ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi № 469-IV Заңы
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және таратылуы кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы - басқарушы компания немесе астананың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк мекемесi;
3) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тiзiлiмi, оны жүргiзудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады;
4) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi - осы Заңға, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеу шарттарының жиынтығы;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлға;
6) басқарушы компания - арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
7) «бiр терезе» қағидаты - өтiнiш берушiнiң құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерiмен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттiк қызметтер көрсету нысаны;
8) инфрақұрылым объектiлерi - арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiне сәйкес және бас жоспармен бекiтiлген жылу және электр энергиясын өндiру мен беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәрiз, көлiк коммуникациясы, байланыс қызметтерi объектiлерi және өзге де объектiлердiң құрамына кiретiн жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
9) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрi - қызметтi жүзеге асыру туралы шарт) - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бiрнеше қатысушылары және арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арасында жасалатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе қатысушыларының қызмет түрлерiн, осындай қызметтi жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтары, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн белгiлейтiн шарт;
10) қызметтiң басым түрлерi - арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетiн, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын қызмет түрлерi;
11) қызметтiң қосалқы түрлерi - арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар соның аумағында жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажет қызмет түрлерi;
12) қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар - осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылмайтын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар;
13) нысаналы индикаторларға қол жеткiзбеудiң дағдарысты деңгейi - қол жеткiзiлмеуi арнайы экономикалық аймақты құрудың негiзгi мақсатын iске асыруға мүмкiндiк бермейтiн, арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiнiң экономикалық, техникалық, әлеуметтiк және (немесе) өзге де көрсеткiштерiнiң көлемi;
14) өтiнiш берушi - арнайы экономикалық аймақтың басқару органына қызметтiң басым немесе қосалқы түрлерiн жүзеге асыруға арналған өтiнiмдi беретiн тұлға;
15) сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақты құрудың немесе таратудың орындылығы мәселесiн қарау үшiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi құратын, уәкiлеттi органның жанындағы ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi орган;
16) уәкiлеттi орган - арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және таратылуы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық
аймақтар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттары

Арнайы экономикалық аймақ қазiргi заманғы өнiмдiлiгi жоғары, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi жедел дамыту, экономика салаларына және өңiрлерге инвестициялар, жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында құрылады.

2-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС IСТЕУI ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
1) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс iстеуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) арнайы экономикалық аймақтардың қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;
3) уәкiлеттi органды айқындау;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне арнайы экономикалық аймақты құру немесе оны тарату туралы ұсыныс енгiзу;
5) басқарушы компанияны құру туралы шешiм қабылдау;
6) басқарушы компанияға қатысу;
7) сарапшылық кеңес туралы ереженi бекiту;
8) қызметтi жүзеге асыру туралы үлгi шарттарды бекiту;
9) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс iстеуi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату саласындағы мемлекеттiк органдардың және басқарушы компаниялардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
3) арнайы экономикалық аймақтардың қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде тiркеуге арналған өтiнiмдер мен сауалнамалар нысандарын әзiрлеу және бекiту;
5) қызметтi жүзеге асыру туралы үлгi шарттарды әзiрлеу;
6) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қызметiне қатысу үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
8) құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптарды бекiту;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметiне арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныс енгiзу;
10) арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептiлiктi ұсыну тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындау;
11) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингтi жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерiн талдау;
12) жыл сайынғы негiзде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне арнайы экономикалық аймақтар қызметiнiң нәтижелерi туралы талдау ақпаратын беру;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

6-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
құзыретi

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне:
1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) уәкiлеттi органға арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзу;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен басқарушы компанияға қатысу;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшiн жер учаскесiн беру және басқарушы компаниямен жер учаскелерiн және бюджет қаражаты есебiнен салынған инфрақұрылым объектiлерiн жалдау шарттарын жасасу;
5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2. Астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретiне қосымша:
1) астананың арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеуi мен оны тарату саласындағы мемлекеттiк органдар мен арнайы экономикалық аймақтың басқару органының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
2) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларын тарту;
3) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларының есебiн жүргiзу жатады.

3-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС IСТЕУI ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ

7-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру тәртiбi

1. Арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделi орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдар, заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен талаптарға сәйкес ресiмделген арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасымен қоса уәкiлеттi органға енгiзедi.
Ұсынысты бiрнеше заңды тұлға бiрлесiп беруi мүмкiн.
Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасында арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттары, орналасқан жерi, қызметтiң басым түрлерi, арнайы экономикалық аймақтың әлеуеттi қатысушылары туралы ақпарат, тиiстi өңiрдiң ағымдағы экономикалық ахуалына талдау және арнайы экономикалық аймақты құрудың экономикаға болжамды әсерi көзделуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзiлген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде арнайы экономикалық аймақты құрудың орындылығы туралы не оны құру жөнiндегi ұсынысты қабылдамау туралы мәселенi қарайды.
Уәкiлеттi орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны сарапшылық кеңестiң қарауына жiберуге тиiс, ол уәкiлеттi органға арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзiлген кезден бастап құрылады.
Сарапшылық кеңестiң құрамы құрылатын арнайы экономикалық аймақтың қызметi түрiнiң ерекшелiктерi ескерiлiп бекiтiледi.
Уәкiлеттi орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзген күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей сарапшылық кеңес қорытынды дайындайды.
3. Уәкiлеттi орган тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзген тұлғаға осындай шешiмдi қабылдау негiздемесiн жiбере отырып, хабардар етедi.
4. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда:
1) арнайы экономикалық аймақты құру орынсыз болған;
2) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс мемлекеттiк экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған материалдар толық немесе дұрыс болмаған;
4) ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң жойылу және бүлiну қаупi туындаған және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жағдайларында арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды.
Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныспен кейiннен қайта жүгiнуге кедергi болып табылмайды.
5. Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзген тұлғалар арнайы экономикалық аймақты құрудың орындылығы туралы хабарламаны алған күннен бастап алты ай iшiнде қоршаған ортаға әсерiн бағалай отырып, құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындауды қамтамасыз етедi. Дайындалған техникалық-экономикалық негiздеме болжамды қаржылық-экономикалық, әлеуметтiк салдарларды, арнайы экономикалық аймақты құрудың негiздемесiн, орындылығын және нәтижесiн бағалауды қамтуға тиiс.
Техникалық-экономикалық негiздеме мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиiс:
1) орындылық - техникалық-экономикалық негiздемеде көзделген iс-шаралардың стратегиялық құжаттарға сәйкес келуi;
2) негiздемелiк - есеп-қисаптармен расталған дәлелдемелердiң, iс-шараларды әрбiр компонент бөлiгiнде iске асыруға қаржыландыру көлемiнiң болуы;
3) нәтижелiлiк - есеп-қисаптармен расталған дәлелдемелердiң, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу мүмкiндiгiнiң болуы.
Орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдар арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгiзген жағдайда техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеуге бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Уәкiлеттi орган құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар жүргiзу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдарға жiбередi. Инвесторлар техникалық-экономикалық негiздеменiң тәуелсiз сараптамаларын жүргiзе алады.
Мемлекеттiк органдардың құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне сараптама жүргiзуi техникалық-экономикалық негiздеменi уәкiлеттi органға берген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiм iшiнде аяқталуға тиiс.
7. Техникалық-экономикалық негiздеме сараптамаларының қорытындысын алғаннан кейiн күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде уәкiлеттi орган арнайы экономикалық аймақ құрудың қоршаған ортаға әсерi бағаланған тиiстi техникалық-экономикалық негiздемесiнiң тұжырымдамасын, сарапшылық кеңестiң қорытындысын қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
8. Арнайы экономикалық аймақты құру және құрылатын арнайы экономикалық аймақтың мақсатына сәйкес келетiн қызметтiң басым түрлерi туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
Арнайы экономикалық аймақ туралы ереженi, тиiстi арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiнiң нысаналы индикаторларын, нысаналы индикаторларға қол жеткiзбеудiң дағдарысты деңгейiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

8-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеу шарттары

1. Арнайы экономикалық аймақ жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге құрылады.
2. Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiнде не Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иелiктен шығарылған жер учаскелерiнде құрылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыруға арналған жер учаскелерi арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақты құру мерзiмiне уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) берiледi.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, инфрақұрылым объектiлерiн салуға, сондай-ақ қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыруға арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқарушы компанияға арнайы экономикалық аймақты құру мерзiмiне уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) берiледi.
Басқарушы компания қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес кейiнгi жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.
Басқарушы компанияның жалға алуына уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) берiлген жер учаскелерiнде толық немесе iшiнара бюджет қаражаты есебiнен құрылған инфрақұрылым объектiлерi де берiлуi мүмкiн.
Басқарушы компания қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға кейiнгi жер пайдалануға (қосалқы жалға) берiлген жер учаскелерiнде толық немесе iшiнара бюджет қаражаты есебiнен құрылған инфрақұрылым объектiлерiн бере алады.
4. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жер учаскелерi арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне сәйкес бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Инфрақұрылым объектiлерiн салуды немесе реконструкциялауды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар өздерiне уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) немесе кейiнгi жер пайдалануға (қосалқы жалға) берiлген жер учаскесiнiң аумағында өздерiне қажеттi инфрақұрылым объектiлерiн салуды өз қаражаты есебiнен жүзеге асыруға құқылы.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелерi осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жеке меншiгiндегi жер учаскелерiне қолданылмайды.
6. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде:
1) мемлекеттiк қызметтердi уақтылы және сапалы көрсетудi;
2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетудi қамтамасыз ететiн «бiр терезе» қағидаты қолданылады.
7. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетудi халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары осы баптың 4-тармағына сәйкес орналастырылуы және жұмыс iстеуi үшiн қажеттi инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiледi.

9-бап. Өтiнiш берушiлерге қойылатын талаптар

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыруға өтiнiм беретiн өтiнiш берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемеге сәйкес келетiн мөлшерде ақшалай қаражаты, айналымнан алынбаған өзге де мүлкi болуға тиiс.
Бұл талап қосалқы қызметтi жүзеге асыратын тұлға ретiнде қызметтi жүзеге асыруға өтiнiм беретiн өтiнiш берушiге қолданылмайды.
Өтiнiш берушiнiң қызметi арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асырылатын қызметтiң мақсаттары мен түрлерiне сәйкес келуге тиiс.
2. Өтiнiш берушiлерге:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетiн тауарларды өндiрудi, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;
5) ойын бизнесiн ұйымдастырушылар жатпайды.

10-бап. Өтiнiш берушi арнайы экономикалық аймақтың
қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру және
оны арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының
бiрыңғай тiзiлiмiне қосу үшiн беретiн құжаттар

1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметi қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өтiнiмге қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштегi мынадай құжаттар:
1) уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша өтiнiш берушiнiң сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн - салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi немесе 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап - сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
5) заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi;
6) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтi жүзеге асыру туралы шешiмiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
7) өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептiк күнге қаржылық есептiлiктiң көшiрмесi;
8) жобаның уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сай келетiн техникалық-экономикалық негiздемесi;
9) қызмет көрсететiн банктiң өтiнiш берушiнiң банктiк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзiндi жазбасы және кредиттiк тарихта бар толық немесе iшiнара ақпарат туралы мәлiметтер қамтылған кредиттiк бюродан алынатын кредиттiк есеп;
10) тiркеу есебiне қою орны бойынша салық қызметi органынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi ретiнде тiркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық қызметi органдарында салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуде жоқ екендiгi туралы анықтаманың көшiрмесi ұсынылады.
Шетелдiк заңды тұлғалар осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген заңдастырылған құжаттарды, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндiнi немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге ұсынады.

11-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде
қызметтi жүзеге асыруға берiлген өтiнiмдi қарау
рәсiмi

1. Өтiнiш берушi өтiнiм берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
1) өтiнiмдi ол берiлген күнi өтiнiмдердi тiркеу журналына тiркейдi;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексередi;
3) берiлген құжаттар белгiленген тiзбеге сәйкес келмеген жағдайда өтiнiмдi ол берiлген күнi қарамастан қайтарады. Өтiнiмдi қайтару өтiнiш берушiнi жiберiлген кемшiлiктердi жойғаннан кейiн қайтадан өтiнiм бере отырып, басқару органына жүгiну құқығынан айырмайды.
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлiмделген қызмет түрi басым қызмет түрлерiне сәйкес келмеген жағдайда, өтiнiш берушiмен арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтi жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
3. Мәлiмделген қызмет түрi басым қызмет түрлерiне сәйкес келген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күнi iшiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметтi жүзеге асыру туралы шартты жасалғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтi жүзеге асыру туралы шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып, бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметтi жүзеге асыру туралы шарт жасасу туралы хабарлама алғаннан кейiн уәкiлеттi орган арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәлiметтердi енгiзедi.
5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметтi жүзеге асыру туралы шартты жасағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде бұл туралы салық қызметi органдарына және кеден органдарына хабарлайды.
6. Салық қызметi органдары мен кеден органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметтi жүзеге асыру туралы шарт жасасу туралы хабарламасын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.
7. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметтi жүзеге асыру туралы жасалған шарттың негiзiнде арнайы экономикалық аймақтан тысқары жердегi өзiнiң дараланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн тоқтатады.
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жердегi қызметке жол берiледi.
8. Қызметтi жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы:
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
2) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттың мерзiмi аяқталған немесе ол мерзiмiнен бұрын бұзылған;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметтi жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы салық қызметi органдарына және кеден органдарына қызметтi жүзеге асыру туралы шартты тоқтату туралы хабарлайды.

12-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң
қосалқы түрлерiн жүзеге асыруға үмiткер
тұлғаларға қойылатын талаптар

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыруға үмiткер тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушi болып табылуға;
2) дара кәсiпкердi және заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының аумағындағы тиiстi тiркеу органы (әдiлет, салық органы және статистика органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуге тиiс.
Жоғарыда көрсетiлген талаптарға сай болған кезде қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыруға үмiткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен қосалқы мердiгерлiк жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн орындауға белгiленген тәртiппен шарт жасасуға мiндеттi.
Қосалқы мердiгерлер жүзеге асыратын қызметтiң қосалқы түрлерi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты бойынша қызметтiң басым түрлерiмен бiрдей болмауға тиiс.

13-бап. Тұлғалардың қосалқы қызметтi жүзеге асыруға
рұқсат алу үшiн ұсынатын құжаттары

1. Қызметтiң қосалқы түрлерi арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар қосалқы қызметтi жүзеге асыратын тұлға ретiнде рұқсат алу үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен қызметтi жүзеге асыру туралы шарт жасалғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өтiнiм ұсынады.
3. Өтiнiмге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi құжаттар қоса берiледi.

14-бап. Тұлғаларға қызметтiң қосалқы түрiн жүзеге
асыруға рұқсат берудiң негiзi мен рәсiмi

1. Қызметтiң қосалқы түрiн жүзеге асыратын тұлға ретiнде рұқсат беруге арналған өтiнiм келiп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен құжаттар тiзбесiне сәйкестiгiн тексередi;
2) өтiнiмдердi тiркеу журналына өтiнiмдi тiркейдi. Өтiнiмнiң тiркелген күнi оның берiлген күнi болып табылады.
2. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен құжаттар тiзбесiне сәйкес келген жағдайда, өтiнiмдi берген тұлғаға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметтi жүзеге асыруға рұқсат берiлген болып есептеледi.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтiнiм тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмдi берген тұлғаға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ өзiнiң әрекет ету аймағында орналасқан кеден органына осы тұлғаға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметтi жүзеге асыруға рұқсат берiлгенi туралы хабарлайды.
3. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен құжаттар тiзбесiне сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтiнiм тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмдi қайтарады. Өтiнiмдi қайтару тұлғаны жiберiлген кемшiлiктердi жойғаннан кейiн басқарушы компанияға қайтадан өтiнiммен жүгiну құқығынан айырмайды.

15-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында
коммуналдық қызметтер көрсету

Арнайы экономикалық аймақтың аумағын электрмен, жылу энергиясымен, газбен, сумен жабдықтауды жүзеге асыратын және коммуналдық қызметтер көрсететiн өнiм берушiлер осындай қызметтер көрсетiлетiн өзге де тұтынушыларға ұсынылатын қызметтерге қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

16-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату

1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзiм аяқталған соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиiстi актiсiмен айқындалады.
2. Нысаналы индикаторларға қол жеткiзбеудiң дағдарысты деңгейi жағдайында арнайы экономикалық аймақты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мерзiмiнен бұрын таратады.
3. Арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейiн жер учаскесiн жалға алған арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының және арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асырған тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен осы жер учаскелерiнiң сатылуы кезiнде сатып алу құқығы болады.

4-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫ БАСҚАРУ

17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру туралы және (немесе) құруға қатысу туралы шешiм қабылдайды.
2. Астананың арнайы экономикалық аймағының басқару органын мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ олардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда мына тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары;
3) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
4) басқа елдерде немесе Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды басқару тәжiрибесi бар шетелдiк тұлғалар басқарушы компанияның құрылтайшысы бола алады.
4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы актiсiнде өзгеше белгiленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретiн акциялардың елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi болуға тиiс.
Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда, басқарушы компания шығарған дауыс беретiн акциялардың кемiнде жиырма алты пайызы мемлекетке тиесiлi болуға тиiс.
5. Басқарушы компанияның бiрiншi құрылтай жиналысы Қазақстан Республикасының Үкiметi басқарушы компанияны құруға мемлекеттiң қатысуы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы экономикалық аймақтың орналасқан жерi бойынша тiркеледi.

18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының
функциялары

Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функцияларына:
1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасу;
2) жер учаскелерiн кейiнгi жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым объектiлерiн жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен арнайы экономикалық аймақ қызметiнiң нәтижелерi туралы есептiлiктi уәкiлеттi органға ұсыну;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
6) инфрақұрылым объектiлерiн салу үшiн және арнайы экономикалық аймақтың өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн инвестициялар тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берiлмеген жер учаскелерiнде бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеге сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн салуды жүзеге асыру;
8) халыққа қызмет көрсету орталығының «бiр терезе» қағидаты бойынша жұмыс iстеуi үшiн қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде әкелiнген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;
10) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргiзу жатады.

19-бап. Басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды
iрiктеу

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiне арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынуды енгiзгеннен кейiн басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды конкурстық iрiктеудi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды конкурстық iрiктеудi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыну енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде тиiстi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi.
3. Басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды конкурстық iрiктеудi жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

20-бап. Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының
құқықтары мен мiндеттерi

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн көзделген құқықтық қорғау кепiлдiктерiн, салықтық және өзге де жеңiлдiктердi пайдалануға;
2) осы Заңда көзделген тәртiппен қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн жер учаскелерiн алуға және инфрақұрылым объектiлерiн салуға;
3) қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру процесiнде қызметтiң қосалқы түрiн жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға;
4) қызметтiң қосалқы түрлерiн айқындауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өз қызметi туралы жыл сайынғы есептi ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және қызметтi жүзеге асыру туралы шартта көзделген мiндеттердi адал және тиiсiнше орындауға мiндеттi.

21-бап. Қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының
орындалуына мониторинг жүргiзу

Қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингтi уәкiлеттi орган арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары есептiлiк нысанында беретiн ақпараттың, сондай-ақ осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы ақпараттың негiзiнде жүргiзедi.
Осы Заңның 18-бабының 10) тармақшасында көзделген мониторингтi арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары тұрақты негiзде жүзеге асырады.

22-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының
қызметiн қаржыландыру

1. Мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқарушы компанияның қызметiн қаржыландыру:
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына басқарушы компания көрсететiн қызмет үшiн сыйақы;
2) нысаналы қарыздық қаржыландыру;
3) инфрақұрылым объектiлерiн, жер учаскелерiн, сондай-ақ өзге де мүлiктi жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден түсетiн кiрiстер;
4) басқарушы компанияның қызметiнен түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын
тарату

1. Мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзiмi аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес таратылады (қайта ұйымдастырылады).
2. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзiмi аяқталғаннан немесе арнайы экономикалық аймақты мерзiмiнен бұрын тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн басқарушы компанияны ерiктi түрде тарату туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кредиторлардың келiсiмi бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсiмiн айқындайды.
Басқарушы компанияның акционерлерi ерiктi түрде тарату туралы шешiм қабылдамаған жағдайда басқарушы компанияны тарату мәжбүрлi түрде жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамды мәжбүрлеп тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

5-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМI ЖӘНЕ ЖҰМЫС IСТЕУ ШАРТТАРЫ

24-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық
режимi

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн осы Заңда, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген арнайы құқықтық режим қолданылады.

25-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына
салық салу

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер салынады.

26-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендiк реттеу

1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бiр бөлiгiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылады.
Шегiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы актiсiне сәйкес айқындалады.
2. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы кеден одағының кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады.
4. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендiк бақылауды кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.

27-бап. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмiмен
орналастырылатын тауарлар

Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелiнген тауарлар кеден одағының кедендiк заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасында айқындалған тәртiппен және шарттарда еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмiмен орналастырылады және кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн кеден одағының кедендiк аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретiнде қарастырылады.

28-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар беруi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қағидаларға сәйкес, iшкi еңбек нарығында тиiстi кандидатураларды iздеместен оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi.

29-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын
құқықтық қорғау кепiлдiктерi

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк берiледi.
2. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет иелiгiне алуға, реквизициялауға) тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлегеннен кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырудан алынған табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

30-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық
аймақтар туралы заңнамасының сақталуын
мемлекеттiк бақылау

Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

31-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық
аймақтары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
жауаптылық

Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

32-бап. Өтпелi ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған арнайы экономикалық аймақтар, оларды тарату туралы шешiм қабылданғанға дейiн немесе осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзiм аяқталғанға дейiн өз мәртебесiн сақтайды. Арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi басқарушы компания құрылғанға дейiн, бiрақ уәкiлеттi орган айқындаған мерзiмнен аспайтын мерзiмде басқарушы компаниялардың функцияларын орындай алады.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған арнайы экономикалық аймақтарды басқару үшiн тартылған оператор-компаниялар оларды жаңадан құрылған басқарушы компанияға бергенге дейiн басқарушы компаниялардың функцияларын орындай алады.
Бұл ретте осы оператор-компаниялар осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезден бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде басқарушы компаниялардың функцияларын орындайды.
Басқарушы компанияның функцияларын арнайы экономикалық аймақтар үшiн тартылған оператор-компанияның орындауы туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
3. Арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi басқарушы компания құрылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей, басқарушы компанияға арнайы экономикалық аймаққа қатысты және басқарушы компанияның осы Заңда көзделген функцияларды орындауы үшiн қажеттi барлық құжаттар мен ақпаратты беруге мiндеттi, содан кейiн осы әкiмшiлiк таратылуға тиiс.
4. Басқарушы компания құрылған күннен бастап уәкiлеттi орган мен оператор-компаниялар арасында жасалған шарттар бұзылуға тиiс.
5. Ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi:
1) бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi, дерекқорларды және ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзiрлеу, енгiзу, тәжiрибелiк өндiру және шығару, сондай-ақ дата-орталықтар қызметтерi, онлайн-қызметтер;
2) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу үшiн 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн мiндеттi талап болмайды.
6. Осы баптың 1 - 4-тармақтарында көзделген ережелер «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына қолданылмайды.

33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2007 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 14, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina