ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 497-IV Заңы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсiптiк кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының халықаралық лизингiн дамыту туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсiптiк кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының халықаралық лизингiн дамыту туралы келiсiм ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсiптiк
кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының,

машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының

халықаралық лизингiн дамыту туралы келiсiм

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң үкiметтерi,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құру туралы шарттың ережелерiн негiзге ала отырып,
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң 2005 жылғы 24 наурыздағы № 204 шешiмiмен бекiтiлген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк саясатының тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,
мынадай:
Қоғамдастық мемлекеттерiнiң агроөнеркәсiптiк кешендерiнiң техникалық жарақтандырылу деңгейiн арттыру;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк кешендерiнде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының өндiрiсiн дамыту;
агроөнеркәсiптiк кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының халықаралық лизингiн дамыту;
Қоғамдастық мемлекеттерiнде ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң және тұтастай Қоғамдастықтың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру көлемiн ұлғайту;
Қоғамдастықта агроөнеркәсiптiк кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының халықаралық лизингi субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау тетiктерiн қалыптастыру;
Қоғамдастық мемлекеттерiнiң агроөнеркәсiптiк кешендерiне инвестициялар тарту мақсатында келiсiлген саясат жүргiзуге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
лизинг шарты - лизинг берушi оған сәйкес лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын лизинг алушы айқындаған сатушыдан (өнiм берушiден) меншiкке сатып алуға және бұл нысананы лизинг алушыға шартта айқындалған талаптарда ақылы түрде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенетiн шарт. Лизинг шартында сатушыны (өнiм берушiнi) және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушiнiң жүзеге асыруы көзделуi мүмкiн;
лизинг - лизинг шартын iске асыруға, оның iшiнде лизинг нысанасын сатып алуға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы;
сублизинг - лизинг алушы лизинг берушiден лизинг шарты бойынша алынған және лизинг нысанасынан тұратын мүлiктi сублизинг шартының талаптарына сәйкес белгiлi бiр мерзiмге ақылы түрде үшiншi тұлғаға (сублизинг шарты бойынша сублизинг алушыға) иеленуге және пайдалануға беретiн лизинг шартының түрi. Бұл ретте лизинг шарты бойынша лизинг алушы сублизинг алушыға қатысты Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында және шартта белгiленген тәртiппен және талаптар ескерiлiп, сублизинг шарты бойынша лизинг берушiнiң құқығын ала отырып, лизинг берушi алдында лизинг шартында көзделген мiндеттемелер мен жауапкершiлiктен босатылмайды;
лизингтiк қызмет - лизинг берушiнiң лизинг нысанасын сатып алу және оны лизинг алушыға лизинг шарты бойынша беру үшiн меншiктi және/немесе тартылған қаражат (инвестициялар) салуына байланысты инвестициялық/кәсiпкерлiк қызмет түрi;
лизинг берушi - мүлiктi меншiгiне сатып алатын және оны лизинг нысанасы ретiнде лизинг алушыға белгiлi бiр ақыға, белгiлi бiр мерзiмге және лизинг шартында айқындалған талаптарда лизинг шарты аяқталған соң лизинг нысанасына меншiк құқығының лизинг алушыға өтуiмен немесе өтпей, уақытша иеленуге және пайдалануға беретiн жеке (егер Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделсе) немесе заңды тұлға;
лизинг алушы - лизинг нысанасын белгiлi бiр ақыға, белгiлi бiр мерзiмге және лизинг шартында айқындалған талаптарда уақытша иелену және пайдалану үшiн қабылдауға мiндеттенетiн жеке немесе заңды тұлға;
резидент — Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес резидент мәртебесi бар жеке немесе заңды тұлға;
резидент емес - Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес резидент мәртебесi жоқ жеке немесе заңды тұлға;
халықаралық лизинг - лизинг шартын iске асыруға байланысты лизинг түрi, онда лизинг берушi мен лизинг алушы Тараптардың әртүрлi мемлекеттерiнiң резиденттерi болып табылады;
лизинг нысанасы - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк кешендерiнде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының кез келген түрлерi;
сатушы (өнiм берушi) - лизинг берушiмен жасалған сатып алу-сату (жеткiзу) шартының талаптарына сәйкес лизинг нысанасы болып табылатын мүлiктi келiсiлген мерзiмде лизинг берушiнiң меншiгiне беретiн жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (өнiм берушi) бiр мезгiлде бiр лизингтiк құқықтық қатынас шегiнде лизинг алушы ретiнде әрекет ете алады.

2-бап

Осы Келiсiмде белгiленетiн талаптарды Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк кешендерiнде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердiң, жабдықтар мен көлiк құралдарының халықаралық лизингiн (сублизинг) дамыту үшiн қолданады.

3-бап

Тараптар халықаралық лизинг субъектiлерiне өз мемлекеттерiнiң аумағында халықаралық құқық нормалары мен Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасымен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк бередi.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес меншiкке (халықаралық лизинг нысанасына) қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етедi және халықаралық лизингтi дамыту үшiн коммерциялық құрылымдардың, банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қаражатын жұмылдыруды өз мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген шеңберде көтермелейдi.

4-бап

Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда, халықаралық лизинг шарттары бойынша өздерiнiң резидент-лизинг алушыларына лизинг төлемдерiн төлеуге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн өтеуге бюджет қаражатын бөлу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн. Халықаралық лизинг шарттары бойынша лизинг төлемдерiн төлеуге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн өтеуге бюджет қаражатын беру тәртiбiн Тарап айқындайды.
Лизинг нысанасы шығарылған ел халықаралық лизинг шарттары бойынша өздерiнiң резидент-лизинг алушыларына лизинг төлемдерiн төлеуге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн өтеуге бюджет қаражатын бөлу туралы Тараптың шешiм қабылдауы үшiн жалғыз немесе бiрнеше шарттың бiрi бола алмайды.

5-бап

Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген шеңберде Тараптар лизинг берушiлерге (лизинг алушыларға) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне халықаралық лизинг шарттары бойынша жеткiзiлетiн ауыл шаруашылығы техникасына, машиналарға, механизмдерге, жабдықтар мен көлiк құралдарына қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiнде қызметтер көрсететiн сервистiк орталықтар құруға және дамытуға жәрдемдеседi.

6-бап

Егер осы шартта өзгеше көзделмесе, сатушы мүлiктi жеткiзген сәттен бастап және лизинг шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн лизинг нысанасы жоғалу (қирау), жеткiлiксiз болу немесе бүлiну қауiптерiнен сақтандырылуы мүмкiн. Сақтандырушы және пайда алушы ретiнде әрекет ететiн Тараптар, сондай-ақ лизинг нысанасын сақтандыру кезеңi лизинг шартымен айқындалады.

7-бап

Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

8-бап

Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап

Осы Келiсiмдi түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бiрiншi кезекте консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
Егер дау Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа консультациялар және/немесе келiссөздер жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күннен бастап алты ай iшiнде осылайша реттелмесе, онда өз араларында оны шешу тәсiлiне қатысты өзге уағдаластық болмаса, дауласушы кез келген Тарап дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн бере алады.

10-бап

Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн ЕурАзЭҚ мүшелiгiне қабылданған басқа мемлекеттердiң қосылу үшiн ашық. Осы Келiсiмге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келiсiм депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшiне енедi.

11-бап

Әрбiр Тарап осы Келiсiм қолданысының тиiстi бесжылдық кезеңi аяқталардан кемiнде 6 ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, одан шыға алады.

12-бап

Осы Келiсiм депозитарий болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.
Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, осы мерзiм өткен соң Келiсiмнiң қолданысы келесi бесжылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетiнде сақталады, ол қол қойған Тараптарға оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

Беларусь Республикасының
Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн

Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн

Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн

Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina