ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 503-IV Заңы
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банк арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi [Жамбыл облысындағы жол учаскесi] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi] Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба) ратификациялау туралы

2011 жылғы 7 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiм (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi [Жамбыл облысындағы жол учаскесi] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi] Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба) ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

____________________________________________________________________
ҚАРЫЗДЫҢ НӨМIРI 2735 - KАZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен

АЗИЯ ДАМУ БАНКI

арасындағы

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

(Жай операциялар)

(ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi [Жамбыл облысындағы жол учаскесi]
[Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi]
Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба)

Күнi 2011 ЖЫЛҒЫ 7 маусым

____________________________________________________________________
LАL:KАZ 41121

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
(Жай операциялар)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКI (АДБ) арасындағы 2011 жылғы 7 маусымдағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ.

ТӨМЕНДЕГIНI НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

(А) Қазақстан Республикасы мен АДБ арасында 2009 жылғы 13 қаңтарда жасалған «ҚАЗ қаржыландырудың көп траншты тетiгi: ОАӨЭЫ 1 Көлiк Дәлiзi Инвестициялық Бағдарламасы (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi]» қаржыландыру туралы негiздемелiк келiсiмге (ҚНК) сәйкес ОАӨЭЫ 1 Көлiк Дәлiзi (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi] Инвестициялық Бағдарламасы (Инвестициялық Бағдарлама) шеңберiнде жобаларды қаржыландыру үшiн Қарыз алушыға көмек көрсету мақсатында АДБ көп траншты қаржыландыруды ұсынады;

(В) Қарыз алушының 2011 жылғы 17 қаңтардағы қаржыландыру туралы мерзiмдi сұрау салуы арқылы Қарыз алушы ҚНК-ге сәйкес АДБ-ға осы Қарыз туралы келiсiмнiң 1-қосымшасында сипатталған жобаны («Жоба») қаржыландыру мақсаттары үшiн қарыз бөлу туралы өтiнiшпен жүгiнедi; және

(С) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта ұсынылған мерзiмде және шарттарда АДБ-ның әдеттегi капитал ресурстарынан қарыз бередi.

ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келiсiм тараптары төмендегiлер туралы уағдаласты:

I БАП

Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар

1.01-бөлiм. 2001 жылғы 1 шiлдедегi АДБ-ның Әдеттегi капитал ресурстарынан бөлiнетiн қарыздарға Лондон банкаралық ставкасы бойынша қолданылатын жай операциялар үшiн қарыз беру ережелерiнiң барлығы (Қарыз беру қағидалары) осы арқылы Қарыз туралы келiсiмге осы Келiсiмнiң мәтiнiнде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегi өзгерiстердi сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледi:

(а) 3.03-бөлiм алып тасталды және төмендегiмен ауыстырылды:

Резервтегенi үшiн комиссия; Кредит.

(а) Қарыз алушы Қарыз туралы келiсiмде көзделген ставка мен
шарттар бойынша Қарыздың талап етiлмеген сомасы бойынша резервтегенi үшiн комиссия төлеуге мiндеттенедi.
(b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келiсiмде көзделген ставка бойынша кредит беруге мiндеттенедi, әрi мұндай кредит Қарыз мерзiмi аяқталғанға дейiн тiркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушы төлеуге тиiс пайыздарға кредиттiң сомасын қолдануға мiндеттенедi.

(b) 3.06-бөлiм алып тасталды және төмендегiмен ауыстырылды:

(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тiркелген спредтiң төмендетiлетiнi туралы АДБ-ның әрбiр хабарламасынан кейiн АДБ неғұрлым жоғары тiркелген спред қолданылатын, талап етiлмеген қарызы бар әрбiр Қарыз алушыға өтем беруге мiндеттенедi. Өтем сомасы талап етiлмеген қарызға қолданылатын тiркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тiркелген спред (жылдық пайыздық мән түрiнде көрсетiлген) айырмасын (i) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетiлген тiркелген спред күшiне енген күннен бастап және одан кейiн барлық пайыздық кезеңдер iшiнде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы мiндеттенетiн, талап етiлмеген қарыздың негiзгi сомасына (ii) көбейту жолымен айқындалатын болады.
(b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекiтiлген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құнының маржасын есептеулерi кез келген жарты жылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгенi туралы АДБ-ның әрбiр хабарламасынан кейiн АДБ Қарыз алушыға өтем беруге мiндеттенедi. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (i) (жылдық пайыздық мән түрiнде көрсетiлген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейiн тiкелей басталатын пайыздық кезең iшiнде пайыздарды төлеуге мiндеттенетiн Қарыздың негiзгi сомасына (ii) көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейiн дереу басталатын пайыздық кезең iшiнде Қарыз алушы төлеуге тиiс пайыздарға өтем сомасын қолдануға мiндеттенедi».

(с) 3.07-бөлiм алып тасталды және төмендегiмен ауыстырылды:

(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тiркелген спредтiң өсетiнi туралы АДБ-ның әрбiр хабарламасынан кейiн неғұрлым төмен тiркелген спред қолданылатын, талап етiлмеген қарызы бар әрбiр Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге мiндеттенедi. Осы қосымша соманың мөлшерi (i) жаңа қарыздарға қолданылатын тiркелген спред пен талап етiлмеген қарызға қолданылатын тiркелген спред (жылдық пайыздық мән түрiнде көрсетiлген) айырмасын (ii) талап етiлмеген қарыздың негiзгi сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, арттырылған тiркелген спред күшiне енген күннен бастап және одан кейiн кейiнгi барлық пайыздық кезеңдер iшiнде пайыздарды төлеуге мiндеттенедi.
(b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекiтiлген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құнының маржасын есептеулерi кез келген жарты жылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкелiп соққаны туралы АДБ-ның әрбiр хабарламасынан кейiн Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге мiндеттенедi. Осы қосымша соманың мөлшерi (i) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрiнде көрсетiлген) (ii) қарыздың негiзгi сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейiн дереу басталатын пайыздық кезең iшiнде пайыздарды төлеуге мiндеттенедi. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерiн қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейiн дереу басталатын пайыздық кезең iшiнде Қарыз алушының төлеуiне жататын пайыздарға қосуға мiндеттенедi.

1.02-бөлiм. Егер осы құжатқа өзгерiстер енгiзiлмесе немесе түпмәтiн бойынша өзгеше талап етiлмесе, осы Қарыз туралы келiсiмде қолданылған әрбiр жағдайда Қарыз беру қағидасында анықтама берiлген мына терминдер оларда баяндалған тиiстi мағынаға ие болады. Мынадай терминдердiң төмендегiдей мағыналары бар:

(а) ОАӨЭЫ Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастықты бiлдiредi;

(b) «ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi» - Қытай Халық Республикасымен шекарадағы Қорғастан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейiн өтетiн «Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық транзит дәлiзiн бiлдiредi;

(с) «Консультациялық қызметтердi тарту жөнiндегi нұсқау» консультанттардың қызметтерiн Азия Даму Банкiнiң және оның Қарыз алушыларының пайдалануы жөнiндегi нұсқауын (мерзiмдi түзетулерi бар 2010 жылғы) бiлдiредi;

(d) «Консультациялық қызметтер» Жоба шеңберiнде көрсетiлген және Қарыз туралы осы келiсiмге 1-қосымшаның 2(b) тармағына сәйкес Инвестициялық Бағдарламаның 1-жобасы бойынша қарыздан түсетiн табыс есебiнен қаржыландырылатын қызметтердi бiлдiредi, алайда келiсiмшарттық жұмыстарды орындау бөлiгiнде ұсынылатын кез келген қызмет көрсетулер алып тасталады.

(е) «ЭБШНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келiсiлген және ҚНК-ның 5-қосымшасының сiлтемесi арқылы енгiзiлген экологиялық бағалау мен шолудың негiздемелiк құжатын бiлдiредi;

(f) «ҚОБЖ» Қоршаған ортаға әсердi бағалауға (АЭБ) енгiзiлген Қоршаған ортаны басқару жоспарын бiлдiредi;

(g) ҚНК Қарыз туралы осы келiсiмнiң декларативтiк (А) бөлiгiнде берiлген мағынаға ие болады;

(h) «АЭБ» Жоба үшiн Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келiсiлген Алдын ала экологиялық бағалауды бiлдiредi;

(i) «Инвестициялық Бағдарлама» Қарыз туралы осы келiсiмнiң декларативтiк (А) бөлiгiнде берiлген мағынаға ие болады;

(j) «км» осы белгi және жобалық жолда километрдiң белгiлi бiр саны көрсетiлген жердi бiлдiредi және төменде километрдi бiлдiретiн «км» деп келтiрiлген;

(k) «ЖСҚНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келiсiлген және ҚНК-ның 5-қосымшасының сiлтемесi арқылы енгiзiлген жердi сатып алу және қоныс аудару жөнiндегi негiздемелiк құжатты бiлдiредi;

(l) «ЖСҚЖ» Жоба үшiн жердi сатып алу және қоныс аудару жоспарын бiлдiредi;

(m) «Қарыз қаражатының төлемдерi бойынша анықтамалық» Қарыз қаражатының төлемдерi бойынша АДБ-ның анықтамалығын (мерзiмдi түзетулерi бар 2007 жылғы) бiлдiредi;

(n) «ККМ» Қарыз алушының Көлiк және коммуникация министрлiгiн және оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi;

(o) «облыс» Қарыз алушының аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiгiн бiлдiредi;

(р) «ҚМС» Қарыз алушы Инвестициялық Бағдарлама шеңберiнде әрбiр траншты алу үшiн жiберген немесе жiберетiн қаржыландыруға арналған мерзiмдi сұрау салуды бiлдiредi, Қарыз туралы осы келiсiм бойынша қаржыландыруға арналған мерзiмдi сұрау салу 2011 жылғы 17 қаңтарда ұсынылған;

(q) «ЖБК-АДБ» Инвестициялық бағдарламаның 1-жобасы шеңберiнде құрылатын жобаны басқару жөнiндегi консультанттар тобын бiлдiредi;

(r) «Сатып алу жөнiндегi нұсқау» АДБ-ның Сатып алу жөнiндегi нұсқауын (Мерзiмдi түзетулерi бар 2010 жылғы) бiлдiредi;

(s) «Сатып алу жоспары» Қарыз алушы мен АДБ арасында келiсiлген Сатып ату жөнiндегi нұсқауға, Консультациялық қызметтердi тарту жөнiндегi нұсқауға және АДБ-мен келiсiлген басқа да iс-шараларға сәйкес мерзiмдi жаңартулары бар 2011 жылғы 9 ақпандағы жоба үшiн сатып алу жоспарын бiлдiредi;

(t) «Жоба» Қарыз туралы осы келiсiмнiң декларативтiк (В) бөлiгiнде берiлген анықтамаға ие болады;

(u) «Жоба бойынша атқарушы агенттiк» Қарыз беру қағидаларының мақсаттары үшiн және оның айқындамасы шеңберiнде ККМ-дi және жобаны орындауға жауапты оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi;

(v) «Жоба жолы» жолдың Қарыз туралы осы келiсiмнiң 1-қосымшасының 2 (а) тармағында толық көрсетiлген, Жобаға сәйкес салынатын, жақсартылатын немесе қалпына келтiрiлетiн жол учаскелерiн бiлдiредi;

(w) «Жұмыстар» консультациялық қызметтердi қоспағанда, қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсiру сияқты қызметтердi және жобаға қатысты, бiрыңғай мiндеттемелердiң не «пайдалануға берiлген» құрылысқа келiсiмшарттың бiр бөлiгi ретiнде көрсетiлетiн қызметтердi қоса алғанда, құрылысты немесе азаматтық-құрылыс жұмыстарын бiлдiредi.

II БАП
Қарыз

2.01-бөлiм. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегi капитал ресурстарынан бiр жүз он екi миллион АҚШ доллары ($ 112,000,000) сомасына қарыз беруге келiседi, әрi бұл соманы Қарыз туралы осы келiсiмнiң 2.06-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Айырбастау шеңберiнде кезең-кезеңiмен айырбастауға болады.
(b) Қарыз негiзгi өтеу кезеңiн 20 жыл деп және осы Бөлiмнiң (с) тармағында айқындалған жеңiлдiктi кезеңдi болжамдайды.
(с) Осы Бөлiмнiң (b) тармағында пайдаланылатын «жеңiлдiктi кезең» деген анықтама Қарыз туралы осы келiсiмнiң 2-қосымшасында баяндалған өтеу кестесiне сәйкес қарыздың негiзгi сомасын өтеу Төлемiнiң бiрiншi күнiнiң алдындағы кезеңдi бiлдiредi.

2.02-бөлiм. Қарыз алушы АДБ-ға талап етiлген және талап етiлмеген Қарыздың негiзгi сомасына Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әрбiр пайыздық кезеңнiң ставкасы бойынша кезең-кезеңiмен және Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөлiмiне сәйкес жылына 0.30% кредиттi шегере отырып, Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөлiмiне сәйкес жылына 0.60% пайыз төлеуге мiндеттенедi.

2.03-бөлiм. Қарыз алушы жыл сайын 0.15% сомасында резервтегенi үшiн комиссия төлеуге мiндеттенедi. Бұл комиссия Қарыз туралы осы келiсiмге қол қойылған күннен кейiн алпыс (60) күн өткен күннен бастап қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңiмен алынатын соманы шегергенде) есептеледi.

2.04-бөлiм. Пайыздар мен қарыз жөнiндегi өзге де төлемдер жарты жылда бiр рет әрбiр жылдың 15 ақпанында және 15 тамызында төленуге тиiс.

2.05-бөлiм. Қарыз алушы Қарыз туралы осы келiсiмнiң 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Несие шотынан талап етiлген қарыздың негiзгi сомасын төлеуге мiндеттенедi.

2.06-бөлiм. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды реттеудi қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта қарызды төмендегiдей айырбастаудың кез келгенiн сұратуға құқылы:
(i) Төленген және талап етiлмеген немесе төленбеген қарыздың толық немесе iшiнара сомасының қарыз валютасын бекiтiлген валютаға өзгерту;
(ii) Талап етiлген және талап етiлмеген қарыздың толық немесе iшiнара негiзгi сомасына қолданылатын базалық пайыздық ставканы, өзгермелi пайыздық ставкадан тiркелген ставкаға және керiсiнше өзгерту; және
(iii) Пайыздық ставканың тiркелген ең жоғары деңгейiн немесе кез келген көрсетiлген өзгермелi пайыздық ставканың ең төменгi деңгейiн белгiлеу жолымен талап етiлетiн немесе талап етiлмейтiн қарыздың толық немесе iшiнара сомасына қолданылатын өзгермелi пайыздық ставкаға лимиттердi бекiту.
(b) Осы Бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған айырбастау туралы кез келген сауалды Қарыз беру қағидаларының 2.01 (6) бөлiмiнiң анықтамасы бойынша «Айырбастау» деп және ол Қарыз беру қағидаларының V Бабының және Айырбастау жөнiндегi нұсқаудың ережелерiне сәйкес күшiне енедi деп есептеу керек.

III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану

3.01-бөлiм. Қарыз алушы жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын Қарыз туралы осы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес пайдалануға мiндеттенедi.

3.02-бөлiм. Барлық қарыз қаражаты Қарыз туралы осы келiсiмнiң 3-қосымшасының ережелерiне сәйкес бөлiнуге және алынуға тиiс, бұл ретте Қарыз алушы мен АДБ-ның келiсiмi бойынша осы Қосымшаға кезең-кезеңмен өзгерiстер жасауға жол берiледi.

3.03-бөлiм. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы барлық шығыс баптарын Қарыз туралы осы келiсiмнiң 4-қосымшасының қолданылатын ережелерiне сәйкес жүргiзедi немесе жүргiзудi ұйымдастырады. Қарыз алушы мен АДБ келiскен рәсiмдер шеңберiнде барлық мұндай баптар елеулi дәрежеде сатып алынбаған не егер келiсiмшарттың мерзiмдерi мен шарттары АДБ талаптарын қанағаттандырмаған жағдайда, АДБ келiсiмшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.

3.04-бөлiм. Егер АДБ өзгеше келiспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын барлық шығыс баптарын жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

3.05-бөлiм. Қарыз беру қағидаларының 9.02-бөлiмiнде баяндалған мақсаттар үшiн қарыз шотынан қаражат алу үшiн жабу күнi болып 2014 жылғы 31 желтоқсан не Қарыз алушы мен АДБ арасында келiсiлуi мүмкiн осындай басқа бiр күн есептеледi.

IV БАП
Ерекше жағдайлар

4.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы Жобаны тиiстi жауапкершiлiкпен әрi тиiмдiлiкпен және практиканың ұтымды инженерлiк, қаржылық, экономикалық және әлеуметтiк талаптарына сәйкес орындауды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
(b) Жобаны iске асыру және Жоба объектiлерiн пайдалану процесiнде Қарыз алушы Қарыз туралы осы келiсiмнiң 5-қосымшасында баяндалған барлық мiндеттемелердi орындауға не олардың орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

4.02-бөлiм. Қарыз алушы Жобаны орындау үшiн және Жобалық объектiлердi пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшiн қажеттi құралдарды, объектiлердi, қызметтердi, жер учаскелерiн және өзге де ресурстарды қарыз қаражатына қосымша түрде қажет болуына қарай дереу қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

4.03-бөлiм. (а) Қарыз алушы Жобаны iске асыру процесiнде АДБ үшiн қолайлы, құзыреттi және бiлiктi консультанттар мен мердiгерлердi Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына сай болатындай дәрежеде, мерзiмде және шарттарда жалдауды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
(b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшiн қолайлы жоспарларға, жобалау стандарттарына, жұмыс ерекшелiктерiне, кестелерiне және құрылыс әдiстерiне сәйкес iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшелiктерi мен кестелерiн дайындағаннан кейiн дереу, сондай-ақ көрсетiлген құжаттарға АДБ негiздi түрде талап ететiн толық дәрежеде жасалған кез келген елеулi өзгерiстердi беруге не олардың АДБ-ға берiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

4.04-бөлiм. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектiлерiн пайдалануға қатысты өз департаменттерi мен ұйымдарының барлық iс-әрекеттерi ұтымды әкiмшiлiк саясат пен рәсiмдерге сәйкес жүргiзiлуiне және үйлестiрiлуiне көз жеткiзуге мiндеттенедi.

4.05-бөлiм. (а) Қарыз алушы (i) Жоба үшiн жекелеген есептiлiктi жүргiзуге не оның жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге; (ii) бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi мен құзыретiнiң саласы АДБ-ның талаптарына сай келетiн тәуелсiз аудиторларға аудиттiң тиiстi стандарттарын қолдана отырып, осы шоттарға және тиiстi қаржылық есептерге аудит жыл сайын жүргiзуiне; (iii) алғанына қарай, бiрақ әрбiр тиiстi фискалды жыл аяқталған кезден бастап алты (6) ай өткеннен кейiн кешiктiрмей, осы шоттардың және аудиттен өткен қаржылық есептердiң расталған көшiрмелерiн және аудиторлардың тиiстi есебiн (қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың Қарыз туралы осы келiсiмге сәйкес келуiне қатысты аудиторлардың пiкiрлерiн қоса алғанда) ағылшын тiлiнде АДБ-ға беруге; сондай-ақ (iv) АДБ-ның мерзiмдi негiздi талаптары бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге мiндеттенедi.
(b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша, Қарыз алушының жоба үшiн қаржылық есептерiн және оның Жобаға қатысы бар қаржылық iстерiн жоғарыда көрсетiлген 4.05 (а) бөлiмге сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен бiрге талқылау құқығын АДБ-ға беруге мiндеттенедi және егер Қарыз алушы өзгеше келiсiм бермесе, кез келген осындай талқылауды Қарыз алушының уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен ғана өткiзу шартымен, АДБ-ның сұрауы бойынша, аудиторлардың кез келген өкiлiне осындай талқылауға қатысуға өкiлеттiк беруге және соны талап етуге мiндеттенедi.

4.06-бөлiм. Қарыз алушы АДБ өкiлдерiне Жобаны және Жоба объектiлерiн, сондай-ақ кез-келген тиiстi жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкiндiгiн беруге мiндеттенедi.

4.07-бөлiм. Қарыз алушы барлық Жоба объектiлерiнiң ұтымды инженерлiк, қаржылық, экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiк шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсiмдерiне сәйкес пайдаланылуын, күтiп ұсталуын және жөнделуiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

V БАП
Күшiне енуi

5.01-бөлiм. Қарыз туралы осы келiсiмге қол қойылған күннен соң 60 күн өткеннен кейiнгi күн Қарыз беру қағидаларының 10.04-бөлiмiнде баяндалған мақсаттар үшiн Қарыз туралы келiсiмнiң күшiне ену күнi болып есептеледi.

VI БАП
Өзге де ережелер

6.01-бөлiм. Қарыз алушының Қаржы министрi Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлiмiнде баяндалған мақсаттар үшiн Қарыз алушының өкiлi ретiнде әрекет етедi.
6.02-бөлiм. Төмендегi деректемелер Қарыз беру қағидаларының 12.01-бөлiмiнде баяндалған мақсаттар үшiн көрсетiлiп отыр:

Қарыз алушы үшiн

Қаржы министрлiгi
Жеңiс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы

Факс
+7(7172)71 77 85

АДБ үшiн

Аsiаn Dеvеlорmеnt Ваnк
6 АDВ Аvеnuе
Маndaluyong Сity
1550 Меtrо Маnilа
Рhiliррinеs

Факс
(632) 636-2444
(632) 636-2448.

ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУ үшiн осы Келiсiмнiң тараптары атынан олардың уәкiлеттi өкiлдерi Қарыз туралы осы келiсiмге тиiстi қолдармен қол қойылуын және оның АДБ штаб-пәтерiне жоғарыда көрсетiлген күнi мен жылы жеткiзiлуiн қамтамасыз еттi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
______________________
Уәкiлеттi өкiл

АЗИЯ ДАМУ БАНКI
_______________________

1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы

1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты - Жамбыл облысындағы тиiмдi көлiк жүйесiн дамыту жолымен Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу.
2. ҚМС-дағы егжей-тегжейлi сипаттауға сәйкес Жоба мынадай Бөлiктерден тұратын болады:
(а) Жамбыл облысында Тараз бен Қордай арасында орналасқан Аспара-Благовещенка учаскесiнiң (261.5 км және 310.5 км арасы) II санаттағы 2 жолақты 49 километр жолды реконструкциялау және оны IВ санаттағы 4 жолақты жол етiп кеңейту; және
(b) Құрылысты қадағалау жөнiндегi консультациялық қызметтер көрсету;
3. Жобаның 2014 жылғы 1 шiлдеге аяқталуы күтiлуде.

2-ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесi

(ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi [Жамбыл облысындағы учаскелер]
[Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi]

Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба)

1. Төмендегi кестеде Қарыздың негiзгi сомасын төлеу күнi және Қарыздың негiзгi сомасын төлеудiң әрбiр күнiне төленуге тиiс Қарыздың жалпы негiзгi сомасының пайызы көрсетiлген (Кезектi жарна). Егер қарыз қаражаты қарыздың негiзгi сомасын өтеу төлемiнiң бiрiншi күнiнде толық көлемде алынған болса, онда қарыздың негiзгi сомасын төлеудiң әрбiр күнiне Қарыз алушы өтеуге тиiс қарыздың негiзгi сомасын АДБ: (а) негiзгi қарызды өтеуге төлемнiң бiрiншi күнiне талап етiлетiн және талап етiлмейтiн қарыздың жалпы негiзгi сомасын; (b) негiзгi қарызды өтеуге төлемнiң әрбiр күнi үшiн Кезектi жарнасына көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттiлiгiне қарай түрлендiрiледi.

Төлем күнi

Кезектi жарна
(%-ға шаққанда)

2015 жылғы 15 тамыз

2.500000

2016 жылғы 15 ақпан

2.500000

2016 жылғы 15 тамыз

2.500000

2017 жылғы 15 ақпан

2.500000

2017 жылғы 15 тамыз

2.500000

2018 жылғы 15 ақпан

2.500000

2018 жылғы 15 тамыз

2.500000

2019 жылғы 15 ақпан

2.500000

2019 жылғы 15 тамыз

2.500000

2020 жылғы 15 ақпан

2.500000

2020 жылғы 15 тамыз

2.500000

2021 жылғы 15 ақпан

2.500000

2021 жылғы 15 тамыз

2.500000

2022 жылғы 15 ақпан

2.500000

2022 жылғы 15 тамыз

2.500000

2023 жылғы 15 ақпан

2.500000

2023 жылғы 15 тамыз

2.500000

2024 жылғы 15 ақпан

2.500000

2024 жылғы 15 тамыз

2.500000

2025 жылғы 15 ақпан

2.500000

2025 жылғы 15 тамыз

2.500000

2026 жылғы 15 ақпан

2.500000

2026 жылғы 15 тамыз

2.500000

2027 жылғы 15 ақпан

2.500000

2027 жылғы 15 тамыз

2.500000

2028 жылғы 15 ақпан

2.500000

2028 жылғы 15 тамыз

2.500000

2029 жылғы 15 ақпан

2.500000

2029 жылғы 15 тамыз

2.500000

2030 жылғы 15 ақпан

2.500000

2030 жылғы 15 тамыз

2.500000

2031 жылғы 15 ақпан

2.500000

2031 жылғы 15 тамыз

2.500000

2032 жылғы 15 ақпан

2.500000

2032 жылғы 15 тамыз

2.500000

2033 жылғы 15 ақпан

2.500000

2033 жылғы 15 тамыз

2.500000

2034 жылғы 15 ақпан

2.500000

2034 жылғы 15 тамыз

2.500000

2035 жылғы 15 ақпан

2.500000

Жиыны

100.000000

2. Егер қарыз қаражаты негiзгi қарызды өтеу төлемiнiң бiрiншi күнiне толық көлемде талап етiлмесе, Қарыз алушы төлеуге тиiстi қарыздың негiзгi сомасы негiзгi қарызды өтеуге төлемнiң әрбiр күнiне мынадай түрде айқындалады:
(а) негiзгi қарызды өтеуге төлемiнiң бiрiншi күнiне дейiн талап етiлуге тиiстi кез келген қарыз қаражаты шегiнде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнге талап етiлген және талап етiлмеген соманы төлеуге мiндеттенедi.
(b) негiзгi қарызды өтеуге төлем жүргiзiлген бiрiншi күннен кейiн қаражатты кез келген алу әрбiр алу сомасын негiзгi қарызды (бастапқы кезектi жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күнi үшiн, алымы осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетiлген бастапқы Кезектi жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнгi кезден кейiн түсетiн негiзгi қарызды өтеуге төлемнiң әрбiр күнiнде өтелуге тиiс және оның бөлгiшi осы күнгi кезге немесе кейiн түсетiн негiзгi қарызды өтеуге төлемдер күнi үшiн барлық қалған бастапқы Кезектi жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетiлген сомаларды шегеру үшiн қажет болған кезде түрлендiрiлетiн болады.
3. Негiзгi өтеудiң кез келген күнi төленуге тиiстi негiзгi сомаларды есептеу мақсатында ғана негiзгi қарызды өтеуге төлемдердiң кез келген күнiне дейiн күнтiзбелiк екi ай iшiнде жүргiзiлген қаражат алуды алынған күннен кейiнгi негiзгi қарызды өтеу төлемiнiң екiншi күнгi кезiне талап етiлген және талап етiлмеген деп есептеледi және бұл сома қаражат алынған күннен кейiнгi негiзгi борышты өтеу төлемiнiң екiншi күнiнен бастап негiзгi қарызды өтеуге төлемнiң әрбiр күнiнде төленуге тиiс.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, қарыздың негiзгi сомасының талап етiлген қаражатының валютасы толық көлемде немесе iшiнара бекiтiлген валютаға Айырбасталған кезде Айырбастау кезеңi iшiнде негiзгi соманы өтеу күндерiнiң кез келгенiнде өтеуге жататын жоғарыда аталған бекiтiлген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тiкелей жоғарыда аталған Айырбастау алдында iрiлендiрiлген валютадағы осы соманы не: (i) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қосарлы айырбастау шеңберiнде АДБ-ға төленуге тиiс, негiзгi соманы көрсетiлген бекiтiлген валютада көрсететiн валюталардың айырбас бағамына; не (ii) Айырбастау жөнiндегi нұсқауға сәйкес АДБ-ның шешiмi бойынша валюталардың айырбас бағамының белгiленген ставкадағы құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
5. Егер талап етiлген және талап етiлмеген қарыздың негiзгi сомасы қарыздың бiреуден артық валютасында кезең-кезеңiмен номиналданса, осы Қосымшаның ережелерi осы сомалардың әрқайсысы үшiн бөлек өтеу кестесiн әзiрлеу мақсатында қарыздың әрбiр валютасына номиналданған сомаларға бөлек-бөлек қолданылуға тиiс.

3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу

Жалпы ережелер

1. Осы Қосымшадағы (осы Қосымшаға Толықтыруда көрсетiлгендей) кесте (Кесте) қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Шығыстар баптарының санаттарын, сондай-ақ әрбiр осындай Санат үшiн қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы Қосымшада «Санат» немесе «Санаттар» деген ұғымдар кестенiң Санатына немесе Санаттарына жатады).

АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндерi

2. Егер АДБ-мен өзгеше келiсiлмеген болса, шығыс баптарының әрқайсысы Кестеде көрсетiлген пайыздық мәндер негiзiнде қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын болады.

Қайта бөлу

3. Кестеде көрсетiлген қарыз қаражатын бөлуге және қаражат алу пайызына қарамастан,
(а) егер кез келген санат үшiн бөлiнген қарыз сомасы осы Санаттың келiсiлген шығыстарының барлығын қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен (i) басқа санат үшiн бөлiнген, бiрақ АДБ пiкiрi бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебiнен қаражат жетiспеуiнiң орнын толтыру үшiн қажеттi дәрежеде осы Санат үшiн қаражатты қайта бөлуге, сондай-ақ (ii) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толық көлемде толтыра алмаса, осы Санат үшiн бұдан кейiнгi алуды барлық шығыстар жабылмайынша жүргiзу үшiн осы шығыстар үшiн қаражатты алу пайызын азайтуға; және
(b) егер қандай да бiр Санатқа бөлiнген қарыз сомасы осы Санаттағы келiсiлген шығыстардың барлығынан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен мұндай артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.

Қарыз төлеу рәсiмi

4. Егер АДБ өзгеше келiспесе, қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз қаражатын төлеу жөнiндегi анықтамалығына сәйкес төленуге тиiс.

3-қосымшаға толықтыру

КЕСТЕ

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ (ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi
[Жамбыл облысындағы жол учаскесi] [Батыс Еуропа -
Батыс Қытай халықаралық транзит дәлiзi]
Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба)

САНАТ

АДБ-ның
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
НЕГIЗI

Нөмiр

Атау

АДБ-ның
қаржыландыруы
үшiн бөлiнген
жалпы сома
$

Санат

Қарыз шотынан
АДБ-ның
қаржыландыру пайызы

1

Жұмыстар

97,600,000

Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 85 пайызы

2

Консалтингтiк қызметтер

4,800,000

Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 100 пайызы*

3

Бөлiнбеген қаражат

10,500,000




Жиыны

112,000,000








* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда

4-ҚОСЫМША
Жұмыстар мен консультациялық қызметтердi сатып алу

Жалпы ережелер

1. Барлық жұмыстар мен консультациялық қызметтер тиiсiнше Сатып алу жөнiндегi нұсқауға және Консультанттардың қызметтерiн тарту жөнiндегi нұсқауға сәйкес орындалуға және бақылауға жатады.
2. Осы Қарыз туралы келiсiмде пайдаланылатын және басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиiстi жағдайларда Сатып алу жөнiндегi нұсқауда және/немесе Консультанттардың қызметтерiн тарту жөнiндегi нұсқауда жазылған мағынаға ие болады.

Жұмыстарды сатып алу

3. Егер АДБ өзгеше келiспесе, жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсiмдерiнiң негiзiнде сатып алынуға тиiс:

Халықаралық конкурстық сауда-саттық

4. Өзге шарттардан басқа, сатып алу рәсiмi Сатып алу жоспарында көрсетiлген егжей-тегжейлi уағдаластықтар мен шектi құнға сәйкес орындалуға тиiс. АДБ-мен алдын ала келiсiлген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсiмiн немесе шектi құнды түрлендiруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерiстер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетiлуге тиiс.

Келiсiмшартты беру жөнiндегi шарттар

5. Қарыз алушы:
(i) аяқталған АЭН мен ҚОБЖ-ны АДБ мақұлдамайынша; және
(ii) ЖСҚЖ шарттарға сәйкес орындалмайынша жұмыстар бойынша келiсiмшарттарды бермеуге тиiс.

Консультациялық қызметтердi таңдау

6. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы iрiктеудiң сапалық және бағалық параметрлерiн ескере отырып, консультанттарды iрiктеу әдiсiн немесе олар көрсететiн қызметтердiң көлемiн қолдануға құқылы.

Өнеркәсiптiк және зияткерлiк меншiкке құқық

7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстар (не жеке, не басқа тауарлар мен қызметтер құрамында сатып алынған барлық компьютерлiк аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi, компьютерлiк жүйелердi қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей) үшiншi тұлғалардың өнеркәсiптiк немесе зияткерлiк меншiкке кез келген құқықтарын немесе талабын бұзбауын немесе қысым жасамауын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
(b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келiсiмшарттар тиiстi нұсқамаларды, кепiлдiктердi және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген жағдайларға қатысты мердiгер немесе өнiм берушi тарапынан зиянды өтеу кепiлдiктерiн қамтитынына көз жеткiзуге мiндеттенедi.
8. Қарыз алушы ұсынылып отырған көрсетiлетiн консультациялық қызметтер үшiншi тұлғалардың өнеркәсiптiк немесе зияткерлiк меншiкке кез келген құқығын немесе талабын бұзбайтынына немесе қысым жасалмайтынына көз жеткiзу үшiн АДБ қаржыландыратын консультанттармен жасалатын барлық келiсiмшарттар тиiстi нұсқамаларды, кепiлдiктердi және егер қажет болса, консультанттар тарапынан зиянды өтеу кепiлдiктерiн қамтитынына көз жеткiзуге мiндеттенедi.

АДБ-ның сатып алу туралы шешiмдердi қарауы

9. Егер Қарыз алушы мен АДБ арасында өзгеше келiсiлмесе және Сатып алу жоспарында көрсетiлмесе, халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсiмдерi шеңберiнде сатып алынған барлық келiсiмшарттар және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған келiсiмшарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.
10. Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды аяқтауға белгiленген кезеңнiң уақытын ұзартудан бұрын, осы келiсiмшарттың мерзiмi мен шарттары бойынша кез келген өзгерiске келiсуден, оның iшiнде осы келiсiмшарт шеңберiндегi өзгертуге өтiнiм немесе өтiнiмдер жазудан бұрын Қарыз алушы ұсынылатын ұзартуға, өзгерiске АДБ тарабынан мақұлдау алуға тиiс. Егер АДБ ұсыныстарды Қарыз туралы келiсiмнiң шарттарына және/немесе Сатып алу жоспарына сай емес деп анықтаса, онда Қарыз алушыға осы шешiмнiң себептерiн дереу хабарлауға және түсiндiруге тиiс. Келiсiмшартқа енгiзiлетiн барлық түзетулердiң көшiрмелерi есепке алу үшiн АДБ-ға табыс етiлуге тиiс.

5-ҚОСЫМША
Жобаны орындау және жобалық объектiлердi пайдалану;

қаржылық мәселелер

Iске асыру тәртiбi

1. ККМ Жоба бойынша атқарушы агенттiк ретiнде Жобаны iске асыру үшiн жалпы жауапкершiлiкте болады. (а) ЖБК-АДБ және (b) осы жоба бойынша тартылған консультанттар қызмет көрсететiн ККМ және ККМ Автожол комитетi iске асырушы агенттiк ретiнде жауапкершiлiкте болады.
2. Қарыз алушы (а) кез келген жұмысты бастағанға дейiн ККМ-нiң құрылысты қадағалауға жауапты консультанттарды жұмылдырғанына; (b) жоба iске асырылатын бүкiл кезең iшiнде қолдау көрсету үшiн ККМ мен Жол комитетiнiң құзырлы персоналы тағайындағанына; және (с) ККМ-нiң жобаны АДБ-мен келiсiм бойынша енгiзу кестесiне сәйкес және оны пайдалана отырып орындағанына көз жеткiзуге мiндеттi.

Мониторинг, Жобаны Шолу және Бағалау

3. Қарыз алушы ККМ-нiң жобаны iске асыру тиiмдiлiгiн мониторингiлеу жүйесi арқылы аталған жобаның орындалуын мониторингiлеуiн және бағалау жүргiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Күтiлетiн нәтижелер ретiнде ұсынылатын түйiндi көрсеткiштер мен болжанған нәтижелер және мониторинг пен дизайн құрылымындағы жобаның әсерi талдау үшiн қажеттi бастапқы деректер болып саналады.
4. Қарыз Күшiне енген күннен кейiнгi 1 жыл iшiнде жобаға бiрлескен аралық шолу жүргiзiледi. Аталған бiрлескен аралық шолу жоба қауiпсiздiгiнiң инженерлiк, экологиялық және әлеуметтiк шараларына, ҚНК-де баяндалған қарыз алу шарттары мен мiндеттемелерiне сәйкестiгiне бағытталатын болады. Бағалау жобаның және Инвестициялық бағдарламаның табысты iске асырылуын және олардың мақсаттарына көз жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi аралық өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Қаржылық басқару жүйесi, аудит және есептiлiк

5. Қарыз алушы (а) АДБ талаптарына сәйкес қаржылық басқару жүйесi құрылатынына және жұмыс iстейтiндiгiне; (b) АДБ әзiрлеген техникалық тапсырмаға сәйкес жыл сайынғы негiзде жоба бойынша қаржылық аудит жүргiзiлетiнiне көз жеткiзуге мiндеттi.
6. Осы Қарыз туралы келiсiмнiң (а) 4.05-бөлiмiнiң және (b) Қарыз беру қағидасының VII бабының ережелерiн қате ұғынбай, Қарыз алушы жобаны орындауға қатысушылардың барлығы Қарыздың тиiстi қаражатын; сондай-ақ осы мақсат үшiн қолданылатын Қарыз алушының қаражатын пайдалану үшiн жеке жазбалар мен шоттарды жүргiзетiнiне көз жеткiзуге мiндеттенедi. Қарыздар беру қағидасының 7.04-бөлiмiнде көрсетiлген талаптарға қосымша Қарыз алушы АДБ-ға: (а) жобаны iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралардың және оған байланысты мәселелердiң мәртебесi туралы ақпаратты жаңарту үшiн қарыз күшiне енген күннен бастап әрбiр ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн iшiнде айлық есептердi; (b) қарыз күшiне енген күннен бастап әрбiр тоқсан аяқталғаннан кейiн 2 апта iшiнде қол жеткiзiлген нәтижелер туралы тоқсандық есептердi және (с) орындау процесi мен мониторинг туралы басқа да есептердi жарты жылда бiр рет ұсынуды ККМ-ге тапсырады.

Бiрлесiп қаржыландыру

7. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келiсiмнiң 4.02-бөлiмiнiң жалпы мағынасын шектеместен, ККМ үшiн жыл сайын бөлiнетiн бюджет қаражаты түрiнде жобаны уақтылы және тиiмдi орындау үшiн қажеттi бiрлесiп қаржыландырудың барлық қаражатына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттенедi және қажеттi ресурстар уақтылы ұсынылатынына көз жеткiзуге мiндеттенедi. Қарыз алушы ККМ-нiң жобаны iске асыру үшiн қаржыландырудағы барлық өзгертiлген қажеттiлiктердi өзiнiң жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгiзетiнiне көз жеткiзуге мiндеттенедi.

Құрылыстың сапасы

8. Қарыз алушы жобаның қолданылатын техникалық ерекшелiктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылып жүрген стандарттар мен үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi ККМ-ге тапсырады.

Жұмыстарға арналған келiсiмшарттар

9. Осы Қарыз туралы келiсiмнiң 5-қосымшасының 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарының ережелерiн қате ұғынбай, Қарыз алушы жоба, ҚОӘБ және жаңартылған ҚОҚЖ бойынша жолдың тиiстi бөлiгiне қатысты ЖСҚЖ-ның (атап айтқанда, зардап шеккен адамдарға өтемақыны уақтылы төлеудi қоса алғанда) барлық қолданылатын ережелерi сақталғанға дейiн тиiстi мердiгерлерге жұмыстардың басталғаны туралы хабарламалардың бiреуiнiң де берiлмеуiн қамтамасыз етудi тапсырады. Қарыз алушы ККМ-ге (а) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келiсiмшарттарда жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды мердiгердiң орындау мiндеттiлiгiн қамтитынына көз жеткiзуiн; және (b) жобаланған жолдарды пайдалану кезiнде қозғалыстың авариялық және қарқындылық деңгейiнiң мониторингiн жүзеге асыруын да тапсыруға тиiс.

Заңсыз саудаға жол бермеу

10. Қарыз алушы жобалық жолда адамдарды, жабайы жануарларды, сирек кездесетiн жануарларды және бақыланатын заттарды заңсыз сатуды анықтау және болғызбау үшiн сенiмдi әрi қатаң шаралардың орындалуын толығымен қамтамасыз етедi.

Қоршаған орта

11. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жоба шешiмдерi, Жобалық объектiлердiң құрылысы мен оларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету АДБ-ның Қауiпсiздiк шаралары туралы саясатына (2009), Қарыз алушының, ЭБШНҚ-ның табиғатты қорғау заңнамасы мен нормативтiк талаптарына, Инвестициялық бағдарлама үшiн дайындалған және АДБ-мен келiсiлген қоршаған ортаға әсер етудiң жалпы бағасына және ҚОӘБ-ға сәйкес жүргiзiлетiнiне; және (b) жобаның қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер етуi ҚОҚЖ-да көрсетiлгендей азайтудың барлық шараларын және мониторинг қолдану есебiнен төмендегенiне көз жеткiзудi тапсырады.
12. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жұмыстардың басталуы туралы кез келген хабарлама берiлгенге дейiн ҚОҚЖ жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының iске асырылуы, мониторингi мен есептiлiгi үшiн жеткiлiктi ресурстар берiлгенiне; (с) жарты жылдық экологиялық есептердiң, ол бойынша есеп жасалатын әрбiр кезеңнен кейiнгi үш (3) айдың iшiнде дайындалғанына және АДБ-ға ұсынылғанына; (d) есептер, өзгелерiнен басқа, ҚОҚЖ орындауындағы жетiстiктерге шолуды, проблемаларды және осы проблемаларды шешу жөнiндегi шараларды қамтитынына; (е) Жоба шеңберiндегi егжей-тегжейлi инженерлiк жоспар мен құрылыс жұмыстарының келiсiмшарттары ҚОӘБ мен ҚОҚЖ-да көрсетiлген қолданылатын экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) ҚОӘБ және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында мердiгерлердiң бақыланатынына қосымша көз жеткiзудi тапсырады.

Жер сатып алу және қоныс аудару

13. Қарыз алушы ККМ-ге өзгелерiнен басқа, мынадай: (а) ЖСҚНҚ ережелерiне сәйкес ЖСҚЖ жоба шеңберiнде қатысы бар тұрғындардың назарына жеткiзiлуге тиiс; (b) ЖСҚЖ-ны құрылыс жұмыстарына арналған қандай да бiр келiсiмшарттарды алғанға дейiн АДБ-ның қарауына және мақұлдауына ұсыну қажет; (с) жоба үшiн қажеттi барлық жер учаскелерi мен бөлiнетiн белдеулер дер кезiнде сатып алынуға және берiлуге тиiс; (d) мыналар: (i) қоныс аударған адамдарға көмек көрсету мақсатында табысын және өмiр сүру деңгейiн қалпына келтiру үшiн жағдай жасайтын жоспарды қамтитын ЖСҚЖ түпкiлiктi әзiрленбейiнше; (ii) жобаның тиiстi құрауыштары немесе құрылысқа дайын учаскелерi үшiн әрбiр қоныс аударған адамға орнын ауыстырудың толық құнының өтемақысы төленбейiнше; (iii) қоныс аударудың тиiстi жоспарында көрсетiлген көмектiң басқа да түрлерi қоныс аударған адамдарға көрсетiлмейiнше ешқандай күштеп немесе экономикалық қоныс аудару жүргiзiлмеуге және мердiгерлерге жұмыстардың басталуы туралы ешқандай да нұсқау жасалмауға тиiс; (е) мәселелер мен шағымдар туындаған кезде оларды уақтылы шешу үшiн мүдделерiне жоба әсер ететiн адамдарға көмек көрсету үшiн шағымдарды қараудың тиiмдi тетiктерi белгiленуге тиiс; (f) ЖСҚЖ-ның iске асырылуын бақылауды және оған мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi персонал мен ресурстар; (g) АДБ үшiн қолайлы, мониторинг жүргiзу жөнiндегi тәуелсiз ұйым ЖСҚЖ-ның сыртқы мониторингiн және оны бағалауды жүргiзетiн және ЖСҚЖ-ның iске асырылу процесiнiң басында және оның аяқталуы бойынша нәтижелердi АДБ-ға ұсынатын болады; және (h) егер ЖСҚЖ-ны орындау кезеңiнде жергiлiктi жерде, жол айырымдарында кез келген өзгерiстер не қоршаған ортаға қосымша әсер және/немесе қоныс аудару анықталса, онда ЖСҚЖ-ға толықтырулар енгiзу және ЖСҚЖ-ны одан әрi iске асырғанға дейiн АДБ-ның және тиiстi үкiметтiк органдардың алдын ала мақұлдауын алу қажет деген ережелердi қоса алғанда, Жоба Қарыз алушының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк талаптарына, АДБ-ның Қауiпсiздiк шаралары туралы саясатына (2009) және ЖСҚНҚ мен ЖСҚЖ-ға сәйкес орындалуына көз жеткiзудi тапсырады.
14. Қарыз алушы жобаға қатысты жердi жалға алушыларға беру үшiн жер учаскелерiне талдау жүргiзудi және тең жер iздеудi, немесе қолданылатын құқықтарға және Қарыз алушының заңнамасына, Қауiпсiздiк шаралары туралы АДБ саясатына (2009), ЖСҚНҚ және ЖСҚЖ-ға сәйкес олардың тыныс-тiршiлiк деңгейiн қалпына келтiруге көмек көрсету үшiн осындай жалға алушыларға басқа да қолдау түрлерiн көрсетуге мiндеттенедi. Жоғарыда көрсетiлгендердiң нәтижелерi ЖСҚЖ түпкi нұсқасына қоса берiлетiн болады. Мемлекеттiк резервтiк жер учаскелерiнiң жоқ екендiгi анықталған жағдайда Қарыз алушы жобаға қатысты жалға алушыларға (жалдау шарты кемiнде 5 жыл болатын фермерлерге - жобаға қатысты жалға алушылар) оларда қалған жер учаскесiнде (учаскелерiнде) өндiрiстi ұлғайту немесе кеңейту үшiн жеткiлiктi қаржылық немесе техникалық көмек беру жөнiндегi шараларды қабылдайды. Жоғарыда ескерiлгенге жататын ақпарат, оның iшiнде жобаға қатысты жалға алушылардың тiзiмi, шығындар, кестелер мен осындай өтемақылар бойынша қабылданатын шаралар ЖСҚЖ түпкi нұсқасында жазылатын болады.

Еңбектi қорғау

15. Қарыз алушы ККМ-ге:
(а) құрылыс мердiгерлерiнiң (i) қолданылатын негiзгi еңбек стандарттарын, еңбек заңнамасын және жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң тиiстi нормаларын қолдануды, (ii) еркектер мен әйелдерге тең еңбек үшiн тең ақы төлеудi; (iii) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шаралар кезiнде балалар еңбегiн пайдаланбауды; (iv) жұмысқа қойылатын талаптарды баламалы орындау және тиiмдiлiк шартымен жобаның құрылыстық мақсаттары үшiн жергiлiктi аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты ықтимал көлемде барынша жұмысқа орналастыруды және (v) тәжiрибесi бар және тәжiрибесi жоқ жұмыс iстейтiн әйелдердi жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi, және
(b) АИТВ/ЖҚТБ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулар тәуекелдерi туралы ақпаратты жоба шеңберiнде тартылған мердiгер ұйымдардың қызметкерлерi мен жобалық жолға тiкелей жақын тұратын жергiлiктi тұрғындар арасында таратуды жүзеге асыруды қамтамасыз етудi тапсырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

16. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi саясатын (1998 жылғы, қазiргi уақыттағы түзетулерiмен) қолдануға мiндеттенедi. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептiлiк және ашықтық қағидаттарын қолдану мiндеттемесiне сәйкес АДБ тiкелей не өзiнiң агенттерi арқылы жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге құқылы екендiгiмен және Қарыз алушы кез келген мұндай тексерудiң қанағаттанарлықтай аяқталуы үшiн қажеттiгiне қарай тиiстi есептер мен жазбаларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етудi қоса алғанда, көмек көрсетудiң қажеттi деңгейiнде кез келген мұндай тексеруге толыққанды ынтымақтасатынына және көмектесетiнiне келiседi. Бұдан басқа, Қарыз алушы ККМ-ге (а) мердiгерлердiң қарыз қаражатын алуға және олар бойынша төлемдерге қатысты iс-әрекеттерiне кезеңдiк тексерулер жүргiзудi; (b) жоба шеңберiнде АДБ қаржыландыратын барлық келiсiмшарттар АДБ-ның аудит жүргiзу және барлық мердiгерлердiң, өнiм берушiлердiң, консультанттардың, сондай-ақ жобаға қатысы бар қызметтердiң өнiм берушiлерiнiң жазбалары мен шоттарына тексеру жүргiзу құқығын белгiлейтiн ережелердi қамтитынына көз жеткiзудi; (с) құрылысты қадағалау жөнiндегi консультанттың мердiгерлердiң төлем сертификаттарын келiсiмшарттың жұмыс сызбалары мен ерекшелiктерiне сәйкес тексеретiнiне көз жеткiзудi; және (d) Инвестициялық бағдарлама үшiн әзiрленген және АДБ-мен келiсiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарының орындалуына көз жеткiзудi тапсырады.

Осымен 2011 жылғы 7 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi [Жамбыл облысындағы жол учаскесi] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзi] Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба) осы аудармасы ағылшын тiлiндегi мәтiнге сәйкес келетiнiн куәландырамын.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
Кадр жұмыстарын үйлестiру
және бақылау департаментiнiң
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina