ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздығы № 253-IV Заңы
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы
1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты
ынтымақтастық туралы конвенция

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер,
оның өзі немесе жеке басының толыққанды әрі үйлесімді дамуы үшін балаға отбасы ортасында бақыт, махаббат пен түсіністік ахуалында өсуі қажет екенін тани отырып,
бала өзінің отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін әрбір мемлекет басым міндет ретінде қабылдауы тиіс екенін еске сала отырып,
егер шығу тегі елінде оған лайықты отбасы табу мүмкін болмаса, шетелдік бала асырап алу тұрақты отбасы болуымен байланысты артықшылықты балаға ұсынатынын тани отырып,
баланың мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз етуді әрі оның негізгі құқықтарын құрметтеуді ескере отырып және баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшін баланы шетелдік асырауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне кәміл сене отырып,
осы мақсатқа арналған жалпы ережелерді қабылдауға ниеттене отырып, халықаралық құжаттарда, атап айтқанда 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы БЎЎ конвенциясында, БЎЎ-ның Балаларды қорғау мен олардың жай-күйіне қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларациясында және әсіресе, 1986 жылғы 3 желтоқсандағы ұлттық және халықаралық деңгейде бала тәрбиелеу және оны асырап алу туралы БЎЎ Бас Ассамблеясының 41/85 қарарында айтылған принциптерді назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

I тарау. КОНВЕНЦИЯНЫЅ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

1-бап

Осы Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады:
а) баланы шетелдік асырап алуды баланың мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз етуді әрі халықаралық құқық таныған оның негізгі құқықтары сақтала отырып, жүзеге асырудың кепілдіктерін жасау;
b) осындай кепілдіктердің пәрменділігін қамтамасыз ету және осы арқылы баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшін Уағдаласушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық жасау жүйесін құру;
c) Уағдаласушы мемлекеттерде Конвенцияға сәйкес жасалған бала асырап алудың танылуын қамтамасыз ету.

2-бап

1. Уағдаласушы мемлекеттің («шығу тегі мемлекеті») бірінде тұрақты тұрып жатқан бала басқа Уағдаласушы мемлекетке («қабылдаушы мемлекет») көшіп кетсе, көшіп жатса немесе көшуі тиіс болса не шығу тегі мемлекетінде оны әдетте қабылдаушы мемлекетте тұрып жатқан ерлі-зайыптылар немесе адам асырап алғаннан кейін не қабылдаушы мемлекетте немесе шығу тегі мемлекетінде осындай асырап алу мақсатында Конвенция қолданылады.
2. Конвенция ата-ана мен бала арасында тұрақты байланыс орын алған бала асырап алуға ғана қолданылады.

3-бап

Егер 17-баптың «с» тармағында аталған келісім, бала он сегіз жасқа толғанға дейін берілмесе, Конвенция қолданудан қалады.

II тарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАЛАПТАР

4-бап

Егер шығу тегі мемлекетіндегі құзыретті билік орындары:
а) баланы асырап алуға болатынын анықтаса;
b) шығу тегі мемлекетінде баланы орналастыру мүмкіндігін тиісінше қарағаннан кейін баланы шетелдік асырап алу баланың мүдделеріне неғұрлым жақсы түрде сай келеді деп анықтаса;
с) мыналарға:
1) бала асырап алу үшін олардың келісімі қажет тұлғалар, мекемелер мен билік орындары олардың келісімінің салдарлары туралы, атап айтқанда бала асырап алу бала мен ол шыққан отбасы арасында құқықтық байланыстың тоқтатылуына әкеп соғатына немесе әкеп соқпайтынына қатысты тиісті түрде консультация алғанына және хабардар етілгеніне,
2) осындай тұлғалар, мекемелер мен билік орындары өз келісімін ерікті түрде талап етілген заңдық нысанда білдіріп немесе жазбаша түрде берілгеніне,
3) келісім сыйақы немесе қандай да бір түрдегі өтемақы үшін берілгеніне әрі кері қайтып алынбағанына және
4) талап етілген жерде бала туғаннан кейін анасының келісімі берілгеніне көзі жеткен болса;
b) баланың жас мөлшері мен естиярлығын ескере отырып, мыналарға:
1) баламен кеңессе әрі оны асырап алудың салдарлары туралы және егер ондай келісім талап етілсе, асырап алуға оның келісімі қажеттігі туралы хабардар етілгеніне,
2) баланың тілегі мен пікірі назарға алынғанына,
3) егер осындай келісім талап етілсе, баланың асырап алуға келісімі ерікті түрде алынғанына, тиісті заңдық нысанда білдірілгеніне немесе жазбаша түрде берілгеніне және
4) осындай келісім сыйақы немесе қандай да бір түрдегі өтемақы үшін берілмегеніне көз жеткізген жағдайларда Конвенцияның мәні бойынша бала асырап алу орын алады.

5-бап

Егер қабылдаушы мемлекеттің құзыретті билік орындары:
a) болжамды асыраушы ата-ана бала асырап алуға құқылы әрі лайықты екенін анықтаса;
b) болжамды асыраушы ата-ана қажетті мөлшерде консультация алуы қамтамасыз етілген; және
c) балаға осы мемлекетке кіруге әрі онда тұрақты тұруға рұқсат етілсе немесе рұқсат етілетіні анықталған жағдайларда Конвенцияның мәні бойынша бала асырап алу орын алады.

III тарау. ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР ЖӘНЕ УӘКІЛЕТТІ ЎЙЫМДАР

6-бап

1. Уағдаласушы мемлекет Конвенцияға сәйкес осындай органдарға жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық органды тағайындайды.
2. Федералдық мемлекеттер, біреуден артық құқық жүйесі бар мемлекеттер немесе автономдық аумақтық бірліктері бар мемлекеттер біреуден көп орталық органды тағайындай алады және олардың аумақтарын немесе функцияларының жеке көлемін нақтылай алады. Мемлекет біреуден көп орталық органды тағайындаған жерде ол осы мемлекет шегінде тиісті орталық органға беру үшін оған кез келген хабарлама жолдануы мүмкін орталық органды көрсетеді.

7-бап

1. Орталық органдар балаларды қорғау саласында және Конвенцияның басқа да мақсаттарына қол жеткізу үшін бір-бірімен ынтымақтастық жасайды және өз мемлекеттеріндегі құзыретті билік орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытады.
2. Олар:
a) бала асырап алуға қатысты өз мемлекеттерінің заңдарына қатысты ақпаратты және статистика мен стандартты нысандар сияқты басқа да жалпы ақпаратты ұсынуға;
b) бір-бірін Конвенцияның қолданылуы туралы хабардар етуге және мүмкіндігіне қарай оны қолдану үшін барлық кедергілерді жоюға барлық тиісті шараларды тікелей қабылдайды.

8-бап

Орталық органдар немесе мемлекеттік билік орындары арқылы бала асырап алуға байланысты қаржылық немесе басқа да пайда табуды болдырмау және
Конвенция мақсаттарына қайшы келетін кез келген практиканы болдырмау үшін барлық тиісті шараларды тікелей өздері қабылдайды.

9-бап

Орталық органдар тікелей өздері немесе мемлекеттік билік орындары немесе өз мемлекетінде тиісті түрде уәкілеттік алған басқа да ұйымдар арқылы, атап айтқанда:
a) баланың жағдайы мен қабылдап алуы ықтимал ата-ана туралы ақпарат жинауға, сақтауға әрі оны алмасуға, бұл бала асырап алу актілерін жасау үшін қажет;
b) бала асырап алу рәсімін жеңілдету, сақтау және жеделдету;
c) бала асырап алу және өз мемлекеттерінде бала асырап алуды жүзеге асырғаннан кейін көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша консультация алуды дамытуға жәрдемдесу;
d) баланы шетелдік асырап алу тәжірибесі туралы жалпы бағалау баяндамаларымен бірін бірі қамтамасыз ету;
e) басқа да орталық немесе мемлекеттік билік орындарының бала асырап алу аясындағы нақты жағдай туралы ақпарат беру туралы негізделген өтініштеріне олардың мемлекеттерінің рұқсат етуіне қарай жауап беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.

10-бап

Оларға қойылған міндеттерді білікті әрі тиісті түрде орындай алатын ұйымдарға ғана уәкілеттіктер берілуі мүмкін.

11-бап

Уәкілетті ұйым:
a) пайда алумен байланысты емес мақсаттарды, оған уәкілеттік берген мемлекеттің құзыретті билік орындары белгілеген осындай шарттар мен осындай шектерде орындайды;
b) баланы шетелдік асырап алу саласындағы жұмысқа арналған этикалық стандарттарға, оқыту мен тәжірибе жинақтауға сәйкес даярланған персоналды басқарады және жинақтайды; және
c) осы мемлекеттің құзыретті билік орындары тарабынан өз құрамына, қызметі мен қаржы жағдайына Қатысты бақылануы тиіс.

12-бап

Егер екі мемлекеттің құзыретті билік орындары осыған уәкілеттік берсе ғана, бір Уағдаласушы мемлекетте уәкілеттік берілген ұйым өз функцияларын басқа Уағдаласушы мемлекетте орындай алады.

13-бап

Орталық билік орындарының атаулары және бұл қажет болған жерде, олардың функцияларының көлемі, сондай-ақ уәкілетті билік орындарының атаулары мен мекен-жайларын әрбір Уағдаласушы мемлекет Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды.

ІV тарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУ КЕЗІНДЕ
ҚОЙЫЛАТЫН РӘСІМДІК ТАЛАПТАР

14-бап

Басқа Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға тілек білдірген, Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрып жатқан адамдар өздері тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің орталық билік орына өтініш жасайды.

15-бап

1. Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық билік орыны өтініш берушілер бала асырап алуға құқылы әрі лайықты деп кәміл сенім білдірсе, олардың жеке басы, құқықтары мен бала асырап алуды жүзеге асыруға жарамдылығы, өмірбаяндық деректерін, медициналық карта мен отбасының тарихын, әлеуметтік ортасын, бала асырап алу себептерін, баланы шетелдік асырап алуға қабілеттілігін, сондай-ақ олар қамқорлық жасауы тиіс балалардың мінездемесі қамтылған баяндама дайындайды.
2. Ол баяндаманы шығу тегі мемлекетіне тапсырады.

16-бап

1. Егер шығу тегі мемлекетінің орталық билік орыны баланы асырап алуға болатынына кәміл сенім білдірсе, онда ол:
a) баланың отбасының медициналық картасын қоса алғанда, оның жеке басы, баланың асырап алыну мүмкіндігі, өмірбаяндық деректері, әлеуметтік ортасы, отбасының тарихы, медициналық картасы мен баланың кез келген ерекше талаптары туралы ақпарат қамтылған баяндама дайындайды;
b) баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни және мәдени байланыстары мен ортасын тиісті түрде ескереді;
c) 4-бапқа сәйкес оның келісімі алынуын қамтамасыз етеді; және
d) атап айтқанда, бала мен бала асырап алуды жүзеге асырушы болжамды ата-анаға қатысты баяндамалар негізінде көзделген баланы беру баланың мүдделеріне неғұрлым сай келетін, келмейтінін анықтайды.
2. Ол бала туралы, қажетті келісім алынғанының дәлелдерін және егер шығу тегі елінде олар ашылмауы тиіс болса, ата-ананың жеке басын ашып көрсетпей көшу ниетінің себептері туралы өз баяндамасын қабылдаушы мемлекеттің орталық органына тапсырады.

17-бап

Егер:
a) осы мемлекеттің орталық органы қабылдап алушы ата-ананың келісімін қамтамасыз еткен;
b) осындай мақұлдау осы мемлекеттің заңы немесе шығу тегі мемлекеті орталық органының шешіммен талап етілсе, қабылдаушы мемлекеттің орталық органы осындай шешімді мақұлдаған;
c) екі мемлекеттің де орталық органдары бала асырап алуға болатынына келісім берсе; және
d) қабылдаушы мемлекет 5-бапқа сәйкес болжамды баланы қабылдап алушы ата-ана баланы асырап алуға құқылы әрі лайықты және қабылдаушы мемлекетке баланың кіруіне әрі онда тұрақты тұруына рұқсат етіледі немесе рұқсат етілетін болады деп анықтаған жағдайларда шығу тегі мемлекетінде бала болжамды қабылдап алушы ата-анаға сеніп тапсырылуы тиістігі туралы кез келген шешім қабылдануы мүмкін

18-бап

Екі мемлекеттің де орталық органдары балаға шығу тегі мемлекетінен кету және қабылдаушы мемлекетке келу әрі тұрақты тұру үшін рұқсат алуға қажетті барлық қадамдар жасайды.

19-бап

1. Егер 17-баптың талаптары толық орындалса ғана, баланы қабылдаушы мемлекетке беру жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Екі мемлекеттің де орталық органдары осындай беру қауіпсіз әрі тиісті жағдайда және егер мүмкін болса, қабылдап алушы немесе болжамды қабылдап алушы ата-анасының бірге жүруімен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
3. Егер бала берілмесе, онда 15 және 16-баптарда айтылған баяндамалар баяндамаларды дайындаған органдарға кері қайтарылуы тиіс.

20-бап

Орталық органдар бір-бірін бала асырап алу процесі мен оны аяқтау үшін қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ егер сынау мерзімі талап етілсе, орналастыру процесінің барысы туралы хабардар етеді.

21-бап

1. Қабылдаушы мемлекетке баланы бергеннен кейін бала асырап алу орын алған және осы мемлекеттің орталық органы баланың болжамды ата-анада болуы оның мүдделеріне неғұрлым сай емес екенін анықтаған жағдайда, осындай орталық орган баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылдайды, атап айтқанда:
a) баланы болжамды ата-анадан қайтарып алады және балаға уақытша қорғаншылық жасалуын ұйымдастырады;
b) шығу тегі мемлекетінің орталық органымен консультациядан кейін баланы асырап алу мақсатында оны жаңадан орналастыруды кешіктірмей ұйымдастырады немесе бұл қолайсыз болса, баламалы ұзақ мерзімді қорғаншылықты ұйымдастырады; шығу тегі мемлекетінің орталық органы жаңа болжамды қабылдап алушы ата-ана туралы тиісті түрде хабардар етілгенге дейін бала асырап алу орын алмайды;
c) егер оның мүдделері соны талап етсе, соңғы амал ретінде баланы қайтаруды ұйымдастырады.
2. Баланың жасы мен естиярлығына қарай онымен консультация жасалады және бұл қажет болса, осы бапқа сәйкес қабылданатын шараларға қатысты оның келісімі алынады.

22-бап

1. Осы тарауға сәйкес орталық органның функцияларын мемлекеттік билік орындары немесе уәкілетті ұйымдар III тарауға сәйкес оның мемлекетінің заңдары бойынша рұқсат етілетін көлемде жүзеге асыруы мүмкін.
2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне 15-21-баптар бойынша орталық органның функцияларын осы мемлекетте, заңда белгіленген көлемде және осы мемлекеттің құзыретті билік орындарының бақылауын, сондай-ақ:
a) адалдық, кәсіби біліктілік, тәжірибелілік пен осы мемлекет алдында есеп беруі талаптарына сай және
b) баланы шетелдік асырап алу үшін этикалық қасиеті, білімі немесе жұмыс тәжірибесі бар ұйымдар немесе тұлғалар орындай алады деп мәлімдеуі мүмкін.
3. 2-тармақта көзделген мәлімдемені жасаған Уағдаласушы мемлекет осы ұйымдар мен тұлғалардың атауларын және мекен-жайлары туралы Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды.
4. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне егер орталық органдардың функциялары 1-тармаққа сәйкес орындалған жағдайда ғана оның аумағында тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға болады деп мәлімдей алады.
5. 2-тармаққа сәйкес жасалған кез келген мәлімдемеге қарамастан, кез келген жағдайда 15 және 16-баптарда көзделген баяндамалар 1-тармаққа сәйкес орталық органның немесе басқа да билік орындарының немесе ұйымдардың басшылығымен дайындалады.

V тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫЅ САЛДАРЛАРЫ

23-бап

1. Конвенцияға сәйкес бала асырап алу жүргізілген мемлекеттің құзыретті билік орны ресімдеген бала асырап алу басқа да Уағдаласушы мемлекеттің заңы деп танылады. Куәландырылған куәлік 17-бап «с» тармақшасы бойынша келісім қашан берілді және оны кем бергенін нақтылайды.
2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет оған қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде Конвенцияның дипозитарийін осы мемлекетке куәлік беруге құқылы орган немесе билік орындарының атаулары мен функциялары туралы хабардар етеді. Сондай-ақ ол депозитарийді осы органдардың кез келген өзгерістері мен атаулары туралы хабардар етеді.

24-бап

Егер баланың мүдделерін неғұрлым назарға ала отырып, бала асырап алу оның мемлекеттік саясатына көпе-көрінеу қайшы келген жағдайда ғана Уағдаласушы мемлекетте бала асырап алуды танудан бас тартылуы мүмкін.

25-бап

Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне 39-баптың 2-тармағы негізінде жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алу тұрғысында оны осы Конвенцияның ережелерімен байланыстыруға болмайды деп мәлімдей алады.

26-бап

1. Бала асырап алуды тану мыналарды:
а) бала мен оны қабылдап алушы ата-ана арасындағы өзара құқықтық қатынастарды;
b) қабылдап алушы ата-ананың бала үшін жауапкершілігін;
c) егер ол орын алған Уағдаласушы мемлекетте бала асырап алудың осындай салдарлары болса, бала мен оның анасы және әкесі арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуын тануды қамтиды.
2. Егер бала асырап алу бала мен оның анасы және әкесі арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соқтырса, бала қабылдаушы мемлекетте және бала асырап алу танылған кез келген Уағдаласушы мемлекетте осындай әрбір мемлекетте осындай салдарлар орын алатын бала асырап алудан туындайтын осындай құқықтарға ие болады.
3. Алдыңғы тармақтар асырап алу танылған Уағдаласушы мемлекетте қолданылатын бала үшін неғұрлым қолайлы кез келген ереженің қолданылуына кедергі жасамайды.

27-бап

1. Шығу тегі мемлекетінде рұқсат етілген бала асырап алу бала мен оның анасы және әкесі арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуының салдарлары жоқ жерде, ол конвенцияға сәйкес бала асырап алуды танитын қабылдаушы мемлекетте, мынадай жағдайларда:
a) егер қабылдаушы мемлекеттің заңы осыған рұқсат етсе;
b) егер 4-тармақтың «с» және «d» тармақтарында аталған келісім осындай бала асырап алу мақсаттары үшін алынса немесе алынатын болса, осындай салдарлары бар бала асырап алуға айналуы мүмкін.
2. 23-бап бала асырап алудың салдарларын өзгерту туралы шешімге қатысты қолданылады.

VІ тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

28-бап

Осы мемлекеттің шегінде тұрақты тұратын баланы асырап алу осы мемлекетте жүргізілсін деп талап қойған немесе оны асырап алуға дейін баланы қабылдаушы мемлекетке орналастыруға немесе беруге тыйым салған шығу тегі мемлекетінің кез келген заңын әсер етпейді.

29-бап

Егер бала асырап алу отбасы шегінде жүрмесе немесе осындай байланыс шығу тегі мемлекетінің құзыретті билік орыны белгілеген шарттарға сай келсе, 4-баптың «а»-«с» тармақтарының, 5-баптың «а» тармағының талаптары орындалғанға дейін болжамды қабылдап алушы ата-ана мен баланың ата-анасы немесе кез келген басқа да балаға қамқорлық жасаған адам арасында байланыстар жүзеге асырылмауы тиіс.

30-бап

1. Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті билік орындары баланың шығу тегіне қатысты олардың қолда бар ақпараттың, атап айтқанда оның ата-анасына қатысты ақпараттың, сондай-ақ медициналық картасы ашылмауын қамтамасыз етеді.
2. Олар баланың немесе оның өкілдерінің осындай ақпаратқа тиісті басшылық етумен осындай мемлекеттің заңында қаншалықты рұқсат етілуіне қарай қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

31-бап

30-бапқа нұқсан тигізбейтін, Конвенция бойынша жиналған немесе берілген жеке сипаттағы мәліметтер, әсіресе 15 және 16-баптарда көрсетілген мәліметтер тек қана олар жиналған немесе берілген мақсатта пайдаланылады.

32-бап

1. Баланы шетелдік асырап алуға қатысты қызметтен ешкім де орынсыз қаржылық немесе басқа да пайда алмауы тиіс.
2. Бала асырап алу процесіне тартылған тұлғаларға көңілге қонымды кәсіби қаламақыларды қоса алғанда, тек шығыстар мен шығындар ғана белгіленуі немесе төленуі мүмкін.
3. Бала асырап алу процесіне тартылған органдардың басшылары, әкімшілері мен қызметшілері көрсетілген қызметтер құнынан жоғары негізделмеген сыйақы алмайды.

33-бап

Конвенцияның әлде бір ережесі сақталмауда немесе сақталмау қаупі орын алғанын байқаған құзыретті билік орын дереу өз мемлекетінің орталық билік орыны хабардар етеді. Бұл орталық билік орыны тиісті шаралар қабылдануын қамтамасыз етуге жауапты болып табылады.

34-бап

Егер құжатты алатын мемлекеттің құзыретті органы талап етсе, онда оған құжаттың түпнұсқасына сай куәландырылған аудармасы тапсырылуы тиіс.
Егер өзгеше көзделмесе, осындай аударма үшін шығыстар болжамды ата-ананға жүктеледі.

35-бап

Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары бала асырап алу процесін жылдам жүргізуі тиіс.

36-бап

Бала асырап алуға қатысты әртүрлі аумақтық бірліктерде қолданылатын екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты:
a) осы мемлекеттегі тұрақты тұру орнына кез келген сілтеме жасау осы мемлекеттің аумақтық бірлігіндегі тұрақты тұру жеріне қатысты деп түсіндіріледі;
b) осы мемлекеттің заңына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірлікің қолданыстағы заңына қатысты деп түсіндіріледі;
c) осы мемлекеттің құзыретті билік орындарына немесе мемлекеттік билік орындарына жасалған кез келген сілтеме тиісті аумақтық бірлікте іс-әрекет жасауға уәкілетті билік орындары деп түсіндіріледі;
d) осы мемлекеттің уәкілетті органдарына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірліктің уәкілетті органдарына қатысты деп түсіндіріледі.

37-бап

Бала асырап алуда әртүрлі санаттағы тұлғалардың қатынастарын реттеуде қолданылатын екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты осы мемлекеттің құқығына кез келген сілтеме жасау осы мемлекеттің аталған заңымен көрсетілген құқық жүйесіне қатысты деп түсіндіріледі

38-бап

Егер құқық жүйесі бірыңғай мемлекет осыны істеуге міндетті болмаса, оның шегіндегі бала асырап алуға қатысты өздерінің өзіндік құқықтық нормалары бар әртүрлі аумақтар бар мемлекет Конвенцияның ережелерін қолдануға міндетті емес.

39-бап

1. Егер осындай құжатқа қатысушы мемлекеттер кері сипаттағы мәлімдеме жасамаса, Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер қатысушысы болып табылатын және Конвенция реттейтін мәселелер бойынша ережелер қамтылған қандай да бір халықаралық құжаттарына Конвенция әсер етпейді.
2. Олардың өзара қатынастарында Конвенцияны неғұрлым жақсы қолдану мақсатында кез келген Уағдаласушы мемлекет бір немесе одан да көп Уағдаласушы мемлекеттермен келісім жасай алады. Бұл келісімдер тек 14-16 және 18-21-баптардың ережелерінен ғана ауытқи алады. Осындай келісімдер жасаған мемлекеттер оның көшірмесін Конвенцияның депозитарийіне береді.

40-бап

Конвенцияға ешқандай ескертпе жасауға жол берілмейді.

41-бап

Конвенция қабылдаушы мемлекетте және шығу тегі мемлекетінде күшіне енгеннен кейін 14-бапта көзделген өтініш алынған әрбір жағдайда Конвенция қолданылады.
Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Конвенцияның практикада қолданылуын қарау үшін тұрақты түрде Арнайы комиссияны шақырады.

VІІ тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

43-бап

1. Оның он жетінші сессиясында Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелері болып табылған және осы сессияға қатысқан басқа да мемлекеттердің қол қоюы үшін Конвенция ашық.
2. Ол бекітілуі, қабылдануы немесе мақұлдануы тиіс және бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Конвенцияның депозитарий болып табылатын Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылуы тиіс.

44-бап

1. 46-баптың 1-тармағына сәйкес ол күшіне енгеннен кейін кез келген мемлекет Конвенцияға қосыла алады.
2. Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
3. Осындай қосылу тек қосылушы мемлекет пен 48 баптың «b» тармағында аталған хабарлама алынғаннан кейін алты ай ішінде оның қосылуына қарсылық білдірмеген Уағдаласушы мемлекеттер арасында ғана қолданылатын болады. Қосылғаннан кейін Конвенцияны бекіту, қабылдау немесе мақұлдау кезінде де осындай қарсылықты мемлекеттер ұсына алады. Депозитарий осындай кез келген қарсылық туралы хабардар етілуі тиіс.

45-бап

1. Егер мемлекетте Конвенцияда қаралатын мәселелерге қатысты әртүрлі құқық жүйесі қолданылатын бір немесе одан да көп аумақтық бірлік болса, онда ол қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде осы Конвенция оның бүкіл аумақтық бірліктерінде немесе біреуінде немесе бірнешеуінде қолданылады деп мәлімдей алады және кез келген уақытта басқа мәлімдеме беріп, осы мәлімдемені өзгерте алады.
2. Кез келген осындай мәлімдеме туралы депозитарий хабардар етілуі тиіс және онда Конвенцияға қосылатын аумақтық бірліктер дәл көрсетілуі тиіс.
3. Егер мемлекет осы бапқа сәйкес мәлімдеме жасамаса, онда Конвенция осы мемлекеттің бүкіл аумақтық бірліктеріне қолданылады.

46-бап

1. 43-бапта көрсетілген бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы үшінші құжат сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні Конвенция күшіне енеді.
2. Кейін Конвенция:
a) оны бекітетін, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін бекіту, қабылдау немесе мақұлдау немесе қосылу туралы оның құжаты сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні;
b) 45-бапқа сәйкес оларға Конвенция қолданылатын аумақтық бірлік үшін осы бапта көрсетілген хабарлама жасалғаннан кейін үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

47-бап

1. Кез келген мемлекет - Конвенцияға қатысушы депозитарийге жазбаша нысанда хабарлама жіберу жолымен оның күшін жоя алады.
2. Депозитарий хабарламаны алғаннан кейінгі он екі ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшін жою күшіне енеді. Хабарламада күшін жою күшіне енуі үшін неғұрлым ұзақ кезең көрсетілген кезде, күшін жою депозитарий хабарламаны алғаннан кейін осындай күшін жоюдың неғұрлым ұзақ кезеңі өткеннен кейін күшіне енеді.

48-бап

Депозитарий Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелері мемлекеттерді, оның он жетінші сессиясына қатысқан басқа да мемлекеттерді және 44-бапқа сәйкес оған қосылған мемлекеттерді, мыналар:
a) 43-бапта аталған қол қою, бекіту, қабылдау және мақұлдау туралы;
b) 44-бапта аталған қосылу және қосылуға байланысты қарсылықтар туралы;
с) 46-бапқа сәйкес Конвенцияның күшіне ену күні туралы;
d) 22, 23, 25 және 45-баптарда аталған мәлімдемелер мен тағайындаулар туралы;
е) 39-бапта аталған келісімдер туралы;
f) 47-бапта аталған күшін жоюлар туралы хабардар етеді.
Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген, төменде қол қойғандар осы Конвенцияға қол қойды.
1993 жылғы 29 мамырда Гаагада ағылшын және француз тілдерінде бір данада жасалды, оның үстіне екі мәтіннің дәлдігі бірдей болып табылады, ол Нидерланды Корольдігі Үкіметінің мұрағатында сақтауға тапсырылады. Оның куәландырылған көшірмелері дипломатиялық арналар арқылы әрбір мемлекетке - оның он жетінші сессиясы өткізілген күнге Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелеріне және осы сессияға қатысқан әрбір басқа да мемлекетке жіберіледі.

Албания Республикасы үшін
(қолы) Энджил БЕГАЛЛА
12-09-00

Федеративтік Герания Республикасы үшін
(қолы) Е.ФОН ПУТТКАМЕР
7-11-97

Америка Құрама Штаттары үшін
(қолы) К.ТЕРРИ ДОРНБУШ
3-31-94

Аргентина Республикасы үшін

Австралия үшін
(қолы) Е.Ф.ДЕЛОФСКИ - бекітілуі тиіс
25-8-98

Австрия Республикасы үшін
(қолы) АЛЕКСАНДР КРИСТИАНИ
18-12-98

Беларусь Республикасы үшін
(қолы) В.ЛАБУНОВ
10-12-97

Бельгия Корольдігі үшін
27.01.99
(қолы) ДЖОАН СВИННЕН, Бельгия Елшісі

Бұл қойылған қол Француз қоғамдастығын және Герман тілді
қоғамдастықты да міндеттейді
(қолы) ДЖОЕЗ АЕЛВОЕТ, Фламанд қоғамдастығының атташесі

Бенин Республикасы үшін

Боливия Республикасы үшін
(қолы) Кармина МАНРИК ДЕ САМАРЛИНИ
10-11-2000

Бразилия Республикасы үшін
(қолы) АЛЬФОНСО АРИНОС ДЕ МЕЛЛО-ФРАНКО

Болгария Республикасы үшін КАМЕНВЕЛИЧКОВ
Бекітілуге тиіс 2001 жылғы 27 ақпан

Буркина Фасо үшін
(қолы) САЛИФО РИГОБЕРТ КОНГО
1994 жылғы 19 сәуір

Канада үшін
(қолы) МАЙКЛ Р.БЕЛ
1994 жылғы 12 сәуір

Чили Республикасы үшін
(қолы) ЛЬЮИС Г.ПАСКАЛЬ
13.7.99

Қытай Халық Республикасы үшін
(қолы) ХУА ЛИМИНГ
2000 жылғы 30 қараша

Кипр Республикасы үшін
(қолы) Н.АГАТ ОКЛЕУС
1994 жылғы 17 қараша

Коломбо Республикасы үшін
(қолы) А.ВИЛЛАМИЗАР
1993 жылғы 1 қыркүйек

Корея Республикасы үшін

Коста Рика Республикасы үшін
(қолы) АЛЬФОНСИНА С.ДЕ ЧАВАРРИА

Дания Корольдігі үшін
(қолы) ДЖАКОБ РИТТЕР
1997 жылғы 2 шілде

Египет Араб Республикасы үшін

Эль Сальвадор Республикасы үшін
(қолы) ДЖОАКИН РОДЕЗНО
1996 жылғы 21 қараша

Эквадор Республикасы үшін
(қолы) АБЕЛАРДО ПОССО СЕРРАНО
1994 жылғы 3 мамыр

Испания Республикасы үшін
(қолы) Р.ПАСТОР РИДРУДЖО
27-3-95

Финляндия Республикасы үшін
(қолы) РИТВА КОУККО-РОНДЕ
1994 жылғы 19 сәуір

Француз Республикасы үшін
(қолы) Д.БЕРНАРД
1995 жылғы 5 сәуір

Ўлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігі үшін
(қолы) Р.Р. ФЛАУЭР
1994 жылғы 12 қаңтар

Гаити Республикасы үшін

Грек Республикасы үшін

Гондурас Республикасы үшін

Венгрия Республикасы үшін

Үндістан Республикасы үшін
(қолы) С.Б. ГОСВИК
09-1-03

Индонезия Республикасы үшін

Ирландия Республикасы үшін
(қолы) ДЖОН СВИФТ
1996 жылғы 19 маусым

Израиль Мемлекеті үшін
(қолы) М.БАВЛИ
2.11.93

Итальян Республикасы үшін
(қолы) Р.ТАЛЛАРИГО
1995 жылғы 11 желтоқсан

Жапония үшін

Кения Республикасы үшін

Латвия Республикасы үшін
(қолы) К.АЙЕНБАУМС
29.05.2002

Ливан Республикасы үшін

Люксембург Ўлы Герцогтыгы үшін
(қолы) Х. ВУРТ
6-6-95

Мадагаскар Республикасы үшін
(қолы) ДЖИН ОМАР БЕРЕЗИКИ
12-05-2004

Маврикий Республикасы үшін

Мексика Құрама Штаттары үшін
(қолы) ДЖ.Л.СИКВЕЙРОС

Непал Корольдігі үшін

Норвегия Корольдігі үшін
(қолы) А.Л.ЛАНГЕЛАНД
20-5-1996

Панама Республикасы үшін
(қолы) ЕЛЕНА БАРЛЕТТА ДЕ НОТТЕНБОМ
15.06.99

Нидерланды Корольдігі үшін
(қолы) П.Х. КООИЙМАНС
5.12.93

Перу Республикасы үшін
(қолы) Дж. КОЛУНГ ВИЛЛАКОРТА
16 қараша, 94

Филиппины Республикасы үшін
(қолы) Р.С.САНЧЕС

Польша Республикасы үшін
(қолы) С.КОМОРОВСКИ
12.06.95

Португал Республикасы үшін
(қолы) ГОНСАЛО АЙРЕС ДЕ САНТА КЛАРА ГОМЕС
26 тамыз 99

Румыния үшін
(қолы) ЯНМ.АНГХЕЛЬ

Ресей Федерациясы үшін
(қолы) А.Г.ХОДАКОВ
2000 жылғы 7 қыркүйек

Ватикан үшін

Сенегал Республикасы үшін

Словак Республикасы үшін
(қолы) ЯН КАРНОГУРСКИ
1999 ж. 1 маусым

Словения Республикасы үшін
(қолы) БОРИС ФРЛЕК
2002 жылғы 24 қаңтар

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы үшін
(қолы) П.Г.КАРУНАЗИРИ
1994 жылғы 24 мамыр

Швеция Корольдігі үшін
(қолы) С.БЛОМСТРАНД
1996-10-10

Швейцария Конфедерациясы үшін
(қолы) А.РЕГГ
1995 жылғы 16 қаңтар

Суринам Республикасы үшін

Чех Республикасы үшін
Х.БАМБАСОВА
1999 ж. 1 желтоқсан

Тайланд Корольдігі үшін
(қолы) Т.ДУАНГРАТАНА
29-04-04

Түркия Республикасы үшін
(қолы) АЙДАНКАРАХАН
5-12-01

Уругвай Республикасы үшін
(қолы) ХУАН АНДРЕС ПАЧЕХО
1993 ж. 1 қыркүйек

Венесуэла Республикасы үшін
(қолы) С.Е.НОНЕС
10-1-97

Вьетнам Социалистік Республикасы үшін

Түпнұсқадан куәландырылған
дұрыс көшірмесі

Нидерланды Корольдігі
Сыртқы істер министрлігі
Конвенциялар бөлімінің
басшысы үшін

қолы

Осы мәтін қазақ тілінің ағылшын тілінен аударылған нақты аудармасы болып табылатынын куәландырамыз.

Вице-министр А. Әбдімомынов

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina