , 562-бабының 8, 9-тармақтарын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкiл мәтiнi бойынша "сәйкестендiру нөмiрi", "сәйкестендiру нөмiрлерi", "сәйкестендiру нөмiрiмен", "сәйкестендiру нөмiрлерiмен" деген сөздер "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi", "салық төлеушiлердiң тiркеу нөмiрлерi", "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiмен", "салық төлеушiлердiң тiркеу нөмiрлерiмен" деген сөздер болып саналсын;
2) тоқтата тұру кезеңiнде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының және әлеуметтiк аударымдардың төлем құжаттарын қабылдау кезiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң құрылымына (қалыптастыру алгоритмiне) және уәкiлеттi органның деректерiне сәйкес салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң дұрыс көрсетiлуiн бақылауға мiндеттi екенi белгiлене отырып, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 581-бабының 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

48-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) мынадай:
1) 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының 274-бапта көзделген және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымды жүзеге асырмайтын, қосылған құн салығынан артық төленгендi қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолданбайтын салық төлеушiлер үшiн;
2) "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейiн 562-баптың 8-12-тармақтарының
3) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiн жоятын 274-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының
274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының
4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
657-баптың 3), 5) және 7) тармақшаларының
659-баптың 4-тармағының
660-баптың ;
662-баптың ;
664-баптың ережелерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

49-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiнiң:
1) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат: N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N-8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж, N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; N 13-14, 58-құжат; N 15-16, 64-құжат), оған мыналарды:
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшi жойылатын 21-баптың 4-тармағын;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн мынадай редакцияда қолданылатын 39-баптың 4-тармағын:
"4. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы кеден органының растауы қоса берiлiп, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегiн өтеу есебiне мынадай тәртiппен:
1) бересiнi, өсiмпұлдарды және салықтың басқа да түрлерi бойынша айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) салықтың басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне жатқызылуға тиiс.";
2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн мынадай редакцияда қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағын:
"2-1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдардың артық төленген сомасының бар екендiгi туралы кеден органының растауы қоса берiлiп, қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төленген жерi бойынша жүргiзiледi.";
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылы 1 қаңтарға дейiн мынадай редакцияда қолданылатын 85-бапты :

"85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемiнiң
төмендеуiнен түскен кiрiстер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемiнiң төмендеуiнен түскен кiрiстер деп мыналар танылады:
1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негiзiнде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылған талаптар көлемiн азайту кезiнде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптау кезiнде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) азайтылған сомалары.
2. Есептен шығарылған сенiмсiз актив бойынша борышкердiң шартты мiндеттемесiне қойылатын талаптың азайтылған көлемiнде банктiң немесе лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерiмге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерiнiң) сомалары кiрiс болып танылмайды.";
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 225-баптың 17) тармақшасын;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 226-баптың 2-тармағын;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:
"2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестиция биологиялық актив ретiнде сатып алса;
3) берiлетiн мүлiк "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, мүлiктi қаржы лизингiне беру қосылған құн салығынан босатылады.";
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылатын 230-1-бапты ;
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;
2012 жылдың 1 қаңтарына дейiн мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты :

"249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
мерзiмiн өзгерту

1. Салық органдары, егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк өңдеуге арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертудi жүргiзедi.
2. Импортталатын тауарларды өндiрiстiк өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртiбi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту кеден органының кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күнiнен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге өсiмпұл есептелмей жүргiзiледi.
4. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту мына құжаттар:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш;
2) тауарлар жеткiзiлiмiне арналған шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндiрiстiк өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негiзiнде жасалады.
Төлеу мерзiмiн өзгертуге құқығын растау үшiн салық органдары қосылған құн салығын төлеушiнiң өндiрiстiк қуаттарын және үй-жайларын тексерiп қарауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өнеркәсiптiк өңдеу үшiн импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушiлерге қосылған құн салығын өзгертiлген мерзiмдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруға күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын рұқсат бередi.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн кеден органының кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күнiнен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге өзгерте отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн негiздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға осы баптың 4-тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ оның өндiрiстiк қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының қорытындысы табыс етiледi.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден салықтық өтiнiшi мен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
7. Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi салық органдары өткiзiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен үш айлық кезең iшiнде жүргiзедi.
Көрсетiлген үш айлық кезең аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өтелмеген берешектiң сомасына өсiмпұл есептеледi.
8. Тауарларды өнеркәсiптiк өңдеусiз өткiзген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы белгiленген тәртiппен өсiмпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.
Осы баптың ережелерi жеңiл автомобильдерден басқа, акцизделетiн тауарларды өндiру үшiн импортталатын тауарларға қолданылмайды.";
2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты :

"250-бап. Есепке жатқызу әдiсiмен импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу

1. Мынадай тауарлардың:
1) жабдықтардың
2) ауыл шаруашылығы техникасының
3) автомобиль көлiгiнiң жылжымалы жүк құрамының
4) тiкұшақтар мен ұшақтардың
5) темiр жол локомотивтерi мен вагондардың
6) теңiз кемелерiнiң
7) қосалқы бөлшектердiң
8) пестицидтердiң (улы химикаттардың);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтардың импорты бойынша қосылған құн салығы осы бапта белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.
Аталған тауарлар тiзбесiн және оны түзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi қосылған құн салығын төлеушiнiң кейiннен өткiзуге арналғандарын қоспағанда, мыналардан:
1) мүлiктi қаржы лизингiне беруден;
2) бұрын импорт режимiнде әкелiнген тауарды керi экспорт режимiнде қайтарудан басқа әкелiнетiн тауарларына қатысты қолданылады.
3. Қосылған күн салығын төлеушi кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесiн, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлардың импорты бойынша төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөнiндегi және көрсетiлген тауарларды нысаналы пайдалану туралы мiндеттеменi табыс етедi.
Мiндеттеме уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда үш дана етiп толтырылады.
Мiндеттеме негiзiнде тауарларды еркiн айналысқа шығару белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн және акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы iс жүзiнде төленбей жүргiзiледi.
4. Мiндеттемеде көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiледi.
5. Осы баптың 6-тармағында көрсетiлгендердi өткiзуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарларды кейiннен өткiзуге қосылған құн салығы салынуға тиiс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күнiнен бастап талап қоюдың өткен мерзiмiнiң iшiнде осы бапта белгiленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде есiмпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезiнде қосылған құн салығын төлеу үшiн белгiленген мерзiмнен бастап төленуге тиiс.
6. Тауарлардың импорты кезiнде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қаржы лизингiне берiлген кезде қосылған құн салығынан босатылады.";
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасын;

2) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;

3) "Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде өнiмдi болу жөнiндегi келiсiмдер (келiсiм-шарттар) туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 13, 54-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н.НАЗАРБАЕВ


Страницы 1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina