ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысы. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.19 № 124 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрлiгi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама салаларындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Ақпарат және мұрағат комитетi, Байланыс және ақпараттандыру комитетi, Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.11 N 249 Қаулысымен.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелердiң санын ескере отырып бекiтедi.
8. Министрлiктiң заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс.
9. Министрлiктiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) байланыс саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және iске асыру, байланыс саласындағы қызметтердi ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау, үйлестiру және реттеу;
2) ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және iске асыру және қызметтi мемлекеттiк реттеу;
3) почта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және iске асыру, почта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылау, үйлестiру және реттеу;
4) ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және iске асыру және қызметтi мемлекеттiк реттеу;
5) табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетiмдi қызметтерi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және iске асыру әрi мемлекеттiк реттеу және бақылау;
6) ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
6-1) гендерлiк теңдiк қағидатын сақтау;
7) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.01 N 1264 Қаулысымен.
14. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi және негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыруды ұйымдастыру;
2) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкiмет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
3) Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi ретiнде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру және қорғау;
4) радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жоспарлау;
5) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиiлiктi халықаралық үйлестiру;
6) Қазақстан Республикасының почта әкiмшiлiгi ретiнде басқа
мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың почта әкiмшiлiктерiмен өзара iс-қимылда өз құзыретi шегiнде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру және қорғау;
7) Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу;
8) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында «электрондық үкiметтi» қалыптастыру кезiнде қызметтi салааралық үйлестiру;
8-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
8-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;
8-3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын үйлестiру;
8-4) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметiнiң мәселелерi бойынша әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
9) байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;
10) ақпараттандыру саласында және байланыс саласында техникалық регламенттi әзiрлеу;
11) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне тарифтердi бекiту;
12) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызметi саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетiн нарықтарда реттеу мен бақылау;
13) телекоммуникация және почта байланысы саласында реттелетiн нарық субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) бағаларды реттеу;
14) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарының мұқтаждықтары үшiн техникалық құралдарды орналастыруға қажеттi байланыс желiлерi мен арналарын, кәбiлдiк кәрiздердегi арналар мен алаңдарды беру қызметтерiнiң бағаларын (тарифтерiн) реттеу;
15) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектiлерiнiң тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсiтпейтiн қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргiзу;
16) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаны бекiту;
17) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн есептеу әдiстемелерiн әзiрлеу және бекiту;
18) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiту;
19) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған уақытша өтемдiк тарифтi бекiту;
20) телекоммуникация желiлерi мен құралдарының техникалық үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн нормаларды, байланыс қызметтерiнiң сапа көрсеткiштерiн, тарифтеу бiрлiктерi мөлшерлерiн бекiту;
21) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерi шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекiту;
22) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санын бекiту;
23) жарғылық капиталына мемлекет және олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң штат кестесiн белгiленген тәртiппен келiсу;
24) жарғылық капиталына мемлекет және олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң әкiмшiлiк персоналының басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шектi деңгейiн белгiленген тәртiппен келiсу; P.
25) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң негiзгi құралдары құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеу мен басқа да қалпына келтiру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келiсу;
26) электрондық қызметтер нарығының жұмыс iстеуiне жағдайлар жасау;
27) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту;
28) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету;
29) «электрондық үкiмет» қалыптастыру және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi дамыту, Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнде олардың үйлесiмдiлiгi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
30) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ету;
31) куәландырушы орталықтың Үлгi ережесiн әзiрлеу және бекiту;
32) мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелердi, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалану және олардың өзара әрекет ету ережесiн әзiрлеу және бекiту;
33) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi қалыптастыру және олардың жұмыс iстеу тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
34) ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелер, инвестициялық жобалар және бағдарламалар аудитiн жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
35) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу;
36) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар мен лицензиаттардың тiзiлiмiн жүргiзу;
37) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру бойынша, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң сенiмдiлiгiн растау бойынша байланыс саласындағы телевизиялық және (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
38) радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар беру;
39) ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесiп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
40) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiн және телекоммуникацияның бiрыңғай желiсiн құру тұжырымдамасын әзiрлеу және бекiту;
41) пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берiлген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың тiзбесiн әзiрлеу және бекiту;
42) радиожиiлiк спектрiн пайдалануына тексерулер жүргiзуге қатысты құжаттардың үлгiлерiн (хаттамалар, нұсқамалар, тексерудi тағайындау туралы актiлер) әзiрлеу және бекiту;
43) бөлiнетiн жиiлiк жолағын, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) техникалық сараптау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
44) радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу ережесiн әзiрлеу және бекiту;
45) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
46) қорғау аймақтарының және ондағы жұмыс режимiнiң тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
47) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне телекоммуникация желiлерiн қосу және ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
48) почталық ақы төлеу белгiлерiнiң мемлекеттiк топтамасын қалыптастыру;
49) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне почталық индекстер беру;
50) почта байланысы қызметтерiн ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
51) почта желiлерiмен жөнелтуге шек қойылған нәрселер мен заттардың тiзбесiн әзiрлеу және бекiту;
52) почта женелтiмдерiндегi почталық штемпельдi қолдану тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
53) Ұлттық почта операторы қызметкерлерiнiң нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оларды кию тәртiбiн олармен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлеу және бекiту;
54) франкировальдi машиналарды қолдануға рұқсат беру тәртiбiн, сондай-ақ оларды пайдалану тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
55) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу;
56) электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу;
57) ақпараттандыру саласындағы және байланыс, ақпарат, мұрағат iсi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;
58) депозитарий жүргiзудi тексеру;
59) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетiн нарық субъектiлерiнiң баға белгiлеу тәртiбiн сақтауын бақылау;
60) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетiн нарық субъектiлерiнiң баға белгiлеу мониторингiн жүзеге асыру;
61) жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын радиобақылау және тексерiс жүргiзу;
62) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және алдын алу;
63) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру техникалық iс-шаралардың орындалуын бақылау;
64) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы желiлерi мен құрылыстары құрылғыларының оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
65) депозитке берудi тiркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы тiркеу, беру және сақтау туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн бекiту;
66) ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
67) ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
68) мұрағат iсi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiк етуiн қамтамасыз ету;
69) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздерi туралы деректер жиынтығын (каталогын) жүргiзу;
70) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттiк есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
71) заңнамада белгiленген тәртiппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;
72) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдармен келiсiлген тiзiмдерiн бекiту;
73) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбiн белгiлеу;
74) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзiрлеу мен енгiзудi ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желiсi мен дерекқор құру;
75) мұрағаттану, құжат жүргiзу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық үдерiс жетiстiктерiн пайдалану;
76) мемлекеттiк мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерiнiң қызметi үшiн оңтайлы жағдайлар жасау;
77) басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн апостильдеудi жүргiзу;
78) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
79) Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;
80) мұрағат iсi, мемлекеттiк, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөнiндегi заңнаманың сақталуын бақылау;
81) мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және оны үйлестiру;
82) мұрағат iсi мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
83) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешiм қабылдау;
84) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
85) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
86) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
87) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшiн радиожиiлiк номиналдарын бөлу жөнiнде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;
88) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
89) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;
90) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншiктегi құжаттарын сақтау мен пайдалану жөнiндегi шарттарға қол қою;
91) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;
92) шет елдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргiзу;
93) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
94) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бiрыңғай қағидалары мен нормаларын бекiту;
95) iс жүргiзу мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және iс жүргiзудiң жай-күйiн, республикалық меншiктегi құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;
96) Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту;
97) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiн сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып бекiту;
98) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртiбiн анықтау;
99) Журналистердi аккредиттеу қағидаларын бекiту;
100) Радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу қағидаларын бекiту;
101) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекiту;
102) автоматтандырылған мемлекеттiк қызметтер саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
103) ақпараттық кеңiстiкке мұрағат iсi салаларында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;
104) республикалық меншiктегi тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;
105) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;
106) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
107) Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi каулыларының талаптарын сақтау мәнiне ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
108) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, оның сапасын, қолжетiмдiлiгiн және жұмыс iстеуiнiң орнықтылығын арттыру;
109) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар қалыптастыру;
110) бюджет қаражаты есебiнен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-бағдарламалық кешеннiң техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негiздеме, техникалық ерекшелiк) талаптарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
111) орталық мемлекеттiк органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдiктерiнiң интернет-ресурстарының жұмыс iстеуiн, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс iстеуiн және мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
112) мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттiк ақпараттық және мемлекеттiк емес жүйелердiң (қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелердi қоспағанда) ақпараттық қауiпсiздiк талаптары мен стандарттарға сәйкестiгiн аттестациялау;
113) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi пайдалануға (өнеркәсiптiк пайдалануға) қабылдау жөнiндегi iс-шараларға қатысу;
114) ақпараттық жүйелердi құруға, дамытуға және сүйемелдеуге шығындардың нормативтерiн әзiрлеу және бекiту;
115) электрондық мемлекеттiк қызметтердiң үлгiлiк регламентiн әзiрлеу;
116) бюджет қаражаты есебiнен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, оның iшiнде оларға енгiзiлетiн өзгерiстердiң техникалық-экономикалық негiздемесiне, техникалық ерекшелiгiне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргiзу;
117) Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және бөлу тәртiбiн әзiрлеудi және бекiтудi анықтау;
118) ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi «электрондық үкiмет» инфрақұрылымына ықпалдастыру үшiн оларды пайдалануда бiрыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлiк оқиғаларға ден қою жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
119) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасының операторын айқындау жөнiндегi конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасының операторын айқындау;
120) мемлекеттiк органдардың өз құзыретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
121) ақпаратты алу, көшiру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерi бойынша ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иелерiне, иеленушiлерi мен пайдаланушыларына көмек көрсету;
122) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығы қызметiнiң қағидаларын бекiту;
123) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдардың куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын анықтау;
124) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарау;
125) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесiн және әзiрлемелердi ынталандыру және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру тетiгiн жетiлдiру;
126) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
127) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.08 N 1169, 2011.11.01 N 1264 Қаулыларымен.
15. Министрлiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретi шегiнде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актiлерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi) болады. Министрдiң ұсынымы бойынша вице-министрлердi қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жүзеге асырады.
17. Министр Министрлiкке басшылық жасайды және оған жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
18. Министр:
1) өз орынбасарларының мiндеттерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретiне жатқызылған Министрлiк жүйесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды өзiнiң құзыретiне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерiн шешедi;
4) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
5) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
6) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
7) Министрлiктiң ведомстволары туралы ереженi бекiтедi;
8) Министрлiктегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады.
19. Министрлiктiң аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
20. Үкiметтiң, министрдiң орнынан түсуi жауапты хатшының өкiлеттiктерiнiң тоқтауына әкеп соқпайды.
21. Жауапты хатшы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Президентiне, Премьер-Министрге, Министрге есеп бередi.
22. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi, оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлiктiң аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi;
3) Министрлiктiң қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Министрлiктiң штат санының лимитi шегiнде Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекiтедi;
5) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi ұйымдастырады;
8) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң департаменттерi мен басқармаларының басшыларын, органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Министрмен ведомствоның басшылары тағайындау үшiн ұсынатын ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауды келiседi;
10) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келiсiм бойынша Министрлiктiң қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;
12) Министрмен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiк қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;
13) Министрлiктiң Республика Президентi, Республика Үкiметi және Министр бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
14) Министрлiктiң жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Министрге бекiтуге ұсынады;
15) Министрлiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерiсiнiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;
16) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктi қаржыландыру жоспарын және Министрлiктiң қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етедi;
17) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;
18) Министрлiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
19) Министрлiкке келiсуге түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
23. Өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындау үшiн жауапты хатшы:
1) Министрлiк аппаратының қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актiлер қабылдауға құқылы.
24. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан бекiтедi.
25. Министрлiк қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi, лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкiлеттiктерi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен және құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелермен белгiленедi.
4. Министрлiктiң мүлкi
26. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
27. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
28. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
29. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Ескерту. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.21 № 1573 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар
1. «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне
ведомстволық бағынысты акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiктер)
2. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингi» акционерлiк қоғамы.
3. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингi» акционерлiк қоғамы.
4. «Хабар» агенттiгi» акционерлiк қоғамы.
5. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлiк қоғамы.
6. «Егемен Қазақстан» республикалық газетi» акционерлiк қоғамы.
7. «Казахстанская правда» республикалық газетi» акционерлiк қоғамы.
8. «Қазтелерадио» акционерлiк қоғамы.
9. «Қазақ ақпарат агенттiгi» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы.
10. «Жас өркен» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
11. «Қазақ газеттерi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензия беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлар) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 39 және 45-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 45-1 және 45-2-жолдармен толықтырылсын:
«
45-1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң дұрыстығын растау қызметi;
байланыс саласында қызметтер көрсету: жергiлiктi телефон байланысы; қалааралық телефон байланысы; халықаралық телефон байланысы; IР-телефония (Интернет-телефония); деректер беру (оның iшiнде Интернет және телеграф байланысының қызметтерi); бөлiнген байланыс желiсi бойынша телекоммуникациялар; жерсерiктiк жылжымалы байланыс; ұялы байланыс (стандарт атауын көрсетумен); ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның iшiнде жылжымалы радио (радиотелефон) байланысы, транкингтiк және пейджингтiк байланыс қызметтерi); байланыс арналарын ұсыну; почта байланысы;
45-2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметi;
».
2. «Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi» бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» деген бөлiм және реттiк нөмiрi 222-40-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне» деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 224-6, 224-23, 224-24-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне»;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-3-жолмен толықтырылсын:
«278-3. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингi» АҚ
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 278-4, 278-5 және 278-6-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне
278-4 «Баспалар үйi» АҚ
278-5 «Жалын» журналы» ЖШС
278-6 «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС.
4. «Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» деген бөлiмде:
тақырыбындағы «және ақпарат» сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрлерi 5, 6, 7-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 56, 57 және 58-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне
56. «Баспалар үйi» АҚ 100 %
57. «Жалын» журналы» ЖШС 100 %
58. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 100 %.»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi» деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi»;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген бағдарламалық құжаттарда көзделген мiндеттердi орындау үшiн құрылған мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» деген бөлiм және реттiк нөмiрi 10-1-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi»;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-2-жолмен толықтырылсын:
«11-2. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингi» АҚ.
6. «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң, бiрақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
8. «Дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнiм берушiнi таңдауды және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнiм берушiнi таңдауды және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 25-жолдағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 28, 30, 34-жолдардың 3-бағанындағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 74-жолдың 3-бағанындағы «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн, Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар алу үшiн конкурстар өткiзу ережесiн және байланыс саласында қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 169-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласында қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2324 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң аумақтық органдары —
мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан
Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң аумақтық
органдары — мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.08 N 1169 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпарат инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
8 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
9. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
10. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат мннистрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
11. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
12. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
13. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
14. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
7. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
9. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
10. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
11. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
12. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
13. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
14. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң
Ақпарат және мұрағат комитетiне ведомстволық бағынысты
мемлекеттiк мекемелер
1. Орталық мемлекеттiк мұрағат.
2. Орталық мемлекеттiк кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
3. Орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты.
4. Мемлекеттiк мұрағаттардағы деректi материалдардың микрофотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы.
5. Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасы.
7. Ұлттық археография және мәлiметтану орталығы.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң
Ақпарат және мұрағат комитетiне ведомстволық бағынысты
акционерлiк қоғамдар
(жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер)
9. «Баспалар үйi» акционерлiк қоғамы.
10. «Жалын» журналы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
11. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа
қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Қаулы тiзбемен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.03.11 N 249 Қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.11 N 1325 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа
қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiне
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер
Ескерту. Бөлiм алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.11 N 1325 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа
қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң
қарамағындағы мемлекеттiк кәсiпорындар
"Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (шаруашылық жүргiзу құқығында)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағын және 8-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 549-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 17 сәуiрдегi № 362 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 195-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 22 қыркүйектегi № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 424-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 қыркүйектегi № 1383 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 379-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 наурыздағы № 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 152-құжат).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina