Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 491-IV Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы Ескертпесi! Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттiң мынадай мөлшерлерi бекiтiлсiн: 2012 жыл – 1 200 000 000 мың теңге; 2013 жыл – 1 200 000 000 мың теңге; 2014 жыл – 1 200 000 000 мың теңге. 2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 23, 135-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ
|