ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi ұлттық кеңес туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 298 қаулысымен
бекiтiлген

Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi ұлттық
кеңес туралы ереже

1. Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi ұлттық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және экономиканың салаларын бiлiктi кадрларлармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен құқықтары

4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу;
2) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
3) экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерiн үйлестiру
жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
4) бiрыңғай ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн құру;
5) экономиканы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдай жасау;
6) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушiлердiң қатысуын қамтамасыз ету;
7) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру үшiн еңбек нарығының бiлiктi кадрларға қажеттiлiгiн жоспарлау мен болжау;
8) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң құрылымы мен мазмұнын жаңғырту;
9) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;
10) техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi басқару мен қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
11) кадрлар даярлауға, кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге, мамандардың бiлiктiлiгiн бағалауға салалық мемлекеттiк органдардың, кәсiптiк бiрлестiктердiң, жұмыс берушiлердiң қатысуы;
12) бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасын ұйымдастыру және бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
5. Кеңес өз мiндеттерiне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2) экономиканы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлейдi;
3) Кеңестiң отырыстарына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
4) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.

3. Кеңес қызметiн жүзеге асыру тәртiбi

6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқарады ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi және оның жұмыс жоспарын бекiтедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерi, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң, Сенатының депутаттары, мемлекеттiк даму институттарының, жұмыс берушiлер қауымдастықтары, бiлiм беру органдары, кәсiподақтар басшылары, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мен кадрлар даярлау жөнiндегi өңiрлiк кеңестер басшыларының арасынан қалыптасады. Кеңес мүшелерi өз қызметiн қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
8. Кеңес отырыстары жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi және егер оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңес шешiмдерi оның отырысына қатысқан Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
9. Кеңес мүшелерi Кеңестiң қызметi, қабылданған шешiмдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Кеңестiң құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзе алады.
10. Кеңес мүшелерi отырыста қаралатын мәселелердi талқылау кезiнде тең құқықтарға ие. Кеңес шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, мұнда әрбiр мүшенiң бiр дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. Кеңестiң алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның жұмыс органы Кеңестiң жұмыс тобын құрады.
12. Кеңестiң жұмыс органы:
1) күн тәртiбiн қалыптастырады;
2) Кеңесте қарау үшiн ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Кеңесте қарау үшiн ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиiс;
3) Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және үйлестiредi;
4) Кеңес қызметiне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестiредi.
13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңестiң мүшесi болып табылмайды.
14. Кеңес шешiмi кеңес мүшелерi бұрыштама және оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
15. Экономиканың салаларын кадрлық қамтамасыз ету мәселелерiн үйлестiру үшiн орталық уәкiлеттi органдардың жанынан салалық кеңестер құрылады.
16. Өңiрлiк деңгейде кадрлық қамтамасыз ету мәселелерiн үйлестiру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан өңiрлiк кеңестер құрылады.
17. Салалық және өңiрлiк кеңестердiң қызметi Кеңеске есеп бередi.

4. Кеңестiң қызметiн тоқтату

18. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 298 қаулысымен
бекiтiлген

Кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау жөнiндегi ұлттық
кеңестiң құрамы

Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.06.22 № 685 Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.12 № 317 Қаулысымен.
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрi, төраға
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрiнiң орынбасары, төрағаның
орынбасары
Шаяхметов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Саят Болатұлы ғылым вице-министрi, хатшы
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы жаңа технологиялар министрi
Әбдiқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Болат Бидахметұлы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Асқар Қуанышұлы коммуникация министрi
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы министрi
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы ақпарат министрi
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы шаруашылығы министрi
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы министрi
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серiк Кеңесұлы үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
агенттiгiнiң төрағасы
Ермегияев - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Талғат Амангелдiұлы шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы
Құсайынов - Қарағанды облысының әкiмi
Әбiлғазы Қалиақпарұлы
Бiләлов - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Серiк Сұлтанғазыұлы
Бозымбаев - Жамбыл облысының әкiмi
Қанат Алдабергенұлы
Қожамжаров - Ақмола облысының әкiмi
Қайрат Пернешұлы
Есiмов - Алматы қаласының әкiмi
Ахметжан Смағұлұлы
Ноғаев - Батыс Қазақстан облысының әкiмi
Нұрлан Асқарұлы
Қуандықов - Қызылорда облысының әкiмi
Болатбек Баянұлы
Сәдуақасов - Қостанай облысының әкiмi
Нұралы Мұстафаұлы
Мұхамеджанов - Маңғыстау облысының әкiмi
Бауыржан Әлiмұлы
Сағынтаев - Павлодар облысының әкiмi
Бақытжан Әбдiрұлы
Мұсаханов - Алматы облысының әкiмi
Анзар Тұрсынханұлы
Мырзахметов - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Асқар Исабекұлы
Рысқалиев - Атырау облысының әкiмi
Бергей Сәулебайұлы
Мұхамбетов - Ақтөбе облысының әкiмi
Архимед Бегежанұлы
Арын - Павлодар облысының әкiмi
Ерлан Мұхтарұлы
Сапарбаев - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
Бердiбек Мәшбекұлы
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкiмi
Иманғали Нұрғалиұлы
Валиев - Қазақстан Республикасы Парламентi
Хусаин Хасенович Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Исiмбаева - Қазақстан Республикасы Парламентi
Гүлмира Истайбекқызы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмiрзақ Естайұлы акционерлiк қоғамының Басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)
Есекеев - «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)
Измайылов - «Зерде» ұлттык инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы холдингi» акционерлiк қоғамының басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)
Қиынов - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Ләззат Кетебайұлы акционерлiк қоғамының Басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)
Мамин - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы»
Асқар Ұзақбайұлы акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша)
Бейсенғалиев - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi»
Берiк Тұрсынбекұлы акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша)
Тұрмағамбетов - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
Мәжит Әбдiқалықұлы компаниясы» акционерлiк қоғамының
басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)
Смағұлов - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Болат Советұлы компаниясы» акционерлiк қоғамының басқарма
төрағасы - компания президентi (келiсiм
бойынша)
Школьник - «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом
Владимир Сергеевич компаниясы» акционерлiк қоғамының
президентi (келiсiм бойынша)
Худова - Қазақстан Республикасы жеңiл өнеркәсiп
Любовь Николаевна кәсiпорындары қауымдастығының басқарма
төрайымы (келiсiм бойынша)
Амантаева - «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Майра Тұрғанқызы қызметкерлерiнiң кәсiптiк одағы» заңды
тұлғалар бiрлестiгiнiң төрайымы (келiсiм
бойынша)
Бакенова - «Шетелдiк инвесторлардың қазақстандық
Зарина Абайқызы кеңесi» қауымдастығының директоры (келiсiм
бойынша)
Вулис - «ENRC Kazakhstan» жауапкершiлiгi шектеулi
Феликс Джеф серiктестiгiнiң президентi (келiсiм
бойынша)
Жанықұлов - «КАЗКА» Қазақстанның кәсiпкерлер
Жұмабек Есiлбекұлы қауымдастығының басқарма кеңесiнiң
төрағасы (келiсiм бойынша)
Ким - «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершiлiгi
Владимир Сергеевич шектеулi серiктестiгiнiң президентi
(келiсiм бойынша)
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар
Сиязбек Өнербекұлы федерациясының төрағасы (келiсiм бойынша)
Мырзахметов - «Атамекен» одағы» Қазақстанның
Абылай Исабекұлы ұлттық экономикалық палатасы»
заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Радостовец - «Республикалық кен өндiру және кен-
Николай Владимирович металлургиялық кәсiпорындары қауымдастығы»
заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы
директоры (келiсiм бойынша)
Раимов - Алматы экономика және статистика
Дәулет Сағатбекұлы академиясының президентi, Қазақстанның
кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары
қауымдастығының өкiлi (келiсiм бойынша)
Сәрсенов - «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және
Жанболат Жәкейұлы энергетика кешенi ұйымдары қауымдастығы»
заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң бас директоры
(келiсiм бойынша)
Қажиев - «KEGOC» электр желiлерiн басқару жөнiндегi
Бақытжан Төлеуқажыұлы қазақстандық компания» акционерлiк
қоғамының президентi (келiсiм бойынша)
Шайкенова - Қазақстандық туристiк қауымдастығының
Рашида Рашидқызы директоры (келiсiм бойынша)
Юдин - Теңiз көлiгi кәсiпкерлерi қауымдастығының
Николай Васильевич атқарушы директоры (келiсiм бойынша)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina