ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасының кен орындарын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 90 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы (бұдан әрі - Алғашқы ашушы) - өнеркәсіптік құндылыққа ие, бұрын белгісіз болған кен орнын ашқан, сондай-ақ бұрыннан белгілі кен орнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсіптік құндылығын едәуір ұлғайтатын жаңа минералдық шикізатты анықтаған тұлға.
3. Кен орнын ашуға және барлауға тікелей белсенді түрде қатысқан және ерекше кезге түскен:
1) шығармашылық бастама жасаған және нәтижесінде өнеркәсіптік құндылығы бар жаңа кен орны ашылған геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ғылыми негіздеген;
2) белгілі кен орны шегінде оның қорын бұрын бекітілгенмен салыстырғанда кемінде екі есе ұлғайтатын жаңа дербес учаскелерді, кенді денелерді, қаттарды, қабаттарды немесе өнеркәсіптік пайдалануға жарамды жаңа пайдалы қазбаны ашқан жеке тұлғалар Алғашқы ашушылар деп танылады.
4. Алғашкы ашушы деп танылған тұлғаға диплом мен «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісі беріледі.
5. «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісінің сипаттамасы мен бейнесін қоса алғанда, «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы нұсқаулықты, «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісіне қоса берілетін дипломның үлгісін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Кен орнын ашуға алып келген геологиялық барлау жұмыстарын
жүргізу қажеттілігін негіздеуге, кен орнын ашу мен барлауға өзі тікелей қатыспаған, өзінің қызметтік міндеттеріне қарай көрсетілген жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асырып отырған лауазымды тұлғаларға «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісін тапсыру жүргізілмейді.

2. Өтінішті қарау және жеке тұлғаны пайдалы қазба кен орнын Алғашқы ашушы деп тану туралы шешім қабылдау

7. Жеке тұлғаны Алғашқы ашушы деп тануға байланысты мәселелерді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) білікті мамандарынан құралатын және уәкілетті органның жанындағы Пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашу істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
8. Геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменттері (бұдан әрі - өңіраралық департаменттер) жанынан тиісті өңіраралық департаменттердің мамандарынан тұратын пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі еңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - өңіраралық комиссиялар) құрылады.
9. Комиссиялар өз қызметінде Конституцияны, Заңды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
10. Пайдалы қазба кен орнын ашу туралы жеке тұлғаның өтініші жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен қоса өңіраралық департаментке ұсынылады, онда тіркеледі және өңіраралық комиссияның қарауына тапсырылады.
11. Өңіраралық комиссия өтініш түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімде оны қарайды және:
1) кен орнының ашылу фактісін және кен орнын ашуға өтініш берушінің (өтініш берушілердің) қатысқанын;
2) кен орнының өнеркәсіптік құндылығын, зерделену дәрежесі және толықтығын, оны рентабельді өңдеу мүмкіндігін немесе қосымша зерттеудің орындылығын анықтайды.
12. Өтініште баяндалған материалдарды қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын болып ұзартылуы мүмкін, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге хабарланады.
13. Өңіраралық комиссиялар өтінішті қарағаннан кейін материалдармен қоса және өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп тану не танудан бас тарту негіздемесі бар қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
14. Комиссияның отырыстары өңіраралық комиссиялардан пайдалы қазба кен орнын ашу туралы жеке тұлғаның өтінішін қарау нәтижелері бойынша қорытынды алынған сәттен бастап бір ай ішінде, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.
15. Өтініш беруші Комиссияның отырыстарын өткізуге байланысты шығыстарды төлемейді.
16. Өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп тану не оны Алғашқы ашушы деп танудан бас тарту туралы шешім Комиссияның хаттамамен ресімделетін ұсынымы негізінде қабылданады. Шешімді Комиссияның ұсынымы түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
17. Өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп танудан:
1) ол өзі туралы көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған;
2) кен орнын барлауға, оны ашуға белсенді түрде қатысқан өтініш беруші үлесінің жеткіліксіздігі туралы шешім болған жағдайда бас тартылады.
18. Уәкілетті органның өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп танудан бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina