ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303-III Заңы
Мемлекеттiк сатып алу туралы

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиiсiнше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.10 N 178-IV Заңымен.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

Осы Заң мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi олардың жүзеге асыруы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесiлiлiк әрбiр келесi аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы тиесiлi болатынын бiлдiредi;
2) әлеуеттi өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
5) демпингтiк баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
6) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесi бар шикiзат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге де қызмет;
6-1) қазақстандық қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
6-2) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шетел мемлекетiнде тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
6-3) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес процентiн пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
8) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтiнiм әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
9) көрсетiлетiн қызметтер - тапсырыс берушiнiң заттық нәтижесi жоқ қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
10) қаулы — бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
11) мемлекеттiк кәсiпорынның аффилиирленген тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
12) мемлекеттiк сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;
13) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
14) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi - әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;
14-1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
14-2) мемлекеттiк сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қолын жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
15) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
16) мемлекеттiк сатып алу жүйесi - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
17) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
18) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйелерiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
19) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
20) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
20-1) отандық кәсiпкерлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiлер;
20-2) отандық тауар өндiрушiлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарларды;
кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi өңделген тауарларды өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
21) өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiм-шарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
22) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
23) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
24) тапсырыс берушiлер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар; P090787
25) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
25-1) ұсыну — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
26) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
27) электрондық мемлекеттiк сатып алу — ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу;
28) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.05.05 N 158-IV, 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Мемлекеттiк сатып алуды құқықтық
реттеу принциптерi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы:
1) мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiне қатысу үшiн теңдей мүмкiндiк беру;
3) әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
4) мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық кәсiпкерлердi қолдау принциптерiне негiзделедi.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-бап. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды
регламенттейтiн нормаларын қолданбай жүзеге
асырылатын мемлекеттiк сатып алу

1. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормалары қолданылмай мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) егер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
3) жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу iс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды жүзеге асыру үшiн:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтiк үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктi;
жасырын ұйымдар құру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтердi сатып алу;
4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсiптер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарлар тiзбесi бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша тауарларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
7) өкiлдiк ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
8) көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердiң материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған iс-шараларға қатысқаны үшiн ақы төлеу;
9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi мерзiмдi баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, әртүрлi магниттiк жеткiзгiштерде басылған дыбыстандырылған кiтаптарды, көзi көрмейтiн мүгедектерге қызмет көрсету үшiн рельефтiк-нүктелiк шрифтiмен, тифлоқұралмен басылған кiтаптарды сатып алу;
10) қызметкерлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, қаржылық қызметтердi сатып алу;
12) мамандандырылған кiтапханалардың қызметтерiн сатып алу;
13) лизинг қызметiн жүзеге асыру кезiнде тауарларды кейiннен лизингке беру үшiн сатып алу;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестердi сатып алу;
15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
16) мемлекеттiк және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсiн және оның құжатын, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық) және жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi дайындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өнiм берушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететiн баспа өнiмдерiн сатып алу;
17) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберiнде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
18) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткiзiп беру жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өтемсiз негiзде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
20) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
21) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiне кiретiн медициналық қызметтердi сатып алу;
21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрi олармен бiрге жүру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
23) iссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
24) тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттiк мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның iшiнде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшiрмелерiн қоса алғанда, сирек кездесетiн және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
25) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлiк меншiк объектiлерi болып табылатын тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) табиғи монополия субъектiлерiнен реттелетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
27) тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын белгiлi бiр нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесi жүз процентке тең болатын тұлғадан не нарық субъектiсiнен олардың қызметiнiң негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
28) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiр жол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшiн, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
29) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, сондай-ақ олардың атынан жұмыс iстейтiн тапсырыс берушiлердiң оқшауланған бөлiмшелерiнiң шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнiндегi қызметтерiн сатып алу;
31) мемлекеттiк органның дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз процентi мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша оған қатысты иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнен, сондай-ақ оған қатысты осындай мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы бойынша басқару органының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алуы;
32) монетарлық қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
33) Қазақстан Республикасы Президентiн, өзге де күзетiлетiн тұлғаларды және күзетiлетiн тұлғалардың келуiне арналған объектiлердi күзетуге және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
34) халықаралық коммерциялық төрелiктерде және шетелдiк сот органдарында мемлекеттiң не тапсырыс берушiнiң мүдделерiн қорғау мен бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заң қызметтерiн сатып алу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
37) акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң бақылау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу;
38) мамандандырылған ұйымының (агенттiң) отандық өнiм өндiрушiлерден азық-түлiк тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
39) статистикалық бақылаулар деректерiн өңдеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
40) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткiзетiн;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлiктердi (активтердi) сатып алу; U952721
41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететiн қызметтерiн сатып алу;
42) түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
43) мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық тауар өндiрушiлер мен жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған уәкiлеттi ұйымнан сатып алу;
44) алынып тасталды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
45) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
46) электр энергиясын сатып алу;
47) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
48) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
49) нарыққа реттеушiлiк әсер ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервке тауарлар сатып алу;
50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
51) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және азаматтық авиациясы субъектiлерiнiң авиаотынды тiкелей отандық мұнай өңдеушi кәсiпорындардан сатып алуы;
52) отандық тауар өндiрушiлердiң — мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн өнiмдердi өндiру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
53) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және мемлекеттiк сатып алу бойынша өнiм берушi ретiнде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
54) ғарышкерлердi даярлау және ғарышкерлердiң ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
55) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және ұзақ мерзiмдiк бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл iшiнде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүргiзiлген болса, тапсырыс берушiнiң техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжiрибелiк өнеркәсiп үлгiсiнде өндiрудi және тауарларды сериялық өндiрудi ұйымдастыруды көздейтiн отандық тауар өндiрушiлерден тауарларды сатып алуы;
56) отандық тауар өндiрушiлерден мемлекеттiк материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
57) мамандандырылған авиажөндеу кәсiпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметiн көрсетудi сатып алу;
58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне қауiп төндiретiн ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен бөлiнген ақша есебiнен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
59) мемлекеттiк бюджет есебiнен гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу принциптерi сақтала отырып, жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 182-IV, 2009.07.16 N 186-IV, 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 N 334-IV, 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi

1. Мемлекеттiк сатып алу процесi:
1) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
2) мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеудi және бекiтудi;
3) өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Тиiстi бюджеттiң (бизнес-жоспардың, кiрiстер мен шығыстар сметасының) негiзiнде тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен және нысанда мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi.
Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджет (бизнес жоспар, кiрiстер мен шығыстар сметасы) бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер:
1) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң
номенклатурасы;
2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмi;
3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң жоспарланған мерзiмi мен орны;
4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сома шегiнде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерi қамтылуға тиiс.
4. Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны уәкiлеттi органға жiбередi не табыс етедi.
5. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға аталған шешiмнiң көшiрмесiн және өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу жоспарынан үзiндi көшiрме табыс етуге мiндеттi.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын ақпараттық жүйелердi не электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен жiбередi.
6. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзiлуге жатпайды.
7. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген не нақтыланған жылдық жоспары негiзiнде қабылдайды.
Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тиiстi бюджет бекiтiлгенге дейiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.
8. Мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнi таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
10. Тапсырыс берушi мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (бизнес-жоспарына, кiрiстер мен шығыстар сметасына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тапсырыс берушi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi осындай шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
1) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешiм туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдердi қамтамасыз етудi және (немесе) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын
қамтамасыз етудi қайтаруға мiндеттi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты
шектеулер

1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң басшылары және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнiм берушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң немесе ұйымдастырушының өкiлi болып табылса;
2) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның қызметкерi тапсырыс берушiге не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуды дайындау жөнiнде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын объектiнiң құрылысына арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса;
3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшыларының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса және осындай заңды тұлғаларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу үшiн негiз болған жол берген бұзушылықтары сот шешiмiмен танылса;
4) әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;
5) баланстық құны тиiстi негiзгi құрал-жабдықтар құнының он процентiнен асатын әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) мүлкiне тыйым салынса;
5-1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган оларды тиiстi борышкерлер тiзiлiмiне енгiзсе;
6) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуеттi өнiм берушi мен әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мүддесiне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға құқығы жоқ.
4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушi не өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7-бап. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау
тәртiбi

1. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындау үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң алда болатын мемлекеттiк сатып алуда мүддесiн бiлдiретiн оның лауазымды адамын айқындайды.
2. Тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты өз құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
Тапсырыс берушi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеменi не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы етiп айқындауға құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi болуға;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қызметiнiң бейiнi тапсырыс берушi үшiн сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ерекшелiгiне сай болуға тиiс.
4. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өзi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеме, заңды тұлға не бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттiк кәсiпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлға өзiмен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзiне қатысты құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
5. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
5) өздерiне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшiн ол мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы.
6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгiленген талаптар сақталған жағдайда жол берiледi.
7. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзiнiң атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамды айқындауға мiндеттi. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң қызметкерлерi қатарынан айқындалуға тиiс.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8-бап. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк
талаптары

