ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Апелляциялық кеңес туралы ереже
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Апелляциялық кеңес туралы ереже
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 81 бұйрығына 1-қосымша

Апелляциялық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Заңына (бұдан әрi – Селекциялық жетiстiктер туралы заң), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Заңына (бұдан әрi – Патент заңы) және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңына (бұдан әрi – Тауар таңбалары туралы заң) сәйкес әзiрлендi.
2. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
3. Апелляциялық кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Ережеде келесi ұғымдар қолданылады:
1) апелляциялық кеңес - Селекциялық жетiстiктер туралы заңға, Патент заңына және Тауар таңбалары туралы заңға сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi;
2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын Комитетке ведомстволық бағынысты ұйым;
3) тараптар – Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысушы жеке және/немесе заңды тұлғалар;
4) апелляциялық кеңестiң алқасы – апелляциялық кеңесте қарсылықты қарау бойынша апелляциялық кеңестiң алқалы органы.

2. Апелляциялық кеңестiң негiзгi мақсаттары мен функциялары

5. Апелляциялық кеңестiң негiзгi мақсаты Селекциялық жетiстiктер туралы заңға, Патент заңына және Тауар таңбалары туралы заңға сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау болып табылады.
6. Апелляциялық кеңестiң негiзгi функциялары:
1) Комитетке келiп түсетiн қарсылықтарды қабылдау, Апелляциялық кеңесте қарауға қарсылық материалдарын тiркеу және қалыптастыру;
2) Апелляциялық кеңес отырыстарын дайындау және өткiзу, Апелляциялық кеңестiң шешiмдерiн жасау.

3. Апелляциялық кеңестiң негiзгi құқықтары

7. Апелляциялық кеңес өз құзыретiнiң шегiнде:
1) Апелляциялық кеңеске жүктелген мәселелер бойынша тараптардан қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
2) дауларды қарау үшiн мемлекеттiк органдардың және сараптама жасау ұйымының тиiстi салалардағы мамандарын тартуға, сондай-ақ қажет болға жағдайда жұмыстық кездесулер ұйымдастыру;
3) өз алқа отырыстарында тараптардың өкiлдерiн тыңдап, оларға сұрақтар қоюға құқылы.

4. Апелляциялық кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

8. Апелляциялық кеңестiң және оның алқасының құрамын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.
9. Апелляциялық кеңестi төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
10. Апелляциялық кеңестiң төрағасы:
1) оның қызметiн басқарады;
2) Апелляциялық кеңестiң алқа отырысының кестесiн, сондай-ақ Апелляциялық кеңестiң алқа отырыстары өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi;
3) Апелляциялық кеңестiң алқа отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi.
11. Апелляциялық кеңестiң алқа отырыстарының материалдары төрағамен келiсiлгеннен кейiн отырысқа дейiн он күннен кешiктiрiлмей Апелляциялық кеңес алқасының әрбiр мүшесiне хабарланады.
12. Апелляциялық кеңестiң жұмыс органының функциялары Комитеттiң өнеркәсiптiк меншiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру басқармасына жүктеледi.
13. Апелляциялық кеңестiң жұмыс органы:
1) Апелляциялық кеңес мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi;
2) қарсылық материалдарын жинау мен талдауды қамтамасыз етедi және бақылайды;
3) Апелляциялық кеңестiң шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды.
14. Апелляциялық кеңестiң хатшысы Апелляциялық кеңестiң мүшесi болып табылмайды және Апелляциялық кеңестiң алқа отырыстарының кестесi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыс өткiзiлгеннен кейiн шешiм жобаларын ресiмдеудi жүзеге асырады.
15. Апелляциялық кеңес өзiнiң отырыстарын қажеттiлiгiне қарай жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Әдiлет Вице-министрiмен келiсiлiп, Комитет төрағасымен бекiтiлген отырыстардың кестелерiне сәйкес өткiзедi.
16. Апелляциялық кеңестiң алқа отырыстары оның кемiнде 2/3 мүшелерi қатысса, заңды болып саналады.
17. Апелляциялық кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Апелляциялық кеңестiң алқа мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 81 бұйрығына 2-қосымша

Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беру және оны қарау
Ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беру және оны қарау Ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Заңына (бұдан әрi – Селекциялық жетiстiктер туралы заң), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Заңына (бұдан әрi – Патент заңы) және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңына (бұдан әрi – Тауар таңбалары туралы заң) сәйкес әзiрлендi және қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудiң және оны қараудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердiң атаулары, селекциялық жетiстiктер;
2) қорғау құжаттары – Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк саласындағы заңдарына сәйкес берiлетiн құжаттар (өнертабыстарға инновациялық патент және патенттер, өнеркәсiптiк үлгiлерге, пайдалы модельдерге патенттер, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жердiң атауына куәлiктер, селекциялық жетiстiктерге патенттер);
3) Мадрид келiсiмi - кейiннен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуiрдегi Мадрид келiсiмi;
4) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнеркәсiптiк меншiк саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
5) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жататын салаларда қызметтердi (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызмет көрсету) жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағыныстағы ұйым;
6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне заңнамаға сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары.

2. Қарсылықтарды беру

3. Апелляциялық кеңеске:
1) өнертабысқа инновациялық патенттi беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына;
2) өнертабысқа патенттi беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына;
3) пайдалы модельге патенттi беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына;
4) өнеркәсiптiк үлгiге патенттi беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына;
5) өнертабысқа инновациялық патенттi беруге қарсы;
6) өнертабысқа патенттi беруге қарсы;
7) пайдалы модельге патенттi беруге қарсы;
8) өнеркәсiптiк үлгiге патенттi беруге қарсы;
9) тауар таңбасын тiркеуден бас тарту, соның iшiнде Мадрид келiсiмiнiң 5-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес мәлiмделген белгiлеудi сараптау нәтижесi бойынша қабылданған тауар таңбасын тiркеуден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының қорытындысына;
10) тауар шығарылған жердiң атауын тiркеуден және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы сараптама қорытындысына;
11) тауар таңбасын тiркеуге, соның iшiнде Мадрид келiсiмiнiң 5-бабының 6-тармағына сәйкес тiркеуге қарсы;
12) тауар шығарылған жердiң атауын тiркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге қарсы;
13) пайдаланылмауына байланысты тауар таңбасын тiркеу әрекетiне қарсы;
14) селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы;
15) селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы уәкiлеттi органның шешiмiне;
16) селекциялық жетiстiкке патент беруге қарсы қарсылықтар берiледi.
Осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көрсетiлген қарсылықтар Патент заңында қарастырылған негiздер мен мезгiлдерде берiледi.
Осы тармақтың 9)-13) тармақшаларында көрсетiлген қарсылықтар Тауар таңбалары туралы заңда қарастырылған негiздер мен мезгiлдерде берiледi.
Осы тармақтың 14)-16) тармақшаларында көрсетiлген қарсылықтар Селекциялық жетiстiктер туралы заңда қарастырылған негiздер мен мезгiлдерде берiледi.
4. Қарсылық уәкiлеттi органға тiкелей берiледi немесе почтамен жiберiледi.
Егер қарсылық, электрондық цифрлық қолтаңба жүйесiн қолдану арқылы берiлген қарсылықтарды есептемегенде, факсимильдiк байланыспен берiлсе, ол осындай қарсылықты алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағазға түсiрiлген түпнұсқамен расталуға тиiс.
5. Осы Ереженiң 3-тармағының 1)-4), 9), 10), 14) және 15) тармақшаларында көзделген қарсылықты, өтiнiм берушi немесе оның құқықтық мұрагерi тiкелей не өкiл арқылы бередi.
Осы Ереженiң 3-тармағының 5)-8), 11)-13) және 16) тармақшаларында көзделген қарсылықты, кез келген мүдделi тұлға тiкелей не өкiл арқылы бередi.
6. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар, немесе шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрушi арқылы қарсылық бередi және оны қарауға қатысады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазысу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда патенттiк сенiм бiлдiрушiсiз қарсылық бередi және оны қарауға қатысады.
7. Қарсылық мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Қарсылыққа қоса тiркелген материалдар мемлекеттiк және орыс немесе басқа тiлдерде ұсынылады. Егер қоса тiркелген материалдар басқа тiлде ұсынылса, өтiнiшке нотариалды расталған олардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасы қоса тiркеледi.
8. Қарсылықта қарсылық берген жеке тұлғаның аты немесе заңды тұлғаның атауы, олардың тұратын немесе орналасқан жерi, сондай-ақ хат жазысу үшiн мекен-жайы көрсетiледi.
9. Осы Ереженiң 3-тармағының 1)-4), 9), 10), 14) және 15) тармақшаларында көзделген қарсылық, бiр өтiнiмге қатысты болуға және онда өтiнiмнiң нөмiрiне, дау тудырған қорытындыға немесе шешiмге, сондай-ақ шығарылған қорытындыға немесе шешiмге келiспеудiң дәлелiне сiлтеме мазмұндалуға тиiс.
10. Осы Ереженiң 3-тармағының 5)-8), 11)-13) және 16) тармақшаларында көзделген қарсылықтар бiр қорғау құжатына (тауар таңбасының бiр тiркеуiне) қатысты болуға, қорғау құжатының нөмiрi (тауар таңбасының тiркеу нөмiрi) көрсетiлуге, қорғау құжатын жарамсыз деп тану үшiн Патент заңымен, Тауар таңбалары туралы заңымен немесе Селекциялық жетiстiктер туралы заңымен көзделген қарсылықтарды берудiң бiр негiздемесi болуға тиiс.
11. Берiлетiн қарсылыққа:
1) қарсылықтың мәтiнiнде сiлтеме жасалатын материалдар қоса берiледi;
2) қарсылықты патенттiк сенiм бiлдiрушi немесе өзге өкiл арқылы берген жағдайда сенiмхат берiледi. Сенiмхат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде берiледi, егер сенiмхат басқа (шетел) тiлде берiлсе, онда ол мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударылуы керек, сенiмхаттың аудармасы нотариалдық куәландырылады. Қарсылық материалдарына нотариалдық куәландырылған сенiмхаттың түпнұсқасы қоса берiледi немесе уәкiлеттi органға көшiрмесiмен бiрге сенiмхаттың түпнұсқасын растау үшiн берiледi;
3) Осы Ереженiң 3-тармағының 5)-8), 11)-13) және 16) тармақшаларында көзделген қарсылықты берген кезде, қорғау құжатының иесiне қарсылықтың көшiрмесi жiберiлгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс.
12. Қарсылық және қоса тiркелген материалдар (сенiмхатты, қорғау құжатының иесiне қарсылықтың көшiрмесi жiберiлгенiн растайтын құжатты қоспағанда) екi данада берiледi.
13. Қарсылыққа қарсылық берушi тұлға қол қояды. Заңды тұлға атынан өтiнiшке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып уәкiлеттi тұлға қол қояды.
Қарсылық патенттiк сенiм бiлдiрушi немесе өзге өкiл арқылы берiлген жағдайда қарсылыққа тиiсiнше патенттiк сенiм бiлдiрушi немесе өкiл қол қояды.

3. Қарсылықты тiркеу және қабылдау

14. Келiп түскен қарсылық тiркеледi және оған кiрiс нөмiрi берiледi. Қарсылық түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде Патент заңымен, Тауар таңбалары туралы заңымен, Селекциялық жетiстiктер туралы заңымен және осы Ережемен қойылатын қарсылықты берудi ресiмдеу, мазмұндау және рәсiмдеу талаптарының сақталуын тексеру жүзеге асырылады, оның нәтижесiнде қарсылық қойылатын талаптарға сәйкес келсе, қарсылық берген тұлғаға қарсылықтың қарауға қабылданғаны туралы хабарлама жiберiледi.
Егер қажеттi материалдар жоқ болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаның мекен-жайына сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде жоқ мәлiметтердi және (немесе) материалдарды жiберу қажеттiгi туралы сауал жолданады.
15. Егер:
1) қарсылық апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;
2) қарсылық заңнамалық актiлерде белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе, сондай-ақ аталған мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;
3) өтiнiш берушi қарсылық берудi ресiмдеудiң, мазмұндаудың және рәсiмдеудiң талаптарына қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.
Аталған мән-жайлар орын алған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықтың қарауға қабылдана алмайтыны және оны қараудан бас тартылатындығы туралы хабарлама жiберiледi.
16. Осы Ереженiң 3-тармағының 5)-8), 11)-13) және 16) тармақшаларында көзделген қарсылықты қарауға қабылдағаннан кейiн қорғау құжатының иесiне апелляциялық кеңестiң алқа (бұдан әрi - алқа) отырысы жоспарланған күнге дейiн ұсынылуы мүмкiн қорғау құжаттарының дау тудырған себептерi бойынша өздерiнiң өтiнiштерiн ұсыну үшiн қарсылықтың көшiрмесiмен қоса (қарсылықтың көшiрмесi қорғау құжатының иесiне жiберiлiп қойылған жағдайлардан басқа) қарсылықтың түскенi туралы хабарлама жiберiледi.
Мадрид келiсiмiне сәйкес тiркелген тауар таңбасының иесiне, аталған хабарлама, егер осыған дейiн иеленушi осы тауар таңбасын тiркеуге байланысты iс жүргiзудi Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрушiсiне тапсырмаған болса, тауар таңбасы иесiнiң мекен-жайына тiкелей жiберiледi. Бұл орайда хабарламада қарсылыққа пiкiр бiлдiру, сондай-ақ апелляциялық кеңесте қарсылықты қарауға қатысу Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрушiсi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн екендiгi хабарланады.
17. Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты, апелляциялық кеңес шешiмiнiң қарарлық бөлiгi жарияланғанға дейiн керi қайтарып ала алады.

4. Қарсылықты қарау мерзiмдерi

18. Қарсылықты қарауды алқа Патент заңымен, Тауар таңбалары туралы заңымен, Селекциялық жетiстiктер туралы заңымен белгiленген мерзiмдер iшiнде аяқтауы тиiс.
19. Қарсылықты қарау мерзiмi қарсылық берген тұлғаның, сондай-ақ қорғау құжаты (тауар таңбасын тiркеу) иесiнiң өтiнiшi, Апелляциялық кеңестiң шешiмi бойынша, бiрақ қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм аяқталатын күннен бастап алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкiн.

5. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасында қарау

20. Қарсылық берген тұлға, даулы қорғау құжатының (тауар таңбасын тiркеудiң) иесi және өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне сараптама жүргiзген сараптама жасау ұйымының өкiлi қарсылықты қарауға қатыса алады.
Қарсылық берген тұлға, қорғау құжатының (тауар таңбасын тiркеудiң) иесi осы Ереженiң 6-тармағының ережелерiн ескере отырып, қарсылықты қарауға тiкелей, сондай-ақ өз өкiлi арқылы қатыса алады. Өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен расталуы тиiс.
Уәкiлеттi органның және сараптама жасау ұйымының қызметкерлерi аталған тұлғалардың өкiлдерi бола алмайды.
21. Қарсылықты қарауға қатысуға құқығы бар және алқа отырысының күнi мен орны туралы алдында хабардар етiлген тұлғаның қайта келмеуi, қарсылықты қарауға кедергi бола алмайды.
22. Алқа отырысын өткiзу мерзiмдерi мынадай жағдайларда:
1) қарсылықты қарауға қатысу құқығы бар тұлғалардың бiреуi келмегендiктен қарсылықты бұл отырыста қарау мүмкiн болмаған жағдайда;
2) мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн жетiспейтiн қосымша құжаттарды (дәлелдемелердi) тараптар ұсынуы қажет болғанда;
3) тараптардың өтiнiшi бойынша;
4) апелляциялық кеңес отырысының кворумы қамтамасыз етiлмеген жағдайда кейiнге қалдырылады.
23. Қарсылықты мәнi бойынша қарау iстi төрағалық етушiнiң немесе алқа мүшелерiнiң бiрiнiң баяндауымен басталады.
Iстi одан әрi қарау мынадай тiзбекпен жүргiзiледi:
1) қарсылық берген тұлғаның және (немесе) оның өкiлiнiң сөз сөйлеуi;
2) қорғау құжаты (тауар таңбасын тiркеу) иесiнiң және (немесе) оның өкiлiнiң сөз сөйлеуi;
3) сараптама жасау ұйымы өкiлiнiң сөз сөйлеуi;
4) тараптардың апелляциялық кеңес мүшелерiнiң сұрақтарына жауап беруi.
24. Қарсылықты қарауға қатысушы тұлғалар:
1) iс материалдарымен танысуға, олардан көшiрме жасауға, олардың көшiрмесiне тапсырыс бередi және алады;
2) дәлелдемелердi бередi;
3) дәлелдемелердi зерттеуге қатысады;
4) апелляциялық кеңеске қатысушыларға сұрақтар қояды;
5) өтiнiш айтады;
6) алқа мүшелерiне ауызша және жазбаша түсiнiк бередi;
7) қарсылықты қарау барысында туындаған барлық мәселелер бойынша өзiнiң дәлелдерi мен пайымдауларын ұсынады;
8) iске қатысушы басқа тұлғалардың өтiнiштерiне, дәлелдерi мен пайымдауларына қарсылық бiлдiредi.
25. Iске қатысушы тұлғалар өздерiне тиесiлi құқықтардың барлығын адал пайдалануы тиiс.
Өздерiнiң құқықтарын пайдаланған кездегi кез-келген терiс пиғыл немесе дауды қарау үшiн маңызы бар мән-жайлар мен фактiлердi жасыру қарсы жақтағы тараптың пайдасына есептеледi.
26. Жазатын аппаратура алқа отырысында алқа мүшелерiнiң және қарсылықты қарауға қатысушы барлық тұлғалардың келiсiмiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн.

6. Қарсылықтарды қараудың нәтижелерi бойынша апелляциялық кеңес шығаратын шешiмдер

27. Қарсылықты қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiм шығарылады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
28. Апелляциялық кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Апелляциялық кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешушi болып табылады.
29. Шешiммен келiспеген алқа мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша нысанда баяндайды, ол жария етiлмейдi және iске қосылады.
30. Қабылдаған шешiмнiң қарарлық бөлiгiн төрағалық етушi қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға жария етедi.
31. Алқа отырысы өткiзiлген күннен бастап он жұмыс күн iшiнде апелляциялық кеңес шешiм әзiрлеп, тараптарға жiбередi. Апелляциялық кеңестiң шешiмi жазбаша нысанда баяндалады және ол кiрiспелiк, сипаттамалық, дәлелдемелiк және қарарлық бөлiктерден тұрады.
Апелляциялық кеңестiң шешiмiне барлық алқа мүшелерi қол қояды.
32. Апелляциялық кеңес шешiмiнiң негiзiнде сараптама жасау ұйымы толық және iшiнара жарамсыз деп танылған қорғау құжаттары туралы, қорғау құжаттарына қатысты өзгерiстер туралы жарияланым жасайды, сондай-ақ аталған мәлiметтердi өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмдерiне енгiзедi.
33. Апелляциялық кеңестiң шешiмiне қарсылық берген тұлға немесе қорғау құжатының (тауар таңбасын тiркеудiң) иесi оны алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағымдануы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 81 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрағасының күшiн жоюға жататын бұйрықтарының тiзбесi

1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы № 69 «Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн патенттеу мен тiркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудiң және оны қараудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы» бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1712 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде, 2002 ж., № 15, 568-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитеттiң 2004 жылғы 22 қыркүйектегi № 55-п «Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн патенттеу мен тiркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудiң және оны қараудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» № 1712 тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3100 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде жарияланған, 2004 ж., № 41-44, 1032-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрайымының 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 66-н.қ. «Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн патенттеу мен тiркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудiң және оны қараудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы комитетi төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4012 болып тiркелген, 2006 жылғы 10 ақпандағы № 23-24(830) «Заң газетiнде» жарияланған);
4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрағасының 2007 жылғы 24 сәуiрдегi № 60-нқ. «Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн патенттеу мен тiркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудiң және оны қараудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрағасының 2001 жылғы 1 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4650 болып тiркелген, 2007 жылғы 9 тамыздағы № 121 (1150) «Заң газетiнде» жарияланған).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina