Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 301-IV Заңы
Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөліктеріне арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми пікірлерді өзара мойындау шарттары туралы КЕЛІСІМ
2 Қайта қарау
(1995 жылғы 16 қазандағы күшіне енген түзетулер кіреді)
БІРІККЕН Ўлттар ЎЙЫМЫ
__________________________ Келісімнің бұрынғы аты:
1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Механикалық көлік құралдарының жабдықтау заттары мен бөліктерін ресми пікірлерді өзара мойындау туралы ресми пікірлердің өзара шарттарын қабылдау туралы келісім.
Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісім1
Кіріспе
Уағдаласушы тараптар,
Женевада 1958 жылғы 20 наурызда жасалған Механикалық көлік құралдарының жабдықтау заттары мен бөлшектерін ресми бекітудің біркелкі шарттарын қабылдау туралы және ресми бекітуді өзара тану туралы келісімге түзетулер енгізуге шешім қабылдай отырып, және
кейбір дөңгелекті көлік құралдарын, бұйымдар мен жабдықтарды және бөлшектерді пайдалану мақсатында дайындайтын елдерде олар жауап беруі тиіс біркелкі техникалық ұйғарымдар белгілеуге ниеттене отырып,
мүмкіндігінше, осы техникалық ұйғарымдарды өз елдерінде бекітуге ниеттене отырып,
екінші Уағдаласушы тараптың құзыретті органдарының осы ұйғарымдары негізінде ресми бекітілген көлік құралдарын, жабдықтау заттары мен бөлшектерді өз елдерінде пайдалануды жеңілдетуге ниеттене отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
1. Уағдаласушы тараптар 1-толықтыруда айтылған рәсім ережелеріне сәйкес және төмендегі баптар мен тармақтардан тұратын ережелердің негізінде барлық Уағдаласушы тараптардан тұратын Јкімшілік комитеті арқылы Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған ережелерді белгілейді. Қажет болғанда техникалық талаптар балама нұсқаларды қамтитын болады және, мүмкіндігінше, пайдалану сипаттамаларына бағдарланатын және сынау әдістерінің сипаттамасын қамтитын болады. Конструкцияның типі және оларды өзара тану бойынша ресми бекітулерді ұсыну шарттары конструкцияның типі бойынша ресми бекіту жолымен осы ережелерді қолдануды шешетін сол Уағдаласушы тараптардың оларды пайдалануы үшін енгізілетін болады. Осы Келісімнің мақсаттары үшін: «Дөңгелекті көлік құралдары, жабдықтау заттары мен бөлшектер» термині сипаттамалары жол қозғалысы қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғауға және қуатты үнемдеуге әсер ететін кез келген дөңгелекті көлік құралдарын, жабдықтау заттары мен бөлшектерді қамтиды. «Ереже негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту» термині сол арқылы Уағдаласушы тараптың құзыретті органдары қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін дайындаушы ұсынған көлік құралы, жабдықтау заттары немесе бөлшектер осы Ереженің ұйғарымдарына жауап беретіні туралы мәлімдейтін әкімшілік рәсімді білдіреді. Кейіннен дайындаушы нарықта пайда болған барлық көлік құралдары, жабдықтау заттары мен бөлшектер ресми бекітілген типке толық сәйкестікте дайындалғанын куәландырады. Ресми бекіту рәсімінің орнына осы Ережені қолдану мақсаты үшін түрлі әкімшілік рәсімдер пайдаланылуы мүмкін. Еуропалық экономикалық комиссияға мүше кейбір мемлекеттерде қолданылатын жалпыға белгілі жалғыз әкімшілік рәсім өзіндік сертификаттау рәсімі болып табылады, сол арқылы дайындаушы қандай да бір алдын ала әкімшілік бақылаусыз нарықта пайда болған әрбір бұйым осы Ереженің талаптарына жауап беретінін куәландырады; құзыретті әкімшілік органдар нарықта іріктеп тексеру жолымен өзіндік сертификаттау рәсімінің негізінде ресми бекітілген бұйымдардың осы Ереженің ұйғарымдарына сәйкестігін тексере алады. 2. Јкімшілік комитетінің құрамына 1-толықтыруда айтылған рәсім ережелеріне сәйкес барлық Уағдаласушы тараптар кіреді. 1-толықтыруда көрсетілген рәсімге сәйкес Ереже белгіленгеннен кейін Јкімшілік комитеті оларды бұдан әрі «Бас хатшы» деп аталатын Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысына жібереді. Мұнан сон, Бас хатшы қысқа мерзімде Уағдаласушы талаптарға осы Ереже туралы хабарлайды. Егер Бас хатшы хабарлаған сәттен бастап алты ай ішінде хабарлау сәтінде Уағдаласушы тарап болып табылатын олардың үштен бірінен астамы осы Ережемен өзінің келіспейтіні туралы Бас хатшығы хабарламаса, Ереже қабылданған болып есептеледі. Ереже мынадай аспектілерді қамтиды: (а) тиісті дөңгелекті көлік құралдары, жабдықтау заттары немесе бөлшектер; (b) қажет болғанда балама нұсқаларды қамтуы мүмкін техникалық талаптар; (c) олардың көмегімен пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар расталуы тиіс сынақ әдістері; (d) ресми бекітудің кез келген белгісін және бұйымның белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету шарттарын қоса алғанда, конструкция типі бойынша және оларды өзара тануды ресми бекітудің ұсынылу шарттары; (e) осы Ереженің күшіне енетін күні (күндері). Қажет болған жағдайда Ережеде ресми бекітуге ұсынылған дөңгелекті көлік құралдарының типтерін, жабдықтау заттарын немесе бөлшектерді қабылдау сынақтары өткізілуі тиіс құзыретті органдар аккредиттеген зертханаларға сілтеме жасалуы мүмкін. 3. Ереже қабылданғаннан кейін Бас хатшы Уағдаласушы тараптардың қайсысы өзінің келіспейтінін білдіргенін және олардың қайсысына қатысты осы Ереже күшіне енбейтінін көрсете отырып, барлық Уағдаласушы тараптарға бұл туралы қысқа мерзімде хабарлайды. 4. Қабылданған Ереже осы Келісімге қоса берілетін Ереже ретінде өзінің келіспейтіні туралы хабарлама жібермеген барлық Уағдаласушы тараптар үшін олар белгіленген мерзімде (мерзімдерде) күшіне енеді. 5. Қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған сәтте кез келген жаңа Уағдаласушы тарап осы Келісімге қоса берілетін кейбір Ережелерге өзінің байланысты емес екенін немесе олардың ешқайсысымен өзінің байланысты емес екенін мәлімдей алады. Егер осы баптың 2, 3 және 4 тармақтарында көзделетін рәсім қандай да бір Ереженің жобасына немесе қабылданған Ережеге қатысты осы уақытта жүргізіліп жатқан болса, Бас хатшы осы жобаны немесе қабылданған Ережені жаңа Уағдаласушы тарапқа жібереді және олар осы баптың 4-тармағында көрсетілетін шарттарда ғана Ереже ретінде жаңа Уағдаласушы тарап үшін күшіне енеді. Бас хатшы барлық Уағдаласушы тараптарға осы Ереженің күшіне енген күні туралы хабарлайды. Сондай-ақ Бас хатшы осы тармақтың ережелеріне сәйкес кез келген Уағдаласушы тарап жасай алатын кейбір Ережелерді қолданбау туралы барлық мәлімдемелерді олардың назарына жеткізеді. 6. Қандай да бір Ережені қолданатын кез келген Уағдаласушы тарап кез келген сәтте оның әкімшілігі оларды қолдануды тоқтату ниетінде екені туралы бір жыл бұрын Бас хатшыға хабарлай алады. Бас хатшы мұндай хабарламаны басқа Уағдаласушы тараптарға жібереді. Ўсынылған ресми бекітулер олардың күші жойылған сәтке дейін әрекет етеді. Егер қандай да бір Уағдаласушы тарап қандай да бір Ереженің негізінде ресми бекітулер беруді тоқтаса, ол: конструкциясының типі бойынша ол бұрын оларға қатысты ресми бекіту ұсынған бұйымдар өндірісінің сәйкестігін тиісінше бақылауды қамтамасыз етеді; осы Ережені қолдануды жалғастырушы қандай да бір Уағдаласушы тараптан сәйкессіздік туралы хабарлама алған жағдайда 4-бапта айтылған қажетті шараларды қабылдайды; 5-бапта көзделгендей, ресми бекітулердің күші жойылғаны туралы басқа Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарын хабардар етуді жалғастырады; бар ресми бекітулердің таратылуын ұсынуды жалғастырады. 7. Қандай да бір Ережені қолданбайтын кез келген Уағдаласушы тарап кез келген уақытта Бас хатшыға болашақта оны қолдануға оның ниетті екенін хабарлай алады; кейіннен бұл Ереже осындай хабарламадан кейін алпысыншы күні осы Тарап үшін күшіне енеді. Бас хатшы осы тармақтың ережелеріне сәйкес жаңа Уағдаласушы тарап үшін Ереже күшіне енетін әрбір жағдай туралы барлық Уағдаласушы тараптарға хабарлайды. 8. Қандай да бір Ереже оларға қатысты әрекет ететін Уағдаласушы тараптар бұдан әрі «Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптар» деп аталатын болады.
2-бап
Негізінен конструкциясының типі бойынша ресми бекіту арқылы Ережені қолданатын әрбір Уағдаласушы тарап 2-толықтыруда көзделгендей, осы бұйымның ресми бекітілген типке сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құзыретке ие болған және шаралармен қанағаттандырылған жағдайда осы Ереже қолданылатын дөңгелекті көлік құралдарының, жабдықтау заттарының немесе бөлшектердің осы типтеріне арналған кез келген Ережеде сипатталған конструкция бойынша ресми бекітулер мен ресми бекіту белгілерін ұсынады. Конструкцияның типі бойынша ресми бекіту арқылы Ережені қолданатын әрбір Уағдаласушы тарап, егер жоғарыда айтылған талаптар орындалмаған болса, конструкцияның типі бойынша ресми бекітулерді және ресми бекіту белгілерін ұсынудан бас тартады.
3-бап
Осы Келісімнің 2-бабына сәйкес қандай да бір Уағдаласушы тарап оларға қатысты конструкцияның типі бойынша ресми бекіту ұсынған және Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптың аумағында не Уағдаласушы тарап көрсеткен, қарастырылып отырған дөңгелекті көлік құралдарының, жабдықтау заттарының немесе бөлшектердің типтерін тиісті түрде реми біткен басқа елдің аумағында дайындалған дөңгелекті көлік құралдары, жабдықтау заттары немесе бөлшектер конструкцияның типі бойынша ресми бекіту арқылы көрсетілген Ережені қолданатын барлық Уағдаласушы тараптардың заңнамасына жауап беретін болып есептеледі.
4-бап
Егер конструкцияның типі бойынша ресми бекіту арқылы Ережені қолданатын қандай да бір Уағдаласушы тараптың құзыретті органдары көрсетілген Ережеге сәйкес Уағдаласушы тараптардың бірі берген, ресми бекіту белгісі бар кейбір дөңгелекті көлік құралдары, жабдықтау заттары немесе бөлшектер ресми бекітілген типтерге сәйкес келмейтінін анықтаса, олар ресми бекіту берген Уағдаласушы тараптың құзыретті органдарына бұл туралы хабарлайды. Осы Уағдаласушы тарап бұл бұйымдарды ресми бекітілген типтерге сәйкес келтіру үшін қажетті шараларды қабылдайды және конструкцияның типі бойынша ресми бекіту арқылы Ережені қолданатын басқа Уағдаласушы тараптарға қажет болғанда ресми бекітудің күшін жоюды қамти алатын өзі қабылдаған шаралар туралы хабарлайды. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне немесе қоршаған ортаға қауіп төнуі мүмкін болғанда және ресми бекітілген типке (типтерге) сәйкессіздік туралы ақпарат алғаннан кейін ресми бекіту берген Уағдаласушы тарап соның нәтижесінде барлық Уағдаласушы тараптарға қалыптасқан жағдай туралы хабарлайды. Уағдаласушы тараптар өз аумағында мұндай дөңгелекті көлік құралдарын, жабдықтау заттарын немесе бөлшектерді сатуға және пайдалануға тыйым сала алады.
5-бап
Конструкцияның типі бойынша ресми бекіту арқылы ережені қолданатын әрбір Уағдаласушы тараптың құзыретті органдары ай сайын басқа Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарына ресми бекітуден бас тартқан немесе ресми бекітілуі осы айдың ішінде күшін жойған дөңгелекті көлік құралдарының, жабдықтау заттарының немесе бөлшектердің тізбесін жібереді; бұдан басқа, конструкцияның типі бойынша ресми бекіту арқылы Ережені қолданатын басқа Уағдаласушы тараптың құзыретті органынан сұрау салу алғаннан кейін осы құзыретті органға осы Ереженің негізінде дөңгелекті көлік құралын, жабдықтау заттарын немесе бөлшектерді ұсыну, ұсынудан бас тарту немесе ресми бекітудің күшін жою туралы өз шешімін негіздеу үшін барлық тиісті ақпаратты жібереді.
6-бап
1. Еуропалық экономикалық комиссияға мүше елдер, Комиссияны жүргізу шеңбері туралы ереженің 8-тармағына сәйкес консультациялық мәртебесі бар Комиссияның жұмысына қатысуға рұқсат берілген елдер және қатысушы мемлекеттер үшін міндетті күші бар шешімдер қабылдау өкілеттігін қоса алғанда, осы Келісімде қамтылатын мәселелер бойынша оларға мүше мемлекеттер өкілеттіктер берген Еуропалық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттер құрған өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы Келісімнің Уағдаласушы тараптары бола алады. 1-баптың 2-тармағында және 12-баптың 2-тармағында айтылған дауыстар санын анықтау мақсатында өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары Еуропалық экономикалық комиссияға мүше болып табылатын өздерінің мүше мемлекеттерінің саны бойынша дауыстар санын біле отырып, дауыс беруге қатысады. 2. Комиссияны жүргізу шеңбері туралы ереженің 11-тармағына сәйкес Еуропалық комиссия қызметінің кейбір түрлеріне қатысуы мүмкін Біріккен Ўлттар Ўйымына мүше елдер және оларға мүше мемлекеттер үшін міндетті күші бар шешімдер қабылдау өкілеттігін қоса алғанда, осы Келісімде қамтылатын мәселелер бойынша оларға мүше мемлекеттер өкілеттіктер берген осы елдердің өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы Келісімнің Уағдаласушы тараптары бола алады. 1-баптың 2-тармағында және 12-баптың 2-тармағында айтылған дауыстар санын анықтау мақсатында өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары Біріккен Ўлттар Ўйымының мүшесі болып табылатын өздерінің мүше мемлекеттерінің саны бойынша дауыстар санын біле отырып, дауыс беруге қатысады. 3. Енгізілген түзетулері бар Келісімге 1958 жылғы Келісімнің тараптары болып табылмайтын жаңа Уағдаласушы тараптардың қосылуы енгізілген түзетулері бар Келісім күшіне енгеннен кейін тиісті құжатты сақтау үшін Бас хатшыға тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
7-бап
1. Енгізілген түзетулері бар Келісім 1958 жылғы Келісімнің барлық Уағдаласушы тараптарына Бас хатшы оны жіберген сәттен бастап тоғыз ай өткен соң күшіне енеді деп есептеледі. 2. Егер 1958 жылғы Келісімнің Уағдаласушы тараптары Бас хатшы оларға оны жіберген сәттен бастап алты ай кезең ішінде кез келген қарсылық білдірсе, енгізілген түзетулерімен Келісім күшіне енбейді деп есептеледі. 3. Енгізілген түзетулері бар осы Келісімге қосылушы кез келген жаңа Уағдаласушы тарап үшін енгізілген түзетулері бар Келісім қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған сәттен бастап алпысыншы күні күшіне енеді.
8-бап
1. Кез келген Уағдаласушы тарап Бас хатшыға тиісті хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнің күшін жоя алады. 2. Күшін жою Бас хатшы осындай хабарлама алған күннен бастап он екі айдан кейін күшіне енеді.
9-бап
1. Осы Келісімнің 6-бабында белгіленген кез келген Уағдаласушы тарап қосылу сәтінде немесе кез келген кейінгі уақыт сәтінде Бас хатшыға тиісті хабарлама жібере отырып, осы Келісімнің әрекеті сыртқы қатынаста ол жауапты болып табылатын барлық немесе кез келген аумаққа таралатыны туралы жариялай алады. Келісім хабарламада көрсетілген аумақта немесе аумақтарда Бас хатшы оны алған сәттен бастап алпысыншы күннен бастап қолданылады. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес сыртқы қатынас үшін жауапты кез келген аумаққа осы Келісімнің қолданылуын тарату туралы мәлімдеме жасаған, осы Келісімнің 6-бабында айқындалған кез келген жаңа Уағдаласушы тарап 8-баптың ережелеріне сәйкес осы аумаққа қатысты Келісімнің күшін жеке жоя алады.
10-бап
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе одан көп Уағдаласушы тараптар арасындағы кез келген дау, мүмкіндігінше, олардың арасындағы келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. 2. Келіссөздер арқылы шешілмейтін кез келген дау дауға қатысушы Уағдаласушы тараптардың бірінің талап етуі бойынша аралық талқылауға жіберіледі және дауласушы Тараптардың ортақ келісімі бойынша тиісінше таңдап алынған бір немесе бірнеше төрешіге қарауға беріледі. Егер аралық талқылау өткізу туралы талап түскеннен кейін үш ай ішінде дауласушы Тараптар төрешіні немесе төрешілерді таңдауға қатысты келісімге келе алмаса, Тараптардың кез келгені Бас хатшыға шешу үшін осы дау берілетін бір төрешіні тағайындау туралы өтініш білдіре алады. 3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес тағайындалған төреші немесе төрешілер шешімінің дауға қатысушы Уағдаласушы тараптар үшін міндетті күші болады.
11-бап
1. Јрбір жаңа Уағдаласушы тарап осы Келісімге қосылу кезінде ол өзін Келісімнің 10-бабымен байланыстымын деп есептемейтінін мәлімдей алады. Басқа Уағдаласушы тараптар осындай ескертпе жасаған кез келген жаңа Уағдаласушы тарапқа қатысты 10-баппен байланысты болмайды. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ескертпе жасаған кез келген Уағдаласушы тарап Бас хатшыға тиісті хабарлама жіберу арқылы кез келген сәтте оны алып тастай алады. 3. Осы Келісімге немесе оған қоса берілетін Ережеге ешқандай өзге ескертпелер жасауға жол берілмейді, алайда кез келген Уағдаласушы тарап 1-баптың ережелеріне сәйкес ол кейбір Ережелерді қолдануға ниеттенбейтінін немесе олардың бір де біреуін қолдануға ниеттенбейтінін мәлімдемей алады.
12-бап
Осы Келісімге қоса берілетін Ережеге түзету енгізу мына рәсімге сәйкес жүргізіле алады: 1. Ережеге түзетулерді 1-толықтыруда көрсетілген рәсімге сәйкес 1-баптың 2-тармағында көзделгендей, Јкімшілік комитеті қабылдайды. Қажет болғанда түзету балама нұсқа ретінде қазіргі бар талаптарды қамтуы мүмкін. Уағдаласушы тараптар Ереже шеңберінде олар қандай балама нұсқаларды қолданатынын көрсетеді. Ереже шеңберінде балама нұсқаны (нұсқауларды) қолданатын Уағдаласушы тараптар белгілі бір Ереже шеңберінде алдыңғы балама нұсқаның (нұсқаулардың) негізінде ұсынылған ресми бекітулерді мойындау міндеттемесімен байланысты емес. Тек ең соңғы түзетулерді ғана қолданатын Уағдаласушы тараптар алдыңғы түзетулердің немесе енгізілген түзетулерсіз Ереженің негізінде ұсынылған ресми бекітулерді мойындау міндеттемесімен байланысты емес. Бұрын енгізілген түзетулер сериясымен Ережені немесе енгізілген түзетулерсіз Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптар кешірек енгізілген түзетулер сериясына сәйкес ұсынылған ресми бекітулерді мойындайды. Ережеге түзетулерді қабылдағаннан кейін Јкімшілік комитеті оны Бас хатшыға жібереді. Мұнан соң Бас хатшы қысқа мерзімде бұл түзету туралы осы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптарға хабарлайды. 2. Егер Бас хатшы хабарлаған сәттен бастап алты ай ішінде хабарлау сәтінде Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың үштен бірінен астамы осы түзетумен өзінің келіспейтіні туралы Бас хатшыға хабарламаса, Ережеге түзету қабылданды деп есептеледі. Егер осы кезең өткеннен кейін Бас хатшы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың үштен бірінен астамынан келіспеу туралы мәлімдеме алмаса, қысқа мерзімде Бас хатшы түзету міндетті деп есептелетіні және онымен өзінің келіспейтіні туралы мәлімдемеген Ережені қолданушы Уағдаласушы тараптар үшін міндетті болып есептелетіні туралы жариялайды. Егер Ережеге түзету енгізілсе және енгізілген түзетулерсіз Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың кемінде бестен бірі енгізілген түзетулерсіз Ережені одан әрі де қолдануды дұрыс көретінін кейіннен мәлімдесе, онда енгізілген түзетулерсіз Ереже енгізілген түзетулері бар Ережеге балама ретінде қаралатын болады және осындай ретінде Ережеге ресми түрде енгізілетін болады әрі олар бұл түзету қабылданған немесе күшіне енген сәттен бастап күшіне енеді. Бұл жағдайда осы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптарға 1-тармақта айтылған міндеттемелерге ұқсас міндеттемелер жүктеледі. 3. Егер қандай да бір жаңа Уағдаласушы тарап Ережеге түзету туралы хабарламаны Бас хатшының жіберуі мен оның күшіне енуі арасындағы кезеңде осы Келісімге қосылса, онда бұл Ереже осы Уағдаласушы тарап үшін ол осы түзетуді ресми түрде қабылдағаннан кейін екі айдан кейін ғана немесе ұсынылған түзету туралы Бас хатшы осы Тарапты хабардар еткен сәттен бастап алты ай кезең өткеннен кейін екі айдан соң күшіне енеді.
13-бап
Келісімнің өзінің мәтініне және оған қосу үшін түзетулер енгізу мына рәсімге сәйкес жүргізілуі мүмкін: 1. Кез келген Уағдаласушы тарап осы Келісімге және оған қосымшаларға бір немесе одан көп түзетулер ұсынуы мүмкін. Келісімге және оған қосымшаларға ұсынылған кез келген түзету мәтіні Бас хатшыға жіберіледі, ол оны әрі қарай барлық Уағдаласушы тараптарға жібереді және осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық басқа елдерге хабарлайды. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес әрі қарай жіберілген кез келген ұсынылған түзету егер Бас хатшы ұсынылған түзетуді әрі қарай жіберген күннен бастап алты ай мерзім ішінде Уағдаласушы тараптардың бір де бірі қарсылық ұсынбаса, қабылданды деп есептеледі. 3. Бас хатшы қысқа мерзімде ұсынылған түзетуге әрбір қарсылық туралы барлық Уағдаласушы тарапқа хабарлайды. Егер ұсынылған түзетуге қарсылық айтылса, ол бас тартылған деп есептеледі және оның ешқандай күші болмайды. Қарсылық болмағанда түзету барлық Уағдаласушы тараптар үшін осы баптың 2-тармағында көзделген алты ай мерзім өткеннен кейін үш айдан соң күшіне енеді.
14-бап
Осы Келісімнің 1, 12 және 13-баптарында айтылған хабарламалармен қатар Бас хатшы Уағдаласушы тараптарға: (а) 6-бапқа сәйкес қосылу жағдайлары туралы; (b) 7-бапқа сәйкес осы Келісімнің күшіне енетін күндері туралы; (c) 8-бапқа сәйкес күшін жою жағдайлары туралы; (d) 9-бапқа сәйкес алынған хабарламалар туралы; (e) 11-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес алынған мәлімдемелер мен хабарламалар туралы; (f) 12-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кез келген түзетудің күшіне енуі туралы; (g) 13-баптың 3-тармағына сәйкес кез келген түзетудің күшіне енуіне дейін хабарлайды.
15-бап
1. Егер жоғарыда айтылған ережелерді қолдану күніне Келісімнің 1-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген рәсімдер жаңа Ережені қабылдау мақсатында түзетулерсіз басталса, онда осы жаңа Ереже аталған баптың 5-тармағына сәйкес күшіне енеді. 2. Егер жоғарыда айтылған ережелерді қолдану күніне Келісімнің 12-бабының 1-тармағында көзделген рәсімдер қандай да бір Ережеге түзету қабылдау мақсатында басталса, онда бұл түзету аталған баптың ережелеріне сәйкес күшіне енеді. 3. Егер осы Келісімнің барлық Уағдаласушы тараптары келісім берсе, түзетулерсіз Келісімнің ережелеріне сәйкес қабылданған кез келген Ереже жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес қабылданған Ереже ретінде қаралуы мүмкін.
_____________________________ 1Келісімнің бұрынғы атауы: Женевада 1958 жылғы 20 наурызда жасалған Механикалық көлік құралдарының жабдықтау заттары мен бөлшектерін ресми бекітудің біркелкі шарттарын қабылдау туралы және ресми бекітуді өзара тану туралы келісім.
1-қосымша
Јкімшілік комитеттің құрамы және рәсімдері ережесі
1-бап
Јкімшілік комитеттің құрамына енгізілген түзетулерімен Келісімнің барлық Уағдаласушы тараптары кіреді.
2-бап
Біріккен Ўлттар Ўйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Комитетке хатшылық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
3-бап
Жыл сайын өзінің бірінші сессиясында Комитет төраға мен төрағаның орынбасарын сайлайды.
4-бап
Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы Еуропалық экономикалық комиссиясының қолдауымен жаңа Ереже немесе Ережеге түзету қабылдау қажет болған барлық жағдайда Комитетті шақырады.
5-бап
Ўсынылатын жаңа Ереже дауысқа салынады. Јрбір ел - Келісімнің Уағдаласушы тарапы бір дауысқа ие. Шешімдер қабылдау үшін Уағдаласушы тараптардың кемінде жартысының құрамында кворум талап етіледі. Кворум белгілеу мақсатында Келісімнің Уағдаласушы тараптары болып табылатын өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары өзіне мүше мемлекеттердің саны бойынша дауыс сандарын орналастыра отырып, дауыс беруге қатысады. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымының құрамына кіретін егемен мемлекеттер үшін дауыс бере алады. Жаңа Ереже жобасы мүшелердің дауыс беруде болғандар мен қатысушылар санының үштен екісінің басым даусымен қабылданады.
6-бап
Ережеге ұсынылатын түзетулер дауысқа салынады. Јрбір ел - осы Ережені қолданатын Келісімнің Уағдаласушы тарапы бір дауысқа ие. Шешім қабылдау үшін осы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың кемінде жартысының құрамында кворум талап етіледі. Кворум белгілеу мақсатында Келісімнің Уағдаласушы тараптары болып табылатын өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары өзіне мүше мемлекеттердің саны бойынша дауыс сандарын орналастыра отырып, дауыс беруге қатысады. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымының өкілі осы Ережені қолданатын ұйым құрамына кіретін егемен мемлекеттер үшін дауыс бере алады. Ережеге түзетулер жобасы мүшелердің дауыс беруде болғандар мен қатысушылар санының үштен екісінің басым даусымен қабылданады.
2-қосымша
Өндіріс әдістерінің сәйкестігі
1. Бастапқы баға 1.1. Ресми бекіту беретін қандай да бір Уағдаласушы тараптың құзыретті органы көлік құралдары, жабдықтау заттары немесе бөлшектер өндіріс процесінде бекітілген типке сәйкес болуы үшін конструкцияның типі бойынша қанағаттанарлық шаралар мен рәсімдердің бар-жоғын тексеруі қанағаттанарлық шаралар мен тиімді бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің бар-жоғын тексеруі тиіс. 1.2. 1.1-тармақта көзделген талаптарды орындауды конструкцияның типі бойынша ресми бекіту берген орган тексеруі тиіс және сонымен қатар конструкцияның типі бойынша ресми бекіту берген органның атынан және өтініші бойынша ресми бекіту берген екінші Уағдаласушы тараптың құзыретті органы тексере алады. Бұл жағдайда соңғы айтылған құзыретті орган сәйкестігін растауды дайындайды, онда көрсетілген аймақтар мен өндірістік бірліктер конструкцияның типі бойынша бекітуге жататын бұйымдарды өндіру шарттарына сәйкес келетіні көрсетіледі. 1.3. Ресми бекіту берген құзыретті орган сонымен қатар келісілген ИСО 9002 стандартының (әрекеті ресми бекітуге жататын бұйымға (бұйымдарға) таралатын) немесе 1.1-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын осыған ұқсас аккредиттеу стандарты шеңберінде дайындаушының тіркелуін мойындауы тиіс. Дайындаушы тіркеу туралы жан-жақты ақпаратты ұсынуы және осы тіркеу мерзімі немесе әрекет саласындағы кез-келген өзгерістер туралы хабарлауы тиіс. 1.4 Екінші Уағдаласушы тараптың құзыретті органынан сұрау салу алған жағдайда ресми бекіту беретін орган кейін 1.2-тармақтың соңғы сөйлемінде аталған растауды жібереді немесе ол мұндай растауды бере алмайтыны туралы хабарлайды. 2. Өндіріс сәйкестігі 2.1. Осы Келісімге қоса берілетін Ереженің негізінде ресми бекітілген кез келген көлік құралы, жабдықтау заты немесе бөлшек осы қосымшада айтылған немесе жоғарыда аталған Ереженің талаптарын қанағаттандыра отырып, ресми бекітілген типке олар сәйкес келетіндей дайындалған болуы тиіс. 2.2. Осы Келісімге қоса берілетін Ереженің негізінде ресми бекіту беретін қандай да бір Уағдаласушы тараптың құзыретті органы балама шаралардың және тексеру жүргізудің құжатталған жоспарларының бар-жоғын тексеруі тиіс, олар әсіресе тиісті жағдайларда аталған Ережеде көрсетілген сынақтарды қоса алғанда, ресми бекітілген типке ұдайы сәйкестігін тексеру үшін қажет осындай сынақтарды немесе тиісті тексерулерді белгілі бір уақыт аралығынан кейін өткізу үшін әрбір ресми бекіту үшін дайындаушымен келісілген болуы қажет. 2.3. Ресми бекіту иесі, атап айтқанда: 2.3.1. ресми бекітілген типке бұйымдардың (көлік құралдары, жабдықтау заттары немесе бөлшектер) сәйкестігін тиімді бақылау рәсімдерінің болуын қамтамасыз етуге; 2.3.2. әрбір ресми бекітілген типтің сәйкестігін тексеру үшін қажетті бақылау жабдығына рұқсаты болуы; 2.3.3. сынақ нәтижелері туралы деректерді тіркеуді және ресми бекіту ұсынған құзыретті органмен келісім бойынша белгіленген уақыт кезеңі ішінде қоса берілетін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл кезең 10 жылдан аспауы керек. 2.3.4. өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында жол берілетін ауытқуларды ескере отырып, өнімнің тұрақты сипаттамаларын тексеру және ұстау мақсатында әр типтің нәтижелерін талдау; 2.3.5. бұйымның әр типі ең болмағанда осы қосымшада жазылған тексерулерден және қолданылатын Ережеде жазылған сынақтардан өтуін қамтамасыз етуге; 2.3.6. үлгілердің немесе сыналатын бөлшектердің кез келген таңдауында сынақтың осы түрін өткізу кезінде өнеркәсіп сәйкес келмеген жағдайда үлгілерді жаңадан таңдау және жаңа сынақтар жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс. 2.4. конструкция бойынша ресми бекіту ұсынған құзыретті орган кез келген уақытта әрбір өнеркәсіптік бірлікке қатысты қолданылатын бақылау әдістерінің сәйкестігін тексере алады. Бұл тексерулердің әдеттегі кезеңдегі осы қосымшаның 1.2 немесе 1.3-тармақтарына сәйкес көзделген шараларға (егер мұндай жүзеге асырылса) сай келуі тиіс және тиісті бақылау түрі құзырлы орган қалыптастырған сенім атмосферасына сәйкес уақыт кезеңінен кейін бақылаудың тиісті түрлері қайта қаралауын қамтамасыз ететіндей болуы керек. 2.4.1. әр тексеріс кезінде инспекторға сынақ хаттамалары мен техникалық бақылау журналдары ұсынылуы тиіс. 2.4.2. егер сынақ сипаты барабар болып табылса, инспектор тексерілуі дайындаушының (немесе техникалық қызмет, егер осы Келісімге қоса берілетін Ережеде көзделсе) зертханасында жүргізілетін үлгілерге еркін таңдау жүргізе алады. Үлгілердің ең аз санын дайындаушының өзі тексеру кезінде алынған нәтижелердің негізінде анықталуы мүмкін. 2.4.3. егер бақылау деңгейі қанағаттанарлықсыз болып табылса, немесе 2.4.2-тармаққа сәйкес жүргізілген сынақтардың дұрыстығын тексеру қажет болса, инспектор үлгілер алуға тиіс, олар конструкцияның типі бойынша ресми бекіту үшін сынақ жүргізетін техникалық қызметке жіберіледі. 2.4.4. Ресми бекіту беретін құзырлы орган осы қосымшада немесе осы Келісімге қоса берілетін қолданылатын Ережеде жазылған кез келген тексеріс немесе сынақ өткізе алады. 2.4.5. Тексерулердің бірінің барысында қанағаттанарлықсыз нәтижелер алған жағдайда ресми бекіту ұсынған құзыретті орган дереу өндіріс сәйкестігін қалпына келтіру үшін қажетті барлық шаралар қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс. Ағылшын, француз және орыс тілдерінде осы ережелердің нәтижесінде берілген ресми бекітілген өзара танылған жағдайлары туралы, түпнұсқасы Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Хатшысына сақтауға берілген, 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөліктеріне арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми пікірлерді өзара мойындау шарттары туралы келісімнің растайтын көшірмесі болатындығын осымен куәландырамын.
Құқықтық бюро Шарттық Секциясының директоры
Палиса Т.Б. Кохона
Нью-Йорк 2005 жылғы тамыз
|