ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республиксының 2011 жылғы 11...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республиксының 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 385-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бизнес пен жеке меншiктi заңсыз тартып алуға (рейдерлiкке) қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат):
мынадай мазмұндағы 226-1-баппен толықтырылсын:

«226-1 бап. Рейдерлiк

1. Заңды тұлғаға қатысу үлесiне меншiк құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкi мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденiп алу немесе жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларына, олардан үзiндiлерге дауыс берушiлердiң саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу дәйексiз мәлiметтердi енгiзу не дауыстарды санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дәйексiз жүргiзу, акционердiң, басқару органына қатысушының, оның мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетiн уақыты мен орны туралы дәйексiз мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхат бойынша акционердiң, басқару органына қатысушының немесе оның мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе нұқсан келтiру жолымен жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде заңды тұлғаның үстiнен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi бұзушылыққа әкеп соққан өзге де заңсыз тәсiлдермен қасақана кедергiлер жасау, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не мүлкi тәркiленiп, екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттер, –
бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттердi:
а) ұйымдасқан топ;
б) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам жасаса, егер олар оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат, № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат):
192-баптың үшiншi бөлiгi «226-бабында (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейiн «226-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.

3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап. Азаматтық iстердiң соттарға ведомстволық бағыныстылығы

1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделердi қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртiбiмен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы iстердi соттар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарайды.
2. Соттар азаматтық (корпоративтiк дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкiмшiлiк, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның iшiнде бiр тараптың екiншi тарапқа билiк бағыныстылығына негiзделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша iстердi қарайды.
Корпоративтiк дауларға (бұдан әрi – корпоративтiк даулар) коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдардың қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесi бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлерi (қатысушылары, мүшелерi) олардың бiр тарабы болып табылатын:
1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты;
2) акционерлiк қоғамның акцияларын, шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, кооператив мүшелерiнiң жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлiктi бөлуге немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктерiн бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлiк қоғамдар акцияларының, шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, кооператив мүшелерi жарналарының тиесiлiгiне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды iске асыруға байланысты;
3) заңды тұлғаның құрылтайшыларының, акционерлерiнiң, қатысушыларының, мүшелерiнiң (бұдан әрi – заңды тұлғаға қатысушылар) заңды тұлғаға келтiрiлген зиянды өтеу, заңды тұлғаның жасасқан мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және (немесе) мұндай мәмiлелердiң жарамсыздығы салдарын қолдану туралы талаптары бойынша;
4) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кiретiн немесе кiрген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкiлеттiктерiн тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауапкершiлiктерiне байланысты, сондай-ақ олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар;
5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты;
6) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн енгiзуге байланысты туындайтын, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты даулар;
7) акциялар шығарудың мемлекеттiк тiркелуiн заңсыз деп тануға байланысты;
8) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы;
9) заңды тұлғаның басқару органдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану туралы даулар жатады.
3. Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актiге сотта дау айтылуы мүмкiн.
4. Соттар осы Кодекстiң 25-29-тарауларында тiзбеленген ерекше талап қойылған iс жүргiзу iстерiн қарайды.
5. Соттар осы Кодекстiң 289-бабында тiзбеленген ерекше iс жүргiзу iстерiн қарайды.
6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын iстердi де қарайды.
7. Заңмен соттардың құзыретiне жатқызылған басқа да iстер соттарға ведомстволық бағынысты болады.».

4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат):

1) мынадай мазмұндағы 158-4-баппен толықтырылсын:

«158-4 бап. Сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны
туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау

Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, -
лауазымды адамдарға – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 541-баптың бiрiншi бөлiгi «158-3,» деген цифрлардан кейiн «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;

3) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының отыз үшiншi абзацы «157,» деген цифрлардан кейiн «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын.

5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):

1) 3-баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсiпкерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды.»;

2) 36-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банкротты сәйкестендiретiн мәлiметтер (салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы);»;

3) 41-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «тыйым салынады.» деген сөздер «тыйым салынады;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) борышкердiң кепiлге салынған мүлкiнен, оның iшiнде соттан тыс тәртiппен өндiрiп алуға тыйым салынады.».

6. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
34-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардан үлестi мәжбүрлеп сатып алу халықаралық стандарттар негiзiнде бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға жауап беретiн тәуелсiз бағалаушы белгiлеген нарық бағасы бойынша жүзеге асырылады.».

2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының екiншi абзацындағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «тiркеу нөмiрi» деген сөздер болып есептелсiн.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina