ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 305-IV Заңы
Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімі ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі
келісімі

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері
кеден одағын қалыптастыру мақсатында
2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып,
ветеринария саласындағы бірыңғай саясат жүргізудің орындылығын тани отырып,
Халықаралық эпизоотиялық бюроның Жер жануарларының санитарлық кодексінің және Су жануарларының санитарлық кодексінің, сондай-ақ 1993 жылғы 12 наурыздағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің, 1994 жылғы 15 сәуірде Марракеш қаласында көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының қорытындылары бойынша қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісім мен Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімнің ережелері мен принциптерін назарға ала отырып,
кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«ветеринариялық бақылау (қадағалау)» - уәкілетті органдардың жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуіне және таралуына жол бермеуге, сондай-ақ кеден одағының заңнамасы мен Тараптар мемлекеттерінің ветеринария саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға, оның жолын кесуге бағытталған қызметі;
«ветеринариялық-санитариялық шаралар» - жануарлар ауруларының алдын алу және туындайтын қатерлерге байланысты, оның ішінде олар кеден одағының кедендік аумағының шегінде жануарлармен, жем-шөппен, жануарлардан алынатын шикізатпен және өніммен, сондай-ақ оларды тасымалдаған көлік құралдарымен бірге келген немесе таралған жағдайда адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықты қорғау мақсатында қолданылатын орындау үшін міндетті талаптар мен рәсімдер;
«уәкілетті органдар» - Тарап мемлекеттерінің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен мекемелері.
Осы Келісімде арнайы айқындалмаған терминдер кеден одағы шеңберінде жасалған басқа да халықаралық шарттарда белгіленген мағыналарда пайдаланылады.

2-бап

Осы Келісімнің әрекеті жеке пайдалануға арналған тауарларды қоса алғанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және кеден одағының кедендік аумағында өткізілетін, Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізілген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға (өнімге) (бұдан әрі - бақылаудағы тауарлар) қолданылады.
Бақылаудағы тауарлар Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі - Бірыңғай ветеринариялық талаптар) сәйкес болуы тиіс және Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі - Бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы ереже) сәйкес міндетті ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатады.

3-бап

Уәкілетті органдар бақылаудағы тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде не Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған, ветеринариялық бақылау құралдарымен жабдықталатын және жарақталатын өзге де орындарда (бұдан әрі - өткізу пункттері) Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

4-бап

1. Бақылаудағы тауарлардың әрбір легі кеден одағының кедендік аумағына Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес және мыналар: Бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес аумағына көрсетілген тауарлар әкелінетін мемлекеттің уәкілетті органы берген рұқсат пен көрсетілген тауарды жөнелтуші елдің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификаттың болған жағдайда әкелінеді.
Бірыңғай ветеринариялық талаптар негізінде уәкілетті органдар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, Бірыңғай тізбеге енгізілген бақылаудағы тауарларға арналған ветеринариялық сертификаттардың үлгілерін жөнелтуші елдің (үшінші тараптың) құзыретті органдарымен екі жақты тәртіппен келісе алады. Көрсетілген ветеринариялық сертификаттардың үлгілерін өткізу пункттеріне беру үшін олар Кеден одағының комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) жолданады.
Кедендік транзит рәсіміне қойылған бақылаудағы тауарлар кеден одағының кедендік аумағы бойынша Бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес тасымалданады.
2. Бақылаудағы тауарлар бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес тасымалданады және ветеринариялық сертификаты бірге жүреді.
Тараптар Комиссия бекітетін бірыңғай нысандар бойынша уәкілетті органдар беретін ветеринариялық сертификаттарды өзара мойындайды.

5-бап

1. Уәкілетті органдар Бірыңғай ветеринариялық талаптардың негізінде кеден одағының кедендік аумағына жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және жануарлардан алынатын, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті тауарлардың (өнімдердің) әкелінуіне және таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды.
2. Уәкілетті органдар:
өз мемлекеттерінің аумағында жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулары және жануарлардан алынатын, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті тауарлар (өнімдер) табылған және таралған жағдайда, диагноз ресми белгіленгеннен немесе тауарлардың (өнімдердің) қауіптілігі расталғаннан кейін олар туралы, сондай-ақ қабылданған ветеринариялық-санитариялық шаралар туралы ақпаратты ЕурАзЭҚ-тың Техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы ақпараттық жүйесіне және кеден одағының Сыртқы және өзара саудасының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне дереу жолдайды;
Комиссияны Тарап мемлекеті жануарларының қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесіндегі өзгерістер туралы уақтылы хабардар етеді;
ветеринария саласында бір-біріне ғылыми, әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді.

6-бап

1. Уәкілетті органдар қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулары қоздырғыштарын және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуінен және таралуынан қорғау жөніндегі кеден одағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерістер (инспекциялар) жүргізеді.
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілердің бірлескен тексерісі (инспекциясы) Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілердің бірлескен тексерістерін жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамасын алудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі - Тексерістердің бірыңғай тәртібі туралы ереже) сәйкес жүзеге асырылады.
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, бірлескен тексерістерді (инспекцияларды) жүргізуге байланысты шығыстарды қаржыландыру Тараптар мемлекеттерінің тиісті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

7-бап

1. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесі; Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар; Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереже, сондай-ақ Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілердің бірлескен тексерістерін жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамасын алудың бірыңғай тәртібі туралы ереже Комиссияның шешімімен бекітіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды, Тараптар мемлекеттері жануарларының қауіпті және карантиндік ауруларының жиынтық тізбесін жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органдар беретін ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандарын бекітуді Тараптар өзіне тиісті өкілеттіктерді берген күннен бастап Комиссия жүзеге асырады.
Осы баптың мақсаттары үшін осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кеден одағының құжаттарына белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды кейіннен бекіту және Тараптардың назарына жеткізу Комиссияның құжаттарды жүргізуі деп түсініледі.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар Тараптардың кез келгенінің уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша белгіленген тәртіппен Комиссияның қарауына енгізіледі.

8-бап

Тиісті халықаралық ұйымдардан, Тараптар мемлекеттерінен, сондай-ақ үшінші елдерден үшінші елдердің немесе Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауы туралы ресми ақпарат алынған жағдайда Тараптардың әрқайсысының уақытша ветеринариялық талаптар мен шаралар әзірлеуге және енгізуге құқығы бар.
Жоғарыда көрсетілген ақпарат бар болған, бірақ ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда немесе егер оны қажетті мерзімде беру мүмкін болмаса, Тараптар шұғыл ветеринариялық-санитариялық шаралар қабылдай алады.

9-бап

Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер Тараптардың бірінің консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы екінші Тарапқа жолдаған жазбаша ресми өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, онда Тараптар арасында дауды шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаса, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін береді.

10-бап

Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

11-бап

Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.

2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әр Тарапқа расталған көшірмесін жолдайды.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Осымен 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағының ветеринарлық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б.Пискорский

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina