ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 395-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.».

2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы екi жүз екiншi абзацпен толықтырылсын:
«156-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау»;

2) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы «ұлғайту,» деген сөзден кейiн «дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 41-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, дербес бiлiм беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруына және басқа да мiндеттердi орындауына арналған, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.»;

4) 151-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қатысуы арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «қатысуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылады.»;

5) 30-тарау мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын:

«156-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн
құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге
асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау

1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау осы Кодекстiң 152-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi арқылы жүргiзiледi.
3. Осы баптың 4-тармағын қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды iске асыру осы Кодекстiң 157-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу тек қана дербес бiлiм беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға жарна арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын аталған қорға жарна арқылы салу жолымен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және iске асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.».

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы бiр жүз алпыс бесiншi абзацпен толықтырылсын:
«135-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу»;

2) 35-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «135,» деген цифрлардан кейiн «135-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

3) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «шығыстарды азайтуға құқығы бар.» деген сөздер «шығыстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын азайтуға құқығы бар.»;

4) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

«135-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бiр мезгiлде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған;
жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мынадай деңгейлер:
бастауыш, негiзгi және жоғары мектеп;
орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру;
қосымша бiлiм беру бойынша бiлiм беру қызметiнiң бiр немесе бiрнеше түрiн жүзеге асыратын коммерциялық емес бiлiм беру ұйымы;
3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретiн акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
осындай ұйымның дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын;
осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк және депозиттер бойынша сыйақылары түрiндегi табыстарын ескере отырып, жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай қызметтiң бiр немесе бiрнеше түрiн:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiм беру қызметiнiң мынадай деңгейлерi:
бастауыш, негiзгi және жоғары мектеп;
орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру;
қосымша бiлiм беру бойынша қызметтер көрсетудi;
ғылым саласындағы қызметтi, атап айтқанда: iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметiн;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құрайтын ұйым дербес бiлiм беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшiн осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырудан алынған және жұмсалған құрылтайшының түсiмдерi де жоғарыда көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
осындай ұйымның дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не тек қана осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын ұйым дербес бiлiм беру ұйымы деп танылады;
осындай ұйымның есептi салық кезеңiндегi табысы ғылым саласындағы мынадай қызмет түрлерiнiң бiреуiн немесе бiрнешеуiн жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады:
ғылыми-техникалық
инновациялық
iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-зерттеу.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерiн осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген ғылым саласындағы қызмет түрлерiне жатқызу ғылым саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның қорытындысымен расталады.
Ұйымдар мынадай қызмет түрлерiнiң бiреуiн немесе бiрнешеуiн:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiм беру қызметiнiң мынадай деңгейлерi:
бастауыш, негiзгi және жоғары мектеп;
орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру;
қосымша бiлiм беру бойынша қызметтер көрсетудi;
аталған қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды.
2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлiнген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.»;

5) 141-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.» деген сөздер «салық төлеушiлер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»;

6) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
«41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымының резидент шетелдiк тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай:
тұруға;
медициналық сақтандыруға;
Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда.»;

7) 193-баптың 5-тармағының 14) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) мынадай:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар салық салуға жатпайды.»;

8) 198-бапта:
1-тармақ «Егер осы Кодекстiң» деген сөзден кейiн «осы бабында және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай:
1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден;
2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.»;

9) 201-баптың 8-тармағының 13) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармақшасында аталған дербес бiлiм беру ұйымының резидент емес жеке тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай:
тұруға;
медициналық сақтандыруға;
Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда салық салуға жатпайды.»;

10) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «жүргiзiлсе, осы баптың ережелерi қолданылмайды.» деген сөздер «жүргiзiлсе;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жұмыстар мен қызметтер:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.»;

11) 274-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ету күнi салық есептiлiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар;»;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1) тармақшасында» деген сөздер «1) және 1-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 357-баптың 3-тармағындағы «34) тармақшаларында» деген сөздер «34), 41) тармақшаларында және 201-бабы 8-тармағының 14) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 387-баптың 3-тармағы «3-тармағында» деген сөздерден кейiн «және 135-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 398-бапта:
1-тармақтағы «3-тармақтарында» деген сөздер «3, 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 0 пайыздық ставка бойынша есептейдi.».

4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):

1) 1-баптың 1-тармағында:
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;»;
мынадай мазмұндағы 122) тармақшамен толықтырылсын:
«122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.»;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) Қазақстан Республикасында ядролық медицинаны дамыту тұжырымдамасын бекiтедi;»;

3) 170-бапта:
5-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 172-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 176-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетiнде» немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретiн немесе кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған бiлiктiлiк санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын санат берiлмей-ақ маман сертификатына теңестiрiледi.».

5. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):

1) 16-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
2) коммерциялық акционерлiк қоғамдардың «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары болып қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.»;

2) 17-баптың 2-тармағындағы «Нотариалдық» деген сөз «Дербес бiлiм беру ұйымдары, нотариаттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Дербес бiлiм беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлiк қоғам болып қайта құрылуы нәтижесiнде құрылуы мүмкiн.»;

4) 23-баптың 3-тармағы «мекеменi» деген сөзден кейiн «, дербес бiлiм беру ұйымын» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi дербес бiлiм беру ұйымдарына қолданылмайды.».

6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат):

11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.
Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi;
дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».

7. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16,99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

1) 34-баптың 4-3-тармағы «Қазақстан» деген сөздiң алдынан «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 86-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады.
Қоғам «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда дербес бiлiм беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.».

8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):

4-баптың 9-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.».

9. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

1) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.»;

2) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Дербес бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеу рәсiмiн қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бар адамдардың»;

3) 39-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарға теңестiрiледi.»;

4) 40-бапта:
2-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган «Назарбаев Зияткерлiк мектептерiн» бiтiргеннен кейiн бiлiм туралы құжат алған адамдарға бiлiм беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi туралы сертификаттар бередi. Сертификаттардың балдары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн шәкiл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгiленедi.».

2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina