Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 495-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Ескертпесi! Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз. 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 14-1), 17-1), 17-2), 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын: «14-1) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттiк жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; «17-1) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн, жобаның жүзеге асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты кешендi бағалау; 17-2) бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасының қорытындылары негiзiнде дайындалған, бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысы;»; «29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптама қорытындылары негiзiнде әзiрленген, бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысы; 29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасы – iс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн негiздiлiк және нәтижелiлiк критерийлерiне сәйкестiгi тұрғысынан қаржылық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты кешендi бағалау;»; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейтiн тиiстi iс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткiзу жолдарын көрсететiн бюджеттiк инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;»; мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын: «30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды – инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттiк инвестициялық жоба ретiнде iске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгiленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысы;»; 55) тармақшадағы «, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау» деген сөздер «және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «66) сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган алдындағы мемлекет кепiлгерлiгi немесе мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесiнде туындаған залалды өтеу жөнiндегi мiндеттемесiн көздейтiн шарт;»; 2) 14-баптың 1-тармағындағы «қоры трансферттерiнiң» деген сөздер «қорының кепiлдендiрiлген трансфертiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 19-баптың 6-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Резерв түрлерiнiң бiрiне көзделген қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервтерi қаражатының жалпы көлемiн қайта бөлу арқылы тиiстi резервтiң жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады.»; 4) 23-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; 5) 24-бапта: 3-тармақ: «бюджеттi түзету арқылы» деген сөздерден кейiн «азаматтық-құқықтық мәмiлелерi осы Кодекстiң 96-бабының 5-тармағына сәйкес жасалған» деген сөздермен толықтырылсын; «бюджетiнде бекiтiлген» деген сөздерден кейiн «ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ «өткен қаржы жылының» деген сөздерден кейiн «ағымдағы бюджеттiк бағдарламалары,» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 26-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 30-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсiнiң құзыретiне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлi салаларындағы жобаларды iске асыруды көздейтiн, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әкiмшi болады.»; 8) 32-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемдерi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарламаларын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейдi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi және тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.»; 6-тармақтағы «Мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «Бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 45-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерiн тиiсiнше мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар айқындайды.»; 10) 46-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасы «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң» деген сөздерден кейiн «, облыстың өкiлдi және атқарушы органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттама ұсынылғанға дейiн осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм жасаспайды.»; 11) 49-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «трансферттер» деген сөз «кепiлдендiрiлген трансферт» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 53-баптың 1-тармағында: 1) тармақшаның тоғызыншы абзацы «конкурстық iс қозғамастан борышкердi тарату рәсiмiн өткiзудi» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн өткiзудi» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын: «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы бақылау;»; 13) 54-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының екiншi абзацындағы «және бақылау» деген сөздер алып тасталсын; 14) 55-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының екiншi абзацындағы «және бақылау» деген сөздер алып тасталсын; 15) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган тиiсiнше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»; 16) 60-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк жоспарлау бойынша әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.»; 17) 61-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы үш жылға арналған бюджеттiк параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, елдiң, өңiрдiң орта мерзiмдi кезеңге арналған экономикалық даму параметрлерiн және мемлекеттiң экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды: 1) мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде: экономиканы дамытудың сыртқы және iшкi жағдайларын; орта мерзiмдi кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның iшiнде салықтық-бюджеттiк саясаттың мақсаттары мен мiндеттерiн; бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның iшiнде салықтық-бюджеттiк саясаттың негiзгi бағыттары мен шараларын; бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын; шоғырландырылған, мемлекеттiк және республикалық бюджеттер түсiмдерi мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамын; әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын; басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн; 2) мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде: өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн; мыналарды: тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын; басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қамтуға тиiс үш жылға арналған бюджеттiк параметрлердi қамтиды. Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн негiзгi бағыттар (салалар) бойынша белгiленедi, бес жылдық кезең iшiнде Қазақстан Республикасының немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.»; 4-тармақ «болжамын» деген сөзден кейiн «тиiсiнше мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар әзiрлейдi және» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын: «5. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесiне енгiзу үшiн бюджеттiк инвестициялар бойынша негiздемелерi бар ұсыныстарды және басқа да қажеттi ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды. 6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды. 7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар осы баптың 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындайды және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына енгiзу үшiн басым бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қалыптастырады. Басым бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiнде әрбiр жоба бойынша жылдарға бөлместен жалпы сома және жобаны iске асырудың басталу мерзiмi көрсетiледi. 8. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.»; 18) 62-бапта: 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, мәслихаттардың аппараттары және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды әзiрлемейдi.»; 5-тармақтың бiрiншi бөлiгi және 6-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын; 19) 64-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Республикалық бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын қарау нәтижелерi бойынша қорытындыларын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Жергiлiктi бюджеттердi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi.»; 2-тармақтағы «және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және» деген сөздер «, мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 65-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Санаттар, бiрыңғай бюджеттiк жiктеудiң сыныптары мен кiшi сыныптары бойынша мемлекеттiк және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн түсiмдердi болжауды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»; 3-тармақтағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын: «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынатын құжаттар 1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi: мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын; бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк өтiнiмдердi және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады. 2. Стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiмдердi ұсынады. 3. Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда осы бапта көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.»; 22) 67-бапта: 6-тармақта: 4) тармақшадағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақ алып тасталсын; 13-тармақтағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын: «68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi қарау 1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды. 2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелерi бойынша қорытындыны қалыптастырады және оны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiбередi. Қорытындының нысанын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды. 3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын ескере отырып, стратегиялық жоспардың жобаcын немесе стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаcын пысықтайды, бюджеттiк өтiнiмдi жасайды және осы Кодекстiң 66-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады. 4. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар: бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан; стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiн олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың мiндеттерiмен өзара байланысы тұрғысынан қарайды. 5. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жiбередi. Бұл ретте бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының көлемiне әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көзделмеген жаңа бастамаларға арналған шығыстар енгiзiлмеуге тиiс. 6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша олар жөнiнде бюджеттiк қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына жiбередi. 7. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi тиiстi бюджет комиссиясы қарайды. Тиiстi бюджет комиссиясы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзiрлейдi. 8. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады. 9. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.»; 24) 70-баптың 1-тармағы «мекемелер,» деген сөзден кейiн «спорт саласында мамандандырылған Қарулы Күштер,» деген сөздермен толықтырылсын; 25) 71-баптың 1 және 6-тармақтарындағы «Мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «Бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 74-бапта: 1-тармақтың екiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) бюджеттiк бағдарламалардың бюджеттiк кiшi бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.»; 3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 75-бапта: 1-тармақтың үшiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) бюджеттiк бағдарламалардың бюджеттiк кiшi бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.»; 3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемiндегi «шығаруға құқылы» деген сөздер «шығарады» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақта: «бiр апта мерзiмде» деген сөздер «күнтiзбелiк жетi күн iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; «жергiлiктi бюджеттiк» деген сөздер алып тасталсын; 28) 79-бапта: 1-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi орган» деген сөздер «тиiсiнше бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: екiншi бөлiкте: 1) тармақша «бюджеттерге» деген сөзден кейiн «ағымдағы» деген сөзбен толықтырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) объектiлер бойынша бюджеттiк инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттерi мен кредиттердi қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялардың тiзбесi;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, осы Кодекстiң 152 және 156-баптарында белгiленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бiрақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектiлер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттерi мен кредиттердi қоса алғанда, басым республикалық бюджеттiк инвестициялардың тiзбесi қоса берiледi. Тиiстi құжаттама белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайларда бюджеттiк инвестициялар республикалық бюджеттi нақтылау немесе түзету кезiнде одан алып тасталады. Бұл ретте көрсетiлген бюджеттiк инвестицияларды iске асыруға көзделген сомалар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiнiң басқа бюджеттiк инвестициялары арасында қайта бөлiнуi мүмкiн;»; үшiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) объектiлер бойынша инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша нысаналы даму трансферттерiн қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесi;»; 29) 80-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 81-бапта: 1-тармақ алып тасталсын; 2-тармақта: «Тиiстi» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президентi төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзген кезде тиiстi» деген сөздермен ауыстырылсын; «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 3 және 4-тармақтардағы «Мемлекеттiк жоспарлау», «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер тиiсiнше «Бюджеттiк жоспарлау», «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 31) 85-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қаражатты бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша, осы Кодекстiң 157-бабы 5-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарлама шегiнде бюджеттiк кiшi бағдарламалар арасында, сондай-ақ бiр бюджеттiк бағдарлама шегiнде бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында тиiстi бюджет комиссиясында қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен қайта бөлуге құқылы.»; 32) 96-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Мемлекеттiк мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттаманы ұсынғанға дейiн осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша мiндеттемелер қабылдамайды.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы бөлiктермен толықтырылсын: «осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттаманы ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады. Мемлекеттiк мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 156-баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттаманы ұсынғанға дейiн осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген акцияларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерiн төлеу бойынша мiндеттемелер қабылдамайды.»; 33) 106-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүргiзiледi.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар бойынша осы Кодекстiң 154 және 156-баптарында көрсетiлген тиiстi құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргiзiледi.»; 34) 107-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бес жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға, өзгерiстер енгiзу көзделетiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсыну үшiн олар бойынша қорытындылар дайындайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiлген, стратегиялық жоспарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттiк өтiнiмдердi ұсынғаннан кейiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды он жұмыс күнi iшiнде қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.»; 6 және 7-тармақтардағы «мемлекеттiк жоспарлау», «Мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер тиiсiнше «бюджеттiк жоспарлау», «Бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 35) 111-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар бойынша осы Кодекстiң 154 және 156-баптарында көрсетiлген тиiстi құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте көрсетiлген бюджеттiк инвестицияларды iске асыру үшiн көзделген сомалар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiнiң бiр бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде басқа бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында қайта бөлiнуi мүмкiн.»; 36) 112-бапта: 5-тармақта: «Үкiметiне,» деген сөз «Үкiметiне және» деген сөздермен ауыстырылсын; «және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға» деген сөздер алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептiң нәтижелерi тиiстi бюджеттi әзiрлеу немесе нақтылау кезiнде ескерiледi.»; 37) 124-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде бюджеттiк есептiлiктiң қосымша нысандарын белгiлейдi.»; 38) 151-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, осы Кодекстiң 152 және 156-баптарында белгiленген жоспарлау кезеңдерiнен өтпеген, бiрақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар республикалық бюджеттiң жобасына енгiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154 және 156-баптарында көрсетiлген тиiстi құжаттаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. Тиiстi құжаттама белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестицияларды нақтылау және түзету кезiнде республикалық бюджеттен алып тастайды. Бұл ретте көрсетiлген бюджеттiк инвестицияларды iске асыруға көзделген сомалар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiнiң басқа бюджеттiк инвестициялары арасында қайта бөлiнуi мүмкiн. Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.»; 39) 152-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялық жобалар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жетiспейтiн құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде ұсынуы туралы кейiнге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгiзiледi.»; 40) 153-бапта: 3-тармақ «жөнiндегi» деген сөзден кейiн «орталық немесе жергiлiктi» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгiленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жiбередi.»; мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын: «6-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған оң экономикалық қорытындының негiзiнде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 6-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.»; 7-тармақ «жөнiндегi» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «орталық немесе жергiлiктi» деген сөздермен толықтырылсын; 41) 154-бапта: 1-тармақтағы «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестициялық жобаларын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiбередi.»; 2-тармақта: бiрiншi абзацтағы «Мыналардың» деген сөз «Осы Кодекстiң 152-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мыналардың» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының»; мынадай мазмұндағы 5-1 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Осы Кодекстiң 152 және 154-баптарында белгiленген рәсiмдер сақталмай тиiстi бюджетте бекiтiлген, iске асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етiлмейдi.»; «8-1. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган дайындайды.»; 9-тармақта: «жобалардың» деген сөзден кейiн «техникалық-экономикалық негiздемесiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; «жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыруы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттерi мен республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер есебiнен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган дайындайды.»; 12-тармақтағы «сараптаманың» деген сөз «қорытындының» деген сөзбен ауыстырылсын; 42) 155-1-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi.»; мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ, егер жоба жергiлiктi болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi. 3-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 3-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.»; 4-тармақ «жөнiндегi» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «орталық немесе жергiлiктi» деген сөздермен толықтырылсын; 43) 155-2-бапта: 1-тармақтың екiншi бөлiгi «жөнiндегi» деген сөзден кейiн «орталық немесе жергiлiктi» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «уәкiлеттi» деген сөз «орталық уәкiлеттi» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жiбередi.»; мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ, егер жоба жергiлiктi болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi. 3-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкiндiгi туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 3-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген осы жобаны бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру мүмкiндiгi туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.»; 4-тармақ «талаптарды» деген сөзден кейiн «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп» деген сөздермен толықтырылсын; 44) 155-3-бапта: 1-тармақтағы «тиiстi» деген сөз «орталық немесе жергiлiктi» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ «жөнiндегi» деген сөзден кейiн «орталық немесе жергiлiктi» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органның» деген сөздер тиiсiнше «орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган», «орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 45) 156-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейiннен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн олар бойынша қорытындылар дайындайды. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган кейiннен тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген оң экономикалық қорытындының негiзiнде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастырады.»; 4-тармақта: «iске асыруға» деген сөздер алып тасталсын; «бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың қорытындысы» деген сөздер «, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде дайындалады. 4-2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жетiспейтiн құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде ұсынуы туралы кейiнге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгiзiледi. 4-3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылатын, осы бапта белгiленген рәсiмдер сақталмай тиiстi бюджетте бекiтiлген бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етiлмейдi.»; «5-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен iске асыру жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттерi мен республикалық бюджеттен бөлiнетiн кредиттер есебiнен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде дайындалады.»; 6-тармақтағы «жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыруы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын; 46) 157-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеде немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның үлгiлiк жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттердi енгiзуге байланысты бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берiлмейдi.»; 7 және 8-тармақтар алып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылу мониторингiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жаңа объектiлер құру (салу), жұмыс iстеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңiнде жүзеге асырады. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»; мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: «11. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi есебiнен iске асырылатын жобалардың iске асырылу мониторингiн және оны бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»; 47) 159-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу мониторингiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерi есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялардың iске асырылу мониторингiн және оны бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»; 48) 187-бапта: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауды; 2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруды ұсынатын бюджеттiк бағдарламаларды олардың бюджеттiк кредиттеу критерийлерiне сәйкестiгi тұрғысынан қарауын;»; 3) тармақшадағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 49) 203-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екiншi бөлiгiнде: «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттi атқару» деген сөздермен ауыстырылсын; «бюджеттi атқару» деген сөздер «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 50) 215-баптың 3-тармағы «заңды тұлғалар үшiн» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар үшiн» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне арнайы экономикалық аймақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы): 557-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттiк жоспарлау» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж. № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат): 20-баптың 3) тармақшасындағы «бюджеттi атқару және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат»): 1) 1-баптың 8-5) тармақшасындағы «, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау» деген сөздер «және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу мен қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 9-бапта: 1) тармақшаның екiншi абзацындағы «экономикалық» деген сөз алып тасталсын; 4) тармақша алып тасталсын; 7) тармақша: «конкурстық құжаттаманы» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде,» деген сөздермен толықтырылсын; «және концессия шарттарының жобаларын» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 10-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) концессиялық мiндеттемелердiң қаржылық шектерiн және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгiлейдi;»; 4) 15-1-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.»; мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ, егер жоба жергiлiктi болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi. 5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде концессиялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде концессиялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.»; 5) 15-2-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын: «7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ, егер жоба жергiлiктi болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi. 8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкiндiгi туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкiндiгi туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.». 5. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат): 5-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 79-бабының 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында бекiтедi. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.». 2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағы 28) тармақшасының сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 32), 33), 35), 38) және 39) тармақшаларын, 45) тармақшасының он бiрiншi абзацын, 2004 жылғы 24 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағы 41) тармақшасының оныншы абзацын және 45) тармақшасының он екiншi абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