ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 494-IV Заңы
Көпжақты сауда жүйесi шеңберiнде Кеден одағының жұмыс iстеуi туралы шартты ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 мамырда Минскiде жасалған Көпжақты сауда жүйесi шеңберiнде Кеден одағының жұмыс iстеуi туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Көпжақты сауда жүйесi шеңберiнде
Кеден одағының жұмыс iстеуi туралы

ШАРТ

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
өздерi құрған Кеден одағына қатысушылар БОЛА ОТЫРЫП,
Тараптардың үйлестiрiлген шарттарда бұдан әрi ДСҰ деп аталатын Дүниежүзiлiк сауда ұйымына тез арада қосылуға ұмтылысын РАСТАЙ ОТЫРЫП,
Тараптардың әрқайсысының ДСҰ-ға мүшелiгi олардың халықаралық сауда жүйесiне интеграциялануын тереңдету және ДСҰ шеңберiнде қағидалар мен мiндеттемелерге сәйкес Кеден одағының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасайтынын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
Тараптардың үшiншi елдерге қатысты сауданы дамыту және инвестициялар тарту мақсатында сауда режимдерiн бiрiздендiру мен бiркелкi қолданудың қажеттiлiгi мен артықшылықтарын РАСТАЙ ОТЫРЫП,
ДСҰ-ға қатысушылардың құрамы мен халықаралық сауданы реттеу мәселелерiн қамтуы бойынша оның жан-жақты сипатын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
ДСҰ-да белгiленген ДСҰ-ның құрылуы туралы Марракеш келiсiмiне (бұдан әрi ДСҰ келiсiмi деп аталатын) сәйкестiгiне қатысты оның мүшелерiне қойылатын жоғары талаптарды, сондай-ақ әрбiр мүшесi қабылдаған мiндеттемелерiн АТАП ӨТЕ ОТЫРЫП,
ДСҰ келiсiмiнiң түпмәтiнiнде Кеден одағы Тараптарының сауда режимдерiн түсiндiру қажеттiлiгiн МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

1. Тараптардың кез келгенiнiң ДСҰ-ға қосылған күнiнен бастап ДСҰ келiсiмiнiң ережелерi, осы Тараптың ДСҰ-ға қосылуы туралы оның ДСҰ-ға қосылу шарты ретiнде қабылданған және оларды реттеу бойынша өкiлеттiк Кеден одағы шеңберiнде Тараптар Кеден одағының органдарына берген құқықтық қатынастарға және Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келiсiмдерде реттелген құқықтық қатынастарға жататын мiндеттемелерi кiретiн Хаттамада анықталғандай, Кеден одағының құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгiне айналады. Бұл ретте, ДСҰ-ға бiрiншi қосылатын Тарап басқа Тараптарға оның қосылу шарты ретiнде Кеден одағының құқықтық жүйесiне өзгерiстер енгiзудi талап ететiн мiндеттемелердi хабарлауға және оларды қабылдауға қатысты iс-әрекеттердi үйлестiруге мiндеттi.
2. Мұндай Тараптың ДСҰ-ға қосылу кезiнен бастап Кеден одағының Бiрыңғай кеден тарифiнiң ставкалары ДСҰ келiсiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Тараптың ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Тауарлардың нарыққа қолжетiмдiлiгi бойынша басқаға беру мен мiндеттемелер тiзбесiнде көзделген импорт тарифiнiң ставкаларынан аспайды.
3. Басқа Тараптың кейiннен ДСҰ-ға қосылуы кезiнде оның ДСҰ-ға қосылу шарты ретiнде қабылданған, оларды реттеу бойынша өкiлеттiк Кеден одағы шеңберiнде Тараптар Кеден одағының органдарына берген құқықтық қатынастарға және Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келiсiмдерде реттелген құқықтық қатынастарға жататын мiндеттемелерi де Кеден одағының құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгiне айналады. Бұл ретте ДСҰ-ға қосылатын Тарап басқа Тараптарды оның қосылу шарты ретiнде Кеден одағының құқықтық жүйесiне өзгерiстер енгiзудi талап ететiн мiндеттемелердi хабарлауға және оларды қабылдауға қатысты iс-әрекеттердi үйлестiруге мiндеттi.
4. ДСҰ-ға қосылу процесiнде қол жеткiзiлген Тараптардың импорттық баж ставкалары бойынша келiссөздердiң ортақ нәтижелерiнiң арасында өзгешелiктер болған жағдайда, мұндай Тараптар импорттық баж ставкаларын үйлестiру мақсатында шұғыл түрде өз араларында консультациялар өткiзедi және қысқа мерзiмде осындай алшақтықтар мүдделерiн қозғайтын ДСҰ мүшелерiмен келiссөздер жүргiзедi. Бұл ретте, барлық Тараптар ұстанымдарын үйлестiредi және тарифтердi үйлестiру кезiнде кеден одақтары қолданатын ДСҰ келiсiмiнiң тиiстi ережелерiн басшылыққа алуға ниет бiлдiредi.
Кеден одағының Бiрыңғай кеден тарифiнiң ставкалары ДСҰ келiсiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, үйлестiру нәтижесiнде келiсiлген ставкалардан аспайды.
5. Кеден одағы органдарының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жүйелi сипаттағы мiндеттемелер бойынша келiссөздерде ДСҰ-ға жаңадан қосылатын әрбiр Тарап оларды реттеу бойынша өкiлеттiк Кеден одағы шеңберiнде Тараптар Кеден одағының органдарына берген құқықтық қатынастарды және Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келiсiмдерде реттелген құқықтық қатынастарды қозғайтын, ДСҰ-ға бiрiншi қосылған Тараптың мiндеттемелерiне барынша сәйкес келетiн мiндеттемелердiң көлемiн қалыптастыруға талпынады. ДСҰ-ға жаңадан қосылатын Тарап келiссөздерiнiң нәтижесi болып табылатын мұндай мiндеттемелерден принциптi түрде бас тартуды Тараптар талқылауға және келiсуге тиiс.
6. Осы баптың бiрiншi және үшiншi тармақтарының ережелерiне қарамастан, ДСҰ мүшесi болып табылмайтын Тараптың Кеден одағының құқықтық жүйесi және оның органдарының шешiмдерi 2-бапқа сәйкес түзетудi талап ететiн және/немесе егер осындай құқықтық қатынастар оның ұлттық құқықтық жүйесi шеңберiнде дербес реттелетiн бөлiгiнде ДСҰ-ға қосылған Тарап қабылдаған және Кеден одағының құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгiне айналған мiндеттемелердi қоса алғанда, ДСҰ келiсiмiнiң ережелерiнен бас тартуға құқығы бар. Мұндай бас тартуды пайдаланатын Тарап мұндай бас тартудың сипаты мен көлемi туралы Кеден одағының комиссиясына хабарлайды, ал Кеден одағының комиссиясы осы хабарламаларды жариялайды. Мұндай Тарап ДСҰ-ға қосылғаннан кейiн кез келген көрсетiлген бас тартуға, егер ол осындай Тараптың ДСҰ-ға қосылу шарттарында тiкелей көзделсе ғана, рұқсат етiледi.

2-бап

1. Тараптар Кеден одағының құқықтық жүйесiн және оның органдарының шешiмдерiн ДСҰ келiсiмiне сәйкес келтiру үшiн әрбiр Тараптың ДСҰ-ға қосылу шартының бiрi ретiнде қабылдаған мiндеттемелерiн қоса алғанда, Тараптардың әрқайсысының қосылуы туралы хаттамада тiркелгендей шаралар қабылдайды. Бұл шаралар қабылданғанға дейiн Тараптар ДСҰ-ға қосылу шарты ретiнде қабылдаған мiндеттемелерiн қоса алғанда, ДСҰ келiсiмi ережелерiнiң Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттардың тиiстi ережелерiнен және оның органдары қабылдаған шешiмдерден басымдығы болады.
2. Тараптардың ДСҰ Келiсiмiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерi олар Кеден одағының құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгiне айналатын, Тараптың ДСҰ-ға қосылу шарты ретiнде алынған мiндеттемелерiн қоса алғанда, Тараптардың әрқайсысының ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамада айқындалғандай, ЕурАзЭҚ Сотын қоса алғанда, Кеден одағы органдарының шешiмiмен немесе Тараптар арасында жасалған халықаралық шартпен жойылуға немесе шектелуге жатпайды.
3. Егер Кеден одағының құқықтық жүйесiнiң жекелеген нормалары ДСҰ келiсiмiмен салыстырғанда неғұрлым ырықты, бiрақ оған қайшы келмеген жағдайда, Тараптар Кеден одағының тиiмдi жұмыс етуi және халықаралық сауданы дамыту мақсаты үшiн осындай нормалардың қолданылуын қамтамасыз етедi.
4. Кеден одағы шеңберiнде халықаралық шарттар жасау, Кеден одағының актiлерiн оның органдарының қабылдауы және қолдануы кезiнде Тараптар мұндай шарттар мен актiлердiң ДСҰ келiсiмiне сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.
5. Осы баптың ережелерi осы Шарттың 1-бабының 6-тармағында көзделген бас тарту ескерiле отырып қолданылады.

3-бап

Осы Шартты қолдану кезiнде ДСҰ келiсiмiнiң кеден одақтарын құруды реттейтiн ережелерi қолданылады.

4-бап

Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берiлмейдi.

5-бап

Осы Шарт ратификациялауға жатады.
Осы Шарттың күшiне ену, одан шығу және оған қосылу тәртiбi 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшiне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртiбi туралы хаттамада айқындалады.
2011 жылғы 19 мамырда Минск қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Шарттың түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол Кеден одағының комиссиясы болып табылады.
Депозитарий осы Шарттың расталған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiбередi.

Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшiн үшiн үшiн

Осымен 2011 жылғы 19 мамырда Минск қаласында
Беларусь Республикасы үшiн - Беларусь Республикасының Премьер-Министрiнiң Орынбасары С.Н.Румас;
Қазақстан Республикасы үшiн - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi Орынбасары Ө.Е.Шөкеев;
Ресей Федерациясы үшiн - Ресей Федерация Үкiметi Төрағасының Бiрiншi орынбасары И.И.Шувалов қол қойған Көпжақты сауда жүйесi шеңберiнде Кеден одағының жұмыс iстеуi туралы шарт мәтiнiнiң толық және дәлме-дәл данасы екенiн растаймын.

Түпнұсқа данасы Кеден Одағы Комиссиясында сақталады.

Барлығы 5 парақ тiгiлдi,
қолмен және мөрмен бекiтiлдi

Кеден Одағы Комиссиясы
Хатшылығы Құқықтық департаментi
директордың орынбасары М.И.Халимов

2011 жылғы 19 мамырда Минскiде жасалған Көпжақты сауда жүйесi шеңберiнде Кеден одағының жұмыс iстеуi туралы шарттың мемлекеттiк тiлдегi аудармасы дұрыс екендiгiн растаймын.

Вице-министр Т. Сүлейменов

2011 жылғы 19 қыркүйек

2011 жылғы 19 мамырда Минск қаласында жасалған Көпжақты сауда жүйесi шеңберiнде Кеден одағының жұмыс iстеуi туралы шарттың куәландырылған көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.

Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Н. Сәкенов

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina