ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шiлдедегi № 463-IV Заңы
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензиндi, авиация және дизель отынын, мазутты өндiру және олардың айналымы үдерiсiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнiмдерiн сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткiзудi қамтамасыз ететiн, жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен.
Автожанармай құю станциялары мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
тұрақты – отын тарату бағандары арқылы көлiк құралдарына мұнай өнiмдерiн құюға арналған;
контейнерлiк – бiртұтас зауыт бұйымы ретiнде жасалған, технологиялық жүйесi отын тарату бағандарының мұнай өнiмдерiн сақтау контейнерiнде орналасуымен сипатталатын, мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған ыдыстары жер үстiнде орналасқан;
жылжымалы – бiртұтас зауыт бұйымы ретiнде жасалған, автомобиль шассиiне, тiркемеге, жартылай тiркемеге орнатылған, ықшам технологиялық жүйе;
2) аккредиттеу – мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органның жеке немесе заңды тұлғаларды мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер деп ресми тану рәсiмi;
3) дербес сәйкестендiру нөмiр-коды – iлеспе жүкқұжатта және мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiндегi декларацияда мұнай өнiмдерiнiң түрiн, маркасын көрсету үшiн қажеттi, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге, мұнай өнiмдерiнiң импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушiлерге және Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн мұнай өнiмдерiнiң әрбiр атауына берiлетiн тұрақты сәйкестендiру нөмiрi;
4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан өткiзетiн мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлердi қоспағанда, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерде, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерде және бөлшек сауда арқылы өткiзушiлерде орнатылған, мұнай өнiмдерiн алу, сақтау, өткiзу, жөнелту көлемдерi туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi органға кейiннен беру мақсатында есеп жүргiзу үшiн мұнай өнiмдерiнiң сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтiн техникалық құрылғылар;
5) инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткiштер, оның iшiнде мұнай өнiмдерiнiң бағасына әсер ететiн инвестициялық құрамдастар кiретiн, жоспарланған техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында белгiлi бiр кезеңге мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң қазiргi өндiрiстiк қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;
6) компаундтеу – белгiленген сапада мұнай өнiмiн алу мақсатында екi немесе бiрнеше құрауыштарды араластыру, оның iшiнде қосындылар, қоспалар енгiзу;
7) қанықпаған мұнай өнiмi – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сай келмейтiн мұнай өнiмi;
8) қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушi – жобалық қуаты жылына сегiз жүз мың тоннадан кем шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемiн көздейтiн технологиялық қондырғыларда мұнай өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын мұнай өнiмдерiн өндiрушi;
9) мұнай берушi – осы Заңмен белгiленген шарттармен өздерi өндiрген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетiн салықтар ретiнде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тiкелей сатып алынған шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнiмдерiн өндiрушiге беретiн жеке немесе заңды тұлға;
10) мұнай өнiмдерi – мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут;
11) мұнай өнiмдерiн беру жоспары – бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаны мемлекеттiк реттеу белгiленген, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн мұнай өнiмдерiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсiну көлемi;
12) мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзу – мұнай өнiмдерiн одан әрi өткiзу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшiн жеке және заңды тұлғаларға өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
13) мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушi – мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушi - мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
15) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзу – осы Заңда көзделген жағдайларда, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнай берушiлердiң, өздерi импорттаған мұнай өнiмдерiн өткiзудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың және (немесе) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өткiзуi кезiнде мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлерге, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге мұнай өнiмдерiн өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
16) мұнай өнiмдерiн өндiру – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн алуды қамтамасыз ететiн шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөнiндегi, сондай-ақ компаундтеу жөнiндегi жұмыстар кешенi;
17) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең аз көлемi – мұнай өнiмдерiн өндiрушi күнтiзбелiк жыл iшiнде ай сайын одан кемiтпей өндiруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемi;
18) мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу мониторингi – мұнай өнiмдерiне қажеттiлiктi, оларды өндiру, өткiзу, тасымалдау үдерiстерiн, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпiнiн талдау;
19) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган – мұнай өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттiк реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) мұнай өнiмдерiн өндiрушi – мұнай өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын және өндiрiс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға;
21) мұнай өнiмдерiнiң айналымы – мұнай өнiмдерiн сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткiзу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;
22) мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi орган – мұнай өнiмдерiнiң айналымын мемлекеттiк реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) мұнай өнiмдерiнiң базасы – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келетiн, мұнай өнiмдерiн қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге және өткiзуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркiн, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылыстар кешенi;
24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi бiрыңғай дерекқор – өз құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк деректерi негiзiнде қалыптастырылатын, мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi электронды дерекқор;
25) өндiрiс паспорты – мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, оның негiзгi сипаттамаларын көрсететiн, өндiрiстiң технологиялық үдерiсiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтiн, белгiленген нысандағы құжат;
РҚАО-ның ескертпесi!
26) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген Заңның 26-бабының 2-тармағын қараңыз (2015.01.01 дейiн қолданыста болады).
26) резервуар – есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықталған, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiге немесе мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiге меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi мұнай өнiмдерi базасында не мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк объектiлерiнде мұнай өнiмдерiн қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге және өткiзуге арналған ыдыс;
27) хабарлама – Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы белгiленген талаптарды бұзушылықты жою туралы мұнай өнiмдерiн өндiрушiге, көтерме сауда арқылы жеткiзушiге немесе бөлшек сауда арқылы өткiзушiге мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi орган жiберген жазбаша хабар;
28) iлеспе жүкқұжат – мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауға арналған және мұнай өнiмдерiн босату және қабылдап алу жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ мұнай берушiлерге мұнай өнiмдерiн беру жөнiндегi операцияларды ресiмдеу үшiн қажеттi, жөнелтушiден алушыға дейiнгi бүкiл жол бойында мұнай өнiмдерiмен iлесе жүретiн құжат.

2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi
және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның күшi:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнiмдерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатынсыз өткiзуi кезiнде туындайтын;
2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру және қорғаныс мұқтаждығы шеңберiнде туындайтын мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.

4-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттiк реттеу

Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу:
1) Қазақстан Республикасының iшкi нарығының қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге шикi мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерiн бекiту;
2) мұнай өңдеу және мұнай өнiмдерiн беру жоспарларын бекiту;
3) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердi аккредиттеу;
4) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткiзудi жүзеге асыру кезiндегi шарттар мен шектеулердi белгiлеу;
5) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу;
6) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
7) бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзудiң шектi бағасын белгiлеу;
8) мұнай өнiмдерiн өндiруге және өткiзуге мониторингтi жүзеге асыру;
9) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын реттеу, мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы мәселелерiн реттеуге уәкiлеттi шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

5-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшiн қауiпсiз мұнай өнiмдерiне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
2. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi:
1) адамның өмiрi мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау, оның iшiнде мұнай өнiмдерiн заңсыз өндiрудi және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн мұнай өнiмдерiнiң сапасын арттыру;
4) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау болып табылады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың iске асырылуын ұйымдастырады;
2) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
3) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту және келiсу, сондай-ақ олардың iске асырылуы туралы есептiлiктi ұсыну тәртiбiн бекiтедi;
4) шикi мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнiмдерiне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
5) бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзудiң шектi бағасын айқындау тәртiбiн бекiтедi;
6) бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленетiн мұнай өнiмдерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
7) дербес сәйкестендiру нөмiр-кодтарын беру тәртiбiн бекiтедi;
8) мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiнде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекiтедi;
9) iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекiтедi;
10) мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi;
11) мұнай берушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткiзу тәртiбiн бекiтедi;
12) автожанармай құю станциясында мұнай өнiмдерiнiң қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргiзу қағидасын бекiтедi;
13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi
органның құзыретi

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган:
1) өз құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттiк реттеу саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) оны бекiтуге арналған мәлiметтердi қамтитын өндiрiс паспортының нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
3) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге өндiрiс паспортын бекiтедi немесе қайта бекiтедi;
4) көктемгi егiс пен жиын-терiн жұмыстарын және жылу беру кезеңiн ескере отырып, жыл сайын мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерiн бекiтедi;
5) мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу мониторингiнiң жүзеге асырылу тәртiбiн әзiрлейдi;
6) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту және келiсу, сондай-ақ олардың iске асырылуы туралы есептiлiктi ұсыну тәртiбiн әзiрлейдi;
7) мұнай өнiмдерiн өндiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
8) қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердi қоспағанда, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң инвестициялық бағдарламаларын бекiтедi;
9) бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленетiн мұнай өнiмдерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
10) жыл сайын мұнай өңдеу жоспарларын бекiтедi;
11) жыл сайын мұнай өнiмдерiн беру жоспарларын бекiтедi;
12) Қазақстан Республикасы iшкi нарығының қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестелерiн бекiтедi;
13) мұнай өнiмдерiнiң экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзiрлейдi және сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
14) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
15) бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзудiң шектi бағаларын келiседi;
16) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердi аккредиттеудi жүзеге асырады;
17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, қатер деңгейiн бағалау өлшемдерiн, жыл сайынғы тексерулер жүргiзу жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
18) шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушiлердiң қол жеткiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
19) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргiзедi;
20) мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген нысандар бойынша мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу саласында әкiмшiлiк есепке алуды жүзеге асырады;
21) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең аз көлемдерiн белгiлейдi;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

8-бап. Мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi
органның құзыретi

Мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi орган:
1) өз құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiнiң айналымын мемлекеттiк реттеу саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
3) мұнай өнiмдерiн өндiру мен олардың айналымы жөнiнде бiрыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген тәртiппен мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiнде бiрыңғай дерекқор жүргiзудi жүзеге асырады;
5) мұнай өнiмдерiнiң айналымына камеральдық бақылауды жүзеге асырады;
6) iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзiрлейдi;
7) дербес сәйкестендiру нөмiр-кодтарын беру қағидаларын әзiрлейдi;
8) хабарламалардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
9) мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiнде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзiрлейдi;
10) дербес сәйкестендiру нөмiр-кодтарының тiзбесiн бекiтедi;
11) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, қатер деңгейiн бағалау өлшемдерiн, жыл сайынғы тексерулер жүргiзу жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
12) автожанармай құю станциясында мұнай өнiмдерiнiң қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

9-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттiк реттеу саласындағы өзге де уәкiлеттi
органдардың құзыретi

1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi орган:
1) мұнай өнiмдерiнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган:
1) қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердi қоспағанда, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң инвестициялық бағдарламаларын келiсудi жүзеге асырады;
2) бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге шектi бағаны айқындау тәртiбiн әзiрлейдi;
3) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке сәйкес бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге шектi бағаларды белгiлейдi;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган:
1) мұнай өнiмдерiн өндiру, тасымалдау, сақтау және өткiзу кезiнде өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк реттеудi және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган:
1) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлерге беру үшiн қажеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемiн айқындайды;
2) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлерге мұнай өнiмдерiн беру көлемдерi туралы ұсыныстар енгiзедi;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуiне талдау жүргiзедi және мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға оның нәтижелерiн ұсынады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
құзыретi

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтiзбелiк жылға бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн тұтыну болжамын жасайды;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында жылу беру кезеңiне мұнай өнiмдерiн тұтыну болжамын жасайды;
3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

11-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы
саласындағы мемлекеттiк бақылау

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

12-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттерi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер:
1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнiмдерiн өткiзудi тең қолжетiмдiлiк және кемсiтпеушiлiк шарттарымен жүзеге асыруға;
2) мұнай өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыру басталғанға дейiн мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендiру нөмiр-кодын беруге өтiнiм жiберуге;
3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзуге және жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының резидент-банкiнде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшiн ағымдағы шот ашуға және инвестициялық бағдарламаларды iске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалануды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке сәйкес инвестициялық бағдарламаларды iске асыру туралы есептiлiк ұсынуға;
6) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргiзудiң жылдық кестесiн бекiтуге ұсынуға және осы кестенi бұзбауға;
7) мұнай өндiру саласындағы уәкiлеттi органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкiмшiлiк есепке алу үшiн қажеттi бастапқы статистикалық деректердi немесе бастапқы әкiмшiлiк деректердi ұсынуға;
8) мұнай берушiлерге шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынуға;
9) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң белгiленген ең аз көлемiн орындауға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мiндеттер қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге қолданылмайды.
3. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге:
1) шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткiзуге;
2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшiн статикалық қарсы қосындылардан басқа, темiр, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндiрудi жүзеге асыруға;
3) екi және одан да көп мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiн өндiру үшiн бiр ғана жабдықты пайдалануына;
4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар болмаған кезде мұнай берушiлерден шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға;
5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттiгi туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органмен келiспестен, мұнай өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға тыйым салынады.
4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге қолданылмайды.

13-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы
саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн
талаптар

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Мұнай өнiмдерi, сондай-ақ оларды өндiру, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату үдерiстерi мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
3. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде пайдаланылатын жабдық пен техникалық құралдар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ техникалық регламенттерге сәйкес болуға тиiс.
4. Мұнай өнiмдерiн өңдеу, тасымалдау және бөлу жөнiндегi объектiлердi жобалау мен салу кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы, өрт қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупi ескерiлуге тиiс.

14-бап. Мұнай өнiмдерiнiң бағаларын мемлекеттiк реттеу

1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтiк мәнi бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулi ықпал ететiн мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзу бағаларына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк реттеу белгiленуi мүмкiн.
2. Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге шектi бағалар белгiлейдi.
3. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер мұнай өнiмдерiн өткiзу кезiнде бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге белгiленген шектi бағалардан аспауға мiндеттi.
4. Мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк реттеу жағдайларында шектi бағалар айына бiр реттен артық белгiленбейдi.

15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға
арналған ағымдағы шот

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушi инвестициялық бағдарлама келiсiлгеннен және бекiтiлгеннен кейiн ағымдағы шот ашады, оның қаражаты тек қана инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсалады.
2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң негiзгi қаражатқа салымдарының инвестициялық бағдарламаларда көзделген көлемдерi (инвестициялық құрамдастар) ағымдағы кезеңге және орташа мерзiмдi перспективаға реттелетiн тауарлар бағаларын есептеу кезiнде ескерiледi.
3. Осы баптың күшi қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге қолданылмайды.

16-бап. Мұнай өнiмдерiнiң айналымын декларациялау
және камералдық бақылаудың нәтижелерi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнiмдерi айналымы саласындағы уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiнiң айналымы бойынша декларациялар тапсыруға мiндеттi.
2. Мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiнiң айналымы бойынша декларациялардың, iлеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерiнiң негiзiнде камералдық бақылау жүргiзедi. Жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткiзу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнiмдерiнiң айналымы бойынша декларациялар және iлеспе жүкқұжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
3. Камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленген талаптардың орындалмағаны анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мұнай өнiмдерiн өндiрушiге, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiге немесе бөлшек сауда арқылы өткiзушiге хабарлама тапсырылады.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-тармақтың екiншi бөлiгiне өзгерту енгiзу көзделген Заңның 26-бабының 2-тармағын қараңыз (2015.01.01 дейiн қолданыста болады).
Хабарламада мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiнiң немесе бөлшек сауда арқылы өткiзушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) немесе толық атауы, салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi, салық қызметi органының атауы, хабарламаның берiлген күнi, хабарламаны жiберу үшiн негiздеме, шағым жасау тәртiбi көрсетiледi.
4. Хабарлама мұнай өнiмдерiн өндiрушiге, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiге немесе бөлшек сауда арқылы өткiзушiге немесе олардың өкiлдерiне жеке қолдарын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепiлдi түрде жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жiберiлген хабарлама жауапты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы алған күннен бастап не хабарлама электронды түрде жiберiлген күннен бастап бес жұмыс күнi өткеннен кейiн тапсырылған деп саналады.
Мұнай өнiмдерiн өндiрушi, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушi немесе бөлшек сауда арқылы өткiзушi хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннiң iшiнде оны орындауды жүзеге асырады.

17-бап. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы
берушiлердi аккредиттеу

РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
1. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органда аккредиттеуге жатады.
2. Аккредиттелетiн субъектiлер мынадай талаптарға сай болуға:
РҚАО-ның ескертпесi!
1) тармақша осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
1) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелiк етуге;
РҚАО-ның ескертпесi!
2) тармақша 2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
2) олардың орнатылған есепке алатын бақылау аспаптары болуға тиiс.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
3. Аккредиттеу аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады.
РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
4. Аккредиттеу үшiн мынадай құжаттар:
1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
2) жеке тұлға үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе заңды тұлға үшiн – ұйым жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi және ұйымды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерi базасының немесе резервуарының болуын растайтын, құқық белгiлейтiн немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi ұсынылады.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
РҚАО-ның ескертпесi!
5-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
5. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға олар келiп түскен кезден бастап есептелетiн он бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган оң шешiм қабылдаған жағдайда мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органның тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiледi және мұндай шешiм қабылданған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
РҚАО-ның ескертпесi!
6-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
6. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды, мерзiмi белгiленбеген, иелiктен шығарылмайтын болып табылады және оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге болмайды.
РҚАО-ның ескертпесi!
7-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
7. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 4-тармақтарының талаптарына сай болмаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған кезде мұндай шешiм қабылданған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, дәйектелген жазбаша жауап жiберiледi.
РҚАО-ның ескертпесi!
8-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
8. Аккредиттеу туралы куәлiктi қайтарып алуды мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда:
1) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiнiң жазбаша өтiнiшi болғанда;
2) мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушi аккредиттеу туралы куәлiктi алған кезде дәйексiз ақпарат бергенде;
3) мұнай өнiмдерi базасын немесе резервуарды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иелену тоқтатылғанда;
4) жеке тұлға қызметiн тоқтатқанда, заңды тұлға таратылғанда, заңды тұлға бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылғанда жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесi!
9-тармақ осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
9. Осы баптың талаптары:
1) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге;
2) өздерi өндiрген және (немесе) импортталған шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесiнде өндiрiлген мұнай өнiмдерiн өткiзетiн мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.

18-бап. Шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын
өңдеудi және мұнай өнiмдерiн берудi мемлекеттiк
реттеудiң ерекшелiктерi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер қуаттарының барынша жүктелуiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының iшкi нарығының мұнай өнiмдерiне қажетiн қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешiктiрмей, мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган алдағы күнтiзбелiк жылға, қуаты аз мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердi қоспағанда, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн мұнай өңдеу жоспарын бекiтедi.
2. Мұнай өңдеу жоспары шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемiн айқындайды, оны мұнай өнiмдерiн өндiрушi Қазақстан Республикасының iшкi нарығында мұнай өнiмдерiнiң болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтiзбелiк жыл iшiнде мұнай өнiмдерiнiң тиiстi түрлерiн өндiру үшiн ай сайын өңдеуге мiндеттi.
3. Мұнай өңдеу жоспары көктемгi егiс-дала және жиын-терiн жұмыстары кезеңiнде - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңiнде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етудi есепке ала отырып жасалады.
4. Мұнай берушiлер жыл сайын, 30 қарашадан кешiктiрмей, мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға алдағы күнтiзбелiк жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсатының жоспарланған көлемiн, берiлу мерзiмдерiн және өндiрiлген мұнай өнiмдерiн беру бағыттарын көрсете отырып, шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруге өтiнiмдер жiбередi.
5. Мұнай өнiмдерiн өндiрушi мынадай:
1) мұнай берушiде сатып алынатын (қабылданатын) шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерiн растайтын құжаттың болуы;
2) мұнай берушiде берiлетiн шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы;
3) өзiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi автожанармай құю станциялары немесе резервуарлар арқылы өңдеу нәтижесiнде алынған мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзудi жүзеге асыратын мұнай берушiнi қоспағанда, мұнай өнiмдерiн беру жоспарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына өндiрiлген мұнай өнiмдерiн берудi көздейтiн мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiмен және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткiзушiмен мұнай өнiмдерiн беруге жасалған шарттың болуы талаптары сақталған жағдайда мұнай берушiлерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген өтiнiмдердi ескере отырып, мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган мұнай берушiлер үшiн шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесiн бекiтедi, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдерi мен мерзiмдерi көрсетiледi. Шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын алдағы күнтiзбелiк жылға беру кестесiн мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейiн бекiтедi және оны бекiтiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң назарына жеткiзедi. Мұнай берушiлер шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудi шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудiң бекiтiлген кестесiне сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
7. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтарына бөлшек сауда арқылы өткiзу бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесiнiң және мұнай өнiмдерiн тұтыну болжамының негiзiнде жыл сайын, 15 желтоқсанға дейiн алдағы күнтiзбелiк жылға мұнай өнiмдерiн беру жоспарын бекiтедi.
8. Мұнай берушiлер мұнай өнiмдерiн берудiң бекiтiлген жоспарына сәйкес шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемiнен өндiрiлген, бөлшек сауда арқылы өткiзу бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн берудi жүзеге асыруға мiндеттi.
9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң берiлуi мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң мұнай берушiлермен шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.
10. Мұнай берушiлер мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға бөлшек сауда арқылы өткiзу бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесiнiң және мұнай өнiмдерiн беру жоспарының орындалуы туралы есеп бередi.
11. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға әкiмшiлiк есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу мониторингi үшiн қажеттi мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.

19-бап. Мұнай өнiмдерiн өткiзу шарттары

1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшiн статикаға қарсы қосындылардан басқа, темiр, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнiмдерiн әкелуге және өткiзуге, оның iшiнде оларды одан әрi өңдемей сақтауға тыйым салынады.
2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнiмдерiн өткiзуге, тек қана:
1) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге;
2) мұнай өнiмдерiн берушiлерге;
3) мұнай өнiмдерi базаларынан мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге;
4) мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жол берiледi.
3. Мұнай өнiмдерiн өткiзудi және (немесе) жөнелтудi:
РҚАО-ның ескертпесi!
1) тармақша 2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
1) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер, мұнай өнiмдерi базасынан немесе резервуарлардан мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер немесе мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер;
РҚАО-ның ескертпесi!
2) тармақша 2017.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
2) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткiзудi қоспағанда, мұнай өнiмдерiн автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер мұнай өнiмдерiн мiндеттi түрде есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткiзе отырып, жүзеге асырады.
4. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткiзу кезiнде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң экспорты кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi.
Мұнай өнiмдерiн автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткiзу кезiнде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделмейдi.
5. Екi және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнiмдерiн кейiннен өткiзу мақсатында резервуарды өткiзу, сондай-ақ сақтау үшiн пайдалануына тыйым салынады.

20-бап. Шикi мұнайды, газ конденсатын және мұнай
өнiмдерiн темiр жол, автомобиль, теңiз, iшкi
су және әуе көлiгiмен тасымалдау шарттары

1. Қауiптi жүктердi тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы шикi мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнiмдерiн темiр жол, автомобиль, теңiз, iшкi су және әуе көлiгiмен тасымалдауға жол берiледi.
2. Мұнай өнiмдерiн өткiзу және (немесе) жөнелту кезiнде, сондай-ақ темiр жол, автомобиль, теңiз, iшкi су және әуе көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi.
Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер, мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер, мұнай өнiмдерiнiң iшкi тасымалдануын жүзеге асыратын тұлғалар алушыларға мұнай өнiмдерiмен бiрге iлеспе жүкқұжаттарын көлiк арқылы берiп жiберуге мiндеттi.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
1) мұнай өнiмдерiн сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, ол алушы ретiнде көрсеткен осы заңды тұлғаның филиалы;
2) iшкi тасымалдау кезiнде мұнай өнiмдерiн алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;
3) мұнай өнiмдерiн, сондай-ақ iшкi тасымалдау кезiнде мұнай өнiмдерiн сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы болып танылады.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бiр жеке тұлға немесе заңды тұлға iшiнде мұнай өнiмдерiн тасымалдауға байланысты тасымалдау iшкi тасымалдау болып танылады.
Iлеспе жүкқұжаты интернет-ресурс арқылы электронды түрде ресiмделедi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер iшкi тасымалдауды жүзеге асырған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу талап етiлмейдi.
3. Шикi мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнiмдерiн темiр жол, автомобиль, теңiз, iшкi су және әуе көлiгiмен тасымалдауға байланысты құжаттар қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн көлiктiң әрбiр түрiне белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
4. Темiр жол, автомобиль, теңiз, iшкi су және әуе көлiгiмен шикi мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнiмдерiн сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердiң талаптарына сай болуға тиiс.

21-бап. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзу

РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi (26-бапты қараңыз).
1. Осы Заңның 17-бабының 9-тармағында көрсетiлген мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердi қоспағанда, тек мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган берген аккредиттеу туралы куәлiк болған жағдайда ғана мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзуге жол берiледi.
Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтаған кезде мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өткiзуiн қоспағанда, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер басқа мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге мұнай өнiмдерiн өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
Басқа мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерден мұнай өнiмдерiн сатып алатын мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер тек мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлерге ғана мұнай өнiмдерiн өткiзуге құқылы.
2. Мұнай өнiмдерiнiң импортын жүзеге асыратын мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мұнай өнiмдерiнiң импортын жүзеге асыру басталғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне дербес сәйкестендiру нөмiр-кодының берiлуiне өтiнiм жiберуге тиiс.
3. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мұнай өнiмдерiн тек мұнай өнiмдерiнiң базаларында және (немесе) резервуарларда сақтауды жүзеге асыруға мiндеттi.

22-бап. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзу

1. Осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың өздерi меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иеленетiн автожанармай құю станциялары және (немесе) резервуарлар арқылы мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуiне жол берiледi.
2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде контейнерлiк үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге жол берiледi.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникалары жинақталған орындарда жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге жол берiледi.
3. Бiр мезгiлде екi және одан да көп мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлердiң мұнай өнiмдерiн сақтау және бөлшек сауда арқылы өткiзу үшiн автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес адам саны он мыңнан астам елдi мекеннiң немесе әкiмшiлiк ауданның аумағында бiр мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiнiң не адамдар тобы деп танылған мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлердiң нарықтық үлесi осы нарықтың жалпы көлемiнiң отыз бес пайызынан аса алмайды.

23-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу мониторингi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган мынадай мониторингтi жүзеге асырады, оған:
1) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн мұнай өнiмдерi көлемiнiң, олардың түрлерi бойынша мониторингi;
2) Қазақстан Республикасында мұнай өнiмдерiн өткiзудiң, оның iшiнде мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортының мониторингi;
3) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн мұнай өнiмдерiнiң көтерме саудадағы және бөлшек саудадағы бағаларының мониторингi;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мұнай өнiмдерiн қажетсiнуiнiң мониторингi кiредi.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары жыл сайын мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға:
1) көтерме сауда арқылы өткiзу бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген;
2) жылу беру кезеңiнде жылумен қамтамасыз ететiн ұйымдардың мұнай өнiмдерiн тұтыну жөнiндегi болжамды ұсынады.
3. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған мұнай өнiмдерiн өткiзу туралы мәлiметтердi ұсынады.
4. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу мониторингi деректерiнiң негiзiнде:
1) алдағы күнтiзбелiк жылға Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнiмдерiн тұтыну, өндiру және өткiзу балансының болжамын жасайды;
2) мұнай өңдеу жоспарларын бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасы iшкi нарығының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге шикi мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерiн бекiтедi;
4) мұнай өнiмдерiн беру жоспарларын бекiтедi;
5) бағаларды мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге шектi баға белгiлеу үшiн табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға тиiстi мәлiметтердi жiбередi.

24-бап. Көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстары
кезеңдерiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өндiрушiлердi және жылу беру кезеңiнде жылумен
жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз
етуге байланысты мұнай өнiмдерiнiң айналымын
мемлекеттiк реттеудiң ерекшелiктерi

1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп, ауыл шаруашылығы жұмыстарының межелi көлемдерiн ескере отырып, мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға мұндай көлемдердi мұнай өңдеу жоспарларында ескеру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге мұнай өнiмдерiн беру көлемi туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өңдеу жоспарларында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге беру үшiн қажеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемiн ескередi.
3. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өңдеу жоспарларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған, алдағы жылғы жылу беру кезеңiне жылумен жабдықтау ұйымдарына беру үшiн қажеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемiн ескередi.
4. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер және мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер жыл сайын, мұнай өнiмдерiн өткiзу кезiнде 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеңiнде - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге, ал 31 қазан - 1 наурыз аралығы кезеңiнде - жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге мiндеттi.

25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн
өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк
реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң мыналарды:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бiрiншi бөлiгiн;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 17-бабының 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-бабының 3-тармағының 1) тармақшасын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 19-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптарымен» деген сөздер «мұнай өнiмдерiн есепке алуды қамтамасыз ететiн өлшеу құралдарымен» деген сөздер болып есептелсiн.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңның 16-бабының 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «тiркеу нөмiрi» деген сөздер болып есептелсiн.
4. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina