Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 236 Заңы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы 1-бап. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 10, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 17-баптың 1) тармақшасындағы "халықаралық шарттарға қосылу және оларды ратификациялау туралы" деген сөздер "ратификациялау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын. 2-бап. Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
|