1. Әлеуеттi өнiм берушiге жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптары қойылады.
2. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай жалпы бiлiктiлiк талаптарына сай келуi:
1) құқық қабiлеттiлiгiнiң (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық iс-әрекетке қабiлеттiлiгiнiң (жеке тұлғалар үшiн) болуы;
2) төлем қабiлеттiлiгiнiң болуы, үш айдан асатын мерзiмге салық берешегiнiң болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсiмдерiне жатқызылмауы тиiс.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өздерiне қатысты оңалту рәсiмi өткiзiлетiн әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсi, осы баптың 2-тармағында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлiгiнде қойылатын арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
4. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген тиiстi құжаттарды табыс етедi.
5. Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы осыған ұқсас мәлiметтердi қамтитын құжаттарды табыс етедi.
6. Әлеуеттi өнiм берушi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың бiрiн:
1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгендiгiн растайтын құжатты; V064139
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң биржаның ресми листингiне енгiзiлгендiгi туралы қор не тауар биржасының үзiндi көшiрмесiн беру арқылы растауға құқылы.
Лицензиялануға тиiстi қызметтiң түрлерiн жүзеге асырушы әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi оның Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн беруi арқылы расталады.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары әлеуеттi өнiм берушi жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгер не қызмет көрсетулер бойынша бiрлескен орындаушы ретiнде тартуды көздейтiн жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлескен орындаушыларын) тартуды көздейтiн әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарға не көрсетiлетiн қызметтерге тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиiс.
Қосалқы мердiгерлерге (бiрлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтердi көрсету үшiн берiлуi мүмкiн жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң шектi көлемi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде белгiленедi.
8. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу өткiзiлетiн соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабiлетi туралы жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай жағдайларда:
1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге растауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;
2) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау кезеңiнде растауға құқылы.
9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31 және 36-баптарында көзделген мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.
10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың ерекше және арнайы тәртiптердi қолдану арқылы мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 N 138-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына
сәйкес келмейдi деп танудың негiздерi

1. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай негiздердiң бiрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылуға тиiс:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжат (құжаттар) табыс етпеуi не тиiсiнше ресiмделмеген құжат (құжаттар) табыс етуi;
2) әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) сәйкестiгiн растау үшiн табыс етiлген құжаттарында қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактiсiнiң анықталуы;
3) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы.
2. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiн (бiрлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi.

10-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары
бойынша дұрыс емес аппарат беруiнiң салдары

1. Бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуеттi өнiм берушiлер осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiледi.
2. Әлеуеттi өнiм берушi табыс ететiн бiлiктiлiк талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, уәкiлеттi орган не мемлекеттiк қаржылық бақылау
органдары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңiнде анықтауы мүмкiн.
3. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiн анықтаған тұлғалар:
1) осындай фактi анықталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаға осы фактiлердi растайтын құжаттардың көшiрмесiн қоса берiп, тапсырыс берушiнi және уәкiлеттi органды жазбаша түрде хабардар етуге;
2) осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыз беруге мiндеттi.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттiк сатып алудың тапсырыс берушiлерi (ұйымдастырушылары) ретiнде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

11-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында
қалыптастырылатын тiзiлiмдер

1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай:
1) тапсырыс берушiлердiң
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң (жiктеуiштiң);
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың
4) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi - тiзiлiмдер) қалыптастыруды және оларды жүргiзудi жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi өздерiнiң жұмыс iстеуi, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауы үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесi болып табылады.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi (жiктеуiшi) тапсырыс берушiлердiң осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алатын
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi болып табылады.
4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелерiн орындауының нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесi болып табылады.
Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге болмайды.
5. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:
1) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң
2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң
3) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуеттi өнiм берушiлердiң
5) мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесi болып табылады.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң негiзiнде жасалады.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап он сегiз ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiмен жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап отыз ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы Заңда белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аталған тiзiлiмнен шығарылып тасталады.
Уәкiлеттi орган әлеуеттi өнiм берушiнiң не өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған хабарламаның жiберiлгенi және оны алғаны фактiсiн растайтын тәсiлмен тиiстi хабарлама жiбередi.
Әлеуеттi өнiм берушiнi не өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың сот тәртiбiмен шағым жасауына болады.
Осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, уәкiлеттi органға мұндай әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiмет жiберуге және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтiнiш жасауға мiндеттi.
6. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

12-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi

1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:
1) конкурс тәсiлiмен. Конкурс екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бiр көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық
5) тауар биржалары арқылы.
2. Тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiспей-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес таңдайды.
3. Өзiнiң филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық көлемiн негiзге ала отырып, тапсырыс берушiнiң атынан осындай мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушiнiң филиалы (өкiлдiгi) тiкелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлiн тапсырыс берушi айқындауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк
сатып алу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) үздiксiз қызметтi қамтамасыз ету үшiн тапсырыс берушiлер сатып алатын күнделiктi немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
4) осы Заңның нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор және тауар биржаларының тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
5) мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
7) стратегиялық маңызы бар өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
8) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi , сондай-ақ оларды сатып алу тәртiбiн айқындайды;
9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуеттi өнiм берушiлер санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды;
10) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
11) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртiбiн айқындайды;
12) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгiлiк талаптарды белгiлейдi;
13) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды;
14) электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
15) мемлекеттiк сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың тәртiбiн айқындайды;
16) арнайы қорғау дәрежесi талап етiлетiн баспа өнiмдерiн берушiлердi айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнiмнiң тiзбесiн бекiтедi;
17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
18) түзету мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушiлер сатып алатын, олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi;
19) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесiн және олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардан тапсырыс берушiлердiң сатып алу тәртiбiн айқындайды;
20) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындайды;
21) қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн айқындайды;
22) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiн айқындайды;
23) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардың тiзбесiн бекiтедi;
24) отандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiтедi;
25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 N 138-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық саласында стратегиялық бағдарламалық, құжаттар әзiрлейдi;
2) мемлекеттiк сатып алу саласында салааралық үйлестiру мен әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады;
3) осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және қабылдайды;
4) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдер жасауды және жүргiзудi жүзеге асырады;
5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық мазмұнның көлемi туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, қорыту және талдау тәртiбiн айқындайды; V106294
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi әзiрлеуге, енгiзуге және пайдалануға қатысады;
9) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға электрондық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды;
10) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпараттың сақталу тәртiбiн айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алу субъектiлерi ұсынған есептiлiк деректерiнiң, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексередi.
Уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiнен қажеттi ақпаратты және материалдарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргiзуге тартуға құқылы.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-1-бап. Электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы
бiрыңғай оператордың өкiлеттiгi

Электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор:
1) мемлекеттiк сатып алу саласында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi әзiрлеудi, енгiзудi, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс iстеуiн және оны техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
4) осы Заңға сәйкес өтеусiз негiзде мiндеттi түрде жариялануға жататын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастырады;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусiз негiзде ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға электрондық қызмет көрсетедi;
6) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне өтеусiз негiзде консультациялық және практикалық көмек көрсетедi;
7) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттiк сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы есептiлiктi, оның iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық мазмұнның көлемi туралы есептiлiктi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi; P090366, V106294
9) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу
туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:
1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк қаржы бақылау органдары;
2) уәкiлеттi орган бақылау объектiлерiн жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердi орындау арқылы жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;
2) әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа қатысушы, өнiм берушi, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшiн қосалқы мердiгерлер не қызметтер көрсету үшiн бiрлескен атқарушылар ретiнде тартатын тұлғалар;
3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттiк сатып алуға қатысушы тұлғалар;
4) мемлекеттiк сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектiлерi болып табылады.
3. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектiлерiне осы баптың 2-тармағында көрсетiлген тұлғалар жатады, олар бiр мезгiлде мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерi болып табылады.
4. Бақылау объектiлерiне қатысты жоспарлы тексерулер күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр реттен артық жүзеге асырылмайды.
5. Уәкiлеттi орган жоспардан тыс тексерулердi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа қатысушы, өнiм берушi не олардың уәкiлеттi өкiлi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағымдана отырып, жазбаша өтiнiш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады;
2) бақылау объектiлерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны туралы ақпарат келiп түскенде;
3) құқық қорғау органдарының қаулылары келiп түскен кезде;
4) мемлекеттiк сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6. Уәкiлеттi орган бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау объектiсiне орындауға мiндеттi ұсыну жiбередi;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi.
7. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде тиiстi бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау объектiлерiне орындауға мiндеттi қаулылар, ұсынулар жiбередi;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8. Бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң қылмыс құрамы белгiлерi бар iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) жасасу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қаржы бақылау органдары осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аталған iс-әрекеттiң (әрекетсiздiктiң) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактiнi растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге мiндеттi.
9. Мемлекеттiк қаржы органдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. КОНКУРС ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

16-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру

1. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға мiндеттi түрде бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңiмпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша айқындалған бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер қатысады.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу:
1) конкурстық комиссия екiден кем әлеуеттi өнiм берушiнi конкурсқа қатысушы деп таныған;
2) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екiден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;
3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бiрi болғанда өтпей қалды деп танылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-бап. Конкурстық құжаттама

1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiмен айқындалған үлгiлiк конкурстық құжаттаманың негiзiнде әзiрлейдi.
2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзiндiк ерекшелiктерiн қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
6) төлем жасау шарттары және елеулi шарттары көрсетiле отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) бағадан басқа критерийлер, солардың негiзiнде конкурс жеңiмпазы, оның iшiнде әрбiр осындай критерийлердiң салыстырмалы мәнi және шартты бағаны есептеудiң әдiстемесi айқындалады;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның iшiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеудi көрсету;
9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрiнетiн валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын бағам; V095570
10) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
11) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзудiң талаптары, өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мазмұны мен түрлерi;
12) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiн оны берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi сiлтеме жасау;
13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң тәртiбi, тәсiлi, орны мен соңғы мерзiмi және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданыста болуының талап етiлетiн мерзiмi;
14) әлеуеттi өнiм берушiлер олардың көмегiмен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер сұрата алатын тәсiлдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесулер өткiзу орны, күнi және уақыты;
15) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақыты;
16) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсiмдерiнiң сипаттамасы;
17) алда болатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкiлеттiк ететiн олардың өкiлдерi туралы мәлiметтер;
18) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң талаптары, түрлерi, көлемi және оны енгiзудiң тәсiлi;
19) конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомалар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
Конкурстық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндiрiстiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға сiлтемелердiң болуына:
1) негiзгi (белгiленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшiн;
2) тауарды лизингке беру жөнiнде қызметтер көрсетушiнi айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттiгiнiң туындауы үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берiлмейдi.
4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсiпкерлердi қолдау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай критерийлердi:
1) әлеуеттi өнiм берушiде:
өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң
өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында кәсiби бiлiктiлiк деңгейi мен жұмыс тәжiрибесi бар мамандардың
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндiрушiлер үшiн ұсынылатын тауарларды ерiктi түрде сертификаттауды растайтын құжаттың
мемлекеттiк стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) болуын;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетудi және оларды жөндеудi;
3) қазақстандық мазмұнды көздеуге мiндеттi..P100964,P090366
5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгiленген жағдайларда жариялануға тиiстi ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрi - тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсы ) көрсетiлуге тиiс. Тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсы тұрақты жұмыс iстеуге және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын тұлғаға тиесiлi болуға тиiс.
5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.
6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
Мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның мiндетiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының екiншi бөлiгiнде, 4-тармағында, 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушысы не бiрыңғай ұйымдастырушы болатын тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғасы не олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
7. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асыру туралы хабарлама

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берген соңғы күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:
РҚАО-ның ескертпесi!
1) тармақша 2010.01.01 дейiн қолданыста болады.
1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн осы Заңға сәйкес уәкiлеттi орган айқындаған заңды тұлғаға хабарландырудың мәтiнiн Бюллетеньде жариялау үшiн жiберуге;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға;
4) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында хронологиялық тәртiппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерiн, почта және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
2. Жабық конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзi шақыратын әлеуеттi өнiм берушiлердiң атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен жазбаша хабарламалар жiбередi.
Жабық конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзi шақыратын әлеуеттi өнiм берушiлердiң атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен тиiстi жазбаша хабарламаны жiберуге тиiс.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделi тұлғаларға қағаз жеткiзгiште (бұдан әрi - конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгiленген талаптары ескерiлiп, тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы табыс етедi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн мүдделi тұлғаларға олар мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс ету туралы өтiнiш жасаған күнi табыс етуге мiндеттi.
Егер конкурстық құжаттаманың көшiрмесi арқылы негiзде табыс етiлген болса және бұл туралы сiлтеме тиiстi хабарламада қамтылса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделi тұлғаларға мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгiзгенiн растайтын құжатты ұсыну шартымен өздерi өтiнiш жасаған күнi табыс етедi.
Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткенi үшiн ақы мөлшерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң данасын әзiрлеумен тiкелей байланысты шығыстарынан аспауға тиiс.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсынан бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.
3. Конкурстық құжаттаманы конкурс өткiзу туралы хабарландырудың мәтiнiн жарияланғанға дейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру

1. Осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына мәлiметтерi енгiзiлген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалмен жүгiнуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:
1) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына мәлiметтерi енгiзiлген тұлғаларға жiберуге;
2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнi өткенге дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дерек көздерiн көрсетпей ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;
2) көрсетiлген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

21-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi туралы растауды қамтуға тиiс.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде айқындалады.
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық құжаттамада белгiленген талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.

22-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету

1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте оны табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.
Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi не конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн табыс етiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверт ашылмайды және әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылады.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына хронологиялық тәртiппен енгiзедi.
3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталған кезден кешiктiрмей:
1) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алу сияқты, өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң конкурстық құжаттамада белгiленген қолданылу мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың қолданылу мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi:
1) өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;
2) мұндай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн өзi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
5. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға өзiнiң қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.

23-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi, өзiнiң:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтiндiгiнiң және (немесе) толықтырмайтындығының
2) оны конкурстың қатысушысы деп таныған жағдайда, өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс ететiндiгiнiң, ал кейiннен оны керi қайтарып алмайтындығының
3) оны конкурстың жеңiмпазы деп таныған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзетiндiгiнiң кепiлi ретiнде енгiзедi.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде айқындалған тәртiппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр процентi мөлшерiнде енгiзiледi.
3. Әлеуеттi өнiм берушi, егер ол:
1) екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.
4. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы. V085231
Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн үшiншi тұлғаларда енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнаға толығымен не бiр бөлiгiнде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын iс-әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 6 және 7-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
5. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алса;
3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса
қайтармайды.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кiрiсiне есептеледi.
7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурстың қатысушылары деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенде қайтарады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

24-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған
конверттердi ашу

1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған әрбiр конверттi ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылған құжаттар мен материалдар тiзбесi туралы ақпаратты жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс еткен әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның уәкiлеттi өкiлi аудио жазба немесе бейнетүсiрiлiм жүргiзу құқығымен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
Конкурстық комиссияның отырысына қатысушы адамның конкурстық комиссияның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi хаттама жасайды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы және конверттердi ашу рәсiмiне қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн ашу рәсiмiне қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге не олардың уәкiлеттi өкiлдерiне жiберуге не табыс етуге;
2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының қол қойылған мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасында қамтылған және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi тұлғаларға танысу үшiн төлем алынбастан қолжетiмдi болуға тиiс.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi кезiнде болмаған әлеуеттi өнiм берушiлерге конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi олардың жазбаша сауалы бойынша не олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң жазбаша сауалы бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының осындай сауалды алған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiн, уақытын және орнын өзгертуге осы өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей тұрып жол берiлмейдi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

25-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа
қатысуға рұқсат беру

1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.
2. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық өзiндiк ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеуi үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттiк қызметшiлердi не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге мамандығы сәйкес келетiн өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтемсiз негiзде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
Сарапшылардың конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарау кезiнде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдарды және түсiндiрмелердi жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.
Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтiнiмде оның мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн өтiнiм ретiнде қарайды.
4. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
5. Егер әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмесе:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қайтарудың негiздемелерi көрсетiледi;
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша:
1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) оларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi.
Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұрса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетiледi. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресiмдеуге жол берiледi.
7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекенжайына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не жiберу;
2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабарландыруға мiндеттi.
8. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен
салыстыру (конкурс)

1. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада уақыты мен орны белгiленген күнi, бiрақ осы Заңның 25-бабы 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен мүдделi тұлғалар хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен ерте өткiзiлмейдi.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi аудио жазба және бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзу құқығымен қатысуға құқылы.
2. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi табыс етедi.
Конкурсқа қатысушының бiр конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуiне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын керi қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
Конкурстық комиссия хронологиялық тәртiппен конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәлiметтердi конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген мерзiм өткенге дейiн енгiзедi.
3. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады және оларға әрбiр конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердiң мазмұнымен танысуға құқылы.
4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда қабылдамай тастайды. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
5. Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген тиiстi салыстырмалы өлшемдер мәнiн қолдану арқылы оларды бағалайды және конкурсқа әрбiр қатысушының шартты бағасын есептейдi.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi жеңiмпаз деп танылады.
Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргiзiлген күнi қатысушыларға конкурс жеңiмпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны бередi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

27-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың
қорытындылары туралы хаттама

1. Конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы айқындалған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды, онда әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпаздары көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
3) конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастыруға мiндеттi.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өзi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң жазбаша сауалын алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн өтемсiз негiзде табыс
етуге мiндеттi.
4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қамтылған және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi тұлғаларға танысу үшiн төлем алынбастан қолжетiмдi болуға тиiс.
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

28-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
өтпедi деп танудың салдары

1. Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi:
1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қатысуға өткiзу туралы;
3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.
2. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бiр әлеуеттi өнiм берушiнiң жiберiлуiне байланысты өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi онымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушiнiң жiберiлуiне байланысты өтпедi деп танылған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомадан аспауға тиiс.
3. Осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы қабылданбағаннан кейiн қабылданбаудан тысқары бiр ғана конкурстық баға ұсынысының қалуына байланысты конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi мұндай конкурсқа қатысушымен бiр кезден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтiнiмiнде көзделген талаптарға сүйенiп жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиiс.

29-бап. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң
ерекшелiктерi

1. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi өзiндiк ерекшелiгiн толық тұжырымдау әрi олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
2) зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе әзiрлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткiзiлуi мүмкiн.
2. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай дәйектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсын айқындау;
екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыруды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялау;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуi;
әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстарды табыс етуi;
сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi талқылауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiн әзiрлеуi;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бекiтуi;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiберуi;
2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушi үшiн айрықшалығының елеулi маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге жүргiзiледi, бұл ретте баға шешушi шарт болып табылады.
2. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi лоттарға бөлуге мiндеттi.
Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталған күнге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттiк сатып алудың осы тәсiлiн қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн кез келген басқа да интернет-ресурста мынадай ақпаратты:
1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген соманы көрсете отырып, жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы;
1-1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң (техникалық шарттары көрсетiле отырып) қысқаша сипаттамасы;
1-2) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
1-3) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
2) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын табыс етуiнiң басталу және аяқталу мерзiмi туралы ақпаратты;
3) елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын орналастыруға мiндеттi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аталған ақпаратты орналастырған күнi осы тармақта көзделген ақпарат орналастырылған интернет-ресурс туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Интернет-ресурста орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен алда болатын мемлекеттiк сатып алу туралы ақпарат барлық мүдделi тұлғаларға танысу үшiн төлем алынбастан қолжетiмдi болуға тиiс.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен алда болатын мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырумен бiр мезгiлде кемiнде екi әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жазбаша шақырту жiберуге құқылы, онда осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпарат қамтылуға тиiс. Шақыруға елеулi талаптары көрсетiле отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берiлуге тиiс.
3. Әлеуеттi өнiм берушi бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын табыс етуi оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
Баға ұсынысы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертпен табыс етiледi.
Белгiленген мерзiм өткенге дейiн баға ұсыныстары салынған конверттi берген әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының тиiстi журналына енгiзiлуге тиiс. Аталған мәлiметтер журналға әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстары салынған конверттердi беруiне қарай хронологиялық тәртiппен енгiзiледi.
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстар салынған конверттердi ашады, баға ұсыныстарын салыстырады және ең төменгi баға ұсынысын табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiнi айқындайды.
Егер ең төменгi баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушi табыс еткен болса, онда баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.
5. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуеттi өнiм берушiнiң арасында оның баға ұсынысына қатысты келiссөздер жүргiзiлуiне жол берiлмейдi.
6. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi iшiнде екiден кем әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстары салынған конверт ұсынылса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмiн бес жұмыс күнiне ұзартады. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы баптың 1 және
2-тармақтарында көзделген iс-шараларды орындайды.
7. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы, егер:
1) ол аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып кетсе;
2) әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың елеулi талаптарымен келiспесе не оны өзгертудi және (немесе) толықтыруды ұсынса;
3) әлеуеттi өнiм берушi бiрден астам баға ұсыныстарын ұсынса, ол қабылданбай тасталуға жатады.
Баға ұсыныстарын өзге негiздер бойынша қабылдамай тастауға жол берiлмейдi.
8. Егер осы баптың 7-тармағында көзделген негiздер бойынша баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден кем баға ұсынысы қалса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын осы Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды адамы әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бекiтуге тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей қорытындылар туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат орналастырылған нақ сол интернет-ресурста орналастыруға мiндеттi.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын жариялау туралы талап мәлiметтерi мемлекеттiк құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
10. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын бекiткен күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей мұндай сатып алу қорытындылары туралы тапсырыс берушiге ақпарат беруге мiндеттi. Аталған ақпаратта қамтылуға тиiстi мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалады.
11. Тапсырыс берушi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қойып, оны ең төменгi баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына ең төменгi баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi не осы баптың 4-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес айқындалған жеңiмпаз оған мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шарттың жобасын табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қол қоюға тиiс.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiледi.
12. Егер әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты тапсырыс берушiге табыс етпесе, тапсырыс берушi:
1) дәл сондай баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiмен, ал мұндай әлеуеттi өнiм берушi болмаған кезде - мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi ұсынған бағадан кейiн ең төмен баға ұсынған әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-тарау. БIР КӨЗДЕН АЛУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

32-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру негiздерi

Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған тапсырыс берушiде қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпей қалды деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажеттi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қажеттiлiгi болса;
4) осы Заңның 31-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

33-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру

1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жiбередi, онда мынадай мәлiметтер:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
2) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттамасы көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы және талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;
3) мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
4) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң орны;
5) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдеме беру;
6) төлем шарттары және елеулi талаптары көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу талаптары, нысаны, көлемi және тәсiлi;
8) бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сома туралы мәлiмет;
9) осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттар тiзбесi;
10) әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
2. Бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғаларын көрсете отырып, әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;
3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге берiлетiн бағалардың жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.
3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпедi деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушi табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

34-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу
қорытындылары туралы хаттама

1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тиiстi хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпарат:
1) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қолдану негiздемесi;
2) бiр көзден алу тәсiлiмен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиiс.
2. Тапсырыс берушi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Аталған талап мәлiметтерi мемлекеттiк құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

6-тарау. ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА-САТТЫҚТА ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

35-бап. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттiк сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi нақты уақыт режимiнде сатып алуды қамтамасыз ететiн электрондық сауда жүйесi арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуеттi өнiм берушiлерге ұйымдастырылған электрондық сауда-саттыққа рұқсат беру, ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу, сондай-ақ ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау электрондық мемлекеттiк сатып алуды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.V085519
Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер биржалық тауарлардың тiзбесiне енгiзiлген тауарларды мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құндық көрiнiсi тұрғысынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен асып кетпеген жағдайда, тапсырыс берушi, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында өзге ең аз көлем айқындалмаса, тауарларды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсiлiн таңдауға құқылы.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ

37-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу

1. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған үлгiлiк шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазына қорытындылар туралы хаттаманың бiр данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуеттi өнiм берушiге жiберген күннен бастап, күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде көзделген жағдайларда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсiнше орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.V085231
Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алудың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
5. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге:
1) келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзiмiмен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;
2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын активтер мен басқа да тауарларды;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;
5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткiзу) мерзiмi келiсiлген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
6. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
7. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
8. Бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмектi көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
9-1. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
10. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

38-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан
жалтару

1. Егер әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгiленген мерзiмде тапсырыс берушiге бермесе немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
2. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi:
1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және уәкiлеттi органға тиiстi мәлiметтердi табыс етедi және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз
қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгiнедi;
2) мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтiрiлген шығындарды өтеткiзу туралы сотқа талап-арызбен жүгiнуге құқылы.

39-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не
жасалған шартқа өзгерiстер енгiзудiң негiздерi

1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:
1) тараптардың бiрi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге бастамашылық жасаса;
2) өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында шарт жобасының сомасын азайту бөлiгiне өзгерiстер енгiзуге жол берiлсе;
3) шарт сомасын азайту бөлiгiне өзгерiстер енгiзу туралы шешiм тараптардың өзара келiсуi бойынша қабылданса жол берiледi.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
2. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзуге:
1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың бағасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша, егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу процесiнде осыған ұқсас сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағалары азаю жағына өзгерсе;
2) егер мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында айқындалған тәртiппен қабылданған осындай өзгерiстiң сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешiм қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлiгiнде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бiрлiгi үшiн бағаның өзгермейтiн талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
4) егер өнiм берушi тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесiнде тауар бiрлiгiне берiлетiн бағаның өзгермейтiн талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудiң неғұрлым үздiк сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзiмiн және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi;
5) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлiгiнде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiлген жағдайда шарттың орындалу мерзiмдерiн тиiстi өзгерту бөлiгiнде жол берiледi.
3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негiздер бойынша өткiзiлетiн (өткiзiлген) мемлекеттiк сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетiн өзгерiстер және (немесе) өнiм берушiнi таңдауға негiз болған ұсыныстар енгiзуге жол берiлмейдi.

40-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың күшiне енуi

1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт оған тапсырыс берушi мен өнiм берушi қол қойғаннан кейiн не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi толық енгiзгеннен кейiн күшiне енедi. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тiркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелгеннен кейiн күшiне енедi.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi оны жасағаннан кейiн не өнiм берушi конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8-тарау. АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР

41-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асырудың ерекше тәртiбi

1. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Ерекше тәртiп қолданыла отырып мемлекеттiк сатып алу, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ерекше тәртiп қолданыла отырып мемлекеттiк сатып алу мынадай:
1) құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше шарттарын белгiлеу талап етiлетiн құқықтық тәртiп пен ұлттық қауiпсiздiктiң қажеттiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген қызмет көрсетулердi;
3) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4) алынып тасталды - ҚР 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншiк құқығына тиесiлi тұрғын үйдi;
6) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, симпозиумдар, тренингтер өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi;
7) олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
8) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiмен көзделген арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi;
РҚАО-ның ескертпесi!
9) тармақша 2011.01.01 дейiн қолданыста болады.
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Конкурстық тәсiлмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 N 115-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.05.05 N 158-IV, 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

41-1-бап. Қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
тәртiбi

Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрiлердi, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттiлiгi мен әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн оларды жөндеу және жаңғырту жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртiп қолданылмайды.
Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.11 N 182-IV Заңдарымен.

42-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асырудың арнайы тәртiбi

1. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiн (бұдан әрi - арнайы тәртiп) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылатын тапсырыс берушiлер, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қолданады.
2. Арнайы тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы тәртiптi осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушiлердi басқару органдары:
1) тұрақты негiзде әлеуеттi өнiм берушiлерге бiлiктiлiгi бойынша алдын ала саралау жүргiзу тәртiбiне;
2) бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн жасау тәртiбiне;
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бiлiктiлiгi бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу негiзiнде өнiм берушiнi таңдау рәсiмдерi мен мерзiмдерiне;
4) отандық тауар өндiрушiлерге, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерге қолдау көрсету тәртiбiне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген арнайы тәртiпке қойылатын үлгiлiк талаптарға сәйкес бекiтедi.
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгiнiң
(консорциумның) мемлекеттiк сатып алуға
қатысуының ерекше шарттары

Заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгiнiң (консорциумның) мемлекеттiк сатып алуға қатысуының ерекше шарттары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiмен айқындалады.

44-бап. Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң жекелеген
санаттарын қолдау

1. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде отандық тауар өндiрушiлер, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер, отандық кәсiпкерлер мемлекеттiк қолдауға жатады. Мемлекеттiк қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндiрушiлерге көрсетiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген субъектiлердi мемлекеттiк қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде осы Заңда көзделген тәсiлдермен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеде көрсетiлген, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардан ғана мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
4. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн, көлемiн және оларды сатып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бұл ретте мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң аталған ұйымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 248-бабы бiрiншi бөлiгi 13) тармақшасының екiншi абзацында көзделген талапқа сай болуға тиiс.
5. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеде көрсетiлген азық-түлiк тауарларын мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде осы Заңда көзделген тәсiлдермен отандық тауар өндiрушiлерден ғана мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
Егер отандық тауар өндiрушiлерден азық-түлiк тауарларын мемлекеттiк сатып алу осы Заңға сәйкес жүргiзiлмедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi осы мемлекеттiк сатып алуды барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат берiлетiн, осы Заңда көзделген тәсiлдермен жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

45-бап. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының
iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк бақылау органдарында:
1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi шағым жасауға жатпайды.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

46-бап. Дауларды шешу

Мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу
туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

47-1-бап. Өтпелi ережелер

РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармақ 2010.01.01 дейiн қолданыста болады.
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесi электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының ережелерi 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.
3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесi 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.
Ескерту. 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.05.05 N 158-IV Заңдарымен.

48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 ж., N 6, 7-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 12, 71-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina