ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

   Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 297 Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының астанасын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер
кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):
1) 14-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы "пайдаланылмай жатқан" деген сөздердің алдынан ", осы Кодекстің 14-1-бабы 2-тармағының 20) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "өз мақсатында" деген сөздердің алдынан ", осы Кодекстің 16-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

2) 14-1-баптың 2-тармағының 19) тармақшасындағы "жүргізу жатады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жатады.";

3) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап қою;";

4) 92-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жер учаскелерін игерудің шарттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленеді.";

5) 109-баптың 2-тармағындағы "ақылы автотұрақтар (автопарковкалар) орналастыруы үшін" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіге сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат):
1) 202-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықты айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында облыстық бюджеттің республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығының қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.";

2) 45-тарау мынадай мазмұндағы 204-1-баппен толықтырылсын:

"204-1-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы

1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықты айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының көлемі мен оның нысаналы мақсаты міндетті түрде Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіледі. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.".

3. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):
1) 20-бап 19) тармақшадағы "әзірлеу жатады." деген сөздер "әзірлеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын;
"20) астананың әкімдігімен келісе отырып:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ астананың аумағында және қала маңы аймағында қала құрылысын регламенттеудің ережелерін;
бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, соның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу ережелерін;
астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын бекіту жатады.";

2) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Астана мәслихатының қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, астанада құрылыс салу ережелерін бекіту кезінде астана аумағындағы жер учаскелерін игерудің қосымша шарттарын айқындау жатады.".

3) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Астана әкімдігінің қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа:
1) астана аумағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысу;
2) мыналарды:
астана аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ астана аумағында және қала маңы аймағында қала құрылысын регламенттеудің ережелерін;
бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, соның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу ережелерін келісу;
3) реконструкцияланатын объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асыру жатады.";

4) 33-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы "құрылысы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасында жеке тұрғын үйлер салу" деген сөздермен толықтырылсын.

4. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 14, 89-құжат; N 24, 148-құжат):
3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қала көшелеріне қала көшелері шегіндегі автомобиль жолдары жатады;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.".

5. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 137-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.".

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina