ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасының Президенті...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 12 мамырдағы
№ 987 Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 23 сәуірдегі
№ 1560 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Кәсіпкерлер кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) мынадай:
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп секторын индустрияландыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау;
нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
1) кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестің құрамы және қызметін ұйымдастыру

7. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері өкілдерінің қатарынан қалыптасады.
8. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
9. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
10. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары енуі мүмкін.
11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңестің төрағасы айқындайтын мерзімде кемінде жылына бір рет өткізіледі.
12. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
Аралық отырыстарда Кеңестің соңғы жалпы отырысының шешімдерін орындаудың қорытындылары, жұмыс тобы қызметінің нәтижелері, келесі жалпы отырысқа дайындық, кәсіпкерлердің ағымдағы проблемалары мен өзге де мәселелер талқыланады.
13. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.
14. Кеңес мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
15. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарысына басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінен Кеңес мүшелерінің өкілдері шақырылуы мүмкін.
16. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана құқылы.
17. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
18. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
19. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

4. Кеңестің жұмыс органы

20. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстардың күн тәртібінің жобасын түзеді;
2) Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
4) Кеңес мүшелерін Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттама көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
6) Кеңестің және оның жұмыс топтарының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

6. Кеңестің жұмыс топтары

21. Кеңестің шешімімен өздерінің алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңестің жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
22. Жұмыс топтарының құрамдары Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.
23. Кеңестің жұмыс топтарының қызметін басқаруды олардың төрағалары жүзеге асырады.
Кеңестің жұмыс топтарының төрағалары министрліктер немесе ведомстволар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы тұлғалар бола алады.
24. Кеңестің жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарларын жұмыс топтарының төрағалары бекітеді.
25. Кеңестің жұмыс топтарының құрамдарына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінің өкілдері кіре алады.
26. Кеңестің жұмыс топтарының жұмысына қатысу ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 12 мамырдағы
№ 987 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 23 сәуірдегі
№ 1560 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің
ҚЎРАМЫ

Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Јбішұлы төраға

Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі

Аханов - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Баталов - Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің
Райымбек Јнуарұлы төрағасы (келісім бойынша)

Бахмутова - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
Елена Леонидовна қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің төрайымы

Беклемишев - «Белкамит» бірлескен кәсіпорны»
Павел Иннокентьевич акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша)

Есенбаев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
агенттік) төрағасы

Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жүсіпов - Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының
Шалқар Аманғосұлы қауымдастығы директорлар кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)

Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Јсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Келімбетов - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)

Ким - «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі
Владимир Сергеевич шектеулі серіктестігі директорлар
кеңесінің төрағасы - президенті (келісім
бойынша)

Қожамжаров - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қайрат Пернешұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
төрағасы

Қожасбай - Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының
Ерлан Сәдуақасұлы президенті (келісім бойынша)

Кұлыбаев - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық
Тимур Асқарұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігі Төралқасының төрағасы (келісім
бойынша)

Мәжібаев - «Resmi» компаниялар тобы» акционерлік
Қайрат Қуанышбайұлы қоғамының президенті (келісім бойынша)

Мәми - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қайрат Јбдіразақұлы

Мамытбеков - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)

Марченко - Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің
Григорий Александрович Төрағасы

Нығматулин - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
Нұрлан Зайроллаұлы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім
бойынша)

Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары

Павлов - «Қазақстанның Халық банкі» акционерлік
Александр Сергеевич қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша)

Попелюшко - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу
Анатолий Висханович өнеркәсібі тауар өндірушілер одағының
президенті (келісім бойынша)

Пішембаев - Қазақстан машина жасаушылар одағы
Мейрам Құдайбергенұлы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Смағұлов - «Астана-групп» жауапкершілігі шектеулі
Нұрлан Еркебұланұлы серіктестігінің президенті (келісім
бойынша)

Сұбханбердин - «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы
Нұржан Сәлкенұлы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
бойынша)

Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі

Сұлтанов - «Қазақстанның ФармМедИндустриясы»
Серік Егелұлы қауымдастығының президенті (келісім
бойынша)

Тілеубаев - «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы бірлестігінің президенті (келісім
бойынша)

Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы министрі

Худова - Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Любовь Николаевна қауымдастығының президенті (келісім
бойынша)

Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 12 мамырдағы
№ 987 Жарлығына
3-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ўлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 404 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 359-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ўлттық инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 388-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2009 ж., № 29, 249-құжат; 2009 ж., № 44,422-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 23) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 20) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 17) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 817 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 249-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 25 қазандағы № 371 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 422-құжат).

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina