ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

  Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі,нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасының
Ўлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 мамырдағы
N 49 қаулысымен бекітілген

Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – жекелеген қаржы ұйымдары) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

2-тарау. Қаржылық есептілікті ұсыну

2. Жылдық қаржылық есептілікті жекелеген қаржы ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес өздері дербес әзірлеген нысандар бойынша жасайды және оған мыналар кіреді:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайдалар мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.
3. Еншілес ұйымдары жоқ жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
Еншілес ұйымдары бар жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
Жекелеген қаржы ұйымдары шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін талап етіледі.
4. Жекелеген қаржы ұйымдарының уәкілетті органға ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде ұсынылуға тиісті қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:
1) бухгалтерлік баланс – N 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша);
2) пайда және зиян туралы есеп – N 2 нысан (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша).
Пайда және зиян туралы есепті – N 2 нысанды Ўлттық почта операторы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынады.
5. Жекелеген қаржы ұйымдары (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес тек жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ўлттық почта операторын қоспағанда) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Ўлттық почта операторы уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
6. Қаржылық есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесімен көрсетіледі.
7. Қаржылық есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың Қазақстан теңгесімен белгіленеді. Бес жүз Қазақстан теңгесінен кем сома қаржылық есептілікте нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз Қазақстан теңгесіне тең және жоғары сома мың Қазақстан теңгесіне дейін дөңгелектенеді.
8. Жекелеген қаржы ұйымдары қағазға басып шығарылып ұсынылатын жылдық қаржылық есептілікті қоспағанда, уәкілетті органға қаржылық есептілікті берілетін деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен ақпаратты кепілді жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.
9. Ай сайын және тоқсан сайын жасалатын, қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және жекелеген қаржы ұйымында сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша жекелеген қаржы ұйымы жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағазға басып шығарылған, түзетулері және өшірілгені жоқ қаржылық есептілікті ұсынады.
10. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есептілік қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған деректердің қағазға басып шығарылған нұсқадағы деректермен бірдейлігін жекелеген қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
11. Жекелеген қаржы ұйымы электрондық түрде ұсынған қаржылық есептілікте толық емес ақпарат немесе қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жекелеген қаржы ұйымына хабарлайды. Жекелеген қаржы ұйымы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулер ескеріле отырып пысықталған электрондық тасымалдауыштағы қаржылық есептілікті ұсынады.
12. Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбау, ұсынбау немесе қаржылық есептілікте шынайы емес мәліметтер ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

13. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

Жекелеген қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілік тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

N 1 нысан

________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы

(мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Жол коды

есепті кезеңнің аяғында

өткен жылдың аяғында

1

2

3

4

Активтер

Ақша қаражаты және ақша қаражаты баламалары

1

Тазартылған қымбат металдар

2

Әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған бағалы қағаздар

3

Туынды құралдар

4

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

5

Дебиторлық берешек

6

Комиссиялық сыйақылар

7

оның ішінде:

зейнетақы активтерінен

зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен/зияннан

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

8

"Кері РЕПО" операциясы

9

Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

10

Берілген қаржылық жалдау (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

11

Берілген заемдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

12

Инвестициялық мүлік

13

Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар және реттелген борыш

14

Қорлар

15

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (шығатын топтар)

16

Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған шығындарды шегергенде)

17

Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны және құнсызданудан болған шығындарды шегергенде)

18

Пайдаға салық бойынша ағымдағы актив

19

Кейінге шегерілген салық активі

20

Басқа активтер

21

Активтердің жиынтығы

22

Міндеттемелер

Тартылған салымдар

23

Туынды құралдар

24

Шығарылған бағалы қағаздар

25

"РЕПО" операциясы

26

Алынған заемдар

27

Кредиторлық берешек

28

Бағалау резервтері

29

Акциялар бойынша акционерлермен есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар

30

Реттелген борыш

31

Пайдаға салық бойынша ағымдағы міндеттемелер

32

Пайдаға салық бойынша кейінге қалдырылған міндеттеме

33

Басқа міндеттемелер

34

Міндеттемелердің жиынтығы

35

Меншікті капитал

Жарғылық капитал

36

оның ішінде:

жай акциялар

артықшылықты акциялар

Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)

37

Алынған капитал

38

Резервтік капитал

39

Басқа резервтер

40

Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын)

41

оның ішінде:

өткен жылдардағы

есепті кезеңдегі

Азшылық үлесі

42

Капиталдың жиынтығы

43

Капиталдың және міндеттемелердің жиынтығы (36-жол + 44-жол)

44

2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
"Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.

Бірінші басшы ________________________ күні ________
Бас бухгалтер ________________________ күні ________
Орындаушы ________________________ күні ________
Телефон ________________________
Мөрдің орны

Жекелеген қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілік тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

N 2 нысан

________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
пайда мен зиян туралы есебі

(мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңде

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңде (өспелі жиынтықпен)

Өткен жылдың осындай есепті кезеңінде

Өткен жылдың басынан бергі осындай кезеңде (өспелі жиынтықпен)

1

2

3

4

5

6

Сыйақы алумен байланысты кірістер

1

оның ішінде:

корреспонденттік және ағымдағы шоттар бойынша

орналастырылған салымдар бойынша

берілген заемдар бойынша

берілген қаржылық жалдау бойынша

сатып алынған бағалы қағаздар бойынша

"кері РЕПО" операциялары бойынша

Сыйақы алумен байланысты басқа кірістер

2

Комиссиялық сыйақылар

3

оның ішінде:

зейнетақы активтерінен

зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен/зияннан

Сыйақы алумен байланысты емес банктік және өзге де қызметті жүзеге асырудан кірістер

4

оның ішінде:

аударым операцияларын жүзеге асырудан болған кірістер

клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер

кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер

сейф операцияларын жүзеге асырудан болған кірістер

инкассациядан болған кірістер

Сыйақы алумен байланысты емес банктік және өзге де қызметтен болған басқа кірістер

5

Қаржы активтері бойынша кірістер (шығыстар) (нетто)

6

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алудан/сатудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)

әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған қаржы активтері құнының өзгеруінен болған кірістер (шығыстар) (нетто)

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)

7

Дивидендтер

8

Қауымдасқан ұйымдарға қатысумен байланысты кірістер

9

Активтерді сатудан (шығарудан) болған кірістер

10

Басқа кірістер

11

Кірістердің жиынтығы (1 – 11 аралығындағы жолдар сомасы)

12

Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар

13

оның ішінде:

тартылған салымдар бойынша

алынған заемдар бойынша

алынған қаржылық жалдау бойынша

шығарылған бағалы қағаздар бойынша

"РЕПО" операциялары бойынша

Сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар

14

Комиссиялық шығыстар

15

оның ішінде:

басқарушы агентке сыйақы

кастодиандық қызмет көрсету үшін сыйақы

Сыйақы төлеумен байланысты емес банктік және өзге де қызмет бойынша шығыстар

16

оның ішінде:

аударым операцияларын жүзеге асырудан болған шығыстар

клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар

кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар

сейф операцияларын жүзеге асырудан болған шығыстар

инкассацияны жүзеге асырудан болған шығыстар

Операциялық шығыстар

17

оның ішінде:

еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары

амортизациялық аударымдар

материалдарға жасалған шығыстар

пайдаға салынатын салықты қоспағанда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыстар

Активтерді сатудан немесе өтеусіз беруден болған шығыстар

18

Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар

19

Басқа шығыстар

20

Шығыстардың жиынтығы (13 – 20 аралығындағы жолдар сомасы)

21

Пайдаға салық салынғанға дейінгі таза пайда (шығын), жиынтығы (12-жол – 21-жол)

22

Пайдаға салық

23

Пайдаға салық төленгеннен кейінгі таза пайда (зиян) (22-жол – 23-жол)

24

Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян)

25

Азшылық үлесі

26

Кезеңдегі таза пайда (зиян), жиынтығы (24-жол +/– 25-жол – 26-жол)

27

2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
"Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.

Бірінші басшы ___________________________ күні ________
Бас бухгалтер ___________________________ күні ________
Орындаушы ___________________________ күні ________
Телефон ___________________________
Мөрдің орны

Жекелеген қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілік тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 3-қосымша

N 2 нысан

________________________________________________________________
(Ўлттық почта операторының толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
пайда мен зиян туралы есебі

(мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңде

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңде (өспелі жиынтықпен)

Өткен жылдың осындай есепті кезеңінде

Өткен жылдың басынан бергі осындай кезеңде (өспелі жиынтықпен)

1

2

3

4

5

6

Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан болған кіріс

1

Сатылған дайын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны

2

оның ішінде:

материалдарға жасалған шығыстар

еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары

Жалпы пайда (1-жол – 2-жол)

3

Қаржылық қызметпен байланысты кірістер

Сыйақы алумен байланысты кірістер

4

оның ішінде:

корреспонденттік және ағымдағы шоттар бойынша

орналастырылған салымдар бойынша

берілген заемдар бойынша

берілген қаржылық жалдау бойынша

сатып алынған бағалы қағаздар бойынша

"кері РЕПО" операциялары бойынша

Сыйақы алумен байланысты басқа кірістер

5

Сыйақы алумен байланысты емес кірістер

6

оның ішінде:

аударым операцияларын жүзеге асырудан болған кірістер

клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер

кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер

инкассацияны жүзеге асырудан болған кірістер

Қаржылық қызметпен байланысты басқа кірістер

7

Қаржы активтері бойынша кірістер (шығыстар) (нетто)

8

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алудан/сатудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)

әділ құн бойынша есепке алынған қаржы активтері құнының өзгеруінен болған кірістер (шығыстар) (нетто)

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)

9

Қаржылық қызметпен байланысты емес басқа кірістер

10

Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан болған кірістер

11

Активтерді сатудан (шығарудан) болған кірістер

12

Басқа кірістер

13

Кірістердің жиынтығы (3 – 13 аралығындағы жолдар сомасы)

14

Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатумен байланысты шығыстар

15

Операциялық шығыстар

16

оның ішінде:

еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары

амортизациялық аударымдар

салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыстар (пайдаға салықтан басқа)

Қаржылық қызметпен байланысты шығыстар

Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар

17

оның ішінде:

тартылған салымдар бойынша

алынған заемдар бойынша

алынған қаржылық жалдау бойынша

шығарылған бағалы қағаздар бойынша

"РЕПО" операциялары бойынша

Сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар

18

Сыйақы төлеумен байланысты емес қаржылық қызмет бойынша шығыстар

19

оның ішінде:

аударым операцияларын жүзеге асырудан болған шығыстар

клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар

кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар

инкассацияны жүзеге асырудан болған шығыстар

Басқа шығыстар

20

Шығыстардың жиынтығы (15 – 20 аралығындағы жолдар сомасы)

21

Пайдаға салық салынғанға дейінгі таза пайда (зиян), жиынтығы (14-жол – 21-жол)

22

Пайдаға салық

23

Пайдаға салық төлегеннен кейінгі таза пайда (зиян) (22-жол – 23-жол)

24

Тоқтатылған қызметтен болған пайда (зиян)

25

Азшылық үлесі

26

Кезең ішіндегі таза пайда (зиян), жиынтығы (24-жол +/– 25-жол – 26-жол)

27

2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
"Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.

Бірінші басшы ___________________________ күні ________
Бас бухгалтер ___________________________ күні ________
Орындаушы ___________________________ күні ________
Телефон ___________________________
Мөрдің орны


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina