ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасы Мұнай және газ...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомствосы бар — Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік мемлекеттің атынан көмірсутек шикізатын барлауды, өндіруді және бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге келісімшарттар жасасады, олардың шарттарын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
5. Министрлік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің штат санының лимитін ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
9. Министрліктің заңды мекенжайы:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

14. Министрлiктiң өз қызметi саласындағы негiзгi мiндеттерi:
1) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi, көмiрсутек шикiзатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi, көмiрсутек шикiзатын тасымалдау және магистралдық құбыржол көлiгi салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
3) көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде отын-энергетика кешенiн дамытуды қамтамасыз ету;
4) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi, көмiрсутек шикiзатын тасымалдау салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты iске асыру;
5) iлеспе газды қоса алғанда, көмiрсутек ресурстарын молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
6) өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерден туындайтын өкiлеттi органның құзыреттерiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 502 Қаулысымен.
15. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi, көмiрсутек шикiзатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi, бағдарламалық, нормативтiк және нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлейдi;
3) кен орнын игеру жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады;
4) табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп, тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды бекiтедi;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша iлеспе газды қайта өңдеудi дамыту бағдарламасын бекiтедi, газды кәдеге жаратудың және iлеспе газды қайта өңдеудi дамытудың бекiтiлген бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
6) көмiрсутек шикiзатын пайдалану бөлiгiнде шын мәнiнде ұлттық отын-энергетика теңгерiмдерiн әзiрлеуге қатысады;
7) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссия туралы ереженi бекiтедi және оның құрамын бекiтедi;
8) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптамалық комиссия туралы ереженi бекiтедi;
9) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
10) iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасын орындау туралы есептiлiктiң нысандары мен мерзiмдерiн бекiтедi;
11) кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдiстемесiн келiседi;
12) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттiлiктiң ең аз деңгейiн есептеу әдiстемесiн келiседi;
13) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн оқытуға жататын персоналдың жалпы санының пайызымен қазақстандық кадрлардың ең аз санын ұсынудың тәртiбiн келiседi;
14) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн кадрлардағы ең аз қазақстандық қамтуды ұсынудың тәртiбiн келiседi;
15) келiсiмшарттың орындалу мүмкiндiгiн, мұнай экспорты үшiн олардың аумақтарында құбыржолдар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi және келiсiмдер жасасады;
16) техникалық-экономикалық негiздемеде мұнайды өткiзудiң қабылданған есептiк бағалары шегiнде келiсiмшартқа қол қою сәтiндегi келiсiмшартқа техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық көрсеткiштерiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар үшiн Қазақстан Республикасының iшкi нарығына шикi мұнайды өңдеуге арналған жеткiзу көлемдерiн айқындайды;
17) қажет болған жағдайда, iшкi нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттiктерiн жабуға қажеттi көлемде Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өңдеуге арналған мұнай мөлшерiн кестелермен (жылдық және ай сайынғы) айқындайды;
18) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне көмiрсутек шикiзатын барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарттық талаптардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi ұсынады;
19) белгiленген тәртiппен өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде өкiлеттi органның мүддесiн iске асырады, оның iшiнде ұлттық компанияның еншiлес ұйымының қатысу үлестерiн сенiмдi басқаруды жүзеге асырады;
20) көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындайды және ұйымдастырады;
21) мұнай-газ және мұнай-химия саласындарда Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн келiседi;
22) Министрлiктiң құзыретi саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк қатысу үлестерi мен акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырады;
23) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар беретiн, жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және есептi кезеңнен кейiнгi жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинайды және талдайды;
24) жер қойнауын пайдаланушылар және(немесе) көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар беретiн, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинайды және талдайды;
25) көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
26) жер қойнауы пайдаланушымен көмiрсутек шикiзатын барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзедi;
27) көмiрсутек шикiзатын барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
28) көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде келiсiмшарттар жасасады, мемлекеттiк тiркеу мен сақтауды жүзеге асырады;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес көмiрсутек шикiзатын барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi және олардың сақталуын қамтамасыз етедi;
30) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қарауына иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектiлердi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзiрлеуге қажеттi материалдарды енгiзедi;
31) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдайды;
32) көмiрсутек шикiзатын барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етедi;
33) құрамында көмiрсутек шикiзаты бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын әзiрлейдi;
34) көмiрсутек шикiзатын барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын қайта бастау туралы шешiм қабылдайды;
35) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуын есепке алуды қамтамасыз етедi;
36) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн немесе барлауға немесе өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн берiлген сервитуттарды тiркеудi жүзеге асырады;
38) ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келiсiмшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бiрлесiп iске асыру үшiн ұлттық компания айқындаған стратегиялық әрiптесiн келiседi;
39) конкурстың жеңiмпазы не онымен келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға әзiрлеген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасын келiседi;
40) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуда қазақстандық қамту және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, көмiрсутек шикiзатына арналған келiсiмшарттар және өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер бойынша шарттарды жер қойнауын пайдаланушылардың орындауына мониторингтi жүзеге асырады;
41) гендерлiк саясатты iске асыруға қатысады;
42) шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссияларды (комитеттердi, кеңестердi) және олардың кiшi комиссияларын (кiшi комитеттердi, жұмыс топтарын) дайындайды, ұйымдастырады және өткiзедi;
43) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органға жинақтау және талдау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты бередi;
44) көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға тарату қорын пайдалануға рұқсат бередi;
45) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiнде жерқойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты құқықтарды құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауыстыруға рұқсат бередi;
46) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер Қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi сауда-саттыққа қатысуға рұқсат бередi;
47) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптама комиссиясының ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат бередi (рұқсат беруден бас тартады), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiленi тiркейдi;
48) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат бередi;
49) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұрайды;
50) мұнай операцияларын жүргiзу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру қатерiне талдау және бағалау жүргiзедi;
51) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
52) мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
53) мұнай-газ кәсiпшiлiгi инфрақұрылымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
54) техникалық регламенттерде белгiленген мұнайға және оның тiршiлiк циклi процестерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
55) көмiрсутек шикiзаты бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
56) ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат бередi;
57) теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзуге рұқсат бередi;
58) теңiз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсат бередi;
59) ұңғыманы бұрғылауға рұқсат бередi;
60) қат iшiндегi қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдауға рұқсат бередi;
61) теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға, монтаждауға немесе тартуға рұқсат бередi;
62) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуда қазақстандық қамту және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, көмiрсутек шикiзаты бойынша келiсiмшарттардың және өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер бойынша шарттарды жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
63) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
64) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 502 Қаулысымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

17. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18) Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19) Министр:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) комитет басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
6) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
20. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi, көмiрсутек шикiзатын тасымалдау және магистралдық құбыржол көлiгi салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлiктiң аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
3) Министрлiк қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
4) Министрмен келiсiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Министрлiктiң штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң, ведомствоның құрылымын және штат санын бекiтедi;
5) Министрмен келiсiлгеннен кейiн Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметi жұмысының және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрлiктiң қызметiн және оған жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудi ұйымдастырады;
8) Министрмен келiсiлгеннен кейiн орталық атқарушы органның департаменттерi мен басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомствоның басшысын тағайындау үшiн ұсынылатын ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келiседi;
10) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрдiң келiсiмiмен орталық атқарушы органның қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерiн шешедi;
12) Министрдiң келiсiмiмен еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;
13) Республика Президентi, Республика Үкiметi және Министр бекiтетiн орталық атқарушы органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Министрге бекiтуге ұсынады;
15) Министрлiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн орталық атқарушы органның басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттiк процестiң өзге де рәсiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
16) Министрмен келiсiлгеннен кейiн органның қаржыландыру жоспарларын және Министрлiктiң қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi;
17) мемлекеттiк қызметтердi көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;
18) Министрлiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
19) Министрлiкке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтiндерiн дәйектейдi, оларға қол қояды және қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 502 Қаулысымен.
24. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
25. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан алқаның саны мен дербес құрамын бекітеді.
26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентінде және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

27. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
28. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне
17. АЛА-003812 «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ
20-4. «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС».
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 248 қаулысында:
2-тармақ алынып тасталсын.
3. «Мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының арасында мұнай операцияларындағы өкілеттіктерді ажырату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 707 қаулысында:
3-тармақта:
1), 2) тармақшалар алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) теңіздегі мұнай операциялары және басқа да мұнай операциялары бойынша келісім-шарттарда келісім-шарттарға үлестік қатысу арқылы мемлекеттік коммерциялық мүдделерді білдіреді;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының мұнай операцияларындағы өкілеттіктерінің тізбесінде:
2-тармақта «сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қоспағанда, көрсетілген келісім-шарттарда мұнай операцияларын бақылауды, байқау мен реттеуді жүзеге асырады» деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақ алынып тасталсын.
4. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.02.10 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi» деген бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi»
реттiк нөмiрлерi 43, 44-1-жолдар алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi» деген бөлiм алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) бәсекелестiк ортаға берiлуi тиiс акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi» деген бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi»
реттiк нөмiрi 38-жол алынып тасталсын.
6. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
7. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 1 қазандағы № 863-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 406-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiне жүктелсiн.»;
көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асыру ережесiнде:
5-тармақтың екiншi абзацында «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тiзбеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.01.31 N 62, 2011.03.31 N 309 Қаулыларымен.
Мемлекеттiк мекемелер
1. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.01.31 N 62 (2011.03.01 қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі
3. «Ўлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі.

Акционерлік қоғам
(Жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

1. «Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы» акционерлік қоғамы
2. «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 454 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 26-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 235 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 210-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 385-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1278 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 584-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 325-құжат).
9. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 85-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 87-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 164-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina