ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 423-IV Заңы
Кеден одағы бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу режимiнен жекелеген уақытша алулар туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2010 жылғы 5 шiлдеде Астанада жасалған Кеден одағы бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу режимiнен жекелеген уақытша алулар туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Кеден одағы бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу
режимiнен жекелеген уақытша алулар туралы
ХАТТАМА

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарында айқындалған кеден одағы бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу режимiнен уақытша алуларды белгiлеу туралы уағдаластықты назарға ала отырып,
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыруды тездетiп аяқтау қажеттiгiн назарға ала отырып,
өзара саудадағы барлық шектеулердi толық алып тастау және үшiншi елдермен саудада бiрыңғай сауда режимiн қолдану қажеттiгiн тани отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрi - КО СЭҚ ТН) 8703 тауар позициясында жiктелетiн, жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруге арналмаған квадроциклдарды, қармен жүретiн машиналарды және өзге де жеңiл көлiк құралдарын (бұдан әрi - автомобильдер) қоспағанда, негiзiнен адам тасымалдауға арналған, КО СЭҚ ТН-ның 8703 тауар позициясында жiктелетiн, жеке пайдалануға арналған жеңiл автомобильдер мен өзге де моторлы көлiк құралдарына қатысты кедендiк баждардың, салықтардың ставкалары, сондай-ақ кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз ету мөлшерi аумағында осындай автомобильдердi шығару жүзеге асырылатын Тараптың заңнамасымен, бiрақ 2010 жылғы 1 қаңтарда Беларусь Республикасында белгiленген осыған ұқсас ставкалардан төмен емес мөлшерде белгiленедi.
Автомобильдердi бiр Тараптың кеден органынан екiншi Тараптың кеден органына дейiн кедендiк транзиттiң кедендiк рәсiмiне орналастырған кезде кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз ету сомасы кеден органы автомобильдер шығаруды жүзеге асыратын Тараптың аумағында тұрақты айналымға шығару мақсатында автомобильдер шығарған кезде төлеуге жататын кедендiк баждар, салықтар сомасы ескерiле отырып, бiрақ осы автомобильдерге қатысты басқа Тараптарда ұсынылуға жататын кедендiк баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасынан кем емес мөлшерде айқындалады.
Осы баптың ережелерi 2011 жылғы 1 шiлдеге дейiн қолданылады.

2-бап

Кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде бiр Тарапта (шығарған мемлекет) шығарылған және басқа Тараптың (әкелетiн мемлекет) аумағына әкелiнетiн, әкелетiн мемлекеттiң заңнамасында олар үшiн арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық және жауап шаралары белгiленген немесе әкелетiн мемлекет тауарлардың шығарылған елiне және оларды әкелу шарттарына қарай шығаратын мемлекетке қарағанда неғұрлым жоғары кедендiк баждарды қолданатын, әкелетiн мемлекеттiң аумағына әкелу кезiнде кедендiк бақылау жүргiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк декларациялау жүзеге асырылады және көрсетiлген шаралар қолданылады және (немесе) әкелетiн мемлекеттiң заңнамасына сәйкес кедендiк баждар алынады.
Егер мұндай тауарларға қатысты Тарап арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық және кеден одағының шарттық-құқықтық базасында көзделген өзге де шараларды қолданған жағдайда, басқа Тараптың аумағынан әкелiнетiн тауарлар Тарап аумағында кедендiк декларациялауға жатады.
Осындай шараларды белгiлейтiн Тарап өз аумағына тауарлардың келу және осындай тауарлармен жұмыс iстеу тәртiбiн айқындауға құқылы. Тараптар үшiншi елдермен сауда режимiн бiрiздендiрудi аяқтау жөнiндегi, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қайта қарау жөнiнде шаралар қабылдайды.
Осы баптың ережелерi мемлекет басшылары деңгейiндегi ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң (кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы 35 шешiмiмен бекiтiлген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi iс-қимылдар жоспарында көзделген халықаралық шарттардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнге дейiн қолданылады.

3-бап

Қазақстан Республикасы кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифiнде белгiленген ставкалардан өзгеше кедендiк баж ставкаларын қолданатын тауарлар (осы тауарлардың тiзбесi Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешiмiне № 5 қосымшада келтiрiлген) Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына әкелiнген кезде олар кедендiк декларациялауға және кедендiк бақылауға жатады, оларға қатысты кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифiнiң ставкалары бойынша есептелген кедендiк әкелу баждарының сомасы мен тауар шығарылған кезде төленген кедендiк әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерiнде кедендiк баждар алынады.
Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы көрсетiлген тауарлардың өз аумағына әкелiну тәртiбiн айқындауға құқылы.
Осы баптың ережелерi мемлекет басшылары деңгейiндегi ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң (кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 3 шешiмiмен бекiтiлген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi iс-қимылдар жоспарында көзделген халықаралық шарттардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнге дейiн қолданылады.

4-бап

Осы Хаттаманың 2 және 3-баптарын iске асыру мақсатында Тараптар көрсетiлген баптардың қолданылу кезеңiнде бiр Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының мониторингi мен есебiн жүзеге асыруға құқылы.

5-бап

Депозитарий мемлекет басшылары деңгейiндегi ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң (кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 35 шешiмiмен бекiтiлген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi iс-қимылдар жоспарында көзделген халықаралық шарттардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Беларусь Республикасының орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап Тараптар өзара саудада кедендiк әкету баждарын (балама әрекетi бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбайды.
Тараптар үшiншi елдермен сауда кезiнде кедендiк әкету баждарын өндiрiп алу мен есепке алу тәртiбiн айқындайтын келiсiм жасасады.
Тараптар 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы баптың бiрiншi абзацында көрсетiлген халықаралық шарттарға қол қою үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.

6-бап

Осы Хаттама ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексi туралы шарт күшiне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi, бiрақ 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексi туралы шарт күшiне енетiн күннен ерте күшiне енбейдi.
2010 жылғы 5 шiлдеде Астана қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийi болып табылатын және әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Кеден одағының комиссиясында сақталады.

Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшiн үшiн үшiн

Кеден одағы бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу
режимiнен жекелеген уақытша алулар туралы хаттама бойынша
Беларусь Республикасының мәлiмдемесi

Беларусь Республикасы Кеден одағы бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу режимiнен жекелеген уақытша алулар туралы хаттамаға қол қою кезiнде Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара саудада Хаттаманың 5-бабында көрсетiлген әкетiлетiн кеден баждарын қолдану деген тек халықаралық шарттармен белгiленген әкетiлетiн кеден баждар, нақтырақ айтсақ - шикi мұнай ұғымын бiлдiредi.
Беларусь Республикасы Ресей Тарапының мұнайдан жасалған өнiмдердi Беларусь Республикасына жеткiзу кезiнде кеден баждарын алу заңсыз екенi туралы және осы әрекеттердiң кеден одағының шарттық-құқықтық базасы шеңберiнде Ресей Федерациясының мiндеттемелерiмен сыйыспайтындығын мәлiмдейдi.

Беларусь Республикасы
Премьер-министрiнiң орынбасары А.В.Кобяков

2010 жылғы 5 шiлдеде Астана қаласында қол қойылған Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағының жұмыс iстеу режимiнен жекелеген уақытша алулар туралы хаттаманың куәландырылған көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Б. Пискорский

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina