ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 3...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 148-IV Заңы
Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы
Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың,
қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама
салықтарды алу қағидаттары туралы
Келісім

бұдан әрі Тараптар деп аталатын
Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
Халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Осы Келісімде қолданылатын негізгі ұғымдар

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады:
"жанама салықтар" - қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) және акциздер (акциз салығы немесе акциздік алым);
"нөлдік ставка" - нөл процент ставкасы бойынша ҚҚС салу, бұл ҚҚС салық төлеушілердің (төлеушілердің) бюджеттен ҚҚС сомаларын өтеу (есепке жатқызу, қайтару) құқығын білдіреді;
"салық төлеушілер (төлеушілер)" - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салықтарын, алымдары мен баждарын салық төлеушілер (төлеушілер);
"тауар" - сатылатын немесе сатуға арналған кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, энергияның барлық түрлері;
"жұмыс" - нәтижелері материалдық көрініс болатын және ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыру үшін сатылуы мүмкін қызмет;
"қызмет көрсету" - нәтижелері материалдық көрініс болмайтын қызмет, осы қызметті жүзеге асыру процесінде сатылады және тұтынылады, сондай-ақ патенттерді, лицензияларды, сауда маркаларын, авторлық құқықты немесе өзге де құқықтарды беру;
"тауарлар экспорты" - салық төлеушілердің (төлеушілердің) сататын тауарларды кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына әкетуі;
"тауарлар импорты" - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына әкелуі;
"құзыретті органдар" - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің қаржы министрлігі, салық және кеден органдары.

2-бап
Тауарлар экспорты кезінде жанама салықтарды салу қағидаты

Тауарлар экспорты кезінде ҚҚС нөлдік ставкасы және (немесе) экспорттау фактісін құжаттық растаған жағдайда акциздерді төлеуден (төленген соманы өтеу) босату қолданылады.

3-бап
Тауарлар импорты кезінде жанама салықтарды салу қағидаты

Кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкелінетін, кейіннен өңделген өнімдер кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан транзитпен алып өткізілетін тауарларды, сондай-ақ кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның аумағына әкелінген кезде салық салынбайтын тауарларды қоспағанда, жанама салықтарды импорттаушы мемлекеттің салық органдары салады.
Айрықша (еркін) экономикалық аймаққа импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі Тараптар арасында жасалатын жекелеген хаттамамен белгіленеді.
Өзара саудада импортталатын тауарларға жанама салық ставкалары ұқсас ішкі өндіріс тауарларына салынатын жанама салық ставкаларынан аспауға тиіс.

4-бап
Тауарлар экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды
салу тәртібі және олардың төленуін бақылау

Тауарлар экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды салу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі Тараптар арасында жасалатын жекелеген хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап
Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде
жанама салықтарды салу тәртібі

Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды салу тәртібі Тараптар арасында жасалатын жекелеген хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

6-бап
Салық органдары арасында ақпарат алмасу

Тараптардың салық органдары арасындағы жанама салықтарды жинау толықтығын қамтамасыз ету үшін қажетті мәліметтер тізбесінде қамтитын ақпарат алмасу арнайы ведомствоаралық хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап
Келісімнің халықаралық шарттармен арақатынасы

Осы Келісімнің ережесі Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

8-бап
Дауларды шешу

Осы Келісім ережесін түсіндіруге және/немесе іске асыруға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың кеңестері мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге келмеген жағдайда дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беріледі.

9-бап
Өзгерістер мен толықтырулар

Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

10-бап
Қорытынды ереже

Осы Келісім кеден одағының шарттық-құқықтық базасының қалыптасуына бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену тәртібі туралы Хаттамаға сәйкес күшіне енеді, одан шығу және оған қосылу 2007 жылғы 6 қазандағы, және осы Келісімнің 3, 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген хаттамалар күшіне енген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірақ 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыруды аяқтау туралы шарттың күшіне енуінен бұрын емес қолдануға жатады.
2008 жылғы "25" қаңтарда Мәскеу қаласында бір ғана түпнұсқада орыс тілінде жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетінде сақталады, әр Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберіледі.

Беларусь Қазақстан Ресей Федерациясының
Республикасының Республикасының Үкіметі үшін
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina