ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық кеңес туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 1211 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 тамыздағы
N 1211 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Техникалық және
кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiндегi
республикалық кеңес туралы ереже

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
2. Кеңес қызметiнiң мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және кадрлар даярлау мен қайта даярлауда әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi жұмысты үйлестiру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен құқықтары

4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу;
2) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
3) бiрыңғай ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн құру;
4) экономиканы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдайлар жасау;
5) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушiлердiң қатысуын қамтамасыз ету;
6) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру үшiн еңбек нарығының бiлiктi кадрларға сұранысын жоспарлау мен болжау;
7) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң құрылымы мен мазмұнын жаңғырту;
8) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;
9) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi басқару мен қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
10) кадрлар даярлауға, кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге, мамандардың бiлiктiлiгiн бағалауға салалық мемлекеттiк органдардың, кәсiптiк бiрлестiктердiң, жұмыс берушiлердiң қатысуы;
11) бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасын ұйымдастыру және бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
5. Кеңес өз мiндеттерiне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2) Кеңестiң отырыстарына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.

3. Кеңес қызметiн жүзеге асыру тәртiбi

6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмыс жоспарын жоспарлайды және бекiтедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
7. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң, мемлекеттiк даму институттары, жұмыс берушiлер қауымдастығы, бiлiм беру органдары, кәсiподақтар басшыларының, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiндегi өңiрлiк кеңестер басшыларының қатарынан құралады. Кеңес мүшелерi өз қызметiн қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
8. Кеңес отырыстары бiр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi және егер оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңес шешiмдерi оның отырысына қатысқан Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
9. Кеңес мүшелерi Кеңестiң қызметi, қабылданған шешiмдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Кеңестiң құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзе алады.
10. Кеңес мүшелерi отырыста қаралатын мәселелердi талқылау кезiнде тең құқылы. Кеңес шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, мұнда әрбiр мүшенiң бiр дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс шешушi болып табылады.
11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
12. Кеңестiң жұмыс органы:
1) күн тәртiбiн жасайды;
2) Кеңесте қарау үшiн ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Кеңесте қарау үшiн ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиiс;
3) Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
4) Кеңес қызметiне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестiредi.
13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысының кейiн хаттаманы ресiмдеудi Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.
14. Кеңес шешiмi кеңес мүшелерi мен оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

4. Кеңестiң қызметiн тоқтату

15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 11 тамыздағы
N 1211 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Техникалық және
кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiндегi
ұлттық кеңестiң құрамы

Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.

Мәсiмов - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрi, төраға

Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрiнiң орынбасары, төрағаның
орынбасары

Ырсалиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Серiк Әзтайұлы ғылым вице-министрi, хатшы

Әбдiқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi

Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрi

Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрi

Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрi

Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрi

Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрi

Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Әбiлғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрi

Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы газ министрi

Нокин - Қазақстан Республикасының Құрылыс және
Серiк Кеңесұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
агенттiгiнiң төрағасы

Амантаева - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Майра Тұрғанқызы ғылым қызметкерлерi кәсiподақтарының
одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң
төрайымы (келiсiм бойынша)

Есекеев - «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)

Ыдырысов - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Ерлан Сапарғалиұлы компаниясы» акционерлiк қоғамының
басқарушы директоры (келiсiм бойынша)

Iзбасханов - «Тау-Кен Самұрық» акционерлiк қоғамының
Қылышбек Сатылғанұлы басқарушы директоры (келiсiм бойынша),

Исанова - Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң
Мергүл Бақтығалиқызы Қазақстандық қауымдастығының директоры
(келiсiм бойынша)

Келiмбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлiк қоғамының Басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)

Қуандықова - «ЕNRC Каzаkhstan» жауапкершiлiгi
Майра Алдажарқызы шектеулi серiктестiгiнiң корпоративтi
коммуникациялар жөнiндегi басқарушы
директоры (келiсiм бойынша),

Мамин - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық
Асқар Ұзақбайұлы компаниясы» акционерлiк қоғамының
Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша),

Мамытбеков - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi»
Асылжан Сарыбайұлы акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша),

Палымбетов - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Болат Әбiлқасымұлы акционерлiк қоғамының басқарушы
директоры - Басқарма төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)

Перуашев - "Атамекен" одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша)

Радостовец - «Республикалық кен өндiру және кен-
Николай Владимирович металлургиялық кәсiпорындары
қауымдастығы» заңды тұлғалар
бiрлестiгiнiң атқарушы директоры
(келiсiм бойынша),

Сәрсенов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Әдiлбек Ғазизұлы холдингi» акционерлiк қоғамының
Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша),

Сәрсенов - «КаzЕnеrgy» Қазақстан мұнай-газ және
Жанболат Жәкейұлы энергетика кешенi ұйымдары
қауымдастығының Бас директоры (келiсiм
бойынша).

Худова - Қазақстан Республикасы жеңiл өнеркәсiп
Любовь Николаевна кәсiпорындары қауымдастығының Басқарма
төрайымы (келiсiм бойынша)

Шайкенова - Қазақстандық туристiк қауымдастығының
Рашида Рашидқызы директоры (келiсiм бойынша)

Шалабеков - Теңiз көлiгi кәсiпкерлерi
Бауыржан Лазарұлы қауымдастығының атқарушы директоры
(келiсiм бойынша)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina