ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республиксының 2011 жылғы 11...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республиксының 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 385-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат):
мынадай мазмұндағы 226-1-баппен толықтырылсын:

«226-1 бап. Рейдерлік

1. Заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденіп алу немесе жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларына, олардан үзінділерге дауыс берушілердің саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелері туралы көрiнеу дәйексіз мәліметтерді енгізу не дауыстарды санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердің есебін көрiнеу дәйексіз жүргізу, акционердің, басқару органына қатысушының, оның мүшесінің немесе атқарушы орган мүшесінің дауыс беруге нақты қолжетімділігін бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуі туралы мәліметтерді хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетін уақыты мен орны туралы дәйексіз мәліметтерді хабарлау, көрiнеу жалған сенімхат бойынша акционердің, басқару органына қатысушының немесе оның мүшесінің атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе нұқсан келтіру жолымен жоғары органның шешім қабылдауы кезінде дауыс беру нәтижелерін қасақана бұрмалау не құқықты еркін іске асыруға кедергі келтіру нәтижесінде заңды тұлғаның үстінен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезінде не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі бұзушылыққа әкеп соққан өзге де заңсыз тәсілдермен қасақана кедергілер жасау, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттер, –
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаса, егер олар оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат, № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат):
192-баптың үшінші бөлігі «226-бабында (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «226-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.

3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы

1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.
Корпоративтік дауларға (бұдан әрі – корпоративтік даулар) коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдардың қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) олардың бір тарабы болып табылатын:
1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты;
2) акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооператив мүшелерінің жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооператив мүшелері жарналарының тиесілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға байланысты;
3) заңды тұлғаның құрылтайшыларының, акционерлерінің, қатысушыларының, мүшелерінің (бұдан әрі – заңды тұлғаға қатысушылар) заңды тұлғаға келтірілген зиянды өтеу, заңды тұлғаның жасасқан мәмілелерін жарамсыз деп тану және (немесе) мұндай мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы талаптары бойынша;
4) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауапкершіліктеріне байланысты, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар;
5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты;
6) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін енгізуге байланысты туындайтын, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты даулар;
7) акциялар шығарудың мемлекеттік тіркелуін заңсыз деп тануға байланысты;
8) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы;
9) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы даулар жатады.
3. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау айтылуы мүмкін.
4. Соттар осы Кодекстің 25-29-тарауларында тізбеленген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды.
5. Соттар осы Кодекстің 289-бабында тізбеленген ерекше іс жүргізу істерін қарайды.
6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.
7. Заңмен соттардың құзыретіне жатқызылған басқа да істер соттарға ведомстволық бағынысты болады.».

4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат):

1) мынадай мазмұндағы 158-4-баппен толықтырылсын:

«158-4 бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны
туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау

Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, -
лауазымды адамдарға – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 541-баптың бірінші бөлігі «158-3,» деген цифрлардан кейін «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;

3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз үшінші абзацы «157,» деген цифрлардан кейін «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын.

5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):

1) 3-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.»;

2) 36-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (салық төлеушінің сәйкестендiру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы);»;

3) 41-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «тыйым салынады.» деген сөздер «тыйым салынады;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) борышкердің кепілге салынған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртiппен өндiрiп алуға тыйым салынады.».

6. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
34-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардан үлесті мәжбүрлеп сатып алу халықаралық стандарттар негізінде бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін тәуелсіз бағалаушы белгілеген нарық бағасы бойынша жүзеге асырылады.».

2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептелсін.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina