ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi № 466-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электрондық ақша мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат;№ 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):

1) мынадай мазмұндағы 169-2-баппен толықтырылсын:

«169-2-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу
талаптарын бұзу

1. Эмитенттiң өзi қабылдаған мiндеттемелердiң сомасына сәйкес келмейтiн сомаға электрондық ақша шығаруы, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай iс-әрекеттер, -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Эмитенттiң электрондық ақша иесiн сәйкестендiрмей, бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бiр операцияның ең жоғарғы сомасы бойынша белгiленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттiң электрондық ақша жүйесiндегi электрондық ақшаны пайдалануға жол беруi, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай iс-әрекеттер, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу кезiнде дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттiң өтемеуi, уақтылы және толық өтемеуi, -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай iс-әрекеттер, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 572-баптың бiрiншi бөлiгi «169,» деген цифрлардан кейiн «169-2,» деген цифрлармен толықтырылсын.

2. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):

1) 248-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасы «төлем карточкаларымен» деген сөздерден кейiн «және электрондық ақшамен» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 250-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы «төлем карточкаларымен,» деген сөздерден кейiн «электрондық ақшамен,» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14,55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы з-2) тармақшамен толықтырылсын:
«з-2) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығарудың, пайдаланудың және өтеудiң тәртiбiн, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттерiне және электрондық ақша жүйелерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;».

4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
8-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) электрондық ақшаны шығару, өткiзу, сатып алу және өтеу, сондай-ақ электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша ақпаратты жинау және өңдеу жөнiнде қызметтер көрсету;».

5. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):

1) 3-бапта:
17) тармақша «құжатын беру» деген сөздерден кейiн «не электрондық ақша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесiнде жүйенiң басқа да қатысушылары төлем құралы ретiнде қабылдайтын электрондық ақша эмитентiнiң шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай мiндеттемесi;
27) электрондық ақша жүйесi - электрондық ақшамен төлемдердi және өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық iс-шаралардың жиынтығын;
28) электрондық ақша жүйесiнiң қатысушысы – жасалған шартқа сәйкес электрондық ақшаның белгiлi бiр жүйесi шеңберiнде электрондық ақшаны шығару, беру, қабылдау, пайдалану, сатып алу, өткiзу немесе өтеу жөнiндегi құқық немесе мiндеттеме туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
29) электрондық ақша жүйесiнiң операторы (бұдан әрi – оператор) – электрондық ақша пайдаланылатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеудi және берудi қоса алғанда, электрондық ақша жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн электрондық ақша жүйесiнiң қатысушысы;
30) электрондық ақшаны өтеу – электрондық ақшаның иесi ұсынған не оны иесi ұсынбай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтелуге тиiс электрондық ақшаны номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау жөнiнде эмитент жүзеге асыратын операция;
31) электрондық ақшаны пайдалану – азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша төлемдер және (немесе) электрондық ақшаға меншiк құқығының ауысуына байланысты өзге де операциялар жүргiзу мақсатында электрондық ақша жүйесiнде электрондық ақшаны оның иесi – жеке тұлғаның электрондық ақша жүйесiнiң басқа қатысушысына беруi;
32) электрондық ақшаны шығару – эмитенттiң электрондық ақшаны жеке тұлғаларға және электрондық ақша эмитентiнiң агенттерiне оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруiн көздейтiн операция;
33) электрондық ақша эмитентi (бұдан әрi – эмитент) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес электрондық ақша жүйесiнде электрондық ақшаны шығаруды және өтеудi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банк;
34) электрондық ақша эмитентiнiң агентi (бұдан әрi – агент) – эмитентпен жасалған шарттың негiзiнде электрондық ақшаны кейiннен жеке тұлғаларға өткiзу үшiн эмитенттен және ақша иелерiнен - жеке тұлғалардан оны сатып алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.»;

2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) электрондық ақшаны беру;»;

3) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «не электрондық ақшаны беру» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, ақша аудару арқылы жүргiзiлсе, онда ақша аудару аяқталған сәтте төлем аяқталады.
Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, төлем құжатын беру арқылы жүргiзiлсе, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға ақшаны алған сәтте төлем аяқталады.
Егер төлем электрондық ақша беру арқылы жүргiзiлсе, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға электрондық ақшаны алған кезде төлем аяқталады. Қабылданған электрондық ақшаның сомасы туралы, оның басқа тұлға-бенефициардың пайдасына түскенiн растайтын ақпараттың электрондық ақша жүйесiнде көрсетiлуi электрондық ақшаны алу кезi болып табылады.»;

5) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«3-1-тарау. Электрондық ақша

36-1-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткiзу

1. Электрондық ақша шығаруды эмитент өзiне қабылдайтын мiндеттемелердiң номиналдық құнына тең ақша сомасында жеке тұлғалардан немесе агенттерден ақша алғаннан кейiн растама бере отырып, жүзеге асырады.
Эмитент өзi шығарған электрондық ақшаны оның теңгедегi номиналдық құнына сәйкес өтеу жөнiнде шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай мiндеттеме қабылдайды.
2. Эмитент электрондық ақшаны шығару кезiнде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ шарттың талаптарына сәйкес эмитент көрсететiн қосымша қызметтер үшiн ақы алуға құқылы.
3. Мыналар:
1) эмитенттен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақша алған жеке тұлғалар;
2) агенттер;
3) азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша төлемақы ретiнде жеке тұлғалардан электрондық ақша алған дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар электрондық ақша иелерi болып табылуы мүмкiн.
Электрондық ақша иесiнiң құқықтары электрондық ақшаны алған сәттен бастап туындайды.
4. Электрондық ақша эмитентiнiң және иесiнiң – жеке тұлғаның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың арасында жасалған шарт негiзiнде туындайды.
5. Эмитент пен жеке тұлға арасында жасалатын шартта:
1) эмитенттiң атауы, орналасқан жерi және банктiк деректемелерi;
2) электрондық ақша шығару не сатып алу талаптары;
3) электрондық ақшаны пайдалану үшiн белгiленетiн шектеулердi қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары;
4) электрондық ақша иесiнiң электрондық ақшаны пайдалана отырып, операциялар жүргiзуге арналған құқықтарын куәландыру тәртiбi;
5) иесiнiң электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тәртiбi мен тәсiлдерi және оны өтеу тәртiбi;
6) операцияларды жүргiзу үшiн электрондық ақшаны пайдалану кезiнде электрондық ақша эмитентi және иесi арасында ақпарат алмасу тәртiбi, оның iшiнде эмитентке электрондық тасығыштың жоғалғаны немесе оны уәкiлеттi емес тұлғаның пайдаланғаны туралы хабарлау тәртiбi мен мерзiмдерi;
7) электрондық ақша иесiнiң электрондық ақшаны пайдалану жөнiндегi өтiнiшiн қарау тәртiбi, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану кезiнде туындайтын дауларды шешу тәртiбi;
8) комиссиялық сыйақы төлеу, сондай-ақ қосымша қызметтер көрсеткенi үшiн ақы төлеу мөлшерi және тәртiбi;
9) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
10) тараптардың өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi;
11) шартты өзгерту және бұзу тәртiбi, сондай-ақ оны қолдану мерзiмi қамтылуы тиiс.
Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
6. Эмитент тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз еселенген мөлшерiнен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесiн сәйкестендiрудi жүзеге асыруға мiндеттi.
Электрондық ақша иесi – жеке тұлғаны сәйкестендiру үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) салық төлеушiнiң куәлiгi.
7. Эмитенттер Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануы (көрсетiлуi) тиiс.
8. Жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткiзудi не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, электрондық ақшаны өткiзу және сатып алу тәртiбi мен талаптары айқындалатын эмитентпен жасалған шарт негiзiнде агент жүзеге асырады.
9. Эмитенттiң өзi не эмитентпен жасалған тиiстi шарттың негiзiнде өзге де заңды тұлға оператор болуы мүмкiн.
10. Эмитент операторға электрондық ақша иелерiмен, оның iшiнде агенттермен эмитенттiң атынан және оның тапсырмасы бойынша шарттар жасасуға уәкiлеттiк беруге құқылы.
11. Иелерi мен оларға тиесiлi электрондық ақша сомалары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәлiметтердi эмитент тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негiздер бойынша және шекте бередi.

36-2-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу

1. Электрондық ақшаны оның иесi – жеке тұлға азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша төлемдi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитентi айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн талаптарда өзге де операцияларды жүргiзу үшiн пайдаланады.
2. Дара кәсiпкердiң және (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау кезiнде төлемақы ретiнде қабылдауы эмитентпен не электрондық ақша жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау кезiнде электрондық ақша жүйесiнде электрондық ақша алған дара кәсiпкерде немесе заңды тұлғада эмитентке қабылданған төлем сомасында ақшаны талап ету құқығы туындайды.
3. Эмитент электрондық ақша жүйесiнiң жұмыс iстеуiн осы Заңда, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген талаптарды және шектеулердi ескере отырып, қамтамасыз етуге мiндеттi.
Эмитент электрондық ақша иесiнiң алдында электрондық ақша жүйесiне санкциясыз енген, сондай-ақ эмитенттiң тиiстi бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысында (жұмыс iстеуiнде) қателесу орын алған немесе iркiлiс болған жағдайларда электрондық ақша иесiне келтiрiлген зиян үшiн олардың арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.
4. Электрондық ақшаның иесi – сәйкестендiрiлген жеке тұлға жүргiзетiн бiр операцияның ең жоғары сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүз еселенген мөлшерiне тең сомадан аспауы тиiс.
Электрондық ақшаның иесi – сәйкестендiрiлмеген жеке тұлға жүргiзетiн бiр операцияның ең жоғары сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз еселенген мөлшерiне тең сомадан аспауы тиiс.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң талаптары электрондық ақшаны өтеу жөнiндегi операцияларға қолданылмайды.
5. Электрондық ақшаны өтеудi эмитент оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын электрондық ақшаның иесi – жеке тұлғаның банк шотына аудару не оған қолма-қол ақша беру арқылы жүзеге асырады.
6. Егер эмитент пен дара кәсiпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзге мерзiм көзделмесе, эмитент дара кәсiпкер немесе заңды тұлға жеке тұлғалардан азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу кезiнде алған электрондық ақшаны өз пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезiнде ақшаны қайтару үшiн осы Заңда көзделген негiздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмiле бұзылған жағдайда, оны ақы төлеушi – жеке тұлғаға қайтару кезiнде өтеуге жатпайды.
Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар иелерi болып табылатын электрондық ақшаны өтеу заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң банк шотына оның номиналдық құны бойынша тең ақшалай сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады.».

2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 5) тармақшасының жиырма жетiншi, жиырма сегiзiншi, жиырма тоғызыншы абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгiленсiн:
«Электрондық ақша иесi – жеке тұлғаны сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат табыс етiледi.».

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina