Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 315 Заңы
Қазақстан Республнкасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар, N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат): 1) 537-бапта»"басшыларының" деген сөзден кейін»"не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 571-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында»"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен оның орынбасарлары,"»деген сөздер алып тасталсын; 3) 574-бапта: бірінші бөліктегі»"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің" деген сөздер»"халықты әлеуметтік қорғау"»деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі»"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары" деген сөздер»"Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат): 50-баптың 2-тармағы алып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат): 240-баптың 2-тармағы»"(қазыналық кәсіпорынның) басшысы" деген сөздерден кейін "не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам" деген сөздермен толықтырылсын. 4. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 10, 52-құжат): 7-баптың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 24-бапта: бірінші бөлігінде "органдардың" деген сөз "органдардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары," деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 5. Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 18 маусымдағы N 262-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 29 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 3-баптың 2-тармағының 7-1) тармақшасы, 4-баптың 2-тармағының 7-1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 16-баптың 2) тармақшасында "орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының бұйрығы" деген сөздер алып тасталсын; 3) 25-баптың 2-тармағының 8-1) тармақшасы алып тасталсын; 4) 30-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "органдары мен олардың ведомстволарының" деген сөздер "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 33-баптың 1-тармағындағы "органдары мен олардың ведомстволарының" деген сөздер "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында "орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары," деген сөздер алып тасталсын. 6. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат): 6-баптың 1-тармағында "Мемлекеттік органдардың," деген сөздер "Мемлекеттік органдардың басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары," деген сөздермен ауыстырылсын. 7. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 61-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат): 7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "органдар мен ведомстволарды" деген сөздер "органдарды" деген сөзбен ауыстырылсын. 8. "Јкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 жылғы 22 маусымдағы "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 18 маусымдағы N 262-III Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 9-бапта: 2-тармақта: 1) тармақшада "жасалып, оларды органның басшысы бекітеді;" деген сөздер "жасалады;" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын; "2) нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік органның даму бағдарламаларын орындау үшін жасалады."; 4-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: 5. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары және даму бағдарламалары Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі."; 2) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын: "9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау болып бөлінуі мүмкін: жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады; мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, рұқсат құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беру, нормативтік құқықтық актілердің орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады; жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынуға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады; жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатымен тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді - Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.". 9. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат): 7-1-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын. 10. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат;№9, 67-құжат; N 10, 69-құжат): 7-1-баптың 1) тармақшасында "өз құзыреті шегінде", "басқа да нормативтік құқықтық актілер және" деген сөздер алып тасталсын. 11. "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат, N 24, 148-құжат; N 2, 18-құжат): 9-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
|